Конспектсұрақтар 14-15 ғасырларда ислам дінімен қатар өмір сүрген діни сенім:
Қуаңшылық кезінде жасалатын ырым:
Басына шалма тақпағандарға қатаң жаза қолданды:
Дінсіздердің көп бөлігін ислам дініне кіргізген хан:
“Ислам діні” мақаласын жазды:
Алтын Орда дәуірінен бері келе жатқан күй-аңыздар:
14-15 ғасырларда жазбаша әдебиеттің көпшілігі жазылды:
13-15 ғасырлардағы ауызша поэзияның өкілдері:
“Ер Тарғын”, ”Ер Қосай” батырлық жырлары пайда болды:
“Қобыланды батыр” жырында кездесетін есімдер:
Күн мен Айдың және жұлдыздың пайда болғандығы туралы аңыз:
Отырықшы аудандардағы жерді тегістейтін құрал:
Қыпшақтардың сиыр сүтінен жасалған қышқыл сусын бергенін жазды:
Мал басынан алынатын шикізат көздері:
Қазақстанның 14-15ғ саулет өнері
Конспект 14-15 ғасырларда ірі архитектуралық құрылыс жүйелері салына бастаған. Осы кездегі сәулет өнерінің тамаша үлгілері – Арыстан баб, Қожа Ахмет Йассауи, Көккесене, Алаша хан, Дәуітбек, Тектұрмас кесенелері. Отырардың батысында 3 км жерде, Сырдария өзеніне жақын жерде Арыстан баб кесенесі орналасқан. Қожа Ахмет Йассауи кесенесін салуға 1397 жылы Әмір Темір бұйрық берген. Кесене биіктігі – 37,5 метр, екі биік күмбезді. 35 бөлмеден тұрады, ең негізгісі – кітапхана, басты бөлмесі – көрхана. Оңтүстік жағындағы үлкен және кіші ақсарайда атақты адамдар жерленген. Көккесене – Сығанақтың маңында, Төменарық кентінен 8 км жерде орналасқан бір күмбезді кесене. Алаша хан кесенесі Ұлытау ауданындағы Қаракеңгір өзенінің жағасына салынған. 15 ғасырдың II жартысында салынған Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі Йассауи ғимаратының шығысында, 60 м жерде орналасқан.
14-15 ғасырларда сәулет өнерінің жаңа үлгілері қалыптаса бастады. Ғимарат төбесін жабу ісінде күмбез-шатыр жүйесі жетілдірілді, жаңа қаптама материалдар пайда болды. Құрылыс материалының соншалықты жоғары сапалы болуы сәулет өнерінің орта ғасырларда биік деңгейде болғанын дәлелдей түседі.