1 тарау: Орта мектепте Информатиканы оќыту теориясы мен єдістемелерініњ жалпы мєселелері


Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар



бет28/46
Дата02.03.2023
өлшемі0,63 Mb.
#71183
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   46
Байланысты:
1 тарау Орта мектепте Информатиканы оќыту теориясы мен єдістеме

Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:
Қорғауға берілген реферат тақырыптары:

  1. Мультимедиалық технологияны оқу үрдісінде пайдалану.

  2. Педагогикалық бағдарламалық құралды жасау негіздері.



Негізгі әдебиеттер /4-6/,
Қосымша әдебиеттер/20-21/.


Дәріс -11.
Дәріс тақырыбы: Информатиканы оқыту әдістері. Информатиканы оқытудың дидактикалық принциптері.
Дәрістің мақсаты: Педагогикалық бағдарламалық құрал жіктелуін және педагогикалық бағдарламалық құрал даму мәселелерін қарастыру.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Информатиканы оқыту әдістері.
2. Жобалар әдісі.
3. Информатиканы оқытудың дидактикалық принциптері.
Дәрістің тезисі:
Информатиканы оқыту әдістері.
Информатиканы оқытуда әдістерді дұрыс таңдай және сабақта тиімді қолдана білу керек. Әдіс (грек тілінен - бірденеге бағытталған) дегеніміз бір мақсатқа жету тәсілі.
Дидактикада оқытудың әдістері деп мұғалім мен оқушылардың біріккен іс-әрекетін және оқушылардың танымдық іс-әрекетін құру әдісін түсінеді. Оқытудың әдістерінің мәселелерін шешуде атақты дидакт Бабанскийдің оқытудың әдістерін мұғалім мен оқушылардың реттелген бір-бірімен байланысты іс-әрекеті ретінде анықтайтын тұжырымын ұстанамыз. Бұл білім беру мәселелерін шешуге, жеке тұлға тәрбиелеп, дамытуға бағытталған.
Педагогикада оқытудың әдістерінің үлкен арсеналы жиналған. Әдісті жіктеудің өзінің анықталған ережесі болады. Алайда функционалды жағынан информатиканы оқытуда жіктеудің ең қолайлысы түсіндірмелі- иллюстративті, репродуктивті, мәселелік, бөліктеп іздеу, зерттеу әдістерімен ерекшеленеді. Берілген жіктеудің міндеттерімен информатика курсының мазмұнына сәйкестенуі үшін оны бағдарламаланған, модельді әдістермен және жобалау әдісімен толықтырған жөн.
Түсіндірмелі-иллюстративті әдіс оқушылардың жаңа теоретикалық материалмен танысқанда компьютермен, бағдарламалық қолданбалармен жұмыста алғашқы білімдерінің қалыптасуында пернетақтамен жұмыс істеп үйренуінде қолданылады. Оқушыларға белгілі бір фактілерді дайын күйінде жеткізу үшін мұғалімнің оны әңгімелеп беруіне болады. Мұндай әдістерді (әңгіме, мазмұндама, түсіндірме) материал ақпараттық түрде болғанда немесе практикалық жұмыстың әдістерін сипаттағанда қолданған дұрыс.
Репродуктивті әдіс информатика сабақтарында тренажер- бағдарламалармен жұмыста (мысалы, пернетақталық тренажер), оқытушы және бақылау бағдарламаларымен әртүрлі кіріспе, жаттықтырушы жаттығуларды орындағанда, комментариймен жаттығуларда қолданады.
Мәселелік әдісті (мәселе сұрақтар, жағдайлар) графикалық ақпаратпен жұмыста қолданған жөн.
Бөліктеп-іздеу әдісін қолданғанда оқушылар болжам құруға, есепті бақылау, тәжірибе, жоспар құру немесе танымдық есептің алгоритімін шешу, жобалау және тағы басқалары арқылы шешуге қызығады.
Зерттеу әдісіне бақылау, тәжірибе, компьютермен, плакаттармен және басқаларымен жұмыс кіреді. Бұл жағдайда мұғалім оқушылардың өзіндік ізденушілік іс- әрекетінің ұйымдастырушысы ретінде танылады.
Бағдарламалық оқыту әдісінде информатика сабақтарында үйретуші бағдарламалар қолданылады. Бұл әдіс «Есептеуіш техникасының сандық негіздері», «Бағдарламалық қамтамасыздандыру» тақырыптарында аса тиімді. Үйретуші бағдарламада берілген материал қатаң тәртіпте беріледі, әрбір кадр жаңа материал, бақылау сұрағы мен тапсырмадан тұрады.
Модельді әдіске математикалық немесе компьютерлік құрылуы кіреді. Бұл «бәсеңдейтін жобалау» әдісі. Орта мектептің информатика мұғалімі модельдерді құру үшін электронды кестелермен жұмыста қолданады. Алған тапсырмасына сәйкес оқушы математикалық модель құрады да, оны дайын күйде алады. Бұл модельдер келесіде оқудың объектісі болады.
Жобалар әдісі. Соңғы кезде информатика пәнінің мұғалімдері педагогикалық тәжірибеге жобалар әдісін белсенді түрде енгізе бастады.
1919 жылы Дальтон қаласында (АҚШ) Е. Паркхарст сынып-сабақтық жүйені әрбір оқушының педагогпен бірге құрылған жоспар бойынша индивидуалды жұмысымен ауыстыруға тырысты. Оқушылар мектеп бағдарламасын оқуда әркім өзінің жылдамдығы бойынша жылжу мүмкіндігін иеленді. Оқу күнінің бірінші жартысында олар ешбір оқу кестесінсіз жұмыс құралдары негізінде өз бетінше жұмыс жасады. Екінші жартысында – қызығушылық тудырған тақырып бойынша оқыды. Бұл тәжірибе "Дальтон-жоспар" деп аталынды. Бұл әдіс қазір де қолданылуды.
Жобалар әдісі – оқу үрдісін жекешелеуге, оқушыға жоспарлау барысында өзінің тәуелсіздігін көрсетуге, тапсырмалар орындағанда шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік беретін кешенді оқыту әдісі. Жобалар әдісін технология деп есептеуге болмайды – ол басқа әдіс-тәсілдермен біріге отырып, нақты бір мақсаттарға жету үшін қолданылады.
Жобалар әдісінде ең алдымен оның болашақ жоба аумағы таңдалады. Келесі маңызды мәселе – жобаның ұзақтығы. Жоба бір сабаққа немесе одан да ұзақ уақытқа (1 тоқсанға) есептелуі мүмкін. Бірінші жағдайда жобаға тек бірнеше оқушы қатысуы мүмкін, ұзақ уақытқа есептелген жағдайда әрбір оқушы немесе оқушылардың шағын тобы ортақ үлкен жоба шеңберіндегі жеке тақырыптарды алады. Үштен көп оқушыдан тұратын топты құрған қолайсыз – үлкен топтардың жұмысын құру мәселелер тудырады.
Жобаның ортақ тақырыбы мұғалімнің тапсырмаларына байланысты таңдалады. Оқушыға немесе топқа берілген нақты тақырып жалпы тақырыппен үйлесуі керек.
Жобаны жүргізуге уақытты қалай табуға болады. Ең алдымен, жоба формасында қайталауды, әсіресе оқу жылы соңында жалпылама қайталауды ұйымдастырған жөн. Сонымен қатар, информатикада жобамен жұмыс жасаудың жаңа материалды оқумен қатар сәтті жүретін бөлімдер де бар. Мысалы, "есептерді компьютерде шешудің кезеңдері", "Үлгілеу және Есептеуіш эксперимент" және т.б..
Жобамен жұмыс жасау кезінде мұғалім консультант рөлінде болады, бұл жерде оған біршама даярланған оқушылар көмектеседі. Ең дұрысы, егер оқушылар есептің қойылымын анықтауды өз бетінше жүргізсе. Ол үшін мұғалім оларды бұрын орындалған жобалармен таныстырса жеткілікті.
Жобамен жұмыстың нәтижелері міндетті түрде сыныпта жариялануы керек. Жұмысты көпшілік алдында қорғау жобалар әдісінің ең маңызды бөлігі болып табылады, себебі ол оқушыларға жұмыс барысында алынған білімдерін қорытындылап, жүйелеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сабақты өткізу формасы классикалық семинар болу міндетті емес, ойын да болуы мүмкін. Егер жазбаша есеп беру қарастырылса, онда оған қойылатын талаптар алдын ала құрылады. Жобалардың көпшілік алдында қорғалуы емтиханды өткізу формасы да болуы мүмкін.
Ұзақ жоба үшін ортақ баға келесі локальды бағалардың қосындысынан шығады: жобалық жұмыстың сапасы, жазбаша есеп берудің сапасы, көпшілік алдында қорғаудың бағасы.
Оқушылардың көпшілігіне мұндай жұмыс формасы ұнайды, ол оқушылардың мотивациясын және алған бағаларының сапасын арттырады.
Орындалған жобалардың кейбір тақырыптары: «кішкентай жолдастарға арналған компьютерлік оқулық» (мақсаты – жай ғана оқу бағдарламасына сәйкес жазу емес, сондай-ақ басқалар үшін де маңызды өнім құру ), "Әлеуметтік сауалнама" (үлкен ақпарат көлемін өңдеу есептерін шығару кезінде информатиканың әдістерін қолдану), "Болашақтың компьютері" (мини-жобаның «Компьютерлік көрме» ойынымен үйлесімділік мысалы)».
Жобалар әдісі оқытудың топтық формаларымен сәйкес келеді, бұл әдіс әрқашан қандай да бір мәселенің шешімін болжайды.
Информатикадағы жобалар әдісі есептің шешімін табудың жүйелік тәсілінің дағдыларын қалыптастырумен, жұмыс үрдісі кезінде тәуелсіздігінің артуымен және мұғалім мен оқушының арасындағы қатынас стилін орнатумен сипатталады.
Жалпы жобалау белгілі бір қасиеттеріне қарай топтастырылады және оларға қойылатын шарттар мен талаптарына сай келеді, атап айтсақ төмендегідей типтегі жобаларды ұсынуға болады:

  1. Демонстрациялық жобалау;

  2. Зерттеушілік жобалау;

  3. Шығармашылық жобалау;

  4. Рольді – ойындық жобалау;

  5. Ақпараттық жобалау;

  6. Үйретуші жобалау;

  7. Моножобалау;

  8. Пәнаралық жобалау;

  9. Тәжірибелі және бағдарлы жобалау;

  10. Қысқа мерзімді жобалау;

  11. Ойын жобалауы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет