D) 1-3-4 E) Барлығы бұрыс
4. Мәтіннің түрін анықтаңыз
A) суреттеу
B) сипаттау
C) зерттеу
D) әңгімелеу
E) ақпарат беру 3- мәтін 1.Қағаздың микроскопиялық талшықтарының және сауқсақ терісінің сезімтал рецепторларының кесірінен саусақты қағазбен кесіп алу, басқа зақымдануларға қарағанда әлдеқайда жанға батады.
2.Бұл ауыртпалықты көбіміз байқаған болармыз? Және де тілік көбіне байқалмайды, оған қоса көп жағдайда қанамайды. Дегенмен неге қатты ауырады?
3.Мысалы, ұстараның өткір жүзі жараға бөтен бөлшектер қалдырмай, тегіс тілік жасайды. Және мұндай тілік ауру тудыратынымен, әдетте жағымсыз сезім бірнеше минуттан кейін қойып қалады. Ал парақ, тіліп қана қоймай, құрамындағы микроскопиялық талшықтарының көмегімен басқа да ұсақ зақымдар келтіреді.
4.Бұдан өзге, саусақты қағаз парағымен тіліп алғанда жарада осы талшықтар мен басқа да бөтен материалдардың бөлшектері қалады. Дәл осылар жара аймағындағы терінің ауру рецепторларын қоздырады. Өз кезегінде рецепторлардың көп мөлшері сезімталдықты арттырып, адам азғантай зақым келгеннің өзінде ауруды сезінеді.
5.Сонымен қатар, болар-болмас тілік қатты қанамайтындықтан немесе тіпті қанамағандықтан, қан жарадан бөтен заттарды «шығара» алмайды, және оған жаңа қоздырғыштар түседі. Мұның бәрі бұдан да зор жарақат алған кездегі аурудан да қатты ауру тудырады. (156 сөз)
Мәтін мазмұнына сай келетін тақырыпты белгілеңіз
A) Микроскопиялық талшықтардың тигізер зақымы
B) Саусақты қағазбен кескенде неге қатты ауырады?
C) Тілік ауру тудыратын жағдайлар
D) Бөтен материалдың бөлшектері
E) Саусаққа тиген жарақаттар
2. Тілік болған жер қанамаса, неге қатты ауырады?
A) рецепторлардың көп мөлшерде сезімталдығы артады
B) микроскопиялық талшықтардың көмегімен басқа ұсақ зақымдар келтіреді
C) саусақ терісінің сезімталдығы жоғары болған соң
D) тілік қатты қанайтындықтан, жаңа қоздырғыштар түседі
E) қан жарадан бөтен заттарды шығара аламайды да, жаңа қоздырғыштар түседі 3. 3- бөлімнің мәтін мазмұнына тигізер әсері қандай?
A) суреттейді
B) баяндайды
C) әңгімелейді
D) салыстырады E) зерттейді
4. Мәтін мазмұнын ашатын сөйлемдерді көрсетіңіз
1.Саусақты кесубасқа зақымдануға қарағандаәлдеқайда жанға батады.
2.Микроскопиялық талшықтарының көмегімен басқа да зақымдар келеді.
Рецепторлардың көп мөлшері сезімталдықты арттырады.
A) 1, 2, 3дұрыс
B) 1, 3 дұрыс
C) 1, 2бұрыс
D) 2, 3 дұрыс
E) 1, 2, 3 бұрыс
4- мәтін Бабыр- Ұлы Монғол империясының Орта Азиядан шыққан императоры. Ол Оңтүстік Азияда Монғол әулетінің негізін қалады.
1483 жылы Өзбекстанның Ферғана алқабындағы Лаун Андижан деген жерінде дүниеге келген.
Бабыр өте ірі денелі, күшті адам болған екен. Ол екі иығына екі адамнан отырғызып, емін-еркін еңкейіп, жазылып жүре алатын болған. Осылайша ол жаттығу да жасаған екен.
Ол мұсылман дінінің сүннит бағытын ұстанған. Мұсылман шейіттердің ұстанымын жақтырмаған.
Толық есімі — Захриддин Мұхаммед. Жұрт оны «Бабыр» деп атап кеткен. «Бабыр» сөзі парсы тілінен аударғанда «арыстанның сайманы» деген мағына береді.
Бабыр өзінің өмірі жайында жазбаша деректер қалдырған (Бабырнама). Оның бұл мемуары мұсылман әдебиетіндегі алғашқы нағыз өмірдерек болып есептеледі.
1494 жылы Ферғана әмірі Омар Шайхы қайтыс болып, 12 жасар Бабыр әкесінің орнына Ферғанаға билеуші болып тағайындалады.
Әскерін көбейткен ол Кабулды басып алды және Ауғанстандағы жаңа патшалықты өзіне қаратты. Осы жерден әрі қарай Үндістанға басып кіріп — Делиді, одан әрі Солтүстік Үндістанды жаулап алып, Арганы өзіне қаратты.
Бабыр өте талантты ақын болған және табиғатты керемет сүйген. Ол бақтар салдырып, сол бақтарда серуендегенді ұнатқан.
Бабыр 47 жасында қайтыс болды. Орнына мұрагері ретінде билікке үлкен ұлы Хумаюн келді. (180 сөз)
«Өмірдерек» деген сөздің мазмұнын ашатын тіркесті белгілеңіз
A) өмір туралы толғаулар
B) өмір туралы философиялық ойлар