1-тарау. Кинематика


-тарау. Электромагниттік индукция



бет11/12
Дата22.06.2023
өлшемі241,59 Kb.
#103120
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Тарау бойынша тест.1 тарау.Кинематика

11-тарау. Электромагниттік индукция.
1.Индукциялық ток қандай жағдайда пайда болады?
А) Магниттік өзекшесі бар катушканы біртекті магнит өрісіне орналастырған кезде
В) Тұйықталмаған өткізгіштің контурын қиып өтетін магнит ағынының барлық өзгерісі кезінде
С) Біртекті магнит өрісінде тыныштықта тұрған кез-келген өткізгіште
Д) Тұйықталған өткізгіштің контурын қиып өтетін магнит ағынының барлық өзгерісі кезінде
Е) Қышқылдар мен сілтілер ерітінділеріне металл электродтарды батырған жағдайда
2. Ауданы 20см2 контур индукциясы 2Тл болатын біртекті магнит өрісіне орналастырылған.Егер контур жазықтығы мен индукция векторының арасындағы бұрыш 600 болса, контурдан өтетін магнит ағымы қаншаға тең?
А) 4*10-3Вб В) 3*10-3 Вб С) 2*10-3 Вб Д) 10-3Вб Е) 2*10-4 Вб
3. Контурда пайда болған индукциялық ток:
А) өзінің магнит өрісімен бағыты индукцияны тудырушы токтың магнит өрісіне әрқашан кері әсерде болады
В) Магнит өрісінің бағыты индукцияны тудырушы токтың магнит өрісінің бағытымен әрқашан бағытттас болып, оны демеп отырыды
С) Тізбекті қосқан кезде негізгі токпен бағыттас, ал ажыратқан кезде оған қарсы бағытта болады
Д) тізбекті қосқан кезде де, ажыратқан кезде де негізгі токпен бағыттас болады
Е) тізбекті қосқан кезде де, ажыратқан кезде де негізгі токқа қарсы бағытта болады
4. Контурды қиып өтетін магнит ағыны 2сек ішінде 10Вб-ден 2Вб-ге дейін азаяды. Осы кезде котурда пайда болған индукция ЭҚК-і қаншаға тең болады?
А) 3В В)4В С) 5В Д) 6В Е) 8В
5. Ұзындығы 0,2м өткізгіш иедукциясы 1,5Тл біртекті магнит өрісінде оның индукция векторының бағытымен 300 бұрыш жасап 15м/сек жылдамдықпен қозғалған. Өткізгіште пайда болған индукция ЭҚК-нің шамасын анықтаңыз?
А)1,4В В) 1,7В С) 2В Д) 2,25В Е) 2,5В
6. Индуктивтік катушка ЭҚК көзіне қосылды. Онда жалпы токтың шамадан артып кететін кезі қандай жағдайда болады?
А) тізбекті қосқан кезде
В) тізбекті қосқаннан кейін, ажыратқанға дейін
С) тізбекті ажыратқан кезде
Д) тізбекті қосып, ажыратқан жағдайлардың екеуінде де
Е) келтірілген жағдайлардың барлығында да
7. Катушкадан 10А ток жүрген кезде магнит ағыны 5Вб болады. Катушканың индуктивтігін анықтаңыз
А) 3Гн В) 2,5Гн С) 2Гн Д) 1,5Гн Е) 0,5Гн
8. Токтың 0,5 сек ішінде 0-ден 5А-ге дейін бірқалыпты артуы кезінде катушкадағы пайда болған өздік индукция ЭҚК-і 15В болды. Каткшканың индуктивтігі неге тең?
А) 1Гн В)1,5Гн С)2Гн Д) 2,4Гн Е) 3Гн
9. Индутивтігі 0,8Гн катушкамен 5А ток жүрген кездегі оның магнит өрісінің энергиясы қандай болады?
А) 4Дж В) 10Дж С) 12Дж Д)16Дж Е) 20Дж
10.индуктивтігі 10Гн электромагнит ЭҚК-і 220В болатын ток көзіне жалғанды.Егер тізбекті ажыратқан кезде ток күші 8А/с жылдамдықпен кемитін болса, осы моменттегі тізбектің жалпы ЭҚК-і қаншаға тең?
А) 250В В) 260В С)275В Д) 290В Е) 300В
11. Ұзындығы 0,4м өткізгіш 10м/сек жылдамдықпен біртекті магнит өрісінің индукция сызықтарына 300бұрыш жасай қозғалады. Егер осы кезде өткізгіш ұштарында 4В потенциалдар айырмасы пайда болса, магнит өрісі индукциясының шамасы қандай болады?
А) 2Тл В) 1,5Тл С) 1Тл Д) 2,4Тл Е)2,8Тл
12. Катушка бойымен 2А ток жүрген кезде оның магнит өрісінің энергиясы 2Дж болса, оның индуктивтігі қандай болады?
А)2Гн В)1,5Гн С) 1Гн Д)0,5Гн Е) 0,3Гн
13.Индуктивтігі 0,4Гн катушкада 2В өздік индукция ЭҚК пайда болды. Катушкадағы токтың орташа өзгеру жылдамдығын анықтаңыз
А) 1А/с В)2А/с С)3А/с Д)4А/с Е)5А/с
14.0,12сек ішінде ток күші 6А-ге өзгерген кезде соленоидта(ферромагниттік өзекшесі бар катушка) пайда болған өздік индукция ЭҚК-нің орташа мәні 3В болды. Соленоидтің индуктивтігін анықтаңыз
А) 0,1Гн В) 0,2Гн С) 0,3Гн Д) 0,4Гн Е) 0,5Гн
15. Ток күші 4А кезінде катушкада 2Вб магнит ағыны пайда болды. Катушканың магнит өрісінің энергиясын анықтаңыз
А) 3Дж В) 4Дж С) 5Дж Д) 6Дж Е)7Дж

Жауаптары:



1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Д

С

А

В

Д

С

Е

В

В

Е

А

С

Е

А

В





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет