Жүйке талшықтарының морфологиялық және физиологиялық бүтіндік заңы.
Бұл заң бойынша жүйкені созса, жаншыса, кессе, кептірсе, оның морфологиялық құрылысы бұзылып зақымдалады. Мұндай жүйке талшығы қозуды өткізбейді. Мұнымен бірге кейбір кейбір ұйықтатын, есірткі заттар (новакаин, кокаин, хлороформ, эфир т.б) әсерінен жүйке талшығы қозуды уақытша өткізбей қояды. Бұл заттар жүйке құрылымын бұзбайды, тек оның физиологиялық қасиеті- өткізгіштігі, заттың әсері тоқтағанша бұзылады да, онан соң қайтып бұрынғы қалпына келеді. Жүйкелердің бұл қасиет ерекшелігі медицинада көп қолданылады(жүйкені новокаинмен қоршау).
2
Қозудың екі жақты өткізу заңы.
Жүйкенің орындайтын қызмет түріне қарамастан, оның қай-қайсысы болсада тітіркендірілген жерден бастап қозу үрдісін екі жаққа (орталыққа, шетке) өткізеді. Бұл заңдылық организмде кездесетін жүйкелердің қозуды антидромдық өткізуі мен аксон рефлекісін түсіндіреді.
Әрбір талшық қозуды қатар жатқан талшықтарға жаймай, тек өз бойымен өткізіп, тек өзімен байланысқан ет талшықтарына тұп-тура жеткізеді. Осыған байланысты әр қимыл көңілдегідей боп орталықтың әсерін бұлжытпай дәл орындайды.