§2. Мал шаруашылығына байланысты фольклор
Малшылық – негізінен мезолит-неолит дҽуірінен бастау алған жабайы
аңдарды ҥй жануарына айналдырып, қолға ҥйрету ісі жҥзеге асқан соң, мал
тҥлігін бағу, ҿсіру, тҧқымын сапаландырумен шҧғылданатын ҿндіруші
шаруашылықтың бір тҥрі
1
. Фольклордың кҿне синкретті сипаты еңбек-
кҽсіпке, тҧрмысқа қатысты халық шығармашылығын саралағанда айқын
байқалады. Атап айтар болсақ, малшылық кҽсіпте фольклор тікелей еңбек
процесін ҧйымдастырушы, кҿмекші ретінде утилитарлық-практикалық
қызмет орындап, ғҧрыппен тҧтастықта ҿмір сҥріп отырған.
Бҧнда айтылатын сҿздер адамның эстетикалық сҧранысы ҥшін емес,
тҧрмыс-тіршілігінің талабынан туған. Оларды қарапайым шаруа тҧрмыс-
тіршілікте қолданып жҥргенімен, арғы тегінде сҿз қуатына деген сенім бар.
Айтылу табиғатында тылсым кҥштерге жалыну, тілену, сҧрану, ҿтіну,
мінҽжат ету, жалбарыну сарыны анағҧрлым басым.
Бірер мысал келтірейік: іркіт пісіп, май тҥсірерде, сабаның бҥйірін
толқығанда:
Бисмилла,
Қарын-қарын май тҥс,
Астау-астау май тҥс,
Бҥйен-бҥйен май тҥс! –
деп айтылады.
Немесе мал қораға келмей, далаға тҥнеп қалса, «қасқырдың жағын
байлау» рҽсімін жасау ҥшін «Тҥнемедегі маңыраманы аман сақта, Қҧдайым,
ҧлыманың аузын будым!», – деген сҿздерді айтып, қайшының аузын жіппен
байлап, оң босағадағы керегеге іліп қояды
2
.
Ал, қой қырқып жатқан науқан
кезінде қырықтық қайшыны иесіне қайтарып бергенде бір шҥйке жҥнге орап,
«Мҧны мен емес, жер беріп отыр»
3
деген сияқты сҿздерді айтады.
Мал шаруашылығына байланысты фольклор да кҿп жағдайда ырыммен
бірге жҥретіні байқалады. Жоғарыда келтірілген мысалдар соны айғақтайды.
Бҧл ырымдар, ҽдетте, сол тҥліктің бір қасиетіне байланысты болып келеді де,
белгілі бір істі атқаруда қолданылады, содан соң тілек, қалау, я болмаса
жалыну, жалбарыну тҥріндегі сҿз айтылады. Сҿздер ҿлең тҥрінде де, проза
тҥрінде де айтыла береді. Егер осы сҿздердің қандай жағдайда, неге
байланысты айтылатынын ескерсек, онда мынадай жҥйелілікті аңғарамыз:
мал тҿлдегенде, мал ауырғанда, малды ҿрістен шақырғанда, сауғанда, кҿшіп,
малды айдағанда, жҥн қырыққанда, мал тҿлінен жерігенде, т.б. Мҧндай
жағдайларда айтылатын сҿздерде малды еркелетіп қастерлеу, мадақтау, оған
жақсылық тілеу, ҿтініш айту, немесе жалыну, кейде малды қорқыту секілді
мҽн-мағына болады. Сҿздер ҽр тҥлікке ҽр басқа, оның қасиетіне, мінезіне
байланысты қолданылады да, сол тҥліктің атқаратын міндетін сипаттайды.
1
Материальная культура. Вып. 3. М., 1989. С.159.
2
Бҧл мҽліметтерді айтып бергендер: 1930 жылы туған Халел Касенҧлы, 1930 жылы туған Қадыхан
Мешітханҧлы, 1927 жылы туған Оразхан Бітеубайқызы, 1944 жылы туған Тошынбай ҧста Қаңбақҧлы.
3
Тоқтабай А., Сейітқҧлова Ж. Тҿрт тҥліктің қасиеті. Алматы, 2005. 70-б.
35
Мҧндай сҿздерден елдің тҿрт тҥлікке, оның ҽрқайсысына деген кҿзқарасын
байқауға болады, сол тҥлікке қатысты еңбектің тҥрін, оның шаруашылыққа
қаншалықты қажет екенін кҿруге мҥмкіндік бар. Сонымен қатар бҧл ҿлеңдер
мен ҽңгімелерде мал адамға, бір жағынан кҿмекші, қолқанат болып кҿрінсе,
екінші жағынан, адамды жарылқаушы болып кҿрінеді, бірақ ол ҥшін ҽр
тҥліктің иесіне жалынып, жағу керек. Міне, осыдан барады да, Шопан атаға,
Жылқышы атаға (Қамбар атаға), Ойсыл қараға, Зеңгі бабаға, Шекшек атаға
арнап тілек айтылады, адамдарға не қажет екені саналады. Ҽдетте, бҧл
ҿлеңдерде ҽуелі ҽр атаға сипаттама беріледі, олардың ерекшеліктері сҿз
болады, сонсоң адам не тілейді, сол айтылады. Жалпы, осы тҥлік иелеріне
арналған ҿлеңдерде мал баққан қазақ жҧртының ауқатты ҿмір, дҽулетті
тҧрмыс туралы арманы, ҿзіне қажетті малдың «идеалы» айқын кҿрінеді.
Мҽселен, «Шопан атаға» деген ҿлеңде былай делінеді:
...Атың жақсы, Тҽңірім,
Мен бір тілек тілейін.
Сҧрағанда, бергеніңді білейін...
Ай мҥйізі шақпақтай,
Шҥйделері тоқпақтай,
Тегене қҧйрық қошқарлы,
Малды берсең, қойды бер
1
...
Сол сияқты «Жылқышы атаға»
2
, «Ойсыл қараға»
3
, «Зеңгі бабаға»
4
,
«Шекшек атаға»
5
ҿлеңдері жоғарыда айтқан ойымызға – жақсы дҽлел. Міне,
«Жылқышы атаға» мынадай тілек айтылады:
Шаруаның бір пірі – Жылқышы ата!
Тілегенде, ҿзің бер, ақтан бата!
Ҥйір-ҥйір жылқыны шҧрқыратып,
Ойдан-қырдан арқансыз ҽкеп, мата!...
1
Сейфуллаҧлы С. Қазақ ҽдебиеті. Қызылорда, 1932. 104-б.
2
Жылқышы атаны Қамбар ата деп те атайды. Ислам аңызында Қамбар ата Ҽзірет Ҽлінің атбегісі.
Тҥрікмендерде Баба Ғамбар – ҽн-кҥйді жебеуші, дутарды алғаш жасаушы. Ал, қазақта кей сюжетте
Қамбархан – домбыраны жасаушы. Демек Қамбар – жылқы мен музыканы қолдаушы кейіпкер. Ол туралы
тҿмендегі еңбектерден қараңыз: Казахский фольклор в собрании Г.Н.Потанина. Алма-Ата, 1972. С.300;
Мифологический словарь. М., 1990. С.272; Мҥптекеев Б., Медеубекҧлы С. Жетісудың кҥйлері. Алматы,
1998.154-б.
3
Ойсылқара бейнесінің тҿркіні Мҧхаммед пайғамбардың замандасы йемендік Уҽйіс-ҽл-Карани деген
ҽулиеге байланысты пайда болған. Ол туралы қараңыз: Сборник материалов для статистики Сырь-
Дарьинской области. Том V. Ташкент, 1896. С.5-6; Казахский фольклор в собрании Г.Н.Потанина. Алма-
Ата, 1972. С.300; Уахатов Б. Қазақтың тҧрмыс-салт жырларының типологиясы. Алматы, 1983. 84-85-б.
4
Зеңгі баба Орта Азияға белгілі сопы болған. Қазақтың ҧғымында – ол сиыр тҥлігінің жебеушісі. Оның
жанары тҥскен жанға қисапсыз сиыр бітеді деседі. Ол туралы қараңыз: Хайуанаттар туралы қазақ ертегілері.
Алматы, 1979. 218-б; Казахские сказки. Т.3. Алма-Ата, 1964. С.70; Сборник материалов для статистики
Сырь-Дарьинской области. Том V. Ташкент, 1896. С. 7-8; Тоқтабай А., Сейітқҧлова Ж. Тҿрт тҥліктің қасиеті.
Алматы, 2005. 95-98-б.
5
Шекшек ата, Шопан ата бейнесінің мҽні туралы қараңыз: Сборник материалов для статистики Сырь-
Дарьинской области. Том V. Ташкент, 1896. C.9; Тоқтабай А., Сейітқҧлова Ж. Тҿрт тҥліктің қасиеті.
Алматы, 2005. 88-89-б.
36
...Тағы бір тілек тілейін,
Шын бергенің білейін,
Ҿңкей ала, шҧбардан,
Жал-қҧйрығы шҧбалған
Айғыр берсең байсалды,
Ҥйірі толған байталды,
Ҿңкей мама биемен,
Сауған сайын иіген
1
.
Ал, «Ойсылқараға» былай деп жалынады:
Шаруаның бір пірі – Ойсылқара,
Тҥйені ҿсір жарылқап, болып пана!
Ит-қҧс, пҽле, індеттен аман сақтап,
Топ-топ болып кҿбейсін аруана!
Жҽне бір тілек тілейін,
Бергеніңді білейін,
Қотанға сыймас тҥйе бер,
Тҥйе берсең, ҥйе бер!
Жатқан жері даладай,
Азу тісі қаладай,
Екі ҿркеші баладай,
Қаршылдаған бурасы,
Жалбыраған шудасы,
Жібектен болсын бҧйдасы
2
.
Осылай тілек айтумен бірге бҧл ҿлеңдерде сол тҥлікке «мінездеме»
беріледі. «Сҽйгел тисе, мҿңкіген, Оқыра тисе, жҿңкіген, Алабас жіп естірген,
Мҧрнын тура тестірген», - деп, сиыр малының мінезін кҿрсетсе, ешкінің
мынадай мінезін ашады:
...Ауыл кҿшіп қонғанда,
Ҿрегенін қайтерсің.
Бҿрі бақыр келгенде,
Кҿрегенін қайтерсің.
О бҿріні кҿргенде,
Ысқырғанын қайтерсің.
Қҧйыршығын бҧтына
Қыстырғанын қайтерсің.
Бҿрі ала қашқанда,
Бақырғанын қайтерсің.
1
Сейфуллаҧлы С. Қазақ ҽдебиеті. Қызылорда, 1932. 104-105-б.
2
Сонда. 105-б.
37
«Ойбай, ием, кеттім, – деп,
Шақырғанын қайтерсің?!»
1
.
Ал, енді ҿмірдің ҽр алуан жағдайында, сондай-ақ малдың кейбір «мінез
кҿрсетіп», ойлағандай болмаған тҧстарда, я болмаса малдан бір нҽрсе аларда
айтылатын сҿздер – ҿзінің мҽн-мағынасы жағынан тҿрт тҥлік иелеріне
айтылатын тілектермен ҥндес, ҽрі бҧлар, кҿбінесе ырыммен бірге айтылады.
Мҽселен, биені сауарда ол тыныш тҧрып, жақсы иіп, желіндегі сҥтті толық
сарқу мақсатында мынадай тілек айтылады:
Қҧру, қҧру, тор бием,
Басқасынан зор бием.
Жатырмысың жатырқап,
Келіп тҧрған ҿз иең.
Ақ арқанмен кҥнделеп,
Бауырыңа барайын,
Қҧлыныңды салайын.
Тҥскен кезде мейірің,
Қайта тартып алайын.
Қҧру, қҧру, сал бием!
Қҧру, қҧру, кҿк бием,
Ақ сҥтіңді тҿк, бием.
Саған кҥнде салмайын,
Шошындырып алмайын.
Сауырыңнан сипайын,
Қҧру, қҧру, сал бием!
Қҧру, қҧру, момыным,
Қҧлыншағың балакер,
Бауырыңа ала бер,
Қҧру, қҧру, сал бием!
2
.
Сол секілді қой жерісе, тҿлін алғызу ҥшін телігенде айтылатын сҿз
мынадай болып келеді:
Тҥбiбейке, қойым, тҥбiбейке,
Тҿйке, қойым, тҿйке.
Ала ғой, қойым, ала ғой,
Бауырыңа сала ғой.
Таласы жоқ басқаның,
Ҿзiңнен туған бала ғой.
Иiсi бҿтен дегенiң,
Қозыңа жапқан жала ғой.
1
Сонда. 106-б.
2
Дҿрбілжін ауданының ҿлең-жырлары. Ҥрімжі, 1994. 7-б.
38
Иiскеп жатыр қарашы,
Мына қой мен ана қой.
Бауырына енеңнiң,
Қорықпай, қозым, бара ғой!
Тҥбiбейке, қойым, тҥбібейке.
Тҿйге, қойым, тҿйге.
Тҥшiркенiп иiскеуге,
Келмей тҧр неге ерiнiң?
Екi кҿзiң шатынап,
Осынша неге жерiдiң?
Емiзбесең кҥнi бойы,
Сыздамай ма желiнiң?
Ақылға, сiрҽ, кҿнбейтiн,
Момақан қойым, не білдің?!
Секiлдi бесiк тербеген,
Ҧқсайсың бейне келiнiм.
Сҿзiмдi ҧқпай, кергiп ең,
Ауыздан жiппен керiлдiң.
Желiккен шҿбi бар ма еді,
Жайылған сенiң жерiңнiң.
Тҥбiбейке, қойым, тҥбiбейке,
Тҿйге, қойым, тҿйге.
Аш кенедей қабысып,
Қозың қалды талықсып.
Шҿпек қағып жатыр ғой,
Бауырыңа жабысып.
Басқа қозы мҽз боп жҥр,
Енесiне табысып.
Есiң шығып сен тҧрсың,
Нҽрестеңмен қағысып.
Жетiмнiң кҥнi елестеп,
Қабырғам кеттi-ау қайысып.
Пейiлiңдi жырмен табам деп,
Жағым да қалды қарысып.
Тҥбібейке, қойым, тҥбібейке
Тҿйге, қойым, тҿйге
1
, –
деп ҽндетіледі.
Осы мысалдардағы «тҿйге» сҿзінің қайталануы бекер емес. Қазақ
фольклорының қҧрамында «тҿйгелеу жыры» болған, бірақ ол ҧмытылған деп
есептеліп жҥретін. Мысалы, зерттеушілер ондай жырдың ҥлгісі сақталмаған
деп, ол туралы пҽлендей бір ғылыми пікір, тҧжырым айтпайды, тек болған
1
Мҧра. Ҥрімжі, 1991. №3. 83-б.
39
деумен шектеледі. Белгілі этнолог Х.Арғынбаев бҧл жайында «саулық
тҿлінен жерігенде... аузына кергіш салып кҿгендеп, бауырына қозысын бос
жібереді, керек болса, «тубяй-тубяй» деп ҿлең айтып, арбаумен кҿндіреді»,-
деп жазады
1
.
Ал, фольклортанушы Б.Уахатов: «Тҿрт тҥлік туралы ҿлеңдердің
ішінде қозысынан жеріген қойларды арбап, кҿндіру ҥшін айтылатын «тубяй-
тубяй» сияқты халық ҿлеңдері де болған. Алайда, бҧл ҿлеңдер тым ерте
замандарда туып таралғанымен, біздің дҽуірімізге жетпей, ҧмытылып
кеткен»
2
, – деп, ҿкініш білдіреді. Бірақ осы телу жырының небір ҥлгілері
Моңғолия, Қытайда ҿмір сҥретін ағайындардың арасында кҥні бҥгінге дейін
сақталып келгендігі дҽлелденіп отыр. Соңғы жылдарда Моңғолиядағы
қазақтардың арасында жҥргізген экспедициялық зерттеу кезінде тҿйгелеу
жырының кҿптеген ҥлгісі ҽуенімен бірге жазылып алынды
3
.
Бҧл жыр туралы алғаш рет этнограф Б.Хинаятҧлы «Тҿйгелеу – тҿрт
тҥліктің тҿліне қатысты кҿне ғҧрып»
4
деген мақала жазып, осы шығарманың
моңғол, тува, қырғыз халықтарындағы нҧсқаларына салыстыру жасады.
Тҿйгелеу жырын тҿмендегі жайттарға байланысты орындалатыны
анықталды: а) енесі ҿз тҿлінен жерісе, соны алғызу ҥшін; ҽ) жетім қалған
тҿлді басқа саулыққа алғызу ҥшін; б) тҿлі ҿлген саулыққа бҿтен тҿлді алғызу
ҥшін.
Малшылардың айтуынша, бҧлай етілмесе, не жетім тҿл ашығады, немесе
тҿл ембеген енеліктің емшегін сҥт керіп, ол желінсау ауруына шалдығады.
Осындай практикалық себептерге байланысты тҿйгелеу жыры пайда болса
керек. Біз бақылау жасағанда анық болғандай, бҥгінгі қазақтар тҿйгелеу
жырын тек қой-ешкіге бағыштап, орындап отыр. Қойды тҿйгелесе, ешкіні
шҿрелейді екен. Сиырды ҽукеулейді. Мҽлімет берушілер ерте кезде сиыр,
тҥйе, жылқыға арналған бҧндай жырлардың болғандығын айтады. Сиырды
телу жырының бір нҧсқасы ҚХР Шыңжанда шығатын «Мҧра» журналында
жарияланды. Ал, моңғолдарда інгенге ботаны телу жырының мҽтіні сақталып
қалған
5
.
Телу ғҧрпының жыры малдың қҧлағына жағымды ҽсем ҽуенмен, қуатты
сҿзбен ҽсер ету арқылы оның аналық тҥйсігін оятып, мейірімін қоздырып,
жас тҿлді жатсынбай қабылдауына бағытталады. Бҧл рҽсімге малшы қауым
сыбызғы, қобыз, домбыра секілді музыкалық аспаптарды да орайлы
пайдаланған. Ҽсіресе, тҥйе малы ҽуенге еліткіш, сезімтал, балажан.
1
Арғынбаев Х. Қазақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк. Алматы, 1969. 75-б.
2
Уахатов Б. Қазақтың халық ҿлеңдері. Алматы, 1974. 102-б. Автор осы еңбегінде 106-бетте бурят халқының
«Хонины тээгэлгэ» (заговаривания овцы) деген ҿлеңінің орысша мҽтінін келтіріп, талдау жасаған.
«Хонины тээгэлгэ» – «қойды тҿйгелеу» деген сҿз. Буряттар тҿйге жырын «тээгэлгэ» деп атаған. Қараңыз:
Шаракшинова Н.О. Бурятское народное поэтическое творчество. Иркутск, 1975. С.186. Бірақ Б.Уахатов ҿзі
мысалға алған мҽтіннің тҿйгелеуге қатысты екендігі туралы ештеңе айтпаған.
3
2005 жылы М.Ҽуезов атындағы Ҽдебиет жҽне ҿнер институтының Моңғолия қазақтары арасында
жҥргізген фольклорлық-музыкалық экспедициясы фономатериалынан. Экспедиция мҥшелері: Ҽ.Нҧрбаев
пен А.Тойшанҧлы.
4
ҚР ҒА Хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы. Алматы, 1998. 106-110-б.
5
Монгол ардын зан ҥйлиийн аман зохиол. Ҧланбатыр, 1987. 28-29-б. Моңғолдағы тҿйгелеу жырының
ҥлгілерін кҿруіңізге болады: Содном Ч. Малын тухай ҥг // Studia Mongolika. Ҧланбатыр, 1964. Tomus IV. 24-
26-б.
40
Сондықтан да Еділ қалмағы ботаны телігенде ай туар сҽтте інгеннің
бҧйдасын саусағына іліп ап, аспапта «Бобон божуухай» (Боташым,
ботақаным) сазын ойнайды. Жиналғандар «Жҽңгір» эпосының ҽуенімен
тҿйгелеу жырын орындағанда інген ҽуенге елітіп боздап, кҿзінен жасы
мҿлтілдеп, ботаны бауырына басып, емізе бастайды екен. Ғалым
Т.Г.Борджанова бҧл жырды «песни-заклинания»
1
деген жанрға жатқызып
отыр. Қазақта бҧндай жосын ерте кезде болғанымен, бізге мҽтіні жетпей
қалған. Тек қана «Нар иген», «Бозінген» секілді кҥй аңызында осы ғҧрыптың
ҧшқыны қылаң береді. «Нар иген» кҥйінің шығуына ҿз ботасының ешбірін де
емізбей, ҿлтіре берген он алты жасар тасбауыр інгенге қарт кҥйші домбыра
тартып, исіндіріп, жас тҿлін алғызған ғажайып оқиға негіз болған деседі
2
.
Тағы бір осыған ҧқсас оқиға жайында М.Ж.Кҿпейҧлы: «...бір бозінген
ботасын алмай жеріп... сол баяғы Кетбҧға ...домбыраның кҥйімен шертіп,
інгенді есінен тандырып, мас қылып, бозінген ҽулігіп, елтіп, ботасын алған
екен. Сонан сол кҥй «Бозінгеннің кҥйі» атанған»,– деп жазады
3
.
Мҽлімет берушілер «тҥйенің қҧлағына домбыра ойнағандай» деген
тіркестің арғы мҽнісі ботаны телігенде інгеннің қҧлағына кҥй тартатын
салттан қалған сҿз деп тҥсіндіреді. Сондай-ақ жеріген інгенге ҽйел адамды
теріс қаратып мінгізіп, ауылдан ауылға жетелеп, ҽбден шаршатып, содан соң
ботаны телитіндігін айтады
4
.
Ал, тҿйгелеу жырын орындағанда алдымен телінетін тҿлді саулықтың
артына ҥйкеп, содан шонданайына шарананың қалдығын немесе уыз сҥтін
сауып, жағу арқылы енесінің ҿз иісін сіңдіруге тырысады. Сонымен бірге
тҿлдің қҧйрығына тҧз ерітіндісін қҧйып, ащы бҥркіп, енеліктің тҿлді жалауға
қҧмарлығын арттырады. Осы ҽрекеттерді жасап, тҿлді саулықтың бауырына
салып, емізе отырып, тҿйгелеу жырын баяу, қоңыр, елжіреген созылыңқы
ҽуенмен, ҿтінген сыңайда орындайды. Біздің ел аузынан жазып алған
тҿйгелеу жырының бір ҥлгісі тҿмендегідей:
Тҿйге, тҿйге, тҿйге,
Жаман қойшы бағыпты,
Жаңылыс қозы салыпты,
Тҿйге, тҿйге, тҿйге.
Ала ғой, қойым, ала ғой,
Ҿзіңнен туған бала ғой,
Тҿйге, тҿйге, тҿйге.
Жусан жесең жуып бер
Изен жесең иіп бер,
Тҿйге, тҿйге, тҿйге.
Ала ғой, қойым, ала ғой,
1
Борджанова Т.Г. Магическая поэзия калмыков. Элиста, 1999. С.46-48.
2
Ҥрмізҧлы Ф. Шежіре дастан. Шымкент, 2005. 219-220-б.
3
Кҿпейҧлы М.Ж. Шығармалары. Павлодар, 2006. 8-т. 47-б.
4
Айтып берген 1940 жылы туған Жырынтай Лақҧлы. М.Ҽуезов атындағы Ҽдебиет жҽне ҿнер институтының
2005 жылы Моңғолия қазақтары арасында жҥргізген фольклорлық-музыкалық экспедициясы материалы.
41
Бауырыңа сала ғой,
Ҿзіңнен туған бала ғой!
Тҿйге, тҿйге, тҿйге
1
.
Жырдың қайырмасындағы «тҿйге» одағайын кҿтеріңкі екпінмен
ҥстемелеп, ҥдетіп, ерекше мҽн беріп, мҽнерлеп орындайды. Моңғолдар бҧл
одағайды «тойг» немесе «тайг», буряттар «тээгэ» деп атайды. Қытайдағы
қазақтар «тҿйгемен» қатар «тҥбібейке», «тҥббей-тҥббей», кейде «тҿйке-
тҿйке», «тҿйт-тҿйт» деген сияқты одағайларды қолданатыны байқалады.
Қырғыз тілінде мал шаруашылығына қатысты «тувҿй» деген магиялық сҿз
бар. Ол туралы «Қырғызша-орысша сҿздікте» «тувҿй – этнографиялық сҿз,
қой ауруын емдеген емшінің арбауы осы сҿзбен аяқталады»,– деп жазылған
2
.
Тҥйіндесек, бҧл жырдың тҥрік-моңғол тектестердің бҽрінде ортақ болуы
оның тым ежелгі дҽуірде пайда болғандығының айғағы болса керек.
Жырдың мҽтінінен анимистік, магиялық наным-сенімдердің сілемін
байқау қиын емес. Байырғы дҥниетанымның ықпалымен тҿйге жырын
орындаушы малдың рух-иесінің қаһарынан қаймығатындықтан алдымен
бҿтен қозыны зорлап теліп отырған «кінҽсін» мойындап, бҧл жайттың
«жаман қойшының» салғырттығынан болған себеп-салдарын тҥсіндіріп,
ақталып отыр. Одан кейін «жаңылыс қозы» кездейсоқ салынған деп малды
уақытша алдарқатып, жҧбатып, райласуға шақырады. Кейде «иісі бҿтен
дегенің, қозыңа жапқан жала ғой»,- деп куҽландырады, «емізбесең кҥні бойы,
сыздамай ма желінің?»
3
деп тҥсіндіріп, азғырады. Ал, келесі шумақтарда
тҿйгелеуші тҥпкі мақсатына тура кҿшіп, «ҿзіңнен туған бала ғой» деп ашық
айту арқылы сендіру, кҿндіру шараларын жасай бастайды. Қойға ҿзі аса
сҥйіп ҧнататын дҽмді, нҽрлі жусан, изен шҿптерін жегендігін еске салып, енді
ақ сҥтін тҿлге иіп беру міндеті екендігін ҧқтырып, ҥгіттейді. Одан ҽрі:
Сауырына тҧз жақтым,
Арқасынан жалашы.
Басқа қойды қарашы,
Сҥтке тойып қасында,
Ойнақтап жҥр баласы
4
...
Немесе:
Аш кенедей қабысып,
1
27.02.2003 жылы 1945 жылы туған Қабидолда қажы Зҧрғанбайҧлының аузынан жазып алған мҽлімет.
Тҿйгелеу жырының осыған ҧқсас тағы бір нҧсқасын қарауыңызға болады: Баркҿл ауданының ҿлең-
жырлары. Ҥрімжі, 1994. 6-б. М.Ҽуезов атындағы Ҽдебиет жҽне ҿнер институтының 2005 жылы Моңғолия
қазақтары арасында жҥргізген фольклорлық-музыкалық экспедициясы кезінде бізге тҿйгелеу жырының
нҧсқаларын 1938 жылы туған Ҽуелхан Қайсақызы мен 1940 жылы туған Жырынтай Лақҧлы, 1928 жылы
туған Қафуза Болатқызы жҽне т.б. адамдар ҽндетіп, орындап бергенін жазып алдық. Экспедиция мҥшелері:
Ҽ.Нҧрбаев пен А.Тойшанҧлы.
2
Киргизско-русский словарь. М., 1965. С.762.
3
Мҧра. Ҥрімжі, 1991. №3. 83-б. Айтып берген Мҽкер Жаңқабайқызы, жазып алған Жҽжік Жақашҧлы.
4
Дҿрбілжін ауданының ҿлең-жырлары. Ҥрімжі, 1994. 5-б. Айтып берген Нҧржамал Есенбайқызы, жазып
алған Жамалхан Қарабатырқызы.
42
Қозың қалды талықсып.
Шҿпек қағып жатыр ғой,
Бауырыңа жабысып.
Басқа қозы мҽз боп жҥр,
Енесіне табысып
1
, -
деп ҽндетеді.
Жеріген қойға басқа балажан саулықтарды ҥлгі етіп, соларға еліктеп,
тҥзелуін қалайды. Сонымен бірге тҿлдің арқасына тҧз жаққанын хабарлап,
дҽніктіріп, қызықтырмақ болады. «Аш кенедей қабысқан» тірі жетім қозы
мен сҥтке тойып ойнақтап жҥрген тоқ қозыны салыстырып, жанашырлыққа
ҥндейді.
Тҿйгелеу жыры, негізінен, осындай жаймашуақ қалыпта малды алдау,
ҥгіттеу, азғыру, ҿтіну, тҥсіндіру сипатында айтылғанымен, кейбір жағдайда
ҧрсу-жекіруге де барады. Мысалы, «ҿз балаңнан жерісең, ҿз басыңа
кҿрінсін!»
2
, тағы бірде «екі кҿзің шатынап, осынша неге жерідің?», «желіккен
шҿбі бар ма еді, жайылған сенің жеріңнің?!»,- деп ҿз қозысынан жеріген
саулықты қатаң айыптап, ҧрсып, қарғайды. Ал, біз жазып алған келесі бір
мҽтінде «Ҿз балаңнан жаңылма, керегеге таңылма!», «Алмасаң, таңам алты
кҥн, жерісең, таңам жеті кҥн»
3
десе, басқа бір нҧсқада «сҿзімді ҧқпай жеріп
ең, ауыздан жіппен керілдің» деп дҿңайбат жасап, ескерту жасап, қорқытпақ
болады.
Бҧған кҿнбесе, ауыр жаза қолданатынын ашық айтады. Ол ҥшін телу
жырын айтушы жҽй шопан емес, байдың баласының атынан сҿйлеп, сес
кҿрсетіп, қаһарлы ҥкім шығарады:
Бай баласы Башақан,
Қой баласы қошақан.
Ҿз қозыңнан жерісең,
Таяқпенен асатам...
Ҥйшік жаққа барайын...
Алмай қойсаң аузыңа,
Кергіш ағаш тағайын,
Кҿзіңді жіппен таңайын
4
,–
дейді зекіріп.
Расында, шопандар тҿйгелеу жырын орындау кезінде кҿндікпеген асау
саулықтың мҧрнын тесіп, шуда жіп ҿткізіп, қозыға байлап қоятын, тепкіленіп
кҿнбей қойса, керегеге арқанмен мықтап таңып тастайтын, аузын керіп
1
Мҧра. Ҥрімжі, 1991. №3. 83-б. Айтып берген Мҽкер Жаңқабайқызы, жазып алған Жҽжік Жақашҧлы.
2
Хинаят Б. Тҿрт тҥліктің мінез-қҧлықтарына қатысты дҽстҥрлі таным // Жҧлдыз (журнал). 2000, № 8-9.
125-б.
3
2004 жылы 1932 жылы туған Қамария Қадырқызынан жҽне 1927 жылы туған Қайша Боранбайқызынан
жазып алған материалдан.
4
Дҿрбілжін ауданының ҿлең-жырлары. Ҥрімжі, 1994. 5-б. Айтып берген Нҧржамал Есенбайқызы, жазып
алған Жамалхан Қарабатырқызы.
43
қоятын. Бізге мҽлімет берушілер «қазақ халқы киіз ҥйді аса қастерлеп, оның
керегесін ерекше кие тҧтады. Керегеге: 1) қылмыскер еркекті; 2) қар ҽйелді;
3) тҿлінен жеріген саулықты таңып, жазалайды. Олар сонда оңай тҥзеледі»
дейді
1
. Малшы қауым малдың ҿз тҿлінен жерігенін жаман ырымға балайды,
себебі бҧндай оқиға ҿрши берсе, лезде желінсау ауруы етек алуы мҥмкін.
Сондықтан халық кҿктемде мал тҿлдеген шақта саулық ҿз тҿлінен жерімес
ҥшін ҽртҥрлі жора-жосындар жасайтын болған. Ол ҥшін алғашқы қоздаған
қойды туысымен қасқырдың қураған бас сҥйегіне сауып, оны қораның
қҧмдығына іліп қояды. Осы ырымнан кейін мал ҿз тҿлінен жерімейтін
кҿрінеді
2
. Сондықтан да «ҿз балаңнан жерісең, ҿз басыңа кҿрінсін!» деп бҧл
кесапаттың ҽрі қарай жайылмай, тыйылып қалуын тілеген малшы қауым
сҿздің қуатына иланып, дҿңайбат жасап, зекіреді.
Тағы бір ерекше ескертетін мҽселе, інгенді, биені телу жырының мҽтіні
бізге жетпесе, сиырды телу жырының бір нҧсқасы ғана ҽзірге белгілі болып
отыр. Тҥйе, ҽсіресе, жылқы малы оқыс жағдай болмаса, ҿз ҧрпағынан албаты
жери қоймайтыны да белгілі. Сол себептен осындай жырлар халық арасында
кҿп айтылмағандықтан бізге жетпеуі де ықтимал. Ҽдетте, будандаспаған таза
қазақы тҧқымды қой-ешкі кірпияз, асау, жатырқағыш, бҿтен тҿлді ешқашан
емізбейтін, мың қозының ішінен ҿз қозысын іздеп табатын балажан, зерек,
иісшіл, сол себептен ҿз қозысына қандай бір бҿгде жайсыз иіс-қоңыс жҧқса,
ҿте-мҿте жерігіш болып келеді. Кҿктемде мал тҿлдегенде шопандар біз
айтып отырған қолайсыз мҽселеге жиі ҧшырап жатады, сондықтан осындай
практикалық-утилитарлық себептерге байланысты тҿйгелеу жырын орындау
қажеттілікке айналған деуге болды. Ал, сиыр малы жиі болмаса да, ҽредік-
ҽредік ҿз тҿлінен жеритін оқиғалары кездеседі.
Сиырды телу жыры былай:
Аухау, аухау, жануар,
Иеңде сенiң бағы бар.
Тас емшегiн жiбiткен,
Тар қҧрсағың кеңiткен,
Бҧзауың сенiң тағы бар.
Мекiренiп иiскешi,
Кезiң келдi сауылар.
Бҧзауың неткен сҥйкiмдi,
Келте танау, жағы бар.
Аухау, аухау, жануар.
Ҿзiңнен туған балаға
Қарамасаң бола ма?
Елжiретiп жҥректi,
Емiзбесең бола ма?
Саған ақыл айтам деп,
1
18.12. 2004 жылы 1945 жылы туған Пҧшанҧлы Байдолда ақсақалдан жазып алған материалдан.
2
Арғынбаев Х. Қазақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк. Алматы, 1969. 164-б.
44
Алып қалдым қораға.
Ақылыма кҿнбесең,
Дайын тҧр киiз қолаба.
Мҧндай салсаң қиғылық.
Аталыққа жолама!
Зеңгi бабам аруағы
Менi салды жораға.
Аухау, аухау, жануар.
Аухау, аухау, сиырым,
Сезiмi кҥштi миының.
Зеңгi бабам ҧрпағы ең,
Тҿркiнiңе сыйындым.
Шаранаңды сҥртейiн,
Былғанса да киiмiм.
Аухау, аухау, жануар
1
.
Бҧл жырдың да тҿйгелеу жырымен ҥндес екендігін байқаймыз. Алдымен
сиырды мақтау («иеңде сенің бағы бар»), одан алдарқату, тҥсіндіру, ҥгіттеу
сарындары байқалады. Одан кейін қорқыту, зекіру («мҧндай салсаң қиғылық,
аталыққа жолама!»), тіпті, бопсалау байқалады («ақылыма кҿнбесең, дайын
тҧр киіз қолаба»). Жырдың соңы Зеңгі баба аруағына сыйынумен аяқталған.
Бҧнда айтылған қолаба – жҧмырбасты шоқпар тҽрізді басына киіз оралған
ағаш қҧрал. Оның кҿктоқал деген тҥрі де бар
2
. Егер сиыр бҧзауын алмай
қойса, онда оны малшылар шҧңқыр жерге жатқызып, ҥйелетіп, артынан
қолабаны сҧғатын болған. Бҧл ҽрекеттен соң сиыр «бҧзаулаған екенмін», –
деп, аналық туу тҥйсігі қайта оянып, бҧзауын емізетін. Сондықтан да
орындаушы қолабаны еске салып, қорқытпақ болғаны байқалады.
Сонымен, тҿлді енесіне телу салтында айтылатын жырларда ҽсерлі ҽуен,
сиқырлы сҿз, кҥрделі ғҧрыптық ҽрекет – ҥшеуінің тҧтас кҥйінде болуы оның
фольклордың синкретті дҽуірінде туған кҿнелігінен хабар береді. Зерттеп
отырған мҽтіндерді ҿзара салыстырғанда олар бір-біріне ҧқсас боп, бірегей
сипат алып, тҧтастанып, ҽлдеқашан тҧрақты жанрға айналғандығы байқалып
отыр.
Жалпы, мал шаруашылығына қатысты фольклордың қатарына тҿрт
тҥліктің ҽрқайсысына бағышталған арнаулы сҿздер де жатады. Малды
шақырғанда, топтап айдағанда, жуасытқанда, бір сҿзбен айтқанда, малды
бағындырғанда ҽр тҥліктің ерекшелігіне, қимыл-қозғалысына, мінез-
қҧлқына, дауысына байланысты ерте заманда-ақ алуан тҥрлі одағай сҿз пайда
болған да, қолданысқа енген. Бҧлардың да тҥп тҿркіні – сҿздің магиялық
кҥшіне сену. Ондай одағай сҿздер алғашқы малдарды қолға ҥйрету
барысында дҥниеге келіп, бірте-бірте тҧрақталып, дҽстҥрлі сипатқа ие
болған, ҿзгерген, дами келе бізге жеткен.
1
Мҧра. Ҥрімжі, 1991. №3. 83-84-б. Айтып берген Нығымет Елеубайҧлы, жазып алған Жҽжік Жақашҧлы.
2
18.12.2004 жылы 1945 жылы туған Пҧшанҧлы Байдолда ақсақалдан жазып алған материалдан.
45
Ғалымдардың айтуынша, бҧл одағайлар малды бағындырғанда сигнал
ретінде қолданылып, малдың кҿру, есту, иіс-дҽм сезу, тітіркену ағзаларының
біріне немесе бҽріне ҽсер ету арқылы шартты рефлекс пайда болдырып,
хайуанның белгілі дағдыға қалыптасуына ҽсерін тигізіп, тҥйіндеп айтқанда,
тікелей еңбекті ҧйымдастыру функциясын атқарған
1
.
Алғашқы қауым адамы жанды-жансыз ҽр нҽрсемен сҿйлесуге, келісімге
келуге болады, тек соның тілін таба білу керек деп ойлаған. Малды шақыру,
айдау, бағындыру сҿздері анимистік наным-сенімге негізделіп, ҽу баста
малмен немесе мал иесімен тілдесу, мҽміле жасасу мақсатында пайда болса
керек.
Бір айта кететін мҽселе, бҧндай одағай сҿздер тым қысқа болса да,
алғашқы қауым кезіндегі ҽртҥрлі кҿне наным-сенімге байланысты
туғандықтан олар ҽртҥрлі ырымдармен байланысты болып келеді. Мысалы:
қой ҿздігінен туа алмаса, оны шалқалатып жатқызып, бір адам алдыңғы
сирағынан, келесі адам артқы сирағынан ҧстап, алма-кезек аунатады. Бірінші
адам: «Оң ба, теріс пе?» деп қайталаған кезде, келесі кісі «Оң, оң» деп
жауаптасады. Содан соң бір адам қозының аяғынан ҧстап, суырарда «шым-
шым, шым-шым!» деген жалбарынуды айтады
2
. Міне, бҧл сҿз ҿте қысқа
болғанымен халықтың салтында ҧзақ ҿмір сҥріп келе жатқан дҽстҥрлі тіркес.
Моңғол малшылары да осындай рҽсімді жасап, тҿлді «сҿҿг, сҿҿг, сҿҿг, эм
дом, эм дом»
3
, – деген сҿзді айтып, суырады екен.
Ал, бақташы қауым малды бағындыру ҥшін айтатын кҿптеген сҿздер
қадым заманда қалыптасқаны анық. Белгілі этнограф Х.Арғынбаев: «Мҧндай
сҿздер, ҽдетте, қосарланып, қайта-қайта айтылуымен бірге малды белгілі
қимыл - ҽрекетімен сол сҿзді тыңдап, орындауға ҥйретеді»
4
,– деп жазады.
Мысалы, малды шақырғанда: жылқыға қҧрау-қҧрау (моһ-моһ), сиырға
ауқау-ауқау (ҽукім-ҽукім), тҥйеге кҿс-кҿс, қойға пҧшайт-пҧшайт, ешкіге
шҿке-шҿке (шҿре-шҿре); айдау не қайтару ҥшін: қойға шҽй-шҽй, ешкіге шек-
шек, сиырға ҿк-ҿк, жылқы мен тҥйеге шу-шу; сауарда не ҧстаған уақытта
тыныш тҧру ҥшін: биеге қҧрау, қойға қош-қош, інгенге дҥздір; суарғанда:
тҥйеге сорап-сорап, сиырға шҽугім-шҽугім, қой-ешкіге қуай-қуай, қурай-
қурай, т.с.с. дейтін болған. Жылқыны тоқтатқанда «ҽй, дыр! тҽк-тҽк», қозы-
лақты ҧстап, кҿгендеу ҥшін «кҥргей-кҥргей» деп айтады. Ҿгізді арбаға жегіп
айдағанда «соп-соп», сиырды суарғанда «шҽуім-шҽуім» дейді
5
.
Жҥйрікті бҽйгеге қосқанда ҧран салып қиқулау, атан тҥйеге ауыр жҥк
артып тҧрғызғанда «ат, шу» деу, ҿгізге арба шегіп, «ҿк-ҿк» деп айдау
ауырлықты жеңілдетеді деп иланады малшылар. Бҧл сҿздердің тылсым
қуатына сенгендіктен халық «Ҿк дегізу басбілгі – ҿгізге ҿлімге тең», «Айт,
шу деген – атанға сеп, «ауһ!» деген – адамға сеп» сияқты мақал-мҽтелдерді
1
Сампилдэндэв Х. Малчин ардын зан ҥйлийн уламжлал. Ҧланбатыр, 1985. 12-б.
2
01.01.2004 жылы 1945 жылы туған Пҧшанҧлы Байдолда ақсақалдан жазып алған материалдан.
3
Гадамбаа Ш., Сампилдэндэв Х. Монгол ардын аман зохиол. Ҧланбатыр, 1988. 76-б.
4
Арғынбаев Х. Қазақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк. Алматы, 1969. 30-31-б.
5
Жанҽбілов Ш. Қазақша мал атаулары. Алматы, 1982. 42-43-б.; Жақыпов Ҽ. Тҥйе ҿсірушінің тҥсіндірме
сҿздігі. Алматы, 1989. 161-б.; Жҽрдем Кейкін. Қазақы атаулар мен байламдар. Алматы, 2000. 90-б.; Тҿрт
тҥлік. Алматы, 2001. 31-б.
46
шығарған.
Ата-бабаларымыз малды ҧрықтандырған кезде кҥрделі ғҧрыптарды
ҿткізетін болған. Сол салт-жосынның кейбір сілемдері бҥгінгі кҥнге жетіп
отыр. Бҧнда да ҽр тҥлікке қатысты жеке-жеке сҿздер бар. Мысалы, кҥйлеген
ҧрғашы малға ата малды шағылыстырғанда: бҧқаға «кҥж-кҥж», айғырға
«қҧройт-қҧройт», бураға «келе-келе», қошқарға «қод, қод», текеге «теке-
теке» деген сҿздерді айтатын жосын бар. Отанасы мал кҥйлеп ҧрықтанғанда
«шашыратқы» береді. Бҧл жораға ауыл ҽйелдерін, малшыны шақырған
бҽйбіше дастарқанға ақ тағамдарды молынан қояды.
Кҥзде қошқар мен текенің «кҥйегін алу» рҽсімін ҿткізеді. Ол ҥшін
сҽрсенбі, бейсенбі, жҧма секілді сҽтті кҥндердің бірінде бҽйбіше «кҥйек алу»
жосынын жасайды. Кҥйек аларда «...мал иесі бір саулықты ҧстап, оның
ҥстіне аттай мініп тҧрып, аузына бір уыс тары қҧяды да, «тҿл тарыдай кҿп
болсын» деген тілек айтады. Бҧл жосын жҿнінде толығырақ тҽптіштеп
жазған Ҽ.Диваев. Ол былай дейді: «бір жақсы кҥні тҥнде ҽлгі қошқардың
біреуінің кҥйегін сол байдың қатыны – бҽйбіше қатын байға қошқардың
басын ҧстатып қояды. Ҿзі ҽлгі қошқардың белінен кҥйекті шешеді. Бҽйбіше
дамбалын тҿмен сыпырып жібереді. Қойлар тез кҥйлесін деген болар жҽне де
ҧрғашыласын деген болар. Бағанағы бай мҧндай қыл деп айтпайды. Ҽлгі
бҽйбіше қатын кҥйекті шешіп жатқанда айтады: сідігің алтын болсын, сҥрген
қойларың тоқтап, биқадік болсын, - дейді. Онан соң қошқарды саулық қойға
аралатып қоя береді. Онан соңғыларын қойшылар шешіп қоя береді. Ҽлгі
бҽйбіше ҥйіне келіп, қатындарға шашыратқы береді. Яғни шашу деген
болар»
1
.
Ҽ.Диваев бураны інгенмен шағылыстыру салты туралы да жазады:
«Бағанағы бура тҥйені алып келіп, ...қатындар ҧстап, ҧрғашы тҥйеге алып
барып салады: сідігің алтын болсын, інген тапсаң, сҥтті болсын, атан тапсаң,
кҥшті болсын деп тҧрады»
2
.
Бҧл салттың сілемінен халықтың ежелгі тҥсінігі мен байырғы наным-
сенімінен хабар беретін кҿптеген қызғылықты жайтты аңғарып отырмыз.
Байқасақ, малды шағылыстыру рҽсіміне кҿбінде ҽйелдер қатысып отыр.
Бҧнда ҽйел мен тары ҿсіп-ҿнуді, молаюды меңзеп тҧр. Қазақтың байырғы
дҥниетанымында ҽйел ҽрдайым қҧтты қҧйып алушы, жиып алушы ыдысқа
баланады.
Ҽрине, мал шаруашылығына қатысты айтылатын фольклор қарастырған
ҥлгілермен шектелмейді. Мҧнда бақташылықпен кҥнелткен елдің ерте
заманнан ҿз тҧрмысын жақсарту ҥшін қолындағы малына қалай қарайтынын
білдіретін, оған деген ҿз қарым-қатынасын кҿрсететін басты-басты деп
саналған ғҧрыптар мен фольклор талданды. Талданған ҿлең-жырлар,
негізінен, тҧрмыстық міндет атқарғанмен олардың кҿркемдік қасиеттері де
жоқ емес. Ҽлбетте, ҧзақ уақыт бойы бҥкіл фольклормен бірге ҿмір
сҥргендіктен олар дҽстҥрлі ҿлең формасын, поэтикасын қабылдаған, сҿйтіп,
1
Диваев Ҽ. Тарту. Алматы, 1992. 171-б.
2
Диваев Ҽ. Тарту. Алматы, 1992. 172-б.
47
орындалу барысында эстетикалық та мақсат кҿздеген. Мҧны, ҽсіресе, мал
тҿлден жерігенде айтылатын «тҿйгелеу жырын» қоңыр ҽуенмен
1
орындау
қажеттігінен жҽне жырдың ҧйқасты, ырғақты болуынан кҿруге болады.
Ендеше бағзы дҽуірлерден келе жатқан бҧл мҧралар кҿркем тҥрге
жақындаған деп айтуға негіз бар.
Достарыңызбен бөлісу: |