Натурализм жеке бір ағым ретінде ғылымда ХІХ ғасырдың ІІ жарт. Дарвин ілімінің әсерінен пайда болды. Тіл біліміндегі натурализм бағыты Ресей Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі Август Шлейхер есімімен байланысты. А.Шлейхер – салыстырмалы тіл білімінде тарихи әдісті қалыптастырушылардың бірі, тілдердің типологиялық және генеологиялық ұқсастықтарын талдаушылардың бірі.