1 тарау. Дебиторлық борыштар есебі дегеніміз не?



бет2/3
Дата08.06.2022
өлшемі30,82 Kb.
#36570
1   2   3
Басқа да әртүрлі дебиторлар. Олар үшін ақпарат толық ашылмайды, бірақ борыштар болып тұрады. Мысалы, кеңсе немесе бөлме жалға берушілер және жалға алушылар.

Дебиторлық борыш кәсіпорында мүлік, техника акша секілді активтер қатарына жатады. Нақты айтатын болсақ дебиторлық борыштар есебі дегеніміз кәсіпорындағы маңызды актив болып табылады. Ол кәсіпорында табыс табумен тікелей байланысты. Барлығымыз білетіндей кез келген өндірістік мекеменің басты мақсаты шығынға батпай, табыс көзін іздеу.

Дебиторлық борыш екіге бөлінеді: ағымдағы және кешіктірілген.

Ағымдағы дебиторлық борыш, бұл кәсіпорын және сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің арасындағы келісім-шарт бойынша төлем уақыты келмеген жұмыстар мен тауарлар үшін пайда болған борыш түрі.

Кешіктірілген дебиторлық борыш дегеніміз, бұл кәсіпорын және сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің арасындағы келісім-шарт бойынша көрсетілген жұмыстар мен тауарлар үшін төленбеген немесе кешіктіріліп өтелген борыш.

Кешіктірілген дебиторлық берешектің 3 түрі болады:


  1. Күмәнді

  2. Проблемалы

  3. Үмітсіз

Сатып алушылар мен тапсырыс беруші заңды және дербес тұлғалардың төлемқабілеттілігін анықтау жүйесін қаншалықты арттырғанымен, оларға несиеге сатылған тауарлар не көрсетілген қызмет үшін уақытылы есеп айырыспай, не алынуға тиесілі сомалардың бір бөлігі ғана өтеліп, қалған бөлігінің алынбай қалуы іс-тәжірибеде ұдайы кездесіп отырады. Дәл осындай жағдайлардың бастапқы нысандары болып борышты кәсіпорындар мен ұйымдардың банкрот болып қалуы, не ол кәсіпорындар пен ұйымдардың тартылуы, сондай-ақ борышкер талап еткен мерзімінің өтіп кетуі саналады. Сатып алушылардың келісімшартқа орайлас белгіленген мерзімде төлемеген шоттары «күмәнді берешек» деп аталады. Күмәнді қарыздарға – кезінде төленбеген, жабылмаған, сонымен қатар тиісті кепілдікпен қамтамасыз етілмеген дебиторлық қарыздар жатады. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес талап жасау мерзімі өтіп кеткен дебиторлық қарыздар күмәнді борыш боп саналады. Өтелу-өтелмеуі екіталай, қалтқы тудыратын борыштарды есептен шығарудың қос жолы бар. Біріншісі – тіке есептен шығару тәсілі, осында шығындар нақтылы шоттарда дәмесіз деп танығаннан кейін ғана тіке есептен шығарылады. Екіншісі – резервтік тәсіл, бұл жағдайда шығындар алдын ала қарастырылған тәсілмен есептеледі.


Тіке есептен шығару әдісі бухгалтерлік есеп тұрғысынан ыңғайлы болып саналмайды. Өйткені ол кірістер мен шығындарды тең келтіре алмайды, яғни күмәнді борыштарды тауарлар жеткізіліп түсірілген немесе қызметтер көрсетілген кезде емес, оның күдікті деп танылған есептік мезетінде ғана шығындарға жатқызады. Кәсіпорындар мен ұйымдар күмәнді қарыздарға шығындардың есебінен резерв жасай алады. Күмәнді қарыздар бойынша резервтердің есебі 1290 «Күмәнді қарыздар бойынша резервтер» шотында жүргізіледі. Күмәнді қарыздар бойынша резервтер есеп беретін жылдың соңында жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы дебиторлық борышқа түгендеу жүргізу нәтижесіне жасалынады. Азаматтық кодекстің 1-бөліміндегі 178-бабына сәйкес борыштың өтелу мерзімінің жалпы уақыты 3 (үш) жыл болып белгіленеді. Үш жыл уақыт аралығында өтелмеген борыш күмәнді қарыздарға жасалған резерв сомасының есебінен есептен шығарылады.
Қазақстан Республикасы заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық қарыздар «үмітсіз борыш» деп танылады. Ал үмітсіз берешек сомалары құрылған күмәнді борыш бойынша резерв есебінен есептен шығарылады. Араз кәсіпорындар мен ұйымдар күмәнды қарыз бойынша резерв құрмаса және үмітсіз борыштың айқындалу жағдайы пайда болса, онда бұл қаржы кезең шығындарына жатқызылып есептен шығарылады.
Сондай-ақ бұл сома қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі жайлы есеп беруде көрсетілуі керек.
Егер сатып алушының дебиторлық қарызы үмітсіз қарыз ретінде есептен шығарылып және осы есептен шығарылып және ол осы есеп беретін кезеңде өтелсе, бухгалтерлік есепте келесідей жаю жазылады (есептен шығару бұл есеп беру кезеңінде жүргізілсе:)
Дт: 1290 Күмәнді қарыздар бойынша резевтер шоты
Кт: 1210 Алынуға тиісті борышкер шоты
Бұрын есептен шығарылған дебиторлық қарыз сомасы есеп берудің ендігі кезеңінде өтелсе, онда ол сома негізгі емес қызметкен түскен табыс санатында танылады. Бұл жағдайда бухгалтерлік есепте :
Дт: 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты»
Кт: 6010 Негізгі емес қызметтен алынатын басқадай кірістер шоты түрінде жазу жазылады. «Күмәнді қарыздар бойынша резервтер» есебі №10 журнал-ордер жүргізіледі.
Кез келген кәсіпорындар мен ұйымдары алып қарасақ та олардың барлығы да қай шоттардың төленбейтіндігін алдын ала болжап білу ықтимал емесе. Сонда да да қаржылық есеп беру уақытында жыл бойы жұмсалған шығындры жабатын сомаларды куәландыру керек. Бұл уақыттағы бағалудың салдарынан көрнекті айырмащшылықтардың да пайда болуы мүмкін. Жалпы халықаралық тәжірибеде күмәнді қарыздарды құндау үшін мынадай екі тәсілі қолданылады: Несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелінген пайыз тәсілі (қаржы-шаруашылық жұмыс ітуралы беруде;) Дебиторылқ қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу әдісі (бухгалтерлік баланста) Бұндағы бірінші аталған әдістің мақсаты күмәнді дебиторлық қарыздар нәтижесінде туындаған шығындарды дұрыс есептеу болса, екінші әдістің мақсаты дебиторлық қарыздың кіршіксіз өзідік құнын дұрыс есептеу болып табылады. Көпетеген кәсіпоырндар мен ұйымдар да бұл әдістердің екеуі да кеңінен қолданылады. Жоғарыда аталған несиеге сатудан алынатын таза табыстан еспетелегн пайыз әдісіне тоқталатын болсақ, бұл әдіс сәйкестік принципіне бағытталған. Бұнда күмәнді борыштардан шеккен нақты шығындар мен несиеге стаудан алынатын таза табыстан есептелінген арасындағы қатынастардың орташа пайызы тәжірибеге сүйене отырып есептеледі. Содан кейін бұл пайыз күмәнді қарыздар көлемін анықтау үшін есеп беру кезіндегі сатылған нақты өнімге қолданылады. Күмәнді қарыздарда бағалау үшін қолданылатын дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу тәсілі бухгалтерлік баланста таза дебиторлық қалдықтың қалуына негізделген. Бұл тәсіл бойынша күмәнды несие пайызын анықтаған уақытта өткен кезеңдердегі мәліметтер пайдаланылады. Әдістің негізгі мақсаты болып күтіп отырған күмәнды дебиторлық қарыздың нақты ақшалай өзіндік құнын дәлелдеу есептеледі. Несиге стаудан алынатын кіршіктей табыстан есептелген пайыз әдісіне қарағанда дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі бойынша санау жолы дебиторлық қарыздардың нақтылы өзіндік құнын өтеуге кepeктi күмәнді қарыздарға жасалған резерв сомасының оңды жасалуына мүмкіншілік береді. Кейінірек күмәнды қарыздарға жасалған резерв сомасының ағымдағы қалдығы талап етілген қалдыққа лайық түзетіледі. Бұл жағдайда күмәнді несие берілген түзетілім сомасына дебиттелінеді.
Жалпы күмәнді қарыздар бойынша жасалынған қажетті резерв сомасының мөлшерін бағдарлау үшін мыналар қолданылады:

  • Негізгі дебиторлық борышқа жасалынған бірыңғай құрамдастырылған мөлшерлеме;

  • Алынуға тиесілі шоттың мерзіміне сай әрбір сомасына бөлек негізделген мөлшерлеме;

Күмәнді және проблемалы дебиторлық борыштарда қаражаттың қайту мүмкіндігі бар болса, үмітсіз дебиторлық берешекте қаражат қайтпайды.


Қарапайым сөздермен айтқанда, заң бойынша, кәсіпорын дебиторлық борыш жабылмаған жағдайда, 3жыл күте алады. 3 жылдан кейін борыш қайтарымсыз болып саналып, жабылады.
Ресейлік заңгерлік компанияның тәжірибесінде 2009 жылғы үмітсіз дебиторлық борышты қайтару мүмкіндігі болған. Бірақ мұндай жайттар сирек кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет