Байланысты: Интернетке дейінгі және кейінгі әлеуметтік өмір риторика
Интернетке дейінгі және кейінгі әлеуметтік өмір Бүгінде Интернет дәуіріне дейін туған және өмір сүрген кейінгі миллиондаған ата-ана өмір сүріп жатыр, олар "Интернетке дейінгі" дәуірдің куәгерлері. Зерттеушілер тарихта мұндай ұрпақ ешқашан болмайтынын айтады. Бірақ, Пандемия кезінде өмір салты, қарым-қатынас форматы өзгеруіне байланысты пандемиядан кейінгі адамдар ұрпағы пайда болды. Осы орайда білім алуды бірден онлайн-форматта бастаған балалар немесе бірінші жұмысы қашықтан, үйде басталған жастар туралы айтуға болады және олар Google ұрпағы ғана емес, олар білім мен ақпаратты цифрлық түрде алғанды жөн көреді, яғни олар әлеуметтік мінез-құлық формаларына бейімделмеген, көбіне дарашыл адам болып келеді. Сонымен қатар, технологиялық революция дәуірінде қазіргі мамандықтардың жартысы жоғалып кететінін және экономиканың кәсіби келбеті өзгеретінін айтады. Жоғары білімді адам жақсы өмір сүріп, жоғары білім деңгейінің арқасында мамандықты оңай өзгерте алады. Қазақстанда жасалған Жаңа мамандықтар бұл үрдісті дәлелдеп отыр. Ресми статистика деректері бойынша 2021 жылдың басында республиканың 14-тен 28 жасқа дейінгі жастар саны 3 739 883 адам немесе 20 пайыз болды, оның ішінде 1 910 339 ер және 1 829 544 әйел адам. Бізде табысқа және тиімді экономикалық мінез-құлыққа бағдарланған мүлдем жаңа мәдени тип қалыптасты. Бұған Қазақстанның заманауи ақпараттық технологияларды қолданудағы жетістіктері ықпал етті. Республика ТМД-да алғашқылардың бірі болып цифрлық форматқа көшті және бүгінде цифрлық технологияларды дамыту тәжірибесін басқа елдермен бөлісіп жатыр. Алдағы онжылдықтарда ең маңыздысы реализм мен прагматизм болады. Нақты мақсаттарға қол жеткізуге, білім алуға, салауатты өмір салты мен кәсіби табысқа баса назар аудара отырып, тиімді өмір сүре білу. Әлеуметтанушы, сонымен қатар, қазіргі заманғы, пандемиядан кейінгі әлемде Қазақстанның бәсекеге қабілетін қалай арттыруға болатынын айтады. ХХІ ғасырдың әлеуметтік болмысында қажет ерекше жеке зияткерлік және танымдық дағдылардың маңызы өзекті болады. Олардың ішінде компьютерлік сауат, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық маңызды. Біздің елімізде заманауи стандарттарға сай жоғары деңгейлі университеттер, зияткерлік мектептер жүйесі және тағы басқалары құрылғанын айтады. Тәуелсіздік жылдарында жастар өз қабілетін дамытуға көбірек мүмкіндік алды. Технологияның дамуымен әр ұрпақтың мінез-құлқының өзіндік ерекшеліктері анықталды. Бұл жерде 1980 және 1990-жылдардың басында туған миллениал буыны (Y) мен 1995-тен кейін туған постмиллениал ұрпақ (Z) туралы айтып отыр. "Ересек өмірге ауысу кезеңінде еліміздегі миллениалдардың ата-анасы кеңестік жүйенің ыдырауы, ХХІ ғасырдың бірінші онжылдығындағы дағдарыс сияқты оқиғаларға тап болды. Осындай жағдайлар салдарынан Қазақстандағы миллениалдар толық жұмыспен қамтылатын тұрақты жұмысты қалайды, сондықтан дамыған елдердегі құрдастарына қарағанда бейімделгіш емес. "Рухани жаңғыру" бағдарламалары мен жобалары Y және Z ұрпақтарының проблемаларын шешуге бағытталғанын атайды. "Болашақ Қазақстанның бәсекеге қабілеті қазіргі жастардың бәсекеге қабілетінің көрсеткіштерімен тікелей байланысты. Біз оның бәсекеге қабілетін бүгін дамыта отырып, 2030 жылға қарай Қазақстанның жоғары бәсекеге қабілетінің берік негізін қалаймыз. Заманауи ата-аналарға арналған лайфхактар- балаларды ақылды, мақсатына ұмтылатын және бақытты болып қана қоймай, өмірде жетістікке жетуі үшін тәрбиелеу керек. Ол үшін:
1. Жиі бірге уақыт өткізу: Сөйлеуді дамыту, баланың сөздік қорын кеңейту - мұның бәрі көбіне анамен және әкемен өзара қарым-қатынасқа байланысты. Баламен үнемі байланыста болсаңыз, оны жиі тыңдасаңыз, бір нәрсе талқыласаңыз, онымен әлем туралы ақпаратты бөліссеңіз, оған интеллектуал тұрғыда дамуға мүмкіндік бересіз.
2. Балаға достарымен көбірек сөйлесуіне мүмкіндік беру: Шындығында, бала миының үйлесімді жетілуі мен оның өмірдегі одан әрі жетістігі үшін жақсы оқу және санау қабілетінен бөлек, әлеуметтік дағдылар да маңызды. Адамдармен қарым-қатынас жасау қабілеті жаңа дос табуға ғана емес, сонымен қатар әлем туралы көп нәрсе білуге көмектеседі... Сөйтіп, ақылды бола түседі.
3. Еркін ойнауға мүмкіндік беру: Балалар ойын барысында үйренеді. Бұл тұрғыда барлық сезім мүшесі қатысатын креатив, шығармашылық ойындар жақсы жұмыс істейді. Олар баланы әртүрлі жағдайларға тап болуға және әртүрлі мәселелерді шешуге мәжбүр етеді. Сондықтан ойынға уақыт қалдырмай, баланы оқумен жүктемеңіз.
Еліміздегі танымал адамдар республиканың талантты жастарының интеллектуал тұлғалары болады. Жаңа ұрпақ жасанды танымал тиктокерлерге емес, сондай тұлғалардың артынан жүреді. Бұл стратегиялық маңызды және бұл болашақтың сындарлы дамуының үлкен әлеуеті. Білімді ұрпақ өз батырларын таңдап, соларға теңесетіні анық.