Мәтіннен тұрлаулы мүшелердің астын сызып, тиісті жерге сызықша қой. Қайың күй таңдамайтын ағаш. Лупа үлкейтіп көрсететін қарапайым құрал. Оның негізгі бөлігі үлкейтіп көрсететін шыны. Қиярдың шыққан жері Үндістан. Оттегі түссіз газ.
№ 3
Мәтіннен жақсыз сөйлемдердің қандай жолмен жасалып тұрғанын анықта.
Досанның тауға қайтадан барғысы келді. Жәрдемшіге хабар айтуға болады. Командирге тіл қайыруға болмайды. Абайдың ішек-сілесі қатып еді. Бурабайдың табиғатын ауызбен айтып болмайды. Әлден уақыттан кейін жұрт аяғы басылды. Туыстарыма жетудің сәті түсе қалды.