1-тарау. ҚАзақстанда жер қатынастарын реформалау жер меншігі және жерді пайдалану


Жер учаскелерін тіркеудің мазмұны мен міндеті



бет7/29
Дата05.12.2023
өлшемі2,93 Mb.
#134387
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29
Байланысты:
лекц.каз.ЖРБ.17г.

5.1.Жер учаскелерін тіркеудің мазмұны мен міндеті

Жер пайдалану мен жер иеленуді тіркеу жер кадастрының құрамды бөлігі болып, тиісті мемлекеттік құжаттарға жазуларды енгізу мен нақты жер учаскесіне меншік және пайдалану құқығын рәсімдеудің заңды шаралары ретінде қаралады. Қазақстан жағдайында ол мемлекеттік сипатқа ие.


Ол - жерге мемлекеттік және жеке меншік құқығы мен жер учаскесін пайдалану құқығын бекіту және қорғауға бағытталған. Жер тіркеу деректері заңды күшке ие. Оның міндетіне жердің құқықтық және шаруашылық жағдайы туралы мәліметтерді жинау,жүйелі сақтау және жаңалау кіреді. Жер пайдалану мен жер иеленуді тіркеу алдында заңды рәсімдеулер: жергілікті жерде учаскелердің белгіленген шекарасын бекіту, жер учаскелері ауданын анықтау және тиісті жоспарларды құру жүргізіледі. Бұл жұмыстар шаруашылықаралық жерге орналастыру тәртібімен орындалады. Жер пайдалану мен жер иеленуді тіркеу жерді есепке алумен тығыз байланысты жүргізіледі.
Жер қорын тиімді және ұтымды пайдаланудың маңызды шарты болып, жер пайдалану мен жер иеленудің олардың нысаналы мақсаттарына сәйкес қатаң қорғау және тұрақтылығын құқықтық қамтамасыз ету жатады. Жер иелену мен жер пайдаланудың тұрақтылығын мемлекет қамтамасыз етеді. Бұл берілетін жер учаскелерінің көпшілігінің тұрақты (мерзімсіз) пайдалану мен жеке меншік болуына мүмкінділік жасайды. Бұл жерлер тек қана мемлекеттік қажеттіліктер үшін, заңды рәсімдерді сақтай отырып, барлық шығындарды, соның ішінде пайдаланылмаған шығындар мен пайданың және учаске құнын қоса төлеу арқылы алынуы мүмкін.
Жер учаскелері, заңға сәйкес, жер пайдаланушылар мен жер иеленушілердің, республика жер заңдарын бұзған жағдайда алып қойылуы мүмкін. Жер пайдалану мен жер иеленуді қорғауды жүзеге асыру үшін кімнің жер пайдаланушы немесе жер иеленуші екендігін және олардың пайдалану немесе иелену құқығы қандай нақты аумаққа тарағандығы туралы мәліметтер бар болуы керек. Жер пайдалану мен жер иеленуді тіркеу, нақты жер учаскелеріне меншіктік құқығы мен пайдалану құқығын рәсімдеу және олар туралы тиісті құжаттарға (жер-кадастірлік кітабына және жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (ЖКААЖ) магнитті сақтауына) мәліметтерді жазумен байланысты көптеген мәселелерді қамтиды. Ол бәрінен бұрын жер учаскелерінің құқықтық жағдайы туралы мағлұматтарды қамтамасыз етеді.
Дегенмен, енді жерді пайдалану ретінде белгілі территорияға және нақты субъекті құқығымен байланысты мақсатты сипатқа ие, ол жер пайдаланудың шаруашылық міндеті, орналасқан орны мен өлшемі туралы мәліметтерді қамтиды. Жер пайдалануды тіркеу үшін, тиісті мемлекеттік органның шешімі, заңмен қарастырылған қажетті құжаттардың негізінде тиісті мақсаттармен заңды немесе жеке тұлғаға жер учаскесін беру туралы және жерге орналастыру жобасының нақты мәнін шығару мен жергілікті жерде учаске шекарасын бекіту туралы қарастырылған құжаттар негіз болады.
Жер пайдаланушыларды немесе жер иеленушілерді мемлекеттік тіркелу рәсімделгеннен кейін, жер учаскесіне меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын беретін құжат (белгіленген формадағы мемлекеттік акт) пен бірге сол учаскенің жоспары беріледі.Жер учаскесін беру шешімінде оны қандай мақсат үшін бөліп берілетіні және жерді пайдаланудың негізгі шарттары көрсетіледі.Пайдалануға жер бөліп беру барысында ауыл шаруашылық жер пайдаланушылардың басымдылығы қарастырылады.
Жер пайдалану немесе меншік құқығын беретін құжатта учаскенің нысаналы міндет атқаруы, бөлінетіні немесе бөлінбейтіні, сервитуттер мен басқа да ауыртпашылықтар мен шектеулер көрсетіледі.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың пайдалануы мен иеленуі болуы мүмкін, жер учаскелері бір немесе бірнеше бөлек орналасқан , бірақ бірыңғай жер пайдаланушылықты береді, бір субъект соншалықты құқыққа ие, барлық бұл жерлерге иелік ету, пайдалану бойынша міндеттерімен белгілі бір құқыққа ие.
Жер пайдалану немесе иелену нақты жер учаскесі түріндегі Мемлекеттік тіркеуде болады, яғни кез келген жылжымайтын мүлік объектісі сияқты тек қана жер-кадастрлық кітабына еңгізіліп қоймай,тиісті органдардың мемелекеттік тіркеуінен өтеді.
"Жер туралы" заңға сәйкес (37-бап 6-тарау) жерді пайдалану құқығы тұрақты және уақытша иеліктен шығарылатын немесе шығарылмайтын, өтеулі немесе өтеусіз алынатын болуы мүмкін. Бұнда жерді пайдалану құқығын қорғауға (37-бап 6-тарау) "Осы заңмен және өзге де заң актлерімен белгіленген негіздерден басқа реттерде ешкімді жер пайдалану құқығынан айыруға болмайды" деп кепілдік беріледі.
Жер пайдаланушылар:
1.Мемлекеттік және мемлекеттік емес;
2.Ұлттық, шетелдік, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар;
3.Жеке және заңды тұлғалар;
4.Тұрақты және уақытша;
5.Бастапқы және кейінгі болып бөлінеді.
Заңда:
- Тұрақты жер пайдаланушылар жер пайдалану құқығы мерзімсіз сипаттағы тұлғалар.
- Уақытша жер пайдаланушылар жер пайдалану құқығы белгілі бір мерзіммен шектелген тұлғалар деп түсіндіріледі.
Бастапқы жер пайдаланушылар-жер пайдалану құқығын Осы Заңның 40-бабында көзделген тәртіппен тікелей мемлекеттен немесе бұл құқықты иеліктен шығару тәртібімен басқа бастапқы жер пайдаланушылардан алған тұлғалар.
Кейінгі жер пайдаланушылар - кейінгі жер пайдалану туралы шарттың негізінде бастапқы жер пайдаланушының мәртебесі сақталған бастапқы жер пайдаланушылардан уақытша жер пайдалану құқығын алған тұлғалар.
Жерді тұрақты пайдалану құқығындағы жер учаскелері:
1/ шаруа (фермер) қожалықтарына;
2/ ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісін жүзеге асыратын мемлекеттік заңды тұлғаларға;
3/ ерекше қорғалатын табиғат аумақтары жерінде жер пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік заңды тұлғаларға;
4/ заңдарда көзделген өзге жағдайларда беріледі.
Мерзімсіз деп, белгіленген мерзімі шектелген жер пайдалануды айтамыз.Басқаша айтқанда ,бұл тұрақты жер пайдалану. Қазіргі жер пайдалану түріндегі бастапқы жер пайдаланушыларға құқықтық рәсімдеу болып, жер пайдалану құқығын беретін мемлекеттік акт беріледі. Уақытша жер пайдалануда, жақтардың келісімі бойынша немесе жерді бөліп беру барысында белгіленген жер пайдалану мерзімі шектелген болады. Жерді уақытша пайдалану құқығы мерзімді(5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (3 жылдан 99 жылға) дейін болуы мүмкін. Уақытша пайдалануда жерлерді беру және рәсімдеу тәртібі жер заңдарымен белгіленген. "Жер туралы" заңның 5- тарауында иеленудің жерге меншік құқығы негізделген.
Республикамызда мемлекеттік және жеке меншік жер меншіктері заңдармен танылады және қорғалады. Жеке меншіктегі жер учаскелерінен басқа барлық жер мемлекеттік меншік болып табылады,жерге жеке меншік азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігі түрінде болады.
Азаматтардың жеке меншігіндегі жерлерге өзіндік қосалқы шаруашылығын, бақ өсіру және саяжай құрылысын жүргізу үшін берілген жер учаскелері жатады.(“Жер туралы” заңның 34-бабы)
Бұдан басқа азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігіне өзінің мақсатына сәйкес үйлер мен ғимараттарды қамтуға арналған жерлерді қоса алғанда, құрылыс салуға берілген (берілетін) немесе өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үй-жайлар, үйлер, ғимараттар мен олардың кешендері салынған жер учаскелері кіреді. Жеке меншіктегі жер учаскесі жылжымайтын мүлік болып табылады.
Егер заңмен және басқа да заң актлерімен өзгеше көзделмесе, жер учаскесінің меншік иесі, мемлекеттік органдардың қандай да болсын рұқсатынсыз, өз қалауы бойынша жер учаскесін иелену, пайдалану және билік ету құқығын жүзеге асырады. Жер учаскесіне меншік құқығы басқа адамға мәмле жасалған сәттегі барлық ауыртпалықтармен қоса беріледі. Меншік иесі өзінің жер учаскесімен заң актлерінде тыйым салынбаған кез келген мәмілелерді жасауға, атап айтқанда жер учаскесін уағдаластық баға бойынша сатуға,шаруашылық серіктестігінің жарлық капиталына жарна ретінде енгізуге, кепілдікке беруге, сыйлауға және мұра етіп қалдыруға құқылы. Жер учаскесінің меншік иесі жер учаскесін уақытша пайдалану туралы шарттың негізінде жер учаскесін уақытша пайдалануға беруге құқылы (жалға беру, жалдау шарты немесе өтеусіз пайдалану туралы шарт түрінде).
Жер учаскелерін тіркеу негізгі (алғашқы) және күнделікті (кезекті) болып бөлінеді.
Жер тіркеу құжаттарына тиісті мәліметтерді енгізу және жүйелеу, жаңа жер учаскелерін (жер иеленушілер мен жер пайдаланушылар) рәсімдеу бойынша жұмыстарды алғашқы тіркеу барысында жүргізеді. Оны жүргізу процесінде жер учаскесі туралы алғашқы жазулар енгізеді.
Жердің құқықтық жағдайына анықтаулар талап етілгенде, жер пайдалану құрамында және көлемінде заңды өзгерістер болғанда ғана жердің шаруашылық пайдалануында кезектегі (келесі) процестер жүргізіледі. Сонымен мемлекеттік қажет үшін жерді алу нәтижесінде пайдаланатын жердің жалпы ауданы өзгеруі мүмкін
Жер пайдаланудағы барлық болып жатқан заңды өзгерістерді рәсімдеу бойынша жұмыстар мен алғашқы тіркеу мәліметтері және құжаттарындағы тиісті анықтауларды енгізу пайдаланатын жерді күнделікті тіркеуде ретімен жүзеге асырылады.
Бұндай жағдай дәрежесінде жер тіркеу мәліметтерін қолдау қамтамасыз етіледі.
Республикада жер учаскелерін мемлекеттік тіркеу белгілі жүйеде қалыптасты және мемлекеттік есепке алумен тығыз байланысты жүзеге асырылды. Бәрінен бұрын тіркеу мәліметтері әрбір жер учаскесі жерінің сапасы мен санын есепке алу барысындағы деректер сапасында қабылданады.
Жалпы ауданды қайта бөлістіргенде, тіркеу барысында көрсетілген, жерді есепке алу барысында анықталған алаптар аудандарымен үйлестіріледі. Бір жағынан, территория бойынша жер-есепке алу мәліметтері әлгі қалыптасқан жер учаскесі, жер пайдалану тіркеу жұмыстарын жүргізу барысында қолданылады.
Тіркеу бірлігі мен жер учаскесінің белгілі бір шамасын қамтамасыз ету және құжаттар тұтастығы болады. Ауданда (қалада) жерді есепке алудың негізгі құжаты мемлекеттік жер кадастр кітабы болып табылады.
Жерді есепке алудан жер учаскелерін тіркеудің айырмашылығы, бірыңғай мемлекеттік жер қорының барлығын емес, тек оның пайдалану мен иеленуге берілген территориясы қамтылады. Бос жатқан мемлекеттік босалқы жерлерде тіркеу жүргізілмейді.
Жер тіркеу мәліметтері топырақты бонитировкалауда (сапасын айыру) және жерді экономикалық бағалауда пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет