Конспект Қазақстанның оңтүстігіндегі және Жетісуда жүргізілген зерттеу жұмыстары қала тұрғындарының арасында әр түрлі діни наным-cенімдердің болғандығын білдіреді. Сырдария аймағында қойға табыну салты өріс алған. Ортағасырлық қалаларда отқа табыну әдеті кең таралған. Құйрықтөбе мен Отырардағы үйлердің ошақтары ерекше безендірілген. Жетісу аймағында ертедегі діни сенім дәстүрлері кең тараған. Тәңірге жалбарынудың белгісі, христиандықтың белгілері табылған.
Ислам діні Орта Азия мен Қазақстанға арабтардың жаулап алуынан бастап ене бастады. Әл-Макдиси өз деректерінде, 10 ғасырда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың қалаларында мешіттердің көптеп салына бастағанын жазған. Құйрықтөбе қала жұртындағы зираттарды зерттегенде адамдардың мұсылманша жерленгендігі анықталды. Адамның басы құбылаға қаратылып, жанына ешбір зат қоймай жерленген. 12 ғасырдың екінші жартысында қыпшақ ақсүйектерінің Хорезммен жақындасуына байланысты қыпшақтар арасына ислам діні кең түрде ене бастады. Қыпшақтардың орталығы Сығанақ қаласында мешіт, медреселер салынды. Ислам дінінің нығаюы қазақ жерінде ғылым мен білім салаларының дамуына да ықпал етті.
Конспект сұрақтар Қыпшақтар арасына ислам дінінің кең түрде ене бастаған мерзімі:
Мұсылман дәстүрімен жерленген зират табылды:
Жұма мешіті орналасты:
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда мешіттердің көптеп салына бастағанын жазды:
Насыр ибн Сейяр Қазақстанның оңтүстігіне басып кірді:
Арабтардың 714 жылы басып алған қаласы:
Араб қолбасшысы Кутейба ибн Муслим Бұхараны алды:
Ертедегі діни дәстүрлер кең тараған аймақ:
Отқа май тамызу рәсімі жасалады:
11-12 ғасырлардағы отқа табыну белгісі:
Оғыздар қорғаушысы ретінде табынды:
Ғылым мен білімнің дамуы
Конспект 10 ғасырдан бастап Оңтүстік Қазақстанда ислам діні кең түрде дами бастады. Әдеби және ғылыми шығармалар араб тілінде жазылды. Шығыстың көрнекті ғалымы Әбу Наср әл-Фараби де шығармаларын араб тілінде жазған. Ол дүние жүзіне Аристотель сынды ғұлама ғалым ретінде танылды. Фараб өлкесінен шыққан ондаған Фарабилердің еңбектері мен есімдері белгілі. 12 ғасырда өмір сүрген ғалымдар қатарына Исхақ әл-Фараби, Жаухари әл-Фараби, Ахмад әл-Фараби жатады. Энциклопедист-ғалым әл-Бируни тарих, математика, география, астрономия, медицина секілді ғылым салаларынан 150-ден астам еңбек жазып қалдырған. Махмуд Қашғаридің үш кітаптан тұратын “Түрік тілдерінің сөздігі” (“Диуани луғат ат-түрк”) еңбегі – түрік тайпалары сөздерінің жиынтығы. Бұл кітаптан бүгінгі ғалымдар түріктердің мекендерінің аты, тарихы, этнографиясы, ауыз әдебиеті жайлы көптеген мағлұматтар алады. Жүсіп Баласағұнидің – “Құтадғу білік” еңбегі алғаш рет түрік тілінде жазылған кітап. Ғалымның “Құт негізі-білік” (“Құтадғу білік”) еңбегінде философия, астрономия, алгебра ғылымдарына тоқталуы оның жан-жақты, білікті адам екендігін көрсетеді. Ахмет Иүгнекидің бізге жеткен еңбегі – “Ақиқат сыйы”. Бұл шығарма халықты инабатты болуға, адал өмір сүруге, арамдықтан аулақ болуға шақырады. Қожа Ахмет Йассауиден қалған мұра – “Даналық кітабы” (“Диуани хикмет”) болып табылады. Бұл еңбек адалдыққа, имандылыққа, даналыққа шақырады. Сонымен бірге, Аллаға адал болуға баулиды, дін жолында таза болуға үгіттейді. Ахмет Йассауидің шәкірттерінің бірі – ғұлама ақын Сүлеймен Бақырғани. Әли ақынның “Жүсіп-Зылиха” атты поэмасы махабаттағы адалдықты жырлаған. 10-12 ғасырларда Қазақстан жерін мекендеген түрік тілдес халықтар арасында ғылыми, әдеби шығармалар жазылып, рухани мәдениеттің дамуы алға басқан.