Конспект 15 ғасырдың ортасында Сыр бойынан Батыс Сібірге дейінгі аралықта бес ұлыс, дербес хандықтар пайда болды. Олардың өзара жер үшін таласы тайпалар арасында араздықты туғызып, елде бей-берекетсіздік өршіді. Мұндай саяси бытыраңқылық біртұтас ұлттық мемлекеттің қажет екендігін көрсетті. Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілхайырдың билігі тұсында шарықтау шегіне жетті. Қазақстандағы ру-тайпалардың негізгі этникалық құрамы басты 3 аймаққа шоғырланды. Олар – Шығыс Дешті Қыпшақ, Жетісу, Түркістан. Біртұтас қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының негізі экономикалық жағынан дамуы болды.
Қазақстанда өмір сүрген ру-тайпалар қола дәуірінен бақташылық мал өсіру және теселі жер өңдеумен айналысқан. Осы шаруашылықтың дамуы барысында жартылай көшпелі және отырықшы жер өңдеу кәсібі қалыптасқан. Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу аймағында орта ғасырларда қалалық отырықшылық шаруашылық өркендеген. Қазақ жерінің Ұлы Жібек жолының бойында орналасуы да ру-тайпалардың экономикалық және мәдени жағынан дамуына зор ықпал еткен. Тілі, материалдық және рухани мәдениеті жағынан өзара жақын этникалық топтардың бір-бірімен тығыз қатынасы орнады. Қазақ халқының бірігуінің іс жүзінде аяқталуына мүмкіндік туды.