Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайы. Бизнесте дебиторлық борышты қалай қайтаруға болады? Дебиторлық борыш болмауы үшін не істеу қажет?
Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайы. Бизнесте дебиторлық борышты қалай қайтаруға болады? Дебиторлық борыш болмауы үшін не істеу қажет? Коронавирустық індет әлемдік экономика мен қаржы нарықтары үшін басты қауіптердің біріне айналды және біздің еліміздегі экономикаға да ауыр зардап тигізді.
Қазақстанның тәуелсіздігі кезеңінде 2000-шы жылдардан бастап еліміздің ЖІӨ алғаш рет минусқа (-2,5%) кетеді. Салыстыру үшін 2008 жылғы дағдарыста Қазақстанның ЖІӨ 1,2% - ға дейін төмендеді, көрсеткіш 1998 жылдан бастап нөлден төмен болған жоқ. Сол кезеңде Қазақстан экономикасына "Азия Жолбарыстары" дағдарысы мен Ресей дағдарысы (ЖІӨ -1,9%) әсер етті. Пандемия кезеңінде фитнес индустриясы (-100%), әуе тасымалы (-72%) және мейрамхана бизнесі (-80%) ең көп шығынға ұшырады. Бұл ақпарат KPMG аудиторлық компаниясының « Қазақстан экономикасының негізгі секторларына Covid-19 әсері» презентациясында көрсетілген.
Пандемия әр түрлі дәрежеде бизнестің барлық бағыттарына әсер етті. Зерттеу аясында экономиканың 14 саласының 50 бизнес жетекшісінен сұхбат алынды, мәліметтер ағымдағы жылдың сәуір айында жиналды. Карантин шаралары енгізілгенге дейін өздерінің онлайн алаңдары бар және жолға қойылған компаниялар пандемияның қазіргі жағдайларына барынша бейімділігін көрсетті. Зерттеушілердің айтуынша, респонденттердің 58% - ы пандемия жағдайлары оларды өз бизнесінің парадигмасын болашаққа қайта қарауға мәжбүр еткен.
Компаниялардың 54% - ы телекоммуникациялық компаниялардан басқа жоспарланған инвестициялық жобаларды кейінге қалдырды. Интернет пен онлайн оқытуға деген сұраныстың артуына байланысты бұл компаниялар желілердің жүктемесіне байланысты инфрақұрылымды жаңғырту қажеттілігі туралы хабарлайды.
Сонымен қатар, респонденттердің 48% - ы жергілікті нарықтың өнімдері мен материалдарына көбірек артықшылық бере бастағаны атап өтілді. Ал азық-түлік емес бөлшек сауда компанияларының 67% - ы кредиторлық берешекті қайта құрылымдауды жүргізеді. Сондай-ақ, сұралғандардың 70% - ы әкімшілік шығындарды, соның ішінде іссапар, кеңес беру, маркетинг, оқу және еңбек шығындарын қысқартты.
Мысалы, авиацияда еңбекақы мөлшері 46%-ға, азық-түлік-бөлшек саудада 25% - ға, қаржылық саудада 19% - ға төмендеді. Қызметкерлердің орташа тізімдік саны авиацияда 24%-ға, азық-түлік-бөлшек саудада 20% - ға және қаржы секторында 16% - ға төмендеді.
Елде және әлемде болған соңғы жәйттар орта және кіші кәсіпорындарға зардап тигізгені рас.
Ешқандай жұмыс жасап тұрған кәсіпорында дебиторлық борыш жоқ деп айта алмаймыз. Қазіргі экономикалық ахуалға байланысты кәсіпкерлер арасында борышқа беру қауіп сейілтеді. Егер борыш аса көп мөлшерде беріліп, қайтарылмаса компания банкротқа ұшырауы мүмкін.
Бизнесте қалай табыс арттыруға болады және үмітсіз дебиторлық берешектен қалай құтылу қажет? Мысал ретінде, кәсіпкер ИП Исабековты қарастырайық. Ол құрылыс бизнесімен айналысады және бірнеше техника алды делік (трактор, самосвал). Бастапқыда кәсіпкерде бәрі орнымен жүреді, яғни техника ақаусыз жұмыс жасайды, кіріс алып келеді. Онымен бірге дебиторлық борышы да жоқ. Себебі, контрагенттері аз, алдын ала төлеммен жұмыс істегенді жөн көреді. Бірақ уақыт өте келе кәсіпкердің клиенттері және жұмыс көлемі көбейеді. Бұл жағдайда пайда болып жатқан дебиторлық борышты аңду қиын. Соңында көрсетілген қызметке төлемеу, кешіктірілген төлемдер пайда болады. Қарызын өтемеген контрагенттердің жартысы уақыт өте келе борышын төлеуі мүмкін, жартысы жоқ. Ендігі кезекте кәсіпкер Исабековте шығынға ұшырау(банкрот болу) мәселесі туындайды (қызметкерлерге жалақы, алым-салық төлеу қажет т.б.).
Дебиторлық берешектің әу баста болмауы үшін не істеу қажет еді ? Дебиторлық борышты уақытымен қайтарып отырылуы үшін жұмыстар жасалуы қажет. Тәуекелдерді азайтамыз. Контрагенттерді сенімділікке талдау өткіземіз. Яғни, контрагентпен келісім-шартқа отырар бұрын, оның төлемқабілеттілігіне талдау жүргіземіз. egov.kz , kompra.kz сайттары арқылы контрагентті тексеруге болады. қарастырылатын маңызды ақпараттарға төмендегілер жатады:
Контрагенттің банкроттық рәсімінен өтіп жатқанын біліңіз.