1. Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз


Республика өңіріндегі ядролық сынақтар және олардың зардаптарын талдаңыз



бет42/73
Дата25.05.2023
өлшемі224,01 Kb.
#97647
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   73
51. Республика өңіріндегі ядролық сынақтар және олардың зардаптарын талдаңыз.
Қазақстан полигондары. Республика жерінде соғыс полигондары болған аумақтар 30 млн гектардан асады. Мұндағы соғыс техникасының қалдықтары, ракета сынықтары, бақылау обьектілері ешбір көмусіз шашылып жатыр. Олар негізінен - Семей, Нарын(Капустин Яр), Азғыр, Тайсойған, Байқоңыр ғарыш айлағы, Сарышаған сынақ полигондары.Шығыс Қазақстанның 19 млн гектар жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Осы жерлерде 1949-1989 жылдары аралығында атмосферада - 27, жер бетінде - 183, қалғандары жер астында ядролық сынақтар болды.Ядролық қарудан тек атом бомбаларын сынаумен шектелмей, полигондарда соғыс ракеталарын, т.б. техникалары да сынақтан өтіп отырды. Батыс Қазақстан аумағында 1966-1979 жылдары 24 рет ядролық қару сыналған. Соның ішінде Азғыр полигоны ғана 6,1 мың гектар жерді алып жатыр. Мұндай сынақтар 1968-1970 жылдары Үстіртте де жасалған. Сол сияқты ірі полигондар қатарына Атырау облысының Тайсойған, Балқаш көлі маңындағы Сарышаған, Ташкент-4 сынақ алаңдары мен Байқоңыр ғарыш айлағы да жатады. Осы аймақтарда радиоактивті заттардың (кадмий, стронций, қорғасын) шекті мөлшері бірнеше есеге көбейіп кеткен. Полигондардың ішінде Семей өңірі ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы орналасқан. Ол - Курчатов қаласы. Бұрынғы Семей облысының Абай, Бесқарағай, Жаңасемей, Абыралы аудандарының аумақтары атом сынақтарының ордасы аталып, ең көп зардап шеккен экологиялық апатты аймаққа айналды.Полигондарға пайдаланылған жерлердің ауа, су, топырақ, тіпті өсімдіктер жабыны радионуклеидтермен ластанып, ауа және жер асты сулары арқылы мыңдаған километр жерге тарайтыны белгілі. Қазірдің өзінде Қазақстанда 2,6 млн адам мутагенез ауруымен есепте тұр. Қатерлі ісік, қан аурулары, сәулелік ауру, жүйке ауруларымен ауырғандар санының көрсеткіші бұл аймақта республика бойынша ең жоғары.
52.Тәуелсіздікті жариялау қарсаңындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайды талдаңыз
53. Тіл туралы заңның қабылдануы мен оның маңызына баға беріңіз
1989 жылы Кеңес Одағының күйреуі жағдайында қабылдан­ған «Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Тіл туралы» Заңында көрініс тапты. Бұл Заң Қазақстан тарихында қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін айқындап берді. Орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде бекітілді. Аталған Заңда тәуелсіздік алар жылдардағы этнодемократиялық ахуал ескерілді. Бұл кезде ел халқының 38 пайызы орыстар және 12 пайызы орыстілді өзге этнос өкілдері болатын. Қазақтардың үлес салмағы 40 пайыз ғана еді. Қазақтар саны 6 млн. 497 мың болса, орыстар 6 млн. 93 мың болатын. Қазақтардың 30 пайызы ана тілдерін мүлдем білмейтін. Тілдік ахуалдағы осы қайшылықты Елбасы Заң арқылы шешуді мақсат етті. Бұл қадам елдегі әлеуметтік-этникалық келісімді сақтау үшін ауадай қажет болды. 1989 жылдың 22-қыркүйегінде қабылданған «Тіл туралы» Заңның саяси мәніне тоқ­талатын болсақ, бұл Заң Ресеймен стратегиялық әріптестікті нығайтуға өз үлесін қосқандығы даусыз. Қазақстан билігі ел халқының тең жартысынан астамы болып табылатын орыс тілді азаматтардың тілдік және рухани мүдделерін қорғайтындығын көрсетті. Осылайша қазақ тілін дамыту мәселелерін шешу ел азаматтарының ниеттері мен талап-тілектеріне байланысты екенін байқаймыз. Заңда барлық мекемелерде қай халықтың үлес салмағы көбірек болса, сол тілде сөйлеу және іс қағаздарын жүргізу міндеттелген еді. Бұл Заң елдегі тілдік ахуалды сауықтыруда табысты нәтижелер берді деп айтуға болады.
Тәуелсіз Қазақстанның дамуы барысында, сондай-ақ елдегі этнодемографиялық ахуалдың өзгеруіне байланысты 1997 жылы 11-шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы қабылданды. Бұл Заң 1995 жылы қабылданған ҚР Конституцияның 7-бабының талаптарының шеңберінде жасалынды. 1989 жылғы Заңға қарағанда, жаңа Заң қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін күшейте түсті. Мемлекеттік тіл елдегі қоғамдық қатынастардың барлық салаларында міндетті түрде қолдануға тиіс болды. Сонымен қатар Қазақстанның шетелдегі қазақ диаспораларының мемлекеттік тілді білуіне қамқорлық жасауы қажет екені айтылды. Елбасының тапсырмасымен ҚР Үкіметі 1997 жылғы Заңды орындау мақсатында «Қазақстан Республикасында 2000 жылға дейінгі кезеңде қазақ тілін және басқа ұлт тілдерін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын қабылдады». ҚР «Тіл туралы» Заңы мен бағдарламасы елде қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтудің эволюциялық жолын бастады. 1998-2000 жылдарда қазақ тілінде білім мен тәрбие беретін 292 мектеп пен 654 балабақша ашылды. Қазақ халқы тығыз орналасқан ауылдар мен аудандарда іс қағаздар мемлекеттік тілде жүргізіле бастады. Осылайша Елбасы үш ғасыр бойы қудаланған қазақ тіліне мемлекеттік қамқорлықты күшейтудің зәрулігін күн тәртібіне қойды. мезгіл жетті. 1989 жылы қыркүйекте Қазақ ССР-нің «Тіл туралы» Заңы қабылданды. Бұл құжатта тарихи қадам жасалынып қазақ тілі елде алғаш рет мемлекеттік тіл деп жарияланды. Алайда мемлекеттік тілді дамытудың тиімді тетіктері мен жолдары айтылғанымен, іске асырылмады. 1997 жылы шілдеде «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заң қабылданған. Аталған Заңда мемлекеттік тілді дамыту шараларына қатысты нақты істерден гөрі ұраншылдық басым түсіп жатқандай әсер қалдырды. Ал қазақ тілі науқаншылдықты көтермейді. Мұнда тек жүйелі жұмыстар атқарылуы керек. Мемлекеттік тілді қоғамның жеке бір саласында ғана дамыту арқылы жетістіктерге жете алмаймыз. Бұл істе кешенділік принципін басшылыққа алуы­мыз қажет. Алдымен мемлекеттік тіл Қазақстанның ұлттық идеясына айналуы керек. Бұл үшін елімізде ең кемінде 3-4 телеарна, 3-4 радио арнасы 24 сағат бойы қазақ тілінде сөйлеп тұруы шарт. Ақпараттық орысша, ағылшынша бағдарламаларындағы қазақша хабарлардың 50 пайыз болуын қамтамасыз етуіміз керек. Қазақтар өз балаларын қазақ балабақшаларына, мектептеріне беруі тиіс. Қоғамдық ортаны да қазақ тілінде ойлантып, сөйлету міндетін дереу шешпесек болмайды. Мемлекеттік қызметтегі, ұлттық компаниялардағы басшы қызметкерлер түгел дерлік мемлекеттік тілді білсін деген талап қою керек. Осы міндеттерді шешетін болсақ, онда елдегі 11 млн қазақтың ішіндегі қазақша білмейтін 2 миллион қазақ ана тілінде 4-5 жылда сөйлеп шыға келеді. Халықтың 60 пайы­зы мемлекеттік тілде сөйлеп, оқып қызмет етіп жатса, қалған 40 пайызы міндетті түрде көпшіліктің соңына еретіні ақиқат. Мемлекеттік тілдің елдегі орны мен беделін жарнамалардан, көрнекті безендіру құралдарынан байқауға болады. Мысалы, Алматы қаласының көшелерінде орыс, ағылшын тілдеріндегі жарнамалар қаптап кетті. Онысымен қоймай, суреттерде, құлаштай жарнамаларда славян тектес жігіттер мен қыз-келіншектер келбеті бейнеленеді. Тілді таптап тұрғандай әсер қалдырады. Сондықтан Қазақстан Республикасы «Жарнама туралы» Заңына өзгерістер енгізу қажет. Көшедегі жарнамалардың мемлекеттік тілге нұқсан келтірмеу жағын батыл қолға алатын мезгіл жетті. Орыс, неміс және басқа ұлт өкілдерін мемлекеттік лауазымды қызметтерге тағайындағанда мемлекеттік тілде таза сөйлейтіндігін қатаң ескеру керек. Олардың нақты үлгісі басқа этникалық топтар өкілдерінің қазақ тіліне көзқарасын түзейтіні даусыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет