кетпеншілерге қимылдады. Тұрысы да мығым. Кетпенді де бір қалыпты сілтейді. Көздеген жеріне түсіп жатқан топыраққа да көңілі тойып тұр. «Көкемнің кетпенін шыңдап алмасам болмас, мынау не деген өнімсіз еді»-деп, бала қолындағы құралына көңілі толмай қарап қойды. Өз ісінің сәтті бітіп келе жатқанын іштей сезген сайын бала тіпті шабыттана қимылдады.
№ 3
Мәтінді көшіріп, жалаң үстеулердің астын бір, күрделі үстеулердің астын екі сыз.
Сөзін біреу сөйлеп жатса, бәрі күні бұрын келісілсе, Сасанның арқасы қозатын не жыны бар, ол үн- түнсіз мүлгіп отыра берді. Тобылғы торы жүзі науқастың салдарынан бұл күнде солып, сары тап болып қалған. Алайда Ұлғазардың алдында кішірейіп , бас игенін ұғып, намыстанып отырғаны байқалады, анда-санда жарқ ете қалған көзінен. Бірақ амал не? Қанаты қайырылған бүркітше көзін қйта жұмып, басын төмен салып мүлгігендей күйге ауысады ол.
№ 4
Төмендегі сөздерден жұрнақтар, жалғаулар арқылы жасалған үстеулерді бөлек- бөлек жаз. Бұлбылша, бірге, сәбише, босқа, осылай, баяғыда, шикілей, аңдаусызда, тотыдайын, қапыда, осыншама, шалқасынан, соншалық , шетінен, осыншалық, тосыннан, айтпайынша, кезекпен, жазбайынша, ретімен, шынымен.
№ 5
Төмендегі мәтіндерден бастауыш, баяндауыш қызметін атқарып тұрған үстеулерді тап. Еріншектің ертеңі бітпес. Бүгін – Ұлыстың ұлы күні. Мен сенімен біргемін. Талапты бала талпынған құстай. Биыл қыс ерте түсті.
№ 6
Төмендегі мәтіндерден пысықтауыш, толықтауыш, анықтауыш қызметін атқарып тұрған үстеулерді тап. Кешке қар жауды. Ол лезде келді. Мен амалсыздан үйге кеттім. Естілер ертеңгіні ескерсе, көре сөйлейді. Бүгінгісін ғана қамданған алысқа бармайды. Сонша алтынды қайдан алады? Ең берекелі , ең парасатты тәжірибе- халық түйген тұжырымдар.