Модельдеутақырыбын оқыту әдістемесі Есеп берудің қарапайым моделі. І кезең. Модель жасау мақсаттарын анықтау.
Жалпы алғанда, келесі мақсаттарды ерекшелеуге болады:
- Ақпаратты сақтау;
- Ақпаратты реттеп отыру мүмкіндігі;
- Ақпараттың пайдаланушы үшін ыңғайлы түрде берілуі;
- Мәліметтерді кейбір критерийлер бойынша таңдау мүмкіндігі;
- Пайдаланушының модель жұмыс істеуі барысында ақпаратты өзгерте алу мүмкіндігі.
ІІ кезең. Объектіні сипаттайтын сан қилы ақпараттың ішінен модель жасау мақсаттарымен байланыстысын ерекшелеу. Мұндай ақпаратқа оқушылар тізімі, олардың саны, төрт негізгі пәндер бойынша (мысалы, физика, математика, информатика, ана тілі) қортынды (тоқсандық немесе жылдық, директордың талабына қарай) бағалар жатады.
ІІІ кезең. Ақпараттық модельмен жұмыс істеу үшін – кестелерді қолдану, ақпаратты дискіде сақтау пәндер бойынша сапалық талдау үшін – кестелерді қолдану, ақпаратты дискіде сақтау пәндер бойынша сапалық талдау үшін (пән бойынша «4» және «5» үлесі олардың жалпы санына байланысты қолданушыға ақпаратты кестелер және диаграммалар түрінде ұсыну бәрінен де тиімді.
IV кезең. Кез келген программалау тілін таңдаймыз. Бұған дейін деректер пернетақтадан енгізіледі және нәтиже экранға шығарылады. Компьютерді ажырату және қосу жағдайында алғашқы деректерді енгізуге тура келетін-ді. Программалау тілінде бұл деректерді дискіде файлда сасақтау мүмкіндігі бар. Бұл үшін жұмысты бастар алдында деректерге арналған файлды ашу қажет, мұнан соң деректерді дискіден жазып алу немесе салыстырып оқу керек.
Информатиканың жоғарғы буынында информатиканың оқытылуы. Ассеss -берілгендер қорын басқару жүйесін оқыту әдістемесі Microsoft ACCESS кез-келген мәліметтерді қолдануға ыңғайлы мәліметтер қорын құруға, алуан түрлі операцияларды, командаларды орындауға мүмкіндік беретін бағдарлама.
Microsoft Access 1993 жылдан бері ең танымалы басқару жүйесінің ішінде пайдалануға қолайлы басқару жүйесі болып табылады.Ассеss - берілгендер қорын басқару жүйесі кітапхана, мекемелердегі қызметкерлер мәліметтерін енгізу, жоғарғы оқу орындарындағы студенттер жайлы мәліметтер жазу және т.с.с. орындарда кең түрде қолданылады. Берілгендер қорын басқару жүйесін қолданғанда оқушыларға оның көптеген іс-әрекетті орындай алатын мүмкіндігін және қуатын айту керек. Оқушылар берілгендер қорын құруды, толтыруды білуі; олардың дұрыс толтырылғандығын бақылай білуі; берілгендср қорын басқару жүйесі бұйрықтар жүйесі туралы түсінік алу, мәзір арқылы жұмыс істеу ыңғайлылығын сезіну және бағалау, берілгендер қорын қолдану аймағын анықтау және түсінікті кеңейту; алгоритм мен орындаушы туралы түсінікті толықтыру; берілгендер түрі жүйесімен танысу; оларды өңдеу тәсілімен танысу. Мұғалім бұл тақырыпты түсіндіруі үшін алдымен өзі компьютерде демонстрациялап көрсетуі тиіс.
Access мәліметтер қоймасы, кесте режимінде жұмыс істеу, конструктор режимінде кесте құру, кестелер шебері режимінде кесте құру, мәліметтер қорының схемасы, сұратулар көмегімен кестелерден мәліметтерді таңдау және форма жасау, есеп құру, есептер конструкторы тақырыптарына ерекше көңіл мен бұл тақырыптарды оқытуға 11 сағат бөлінген.