Байланысты: 1 тарау Орта мектепте Информатиканы оќыту теориясы мен єдістеме
Педагогикалық бағдарламалық құрал даму мәселелері. Педагогикалық бағдарламалық құралдың дамуының ең тыйымды жолы мультимедиалық технология деп санауға болады.
Мультимедиалық технология - бұл әр түрлі табиғаты бар (мәтін, дыбыстық, графикалық, анимация, видео) құру әдістерінің және ақпаратты тиімді қолданудың жиынтығы. Қолданылатын педагогикалық бағдарламалық құралдың көбі мультимедиалық болып табылады. Тағы бір педагогикалық бағдарламалық құрал болып гипермәтін табылады.
Гипермәтін – белгілі тақырып бойынша мәтіндік фрагменттердің жиынтығы, онда кейбір сөздер (ерекше сөздер) белгіленген, бұндай сөздерді белсендету (активизация) мәтін үзіндісінің жаңа материалмен пайда болуына әкеледі. Қатысушы өзінің оқуын өзі жоспарлайды, ол белсенді рөл атқарады, яғни оны қызықтыратын тақырыптарды таңдай алады. Жиі гипермәтінді құжаттарда мәтін ғана емес, сонымен бірге графика, анимация, видео да қойылады. Бұл технология гипермедия атағын алды.
Гипермедия – бұл технология оқуды нақтырақ, көрнекірек жасауға мүмкіндік береді.
Электронды кітаптар – педагогикалық бағдарламалық құралдың әр түрлілігі, оған ЭЕМ-дағы беттерден құралған оқулық материалдары жатады.
Электрондық кітаптар:
- Энциклопедиялық (үлкен көлемді әртүрлі ақпараттар);
- Тақырыптық (қандай да бір тақырыптарға дерек);
- Бақылау жүргізуші (оқушының дайындық деңгейін айқындау) болады.
Мультимедиалық педагогикалық бағдарламалық құралды қолданған кездегі туындайтын мәселелер:
І. Әлеуметтік мәселелер. Қоғамды ақпараттандыру үрдісіндегі білімді ақпараттандыруда бірінші кезекте, адамдар мен мұғалімдердің жаңа өзгерістерді (жүйені) дұрыс қабылдауы.
1) Көптеген мұғалімдердің қалыптасқан әдістемелік оқытуды ауыстырғылары келмеуі. Әдетте қатардағы әрбір мұғалімдердің өзіндік әдістемесі қалыптасқандықтан, оқыту үрдісіне мультимедиалы технологияға тәжірибе енгізуде шешім қабылдау әркімнің қолынан келе бермейді (тәжірибе кезіндегі нәтижені ешкім дәлелдеген емес). Мұндайда дайындыққа көп уақыт кетеді, ақпараттық технологияны игеру үшін уақытпен әрекет ету қажет.
2) Болашақ маман мұғалімнің даярлылығының болмауы. Қазіргі уақытта көптеген педагогикалық жоғары оқу орындарында оқитындардың жаңа ақпараттық технологияны игеру мақсаты көзделген бағдарламалар жоқ.
3) Мектепте есептеуіш техникасы құралдарының жеткілікті көлемінде болмауы. Талап бойынша қарапайым мектептерде біріккен сабақтарды өткізуге толығымен арналған информатика бөлмесі болуы керек.
4) Компьютерлік сыныптарына жеткілікті қаражат бөлінбейді, педагогикалық бағдарламалық құрал жасау мұғалімдерге қиынға соғады.
ІІ. Педагогикалық бағдарламалық құрал сапасының мәселесі: Ең басты дидактикалық принциптердің бірі – көрнекілік екені бірінші рет белгіленген, сондықтан мультимедиалық педагогикалық бағдарламалық құралды қолдану - көздеген объектіні немесе оның дамуындағы көріністі көрсетуге көмектеседі. Бүгінгі күнде мультимедиалық бағдарламаларды қолдану барысында өңделген нәтижелердің арасындағы қозғалысты қадағалауға болады.
1) Педагогикалық бағдарламалық құралды дайындауда жетілдірген шебер мұғалімдер, әдіскер және бағдарламашылар тартылмайды.
2) Материалды ұсынудың негізгі түрі мәтін болып табылады. Бұл балалардың тез шаршауына, денсаулықтың нашарлауына әкеп соғады.
3) Түстерді және басқа рәсімдеулерді дұрыс таңдамау көп кездеседі.
4) Әдіскердің нұсқауынсыз және технологиялық құжаттарсыз бағдарламаның тарауы, мұндай жағдайда педагогикалық бағдарламалық құралды сабақты қолдану мәселесі мұғалімге міндеттеледі (қандай түрдегі сабақта қолдану және т.с.с) бұл педагогикалық бағдарламалық құралды қолданудың көптеген дұрыс тәсілдерін мұғалімнің білмеуіне әкеп соғады.
ІІІ. Педагогикалық бағдарламалық құралдың психологиялық мәселелер: 1) Педагогикалық бағдарламалық құралдың көбі үй жағдайында жұмыс істеуге бағдарлануына байланысты мұғалімге оқушы компьютер жүйесінде орын жоқ, бұл мұғалімнің өзі үшін білім алу және бақылаудың үйренбеген ортасына түседі.
2) Егер мектепте балалар сабаққа қызығушылықпен ұмтылған болса, компьютерді оқу барысында бұл жағдай болмайды. Көбінесе бұл педагогикалық бағдарламалық құрал балалардың жасына және жеке ерекшеліктеріне, санитарлық гигиеналық нормаларды есепке алмайтындығы мен балаларды тез жалықтырумен байланысты.
3) Қазіргі уақытта мультимедиалық педагогикалық бағдарламалық құрал материалдың мазмұнының баяндау стилінің, шығармашылық және өзіндік іске асыру үшін мүмкіншіліктің жоқ болуы.
4) Мультимедиа құралы оқу үрдісін байытуға мүмкіндік береді, алайда дайын материалдарымен шамадан тыс әуесқойлық қаупі бар, ол сабақ қатысушыларының шығармашылық жұмыстарына зиян келтіреді. Оқушы компьютерге бағынышты ғана емес, сонымен қатар жүргізуші рөлін атқаруы қажет. Бұл жұмыстың түрлері бірге қолданса тиімді, яғни компьютер адамның жұмысына бағынышты болып немесе бағындырып оның психологиялық дамуын жүргізеді. Ол пән бойынша жаңа білімдерді ғана емес сонымен қатар шығармашылық икемділіктің дамуын қалыптастырады немесе керсінше. Оқу үрдісінің компьютер арқылы прогрессивті, сол сияқты регресивті жеке тұлғаның дамуына әкелуі мүмкін.
Қол жеткізу жолдары. Педагогикалық бағдарламалық құралды қолдану үшін кез келген мұғалімнің төмендегідей жұмыс жасау қажет:
1) Мектептерде арнайы сыныптармен жабдықтандыру. Мұндай сыныптарда әртүрлі пәндер бойынша сабақ өткізу мүмкіндіктері болады.
2) Мультимедиалық өнім шебер мамандардың көмегімен шығарылған болу керек. Мұғалім педагогикалық бағдарламалық құралды дұрыс таңдау мүмкіндігі болу керек.
3) Мұғалімге дербес компьютерді қолдану қосымшаларын сабақтарда түсіндіру қажет. Әрине кітап ұзақ уақытқа дейін материалды мазмұндаудың негізгі құралы болып қалады, бірақ электронды кітаптарды қолдану сабақтардың тиімділігін көтеруге мүмкіндіктер береді. Ол:
- тез арадағы кері байланысты қамтамасыз етеді;
- қажет ақпараттарды тез табуға көмектеседі;
- көрнекі көрсету, дыбыстау қабілеті;
- қатысушылардың назарларын сейілтуге жол бермей, оқу жұмыстарын түрлендіру.
4) Пән мұғалімдерін арнайы дағдыларға дайындауды қамтамасыз ету қажет. Педагогикалық жоғары оқу орындарында немесе институттар базасында құрылған орталықтарға мұғалімдердің біліктілігін арттыру, сонымен қатар кәсіби деңгейін көтеру курстарын жаңа педагогикалық технологияларда қолданумен жүргізу қажет.
5) Өзінің педагогикалық бағдарламалық құралын құру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету қажет, ол үшін педагогикалық бағдарламалық құралды құру құралдарының қолда бар жиынтығының біреуін таңдау және оны оқу үрдісіне кеңінен енгізу қажет.
6) Мұғалімге компьютерді оқу сыныбында қолдану әдістемелік жобаланған оқу формасын ұсыну қажет. Ең тиімді нұсқа компьютерді әр оқу сыныбында қолдану. Оқу үрдісінде интерактивті тақтаны қолдану қажет.