Жеті қазына мен жеті ырыс
Жеті қазына – қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы философиялық түсініктердің бірі. Қазақ халқы жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады: 1) жүйрік ат; 2) қыран бүркіт; 3) құмай тазы; 4) берен мылтық; 5) қанды ауыз қақпан; 6) майланғыш ау; 7) өткір кездік.
Ер жігіттің жүйрік аты – қанаты. Қыран бүркіті – қуаты. Құмай тазысы – сенімді серігі. Мылтығы – оты. Қақпаны – серті. Ауы – әдіс-айласы. Кездігі – сұсы.
Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымындағы философиялық түсініктердің екіншісі – жеті ырыс. «Жеті ырысқа» мыналарды жатқызады: 1) адамның ақылы, ой-санасы; 2) денсаулық; 3) ақ жаулық; 4) бала; 5) көңіл; 6) жер; 7) ит.
Достарыңызбен бөлісу: |