Мәтіннен сілтеу есімдігін тап Сол аяғым ұйып жүре берді. Ол жиналыстың аяғын күтпей үйіне қайтып кеткен. - Апыр-ау, мынау солар болмағай еді. Көптен бері олардың бетпе – бет кездесулері осы болатын. Мына бір сурет оған соншалық ыстық – та. Біз де соларға еліктеп , қалай да солардай болсақ дейміз. Осынау әсем көріністерді бақылап тұрмыз.
№ 1
Жақшаны ашып, көшіріп жазыңдар. Көшіргенде шылаулардың емлесін ескеріңдер. Шылаулардың қай шылау екенін айтыңдар. Боз ат Қозыбақ ауылына кете барса ( да) , жақындағы жылқылы ауылдың бәріне қосып қойған тағы бір аты бар (ды). Малының бары (да) , ажарлысы (да) екі аты болатын. Өз тасының ақысы екен, бермеймін десе ( де) алып қалатын жөнің бар емес (пе ) ? Ойлағаның шын сияқты ат үстінен ( ақ) айтып жатырсың. – Иә, рас ( ау) , соның оты бар- деп, Байсал да қостады. – Ал енді адаспасты ойлайық. Бала, өзіңнің көңілің берік (пе)? Бетіңнен жаңылған жоқсың ( ба) осы? – Жаяу боран ( ба)? Күпсек қарды жел ұйытқытып тұр (ма)? –деп, сұрап еді. Келесі операцияның кезегін саған беремін деп, әнеугүні айтты.
Қазақ халқының ежелден келе жатқан мәдени дақылдарының ішіндегі ең маңыздысы – тары. Оның құрамында адам организміне аса қажетті түрлі витаминдер мен белоктар, майлар мен минералды заттар өте көп болады. Тарыдан дайындалатын жент, майсөк, қазыға жанышқан сөк, тағы басқа көптеген жеңсік тағамдар кімнің болса да тәбетін ашары сөзсіз.