Сатып алушы және тапсырыс беруші. Сатып алушы және тапсырыс беруші алдындағы дебиторлық борыш кәсіпорын тауар немесе қызметті алып, қарыздар болып қалса пайда болады. Төлем өтелген кезде дебиторлық берешек жабылады.
Жеткізушілер және мердігерлер. Бұл жерде сатып алушы және тапсырыс берушідегі дебиторлық берешекке қарағанда керісінше, яғни кәсіпорын тауар немесе қызметті алмай тұрып төлем жасаса пайда болады.
Салық органдары. Иә, салық органдары да кәсіпорын алдында борыштар бола алады. Егер тоқсан бойы мекеменің қаражат айналымында тауар немесе қызметті сатуынан сатып алуы асып кетсе, кіріс ҚҚС (қосылған құн салығы) бойынша шегеріс болады.
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың ішіне: зейнетақы қоры, әлеуметтік сақтандыру қоры, міндетті медициналық сақтандыру кіреді. Егер қызметкердің пайдасына төлем олардың қаражаты есебінен өтелсе, бұл құрылымдар бізге ақша беруі керек. Мысалы, еңбекке жарамсыздық парағы, жүктілік бойынша жәрдемақы.
Қызметкерлер. Борыштар екіге бөлінеді: жалақы және басқа да операциялар. Жалақы бойынша дебиторлық берешек, қызметкер жасалмаған жұмыс бойынша аванс алған жағдайда пайда болады. Қызметкер дебиторлық борышты өтеу үшін, төленіп қойған жұмысты орындауы немесе ақшаны қайтаруы қажет.
Есеп беретін тұлғалар. Есеп беретін тұлғалар да қызметкерлер қатарына жатады, бірақ кәсіпорын оларға белгілі бір жұмысты атқаруға (қолма қол ақшаға тауар алуға немесе іссапарға жіберген кезде) қаражат береді. Ақша берілген кезде дебиторлық берешек пайда болады, қолданылған қаражат бойынша есеп берілген кезде дебиторлық берешек жабылады. Есеп беретін тұлғалардың тізімін мекеменің басшысының келісімімен алуға болады.
Құрылтайшылар. Егер құрылтайшы жарғылық капиталға ақша саламын деп уәде беріп, салмаған сәтте болады.
Еншілес және бас компаниялар. Егер бір компания екінші компанияның жарғылық капиталының 50%-дан жоғары еншісін иеленетін болса, қайсысы бірінші актив немесе қызмет түрін алады, сол дебитор болып саналады.