Мұғалімнің жұмыс орныүстелмен және принтер мен мультипроекторға арналған екі тумбамен жабдықталады. Мұғалім үстелінің өлшемі 1300х700 мм. Тумбада керек-жарақтарға: магниттік тасымалдағыштарға, ағымдағы сабақ күніне есептелінген транспаранттарға арналған кемінде 350х500х100 мм. өлшемдегі 1-2 жәшік қарастырылуы керек. Үстел ДК-ні орнату және жазу жүргізу үшін пайдаланылады. Онда дәптерге, сынып журналына және т.б. арналған қалташа болуы мүмкін. Сабақ процесінде оқушылардың жұмыс орындарына электр қоректерін қосу мен оны өшіруді мұғалім өзі жүргізеді.
Информатика кабинетінде жұмыс орнының орналасуы сабақ уақытында оқушылар мен мұғалімдердің жұмыс орнына емін-еркін өтуін қамтамасыз етуі қажет. Дербес компьютері бар жұмыс орындарының орналасуы үш нұсқада болуы мүмкін:
жағалай (периметриалдық);
қатарлық (1-3 қатар);
орталық.
Оқушылар мен мұғалімнің еңбек қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі және жұмыс кезінде тұрақты жарықтандыру деңгейін жасау тұрғысынан алғанда ДК-і бар жұмыс орындарын жағалай орналастыру нұсқасы тиімді болып табылады.
Информатика кабинетіндегі жұмыстарды ұйымдастыру Информатика кабинетіндегі ұйымдастыру жұмыстарын кабинеттегі жабдықтарға жауап беретін, информатика курсын және жалпы білім беретін жекелеген пәндердің тақырыптарын зерделеу процесінде компьютерлік техниканы қолдану бойынша мұғалімдер мен оқушылардың жұмысын ұйымдастыратын информатика мұғалімдерінің арасынан сайланған кабинет меңгерушісі басқарады.
Кабинет меңгерушісі:
- жабдықтардың сақталуына;
- инвентаризациялық жазу журналын жүргізуге;
- құрылғыларды әрдайым пайдалануға дайын күйінде ұстауға, есептеуіш техникаларға алдын-ала техникалық қызмет көрсетудің уақытылылығына және ұқыптылығына, машиналардың істен шығуын тіркеу, жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын реттеп отыруға;
- жазатайым уақиғалар кезінде пайдаланылатын өрттен сақтану құралдарының және алғашқы көмек көрсету құралдарының дұрыстығына;
- оқушыларға техника қауіпсіздігі жөніндегі кіріспе және кезекті нұсқаулардың уақытылы өтілуіне;
- оқытушылар мен оқушылардың техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауына;
- әрбір сабақтың басталған және аяқталған уақытын, электр қорегінің қосылғандығын және ажыратылғандығын журналға тіркеуге жауапты.
Оқытушы оқушыларды информатика кабинетімен алғаш таныстырған кезде оқушылардың бойын, есту және көру мүмкіндіктерін есепке ала отырып, оларды жұмыс орны бойынша бөлуге және сол жерді бекітіп беруге, техника және жұмыс қауіпсіздігінің ережелерімен таныстыруға міндетті. Оқушылар жұмыс орнының және оған орналасқан жабдықтардың жай-күйіне жауапты болады.
Оқушылар нұсқау және сынақ өткен күні, нұсқауды өткізген мұғалімнің тегі, аты-жөні, сынақтан өткен оқушының тегі, аты-жөні және нұсқамалықтың
мазмұны көрсетілген «Техника қауіпсіздігінің ережесі бойынша нұсқауды өткізу мен оны тіркеу журналында» белгіленетін техника қауіпсіздігі және кабинетте жұмыс істеу ережесі бойынша сынақ тапсырулары қажет. Бұл мәліметтер мұғалім қолымен бекітіледі.
Кабинет меңгерушісінің жұмысына зертханашы көмек көрсетуге тиіс.