Тіл табиғаты жөніндегі психологиялық бағыт.
Тіл білімінде психологиялық бағыт ХІХ ғ. орта кезеңінен бастап қалыптаса бастады. Оның негізін қалаушы – неміс ғалымы Г.Штейнталь. Г.Штейнтальдың көзқарасын А.Потебня, В.Вундт, Г.Пауль қолдады.
Г.Штейнталь тілдің өзіндік сырларын жеке адамның психикалық күйі, сөйлеу әрекетін зерттеу арқылы ашпақ болады, «барлығының негізі – адам психикасы» дейді. Тіл біліміне натуралистік көзқарасты енгізушілер Дарвин іліміне сүйенсе, психологиялық көзқарасты жақтаушылар ХІХ ғасырдың көрнекті психологі Герберт ілімін басшылыққа алады.
Достарыңызбен бөлісу: |