1-тарау. ҚАзақстанда жер қатынастарын реформалау жер меншігі және жерді пайдалану



бет5/29
Дата05.12.2023
өлшемі2,93 Mb.
#134387
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
лекц.каз.ЖРБ.17г.

Франциядағы жерге меншік құқығы жерді ұтымды пайдалануға бағытталған күрделі, көпсатылы механизм болып табылады. Азаматтық кодекстің 544 бабында жер меншігі деп заттарды абсолютты, бірақ заңды тәсілмен пайдалану және билік ету құқығы көрсетілген. Жер мешігі келесі түрлерде болады: - а/мемлекеттік-30%, онын ішіндегі - департаменттік, - көпшілік мекемелердікі; б/ қаумдық - 28%, в/жеке меншіктік-42%-ке бөлінген.
Жер меншігінің абсолютті сипаты Азаматтық кодекстің 552 бабында көрсетіледі. Онда:
- жер меншік ұғымына сол жермен оның ауаны, қойнауы құқы кіреді;
- меншік иесі өз жерінде әртүрлі екпелерді, құрылыстарды сала алады;
- "Сервитуттар және жер міндеттіліктері туралы" титулында белгіленгеннен басқаларды.
Ол өз жері астында ғимараттар салуға, қазуға, ондағы заттарды шығаруға /заңдағы шектеулерді сақтай отырып/ құқықты.
Жер құқығымен жер учаскесіндегі немесе жер асты, немесе шектес сулар құқығы да байланысты. Соңғысы – тек жеке су ағыны бөлігіне ғана қатысты. Көпшіліктік су ағындары, соның ішінде сал ағызу, кеме қатынауына жарайтындары мемлекеттік меншікте /538 бап/, мемлекет рұқсатынсыз оларды ешкім де, тіпті жағалық жер меншік иелері де пайдалана алмайды. Ортақ өзендер, көлдер суларының, арналарының меншік иесі мемлекет болып саналады, ал ортақ су қоймалрының су ағынына жағадағы жер иелерінің ешқандай құқығы жоқ.
Жеке меншік өзендерге жер иелерінің құқықтары басқа. Кеме жүрмейтін, сал ағызылмайтын өзен арналары жаға иелеріне қарайды. Егер басқа арнайы негіз болмаса жаға иелері жерлері үстімен ағатын судың ағысы ортасына дейінгі суға ие болуға құқықты.
Франция жер заңында жерді үйлестіру заңдары бар. Заңмен кірме жерді жою, жерлерді қайта ұйымдастыру бойынша қауымдық, департтаменттік комиссиялар құрылған. Керек жағдайда қауымаралық комиссиялар құрылады. Егіншілік министірінің төрағасында жерді үйлестіру жөніндегі жоғарғы кеңесші комитет болады. Осы комитет жерді үйлестіру үшін берілген кредитті департаменттер арасында үйлестіру, жеке қауымдарда жерлерді қайта ұйымдастыру және кірме жерлерді жою бойынша комиссияны құру қажеттілігі, оларды құру мерзімдері туралы министрге өздерінің қорытындыларын береді.
Ауыл шаруашылық жер меншігін қайта ұйымдастыру мемлекет есебінен құрылған бір қатар құжаттар негізінде жүргізіледі /9,18 бап/. Негізгі мақсаттардың бірі–ауыл шаруашылық жерлердің өңдеусіз қалмауы. Егер жеке меншік жер иесінің жерді өңдеуге мүмкіндігі болмаса, онда жер учаскесі коммунаға, яғни қауымдақ меншікке аударылады /13-15 бап/. Жұмыстарын жүргізу үшін коммунаны мемлекет қаржыландырады, бірақ субсидиялар 50% аспау керек. Жер иесі құқығының құрамдық бөлігі болып, соның жер учаскесіндегі орман құқығы саналады. Франциядағы орман құқықтық тәртібі ормандарды ортақ және жеке деп бөлумен анықталады. Көпшіліктік орман режімінде бағынады. /Орман кодексі, 7-142 баптар/:
- мемлекеттік;
- департаменттердің,
- қауымдардың;
- көпшілік мекемелердің;
- жеке тұлғалардың ормандарымен бөлінбеген;
- ортақ пайдалану мекемелердің, өзара көмек қоғамдарымен, жинақ кассалардың ормандары.
Осыған керісінше жеке тұлғалар өз ормандарында, меншік құқығына байланысты шығатын заңда көрсетілген шектеулерден басқа, барлық құқықтарын, жүзеге асырады /143-165 баптар/. Ормандарды қорғау тек қана "Орман тәртібіне" қарайтын көпшілік ормандарда ғана жүргізіледі. Жеке орман меншік иелері өз ормандарын қорғау үшін жергілікті үкімет бекіткен жеке күзетшілерді тағайындай алады /143 бап/. Мемлекеттік ормандардың жалпы мөлшері 14 % құрайды. Францияның азаматтық кодексінде ауыл шаруашылық жалға беру мәселелері 1764-1778 және 1800-1831 баптарда келтірілген, олар үш түрге бөлінген:
1) жекеше жалға алу /беру/ - фермерлік;
2) сыбағаластық /сыбағалы колонат/;
3) малды жалға алу.


1.2.3. Қазақстан Республикасында жерге мемлекеттік меншік
Қазақстан республикасының конституциясына сәйкес жер мемлекет меншігінде болады. Сол сияқты "Жер туралы" жарлыққа немесе оған қарсы келмейтін өзге де заң актілерімен белгіленген шарттар негізінде жер, жеке меншік болуы мүмкін /1 бөлім, 5-бап/. Жеке меншік институтын енгізу республикадағы жер қатынастарына кәдімгідей өзгерістер әкелді. Совет үкіметі кезінде қалыптасқан жерге бірыңғай мемлекеттік меншіктерден бас тарту заңды түрде рәсімделген. Осыған байланысты жерге мемлекеттік меншіктің мазмұны, маңызы, міндеті өзгерді. Қазақстанда жерге мемлекеттік меншіктің бір деңгейлік жүйесі сақталып отыр. Қазақстан Республикасындағы барлық жер нысаналы арналуына сәйкес мынадай санаттарға бөлінеді:
1/ ауыл шаруашылығына арналған жерлер;
2/ елді мекендер /қалалар, поселкелер,селолар/ жерлері;
3/ өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер;
4/ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының жерлері;
5/ орман қоры жерлері;
6/ су қоры жерлері;
7/ босалқы жерлер.
Ресей Федерациясындағы айырмашылық жерлер федералдық және федерация субъектері жерлері деп бөлініп, кейін санаттарға айырылады.
Әлем мемлекеттерінің бір қатарында жерге мемлекеттік меншікпен бірге басқа да ортақ меншік түрлері болады: муниципиалдық, аймақтық, региондардың, шіркеулердің және т.б. Мысалы, АҚШ-та барлық жерлердің 2/3 жеке меншік иелерінде. Пайдалануға жарамдылығы төмен жерлердің көп аудандары мемлекет меншігіне жазылған штаттар да бар /50%-тен 75%-ке дейін, ал Аляскада барлық жер/.
Көптеген мемлекеттердің меншігінде әскери базалар, қатынас жолдар, айналымға кірістірілмеген ормандар орналасқан жерлер болады. Канадада – 90%-і, ФРГ-да - 31%, Францияда - 14%-і, Голландияда мемлекет есебінен теңіз түбін игеру, суару, құрғату арқылы алынған жерлер мемлекет меншігіне қалып, жалға немесе мерзімсіз пайдалануға беріледі. Кәзіргі уақытта Қазақстанда жердің басым бөлігі мемлекет меншігінде қалып отыр. Орман, су қорының жерлері, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының жерлері толығымен, сондай-ақ басқа санаттардың көп жерлері мемлекет меншігінде қалып отыр. Оның себебі, жердің басым бөлігін азаматтармен, мемлекеттік, мемелкеттік емес заңды тұлғалармен тұрақты /мерзімсіз/ немесе уақытша /ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді/ құқықпен пайдаланып жатыр.
Сондықтан жер реформасы жүру барысында қабылданып жатқан заңдық актілер және басқа нормативтік құжаттар арқылы жерді пайдалану құқығының мазмұнын, дамуын қарау ғылыми тұрғыда өте мәнді. Қабылданған жер заңы бойынша жерді пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, иеліктен шығарылатын немесе шығарылмайтын, өтеулі немесе өтеусіз алынатын болуы мүмкін /"Жер туралы" жарлықтың 35-бабы/. Жер пайдаланушылар: 1)мемлекеттік және мемлекеттік емес; 2) ұлттық, шетелдік, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар; 3) жеке және заңды тұлғалар; 4) тұрақты және уақытша; 5) бастапқы және кейінгі болып бөлінеді.
Тұрақты жер пайдаланушылар – жерді пайдалану құқығы мерзімсіз сипаттағы тұлғалар, ал уақытша жер пайдаланудың екі түрі болады:1) қысқа мерзімді /3 жылға дейін/; 2) ұзақ мерзімді /3-9 жылға дейін/.
Қарап отырсақ, жер пайдалану құқығының түсінігі бұрынғы Совет кезіндегі пайдалану құқығынан кәдімгідей айырылады, ал жерді пайдалану құқығының қызметі кеңейтілген. Мұнда жер пайдалану құқығы:
1/ жер пайдалану құқығын табыстау /мемлекетпен/;
2/ жер пайдалану құқығын беру, адамға жер пайдалану
құқығын басқа жер пайдаланушының беруін білдіру;
3/ әмбепап заңды мұрагерлік тәртіппен жер пайдалану
құқығының ауысуы /заңды түрде мұрагерлік немесе заңды
тұлғаның қайта құрылуы кезінде/.
Бұрын жерді негізінен заңды тұлғаларға мемлекет
тарапынан пайдалану құқығын тегін беру түрі басып келсе, қазір ол негізінен ақылы сипат алуда, жасау арқылы да іске асуда.
Республикалық жер заңының ерекшелігі – жерді жалға беру жерді уақытша падалану түріне жатқызуы. Уақытша жер пайдалану құқығын мемлекеттік емес жер пайдаланушыларға табыстау жер учаскесін жалға беру немесе уақытша өтеусіз жер пайдалану шарты негізінде жүргізіледі.
Жалға беру шарты жер учаскесін бастапқы жер пайдаланушы кейінгі /уақытша/ пайдаланушыға беру мәміле негізінде болады. Жалдаушы болып табылатын кейінгі жер пайдаланушының жалға алған жер учаскесін қайталап жалға беруге құқықты. Ал Ресей Федерациясы заңындағы айырмашылық жалға беру жер учаскесін пайдаланудың бір дербес түрі болып бөлінген. Қазақстанда және Ресей Федерациясында жерді жалға беру негізінде пайдалану құқықтық режимі бойынша уақытша жерді пайдалануға жақын. Оның себебі: жалға беру жерді пайдаланудың уақытшалығы, шарттық пайда болу негізі және пайдаланудың тегін еместігі.
Бірақ, Ресей заңында жерді жалға берудің реттеуші, шектеуші механизмдері кеңірек берілген. Мысалы, жылдан астам жалға беру шарты міндетті түрде мемлекеттік тіркелу керек, жалға алушының құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері анықтау көрсетілген. Ресей федерациясы Азаматтық кодескінің 613 бабына сәйкес үшінші тұлғалардың заң немесе шарт бойынша иеленген мүлікке, соның ішінде сервитуттікке кепілдік құқықтары қамтылған. Мүлікті жалға беру сол құқықтарды тоқтатпайды және өзгертпейді. Жер учаскесінің иесі кепілдік шартқа отырған соң оны жалға бергеніне қарамай кепілдік ұстаушы кепілдікке берілген мүліктің құнын өндіріп ала алады. Осылайша сервитутты - үшінші түлғаға жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығын беруді белгілеу мәселелері де шешіледі.
Кейбір елдерде жер қорларын басқарудың жалға беру түрі ең бастысы болып келеді. Мысалы, Израильде жерді жалға беру жер пайдалануды бақылаумен бірге жүргізеді:
- шартта екі жақтың құқықтары мен міндеттері анық көрсетілген;
- жерді саудаға салуға, нысанасыз пайдалануға жол бермейді;
- бюджетке жер үшін төлемнен қаржы түсуі қамтылады;
- мемлекет жерге билік жасау құқығын толық жүзеге асырады.
АҚШ-та жалға берудің төмендегіше түрлері бар:
1/ сенімді иелену;
2/ өмірлік иелену.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет