1 тарау: Орта мектепте Информатиканы оќыту теориясы мен єдістемелерініњ жалпы мєселелері



бет22/46
Дата02.03.2023
өлшемі0,63 Mb.
#71183
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   46
Байланысты:
1 тарау Орта мектепте Информатиканы оќыту теориясы мен єдістеме

Раіnt графикалық редакторы - графиктік бейне түріндегі суреттер және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы бағдарлама.
Еxсel бағдарламасы - кесте ішіндегі есептеу жұмыстарын шешуге, оларға әр түрлі диаграммалар тұрғызуға, мәліметтерді сұрыптауға, математикалық операцияларды орындауға, сандық эксперименттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Microsoft ACCESS - кез-келген мәліметтерді қолдануға ыңғайлы мәліметтер қорын құруға, алуан түрлі операцияларды, командаларды орындауға мүмкіндік беретін бағдарлама.
Power Point бағдарламасы - оқушыға өз жолымен керекті материалдарды жеке меңгеруге арналған күрделі, көпсатылы жүйе, оқулықтың қажетті бөлімдерін қайталап, игеру тәсілі мен логикасын да өзіне тән етіп таңдап алып, осы сәтте ең керек деген материалдарды қарап шығуға мүмкіндік береді.
MS Front Page бағдарламасы - қазіргі кезде Web-сайт жасау үшін жиі қолданылатын бағдарламалардың бірі.
PageМaker - столдық баспа жүйесі мәтіндік ақпарат орын алатын газеттерді, журналдарды, кітаптарды және басқа баспа өнімдерін беттеу үшін қолданылатын қуатты баспа жүйелерінің бірі.
Телекоммуникациялар - (грек тілінінен аударғанда tele–алыс, шалғын, communicatio–араласу) деп аталуда.
Дәріс -9.
Дәріс тақырыбы: Информатика курсы бойынша оқу үрдісін жоспарлау. Мектептегі информатика кабинетінің жабдықталуы.
Дәрістің мақсаты: Сабақты ұйымдастыру шарттарымен информатика кабинетіне қойылатын талаптарды қарастыру.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Сабақты ұйымдастыру шарттары.
2. Информатика кабинетіне қойылатын талаптар.
Дәрістің тезисі: Сабақ - бұл логикалық түрде аяқталған, біртұтас, белгіленген уақытпен шектелген оқу-тәрбие үрдісінің бөлігі. Сабаққа қойылатын негізгі талаптар:

  • білім міндеттерін бүтіндей және оның құрамдас элементтерін нақты тұжырымдау, олардың дамыту және тәрбие беру мақсаттарымен байланысы.

  • сабақтардың оқу жүйесіндегі орнын анықтау;

  • оқу бағдарламасының талабы мен сабақтың мақсаттарына сәйкес сабақтың негізгі мазмұнын оқушылардың дайындық деңгейін ескере отырып анықтау;

  • оқушылардың ғылыми білімдерді меңгеру деңгейін, біліктілігі мен дағдыларының сабақта және оның арнайы кезеңдерінде ұйымдастырылуын болжау;

  • анағұрлым тиімді әдістер мен тәсілдерді сабақта дұрыс таңдау.

  • танымдық белсенділікті, сабақта ұжымдық және жеке жұмыстардың әр түрлі формаларының үйлесімділігін және оқуда оқушылардың жеке жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

  • сабақта барлық дидактикалық принциптерді іске асыру;

  • оқушылардың ойдағыдай білім алуларына жағдай жасау.

Сабақты ұйымдастыру шарттары: әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-дидактикалық.
Әлеуметтік-педагогикалық шарттарға мыналар жатады:

  • мамандандырылған, шығармашылық түрде жұмыс істейтін, жақсы дидактикалық және әдістемелік дайындықтағы шарттың болуы;

  • дұрыс қалыптасқан құндылықты бағыт-бағдары бар оқушылардың біріккен, тату ұжымының бар болуы;

  • оқулықтың, оқу және көрнекілік құралдарының, сәйкес түрде жабдықталған сынып бөлмесінің бар болуы;

  • қолайлы психологиялық климаттың, өзара сыйластық пен педагогтың балаларға деген махаббатына негізделген мұғалім мен оқушылардың арасында жақсы қарым-қатынастың бар болуы.

Психологиялық-дидактикалық шарттарға мыналар жатады:

  • оқытудың нақты уақытқа, кезеңіне сай оқушылардың білімділігінің жоғарғы деңгейі;

  • мұғалімнің жетекшілігімен өз бетімен танымдық қызметке қызығушылығын қамтамасыз ететін білім мен еңбек мотивтерінің қалыптасуының жеткілікті деңгейінің бар болуы;

  • оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың дидактикалық принциптері мен ережелерін сақтау.

Сабақты ұйымдастырудың ережелеріне мыналар жатады:

  • мақсатты анықтау (неге қол жеткізу керек);

  • оқу материалының мазмұнын дайындау, яғни алға қойылған мақсат пен оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес оның көлемі мен күрделілігін анықтау; өмірмен, тәжірибемен, бұрында меңгерілген материалмен байланыс орнату; оқу тапсырмалары мен өздік жұмыстарының жүйесін анықтау; сабақтың құрал-жабдықтарын, сонымен қатар ақпараттың негізгі және қосымша көздерін орнату;

  • барлық мақсаттарға қол жеткізетін сабақтың дидактикалық тапсырмаларын анықтау;

  • алға қойған мақсаттарға, оқу материалының мазмұнына, оқушылардың білімділік деңгейі мен дидактикалық тапсырмаларға сәйкес оқытудың әдістері мен тәсілдерінің анағұрлым тиімдісін таңдау;

  • оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне, мазмұны мен әдістеріне сәйкес келетін сабақтың құрылымын анықтау;

  • барлық дидактикалық тапсырмалар үй жұмысына қалдырылмай сол сабақта шешімін табу керек.

Сабақта оқу үрдісін құрудың дидактикалық негіздері. Сабақтың тиімділігі құрылымдық құрауыштарды дұрыс анықтауға және олардың үйлесімділігіне тәуелді болады.

  1. Ынталық-мақсатты құрауыш. Мұғалімнің оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсатына жетуі, сабақтың міндеттерінің орындалуы.

  2. Мазмұнды құрауыш. Сабақ мақсаттарына сәйкес келу. Ғылымилық. Қол жетімділік. Логикалық және бірізділік. Практикалық бағыт алу. Тәрбиелеуші потенциал. Дамытатын мүмкіндіктер.

  3. Операциялық-әрекетшілдік құрауыш.

  1. Оқытудың тәсілдері:

Алған білім көздері бойынша: ауызша, көрнекілік, практикалық.
Танымдық әрекетті ұйымдастыру тәсілі бойынша: суретпен сипаттау-түсіндіру, репродуктивті, жартылай іздестіру, мәселелік, зерттеушілік.
Оқытудың әдістері сабақ үстінде келесілерге сәйкес келу керек:

  • сабақ тапсырмаларына;

  • оқу материалының өзгешелігі мен мазмұнына;

  • оқушылардың білім деңгейіне, біліктілігіне, дағдыларына;

  • сабақтың материалдық қамтамасыз етілуіне;

  • мұғалімнің жеке басының қасиеттеріне, оның дайындығына және әдістемелік шеберлігінің деңгейіне;

  • оқушылардың жеке басының ерекшеліктеріне, мүмкіндіктеріне және дайындықтарына;

  • уақыт тәуелділігіне.

  1. Тәрбиелеудің әдістері: Жұмысты ұйымдастыру, көзқарасты қалыптастыру, жұмыс істеуге жағдай жасау, бақылауды, өзара бақылауды, өзін-өзі тексеруді іске асыру.

  2. Оқыту түрлері: жеке, топтық, ұжымдық.

  1. Бағалау-нәтижелік құрауыш: жедел бақылау жүргізу, қатені түзету, қол жеткізген нәтижелерге бірлесе отырып баға беру.

Сабақты жоспарлаудың құрылымы.
I. Тақырып.

  1. Сабақтың мақсаты: білім беру, тәрбиелеу, дамытушылық;

  2. Сабақтың түрі: аралас сабақ, жаңа білімді қалыптастыру сабағы, меңгерілген білімді жалпылау және жүйелеу сабағы, білімді, біліктілікті бақылау және түзету сабағы, білімді, біліктілікті тәжірибеде қолдану сабағы.

  3. Оқытудың әдістері ( жоғарыда көрсетілген).

  4. Оқыту түрлері.

  5. Техникалық құрал жабдықтар.

II. Өзектілігі.
а) сүйемелдейтін білімдер; б) қызығушылықты қалыптастыру тәсілдері;
в) бақылаудың түрлері.
III. Әрекеттердің жаңа түсініктері мен тәсілдерін қалыптастыру.
а) жаңа түсініктер көрсетіледі; б) білімдегі дағдылар қалыптасады; в) өз бетімен жұмыс жасаудың түрі анықталады.
IV. Қолдану.
а) қандай біліктер мен дағдылар қалыптасады; б) кері байланысты алудың тәсілдері анықталады.
V. Үй тапсырмасы.
Қазіргі заман сабағының негізгі буындары:
- Оқушылардың сабаққа сыртқы және ішкі (психологиялық) дайындығымен сипатталатын ұйымдастыру кезеңі;
- Үй тапсырмасын тексеру;
- Жаңа тақырыпқа дайындық ретінде оқушылардың білімдері мен біліктіліктерін тексеру;
- Оқушылар алдында сабақтың мақсатын қою.
- Жаңа ақпаратты қабылдау және ұғынуды ұйымдастыру, яғни негізгі білімді меңгеру;
- Алғашқы түсінікті тексеру;
- Білімді шығармашылық түрде қолдану және іздеп табу, бұрынырақта меңгерілген білім мен біліктілік негізінде тапсырмаларды шешу тәсілін меңгеру;
- Келесі сабаққа үй тапсырмасын беру;
- Сабақты қорытындылау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет