1. Тарихи-мәдени ескерткіштердің сипатын нақты ашып көрсетіңіз



бет1/39
Дата13.09.2022
өлшемі185,78 Kb.
#38951
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Өлкетану жауап нов (копия)


1.Тарихи-мәдени ескерткіштердің сипатын нақты ашып көрсетіңіз.
Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы мұражайлық, көрмелік маңызы бар заттар Ескерткіштер шартты түрде «қозғалатын» (бейнелеу өнері шығармалары, қолжазбалар, архив материалдары т.б.) және «қозғалмайтын» (тарих, археология т.б.)
Ортақ типологиялық белгілері бойынша 4 түрге бөледі: археологиялық, тарихи, сәулет өнері, монументтік (мүсін) өнері ескеркіштері. Сондай-ақ, ескерткіштерге тарихи-танымдық немесе тарихи-көркем құндылығы бар жазбаларды да жатқызуға болады. Яғни адам өміріндегі оқиғаларды, белгілі бір елдің, халықтың басынан кешкен тарихи кезеңін еске түсіретін құндылықтарды, қастерлі мұраларды ескерткіш деп атау қалыптасқан. Оларды шартты түрде ауыз әдебиеті ескерткіші, жазба ескерткіш, өнер ескерткіші, сәулет ескерткіші, археологиялық ескерткіш, ұлттық дәстүрлі қолөнер ескерткіші, діни ескерткіш, т.б. деп те түрліше жіктеуге болады. Мәселен, адам қабірінің басындағы оба, қорған, дың, сондай-ақ, сақ дәуірінен, көне түркі, қыпшақтар кезеңінен жеткен тас мүсіндер, сынтас, сартас, құлпытас, қойтас, үштас, бестас, сағана, төртқұлақ, кесене, т.б. археологиялық және сәулет ескерткіштері — ең алғашқы ескерткіш түрлері қатарына жатады. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау мемлекеттік деңгейдегі шара болып табылады және өскелең ұрпақ тәрбиесінің маңызды бөлігін құрайды;
Архелогиялық – тарихи ескерткіштердің қазірге дейін жеткен нысандарының ішінде қорғандар мен мазарлардың маңызы зор.
Қола дәуірі ескерткіштеріне жартастағы петроглифтерді атауға болады. Оларға әйгілі бірегей ғибадатханалар: Аңырақай тауының Таңбалы сайындағы, Көксу өзеніндегі Ешкіөлмес ғибадатханасы, сондай – ақ, Шолақ, Кіндіктас, Баян жүрек тауларындағы тастағы суреттер жатады. Біздің дәуірімізге дейінгі 6 – 3 ғасырлардан қалған сақ қорғандары, Бесшатыр қорымындағы жерлеу камерасы және сақ әскері киімін киген “Алтын адам”, 2001 – 2002 жылдары Шығыс Қазақстан облысындағы Катынқарағай ауданының Бердіел (Берікел) қорғанында табылған “Сақ патшайымы” архиологиялық туристік нысандарға жатады.
Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау - рухани мұралардың сақталуына бағытталған мемлекеттік шаралар кешені. Рухани мұралар тізімге алынып, мемлекет аумағынан сыртқа шығарылмайды. Тек белгілі бір мәдени іс-шаралар кезінде құзіретті органның қатаң бақылауымен уақытша сыртқа шығарылуы мүмкін. Көптеген халықаралық актілердің арасынан 1954 жылғы «Қарулы қақтығыс кезінде мәдени мұраларды қорғау туралы», 1972 жылғы «Мәдениет және табиғат мұраларын қорғау туралы», 1979 жылғы «Мәдени мұраларды заңсыз тасымалдау және оларға деген меншік құқығын беруге тыйым салу шаралары туралы» Конвенцияларды атауға болады


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет