3.Қазақстандағы тарихи өлкетанудың негізгі ұйымдастыру формалары мен кезеңдерін айқындаңыз. Өлкетану жүмысына қатысты жоспарларда жиірек кездесетін іс-шараларды атап өтейік. 1. Туған өлкені зерттеуді үйымдастыру жүмыстары.
2. Тарихи-өлкетану қоғамын қүру. 3. Тарихи-елкетану экскурсиялары.
4.Тарихи-өлкетану ескерткіштерін зерттеу үшін алыс жерлерге жорықтар ұйымдастыру. 5.Археологиялық жұмыстар жүргізу, археологиялық экспедицияларға қатысу. 6.Тарихи-елкетану бұрышын, залын, бөлмесін ұйымдастыру.
15ғ соңы 16ғ басында Қазақ хандығына келген орыстар мен еуропалық көпестердің,саяхатшылар мен ғалымдадың жазып қалдырған хаттамалары Д.Рубин, Австрия дипломаты Сигизмунд Герберштейін (1549) «Мәскеу істері туралы жазбалар» кітабы ХУ-ХУ1 ғ. басындағы қазақ даласының тұрғындары туралы (қазақ жерінің орналасқан орны, қазақтар тіршілігі, азығы, киімі, діні, әдет-ғұрыпы, орыстармен қарым-қатынасы) 1588 ж. Мәскеу қаласында тұрған қазақ Қадырғали Жалайри қазақ-шағатай тілінде қолжазбасы «Джами-ат таварих» жылнамалар жинағын жазған. Автор қазақ хандары мен сұлтандары генеалогиясына басты көңіл бөлген. ХІУ-ХУІ ғасырдағы әскери жорықтарды, феодалдық құқықтарды, отбасы әдет-ғұрып, діни- нанымын суреттеген. Жалайыридің шығармаларында қазіргі кездегі біз білетін көптеген қазақтың мақал-мәтелдері, дала сөздіктері, басқа да фольклорлық материалдар кездесді. Орт.Қаз-н археологиялық ескерткіштері туралы шығыс тарихшылары 10-16 ғ Ибн Фаблан, Әл-Бируни, Мұхамед Хайдар Дулати және т.б еңбектер жазды.
Тарихи өлкетану XVIII ғасырдан бастап жеке ғылым ретінде қалыптасқан. Орыс патшасы І Петр 1713 жылы қаулы шығарып, қандай да болмасын тарихи құндылығы бар заттарды мемлекетке тапсыру керек деп шешкен. Сонымен қатар олардың қай жерде, қандай жағдайда табылғандығын жазып алу міндеттелген.
Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңдегі өлкетанулық зерттеулерінің дамуы (ХVІІІ ғас.ІІ ширегі -ХІХ ғас. ортасы.): М.Тевкелев, И.К.Кирилов, В.И.Татищев, Г.Ф.Миллер еңбектеріндегі қазақ этнографиясы мәселелерін саралау.
1731жылы қазақ ауылдарынан патша үкіметі қазақтардан ант қабылдау үшін Мамет немесе Мұртаза (орысша Алексей Иванович Тевкелевті) жіберді. Тевкелев білімді адам болған, ол император кеңсесінде бағдарланушы тілдер аудармашысы болған. Оны Петр І-ші біліп аса құрметтеген. Ол қазақ ауылдарында 1,5 жылдай болған.
Қазақстаннын революцияға дейінгі Ресейде жағрафиялық зерттелуін негізгі үш кезеңге бөлуге болады.
Біріншісі - ежелгі кезеңнен 1730 жылға дейін. Бұл уақыт - орыс мемлекетіндегі әр түрлі сипаттағы қазақ елі туралы мәліметтердің жинақталу кезеңі.
Екінші кезең - 1730 жылы Кіші жүздің Ресей империясының құрамына кіруінен бастап - XIX ғ. 60 жж. Қазақ жерін толық жаулап алғанға дейінгі кезең. Бұл уақыт аралыгында қазақ елін толық озіне бағындырып алу үшін Ресей үкіметі бүл өңірді табиғи-жағрафиялык тұрғыдан жан-жақты зерттей бастады.
Үшінші кезеңде - XIX ғ. 60 жж. қазақ жерлері Ресейге толық қосылып, оның Ресей империясының ішкі отарына айналғаныннан кейін 1917 ж. дейін, жалпы бүткіл Қазақстанды және оның жекелеген аудандарын зерттеуге зор мүмкіншіліктер ашылды. (ОГҚ) құрылуы - 1845
Өлкетану және ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметі. 1887 жылы Орынбор ғылыми мұрағат (архив) комиссиясы құрылды. Комиссия мұрағат ісін тәртіпке келтіруді, өлкенің өткен тарихын зерттеуді, археологиялық және этнографиялық материалдар жинауды өзінің негізгі міндеті деп санады. Комиссияның «Труды» деген баспасөз органы 34 саны жарық көрді. Мұрағат комиссиясы Қазақстанның өткен тарихын зерттеуге зор көңіл бөлді.
Өлкетанудың тағы бір орталығы Орал болды. Онда жиналған әр түрлі материалдар өңделіп, «Памятные книжки», «Уральские областные ведомости» газеттерінде мақала түрінде жарияланып отырды.
Батыс Қазақстанды зерттеуде этнограф М.-С.Бабажанов елеулі рөл атқарды. Зерттеулердің нысанасы қазақтардың тарихы мен шаруашылығы, балық аулау кәсіпшілігі, шаруалардың қоныстануы болды.
Омбы маңызды мәдени және ғылыми орталық болатын. Жергілікті ғалымдар мен саяси жер аударылған зерттеушілер Ақмола статистика комитетінің жанындағы Географиялық қоғамның бөлімшесіне бірікті. Қоғам жұмысына белсене катысушылар арасында Ф.А.Щербина, Г.Н.Потанин, Н.Петропавловский, Н.Я.Ядринцев, Н.Я.Коншин, Г.Е.Катанаев, С.Гуляев, И.Я.Словцов, Н.А.Золотов, және басқалар болды.
Батыс Сібір өлкетану қоғамдарына қазақтар М.Шорманов, Ш.Уәлиханов қатысты. Ә.Бөкейханов өз қызметін сонда бастады
Ташкенттің ғылыми мекемелері Оңтүстік Қазақстанды зерттеу орталығына айналды. Онда халықшылдар Г.Усов, И.Гейер, Е.Смирнов және басқалар ғылыми кызметпен айналысты. Алайда отаршылдық әкімшілікте маңызды қызметтер атқарған.Сонымен татарлар катысты. Е.Букин, Н.Жетпісбаев, Ә.Диваев, Қ.Костанаев ерекше зерттеулер жүргізді.
Зерттеу қызметі орталықтарының бірі Жетісу болды. Мұнда П.П. Семенов-Тян-Шанский, кейініректе А.Н.Краснов, А.Ф.Голубев, экспедициялык сапарлар жасады.
1945 ж Қаз КСР ҒА-ның Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология этнография институты құрылды. Востров пен Кауановтың Материальная культура казахского народа в совреннном этапе 1972ж.
Мұқанов Казахская юрта 1981. Ә.Х.Марғұланның КАЗАХСКОЕ ПРИКЛАДНОЕ НАРОДНОЕ ИСКУССТВО1886-1994 жарық көрді.
2004 ж. Мәдени мұра бағдарламасы Тәуелсіз қазақстанда қабылданды.