1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ


Жауапты шығарушы – Әлмҧханова Р.Т



бет2/127
Дата29.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#144657
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127
Байланысты:
1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ-emirsaba.org

Жауапты шығарушы – Әлмҧханова Р.Т., филология ғылымдарының 
кандидаты.
Қ 17 Қазақ ҽдебиетінің тарихы. Он томдық. 1-том.

Алматы. ҚАЗақпарат, 2007. – б.


ISBN 
«Қазақ ҽдебиеті тарихының» бірінші томы ҧлттық фольклорымыздың 

тарихына арналған. Осы уақытқа дейін фольклор тарихи тҧрғыдан зерттелген


емес. Бҧл томда тҧңғыш рет қазақ фольклорының ҧзақ даму жолдары 
қарастырылған. Атап айтқанда, ежелгі замандағы фольклордың сипаты, орта
ғасырларда фольклордың кҿркем руханиятқа айналғаны жҽне жаңа дҽуірде 
фольклор жанрларының ҿзгеріп, соны формалардың пайда болғаны
зерттелген. Соның нҽтижесінде фольклордың кҿне тҥрлері есте жоқ ескі 
заманда туып, алғашқы синкреттіліктен арылғаны, кҿп ғасырлар бойы
дамудың арқасында қарапайымдықтан кҿркемдікке жеткені, сҿйтіп қазіргі 
кҿп жанрлы, профессионалды ҽдебиетімізге, ҿнерімізге негіз болғаны
дҽлелденген. 

ББК 83.3. (5 Қаз)

ISBN © М.О.Ҽуезов атындағы Ҽдебиет жҽне ҿнер институты, 2007 
© «ҚАЗақпарат» баспасы, кҿркемдеу, 2007



7

РЕДАКЦИЯЛЫҚ БАС АЛҚАДАН 

Кезінде ҿте жоғары баға алған «Қазақ ҽдебиетінің тарихы» атты 6 
кітаптан тҧратын іргелі еңбектің жарық кҿргеніне 40 жылдан астам уақыт
ҿтті. Содан бері қоғамдық ҿмірде орасан ҿзгерістер болды, саяси-
экономикалық реформалар жҥргізілді. Бҥкіл ҽлемге ықпал жасаған Советтік
Социалистік Республикалар Одағы деген империя қҧлады. Соның 
нҽтижесінде отарлықта болған ҧлттық республикалар жеке-жеке мемлекет
қҧрып, тҽуелсіздікке ие болды. Кеңес ҿкіметінің қҧлауымен бірге 
Коммунистік партия да биліктен қуылды. Сҿйтіп, коммунизм идеясы мен
коммунистік идеология да ресми ҿмірден шеттетілді. Социалистік ҿмір 
салтының орнына капиталистік орнықты. Жаңадан пайда болған тҽуелсіз
мемлекеттер сияқты Қазақстан Республикасы да нарықтық экономикаға 
кҿшіп, соның заңдылығына сҽйкес ҿмір сҥре бастады. Осының бҽрі қоғамның
рухани ҿміріне зор ҽсер етті. Тҽуелсіздіктің қарсаңында, дҽлірек айтқанда 
1985-86 жылдары басталған «қайта қҧру» ҥдерісінің кезінде компартияның
таптық солақай идеологиясының салдарынан «ҧмыттырылған» кҿптеген 
талантты ақын-жазушыларымыз ақталды, олардың шығармалары жарыққа
шығарылды, зерттеле бастады. Ал, Тҽуелсіздікке қол жеткеннен кейінгі 
кезеңде цензура мен идеологиялық қыспақ жойылғанының арқасында бҧрын
жабық жатқан деректер, жаңа есімдер, белгісіз боп келген яки тыйымға 
тҥскен
шығармалар 
анықталды.
Сонымен

қатар
мҽдениетімізде, 


ҽдебиетімізде, ғылымда жаңа кҿзқарас, плюрализм пайда болды, бҧрынғы
халықтық мҧраға, ақын-жыраулар шығармашылығына деген қатынас оңға 
ҿзгерді, ҽдебиетті, ҿнерді бағалауда жаңа шарттар мен соны ҧғымдар,
тҧжырымдар қалыптасты. Кеңес ҿкіметіне дейінгі жҽне ХХ ғасырда дҥниеге 
келген қҧндылықтарымызды жан-жақты, объективті тҥрде бағамдауға
мҥмкіндік туды. Мемлекет тарапынан да бҧл мҽселеге ҥлкен мҽн берілді. 
Соның айқын бір айғағы – жҥзеге асып жатқан «Мҽдени мҧра» атты
Мемлекеттік бағдарлама. Бҧл бағдарламада да кҿп ғасырлық фольклорымыз 
бен ҽдебиетіміздің тарихын зерттеу қажеттігі нақтылап айтылды. Міне, осы
айтылған жағдаяттар қазақ ҽдебиетінің тарихын жаңа тҧрғыда жазуды 
міндеттеді.
Осы ауыр да жауапты міндетті М.О.Ҽуезов атындағы Ҽдебиет жҽне 
ҿнер институты ҿз мойнына алып, «Қазақ ҽдебиетінің тарихын» 10 том
кҿлемінде жазып, жарыққа шығарып отыр. Оның қамтыған мерзімі ежелгі 
заманнан бҥгінгі кҥнге дейінгі, дҽлірек айтқанда 2001 жылға дейінгі уақыт.
Яғни, шамамен айтқанда, бірнеше мыңжылдықты қамтиды. Бҧл еңбектің ең 
басты жаңалығы – ҽдебиетті, сҿз ҿнерін зерттеуде, шығармаларды талдауда
мҥмкіндігінше саяси-идеологиялық ҧстанымның қолданылмауы жҽне ҧлттық 
ҽдебиетіміздің кҿркемдік, жанрлық жағынан даму барысын жҥйелі тҥрде
зерделеу, оның ҿнерлік заңдылықтары мен қасиеттерін ашу. Екінші сҿзбен 
айтқанда, біздің бҥгінгі ҽдебиетіміздің қайнар-кҿзі қандай еді, оның
жанрлары ҿз бастауын қайдан алды, олар ҽр дҽуірде қандай тҥрде болды, 
қандай ҿзгерістерді бастан кешірді, бҥгінгі жағдайы, дамуы қалай, міне, 10



8
томнан тҧратын еңбек осы мҽселелерді қарастырады. Ҽр томның ҿзінің 


міндеті мен аспектісі бар, олар жеке-жеке томдардың кіріспелерінде


айтылған. 
Кеңес Одағы кезінде біздің ҽдебиетті «младописьменная литература»
санатында қарайтын. Бҧл тҧжырымның қате екенін ҿмір кҿрсетті. Сондықтан 
айтылмыш еңбектің тҧғырлық концепциясы – бізге мҧра боп жеткен сҿз
ҿнеріміз ерте заманнан бері ҥш тҥрлі болғаны жҽне олардың бір-бірімен 
қатар ғҧмыр кешіп, дамығаны ақиқат. Олар – фольклор, авторлық ауыз
ҽдебиеті жҽне жазба ҽдебиет. Фольклор – есте жоқ ескі рулық заманда туып, 
біздің дҽуірімізге жетіп, бҥгінгі мҽдениетіміздің бір бҿлігі болып отыр. Оның
даму жолдары мен кезеңдері тҧңғыш рет тарихи тҧрғыдан зерделенді. 
Фольклордың мифтік, діни-нанымдық, ғҧрыптық негізде пайда болған ең
кҿне нҧсқаларының қалай жҽне қандай жолдармен кҿркем фольклорға 
айналғаны біртҧтас ҥдеріс ретінде қарастырылды. Сҿйтіп, ҧлттық
фольклорымыз ежелгі заманда, орта ғасырларда, жаңа дҽуірде қандай болды, 
оның қарапайымдықтан кҿркемдікке жетуі қалай жҥрді деген мҽселелер ҿз
шешімін тапты. Жалпы, фольклордың ҿзі мҥлде жаңаша зерттелді. 
Бҧрын жазылған «Қазақ ҽдебиетінің тарихында», басқа да еңбектерде
«ауыз ҽдебиеті» деген ҧғымға фольклорды да, ақын-жыраулардың 
шығармаларын да сыйғызып келдік. Екеуінің ара-жігі толық ашылмады.
Соңғы жылдарда сҿз ҿнерінің осы екі тҥрін бҿліп, бірін «фольклор», 
екіншісін «авторлық ауыз ҽдебиеті» деп тану қажеттігі дҽлелденіп жҥр.
Еңбектің авторлық ҧжымы екінші тҧжырымды қисынды деп тауып, авторлық 
ауыз ҽдебиетін бҿле-жармай, жалпы ҽдеби дамудың арнасында қарастырды.
Мҧнда бір байқалған заңдылық – кҿшпелі-бақташылық салттағы 
мемлекеттерде міндетті тҥрде жыраулар институты болатындығы. Оны кҿне
Тҥркілер қағанаты мен Алтын Орда, ҽсіресе, Қазақ хандығы тҧсындағы
ҽдебиеттен аңғаруға болады.
Жазба ҽдебиетіміздің де ертеден бері ҿмір сҥріп келе жатқаны еңбектің 
арнаулы томдарында айқын кҿрсетілген. Ежелгі сақ, ғҧн, ҥйсіндерден қалған
ҽдеби жҽдігерлер, тҥркілер қағанатының тасқа қашап жазған мҽтіндері, 
сондай-ақ орта ғасырларда қолжазба қалпында сақталған шығармалар мен
жаңа дҽуірде баспадан шыққан туындылар – бҽрі тҥгелімен жазба ҽдебиетке 
жатады. Рас, Қазақ хандығына дейінгі ҽдебиет ескерткіштері – бҥкіл тҥркі
халықтарына ортақ. Ендеше, оларды біз де ҽдебиетіміздің дҥниелері деп 
қабылдауымыз керек. Осы идея қол жеткен материалдар негізінде
дҽлелденді. 
Жаңа дҽуірдегі ҽдебиетіміз Кеңес ҿкіметі тҧсында ең кҿп жапа шеккені
белгілі. ХІХ ғасырда жасаған Дулат Бабатайҧлының, Шортанбай 
Қанайҧлының, Мҧрат Мҿңкеҧлының, Шҽңгерей Бҿкеевтің шығармашылығы
жаңа тҧрғыда қаралып, жаңаша бағамдалды. Сондай-ақ ХІХ-ХХ ғасырлар 
аралығында ҿмір сҥріп, тарихтан шығарылып тастаған Шҽкҽрім
Қҧдайбердіҧлы, Мҽшһҥр Жҥсіп Кҿпейҧлы, Ҽлихан Бҿкейханов, Ахмет 
Байтҧрсынов, Міржақып Дулатов, Жҥсіпбек Аймауытов, Мағжан Жҧмабаев,
Ғҧмар Қарашев, Нарманбет Орманбетҧлының, т.б. ақын-жазушыларымыздың 


9
шығармалары бҧл еңбекте арнайы талданып лайықты бағасын алды. Жҽне 


қисынсыз дауға ҧшыраған «Абай мектебі» ҿкілдерінің де шығармашылығы


қамтылды. ХХ ғасырда ҧлттық ҽдебиетімізді биікке кҿтеріп, ҽлемдік арнаға 
шығарған аса талантты қаламгерлеріміздің шығармашылығы кең ҽрі
объективті тҥрде, жаңа кҿзқарас негізінде талданды. 
Тҽуелсіздікке ие болғаннан соң ҽдебиет жаңа арнаға тҥсті, оның
тақырыптық аясы кеңейді, кҿркемдік-шығармашылық мҥмкіндігі артты. 
Оқырман назарына ҧсынылып отырған осы ҧжымдық еңбектің соңғы, 10-шы
томы Тҽуелсіздіктің алғашқы он жылындағы ҽдеби-кҿркем ҥдеріске арналды. 
Мҧнда ҽдебиеттің проза, поэзия, драматургия жанрлары жан-жақты
талданып, олардың ішкі тҥрлері де сипатталды. Бҧл шақтағы ҽдебиеттің 
социалистік реализм ҽдісінен шығып, идеологиялық ҧстанымнан тазара
бастағаны жҽне плюрализмге қарай бет бҧрғаны байқалады. Қаламгерлер 
ҽдебиеттің, ҿнердің міндет-мақсаты ҿзгергенін, ендігі жерде шығарма тек
кҿркемдік-эстетикалық қҧндылығы жағынан бағаланатынын сезінген секілді. 
Мҧны осы он жыл ішінде шыққан бірсыпыра романның рухани, имандылық
мҽселелерге кҿңіл бҿлгені айғақтайды. Сонымен бірге елдің ҽр дҽуірдегі 
тарихы, тыныс-тіршілігі де біраз шығармаларға арқау болғаны кҿрінеді.
Жалпы, Тҽуелсіздік жылдары ҽдебиетіміз қай жағынан болса да жаңара 
бастағаны айқын аңғарылады.
Сонымен, қорыта айтқанда, аса кҥрделі ҽрі ҥлкен жҧмыс аяқталып, 
жҧртшылыққа ҧсынылып отыр. Сҿз жоқ, мҧндай ауқымды еңбектің
жетістігімен бірге кемшіліктері де болады. Ҿкінішке қарай 70 жыл бойы 
санаға сіңген, ҧстанымға айналған кеңестік кейбір ҧғымдар зерттеуде ҽлі де
болса бой кҿрсетеді. Сонымен қатар «Ҽдебиет тарихына» енбей қалған 
қаламгерлер де жоқ емес. Бірақ авторлық ҧжым бҧл тҧста мынадай шартты
ҧстанды: ҽдебиет тарихы кҿркем ойдың даму жолдары мен заңдылықтарын 
қарастырады. Сол себепті оған қоғамның, халықтың рухани ҿміріне ҥлкен
ҽсер еткен, мҽдениеттің, эстетиканың дамуына айтарлықтай ҥлес қосқан, 
ҧлттық кҿркем ойды биікке кҿтерген аса кҿрнекті суреткерлер енеді,
тарихтан орын алуға лайық деп солар танылуға тиіс деген принцип негізге 
алынды. Бҧрынғы «Ҽдебиет тарихында» болған кейбір авторлардың жаңа
жазылған «Ҽдебиет тарихына» кірмеу себебі – осы. Бҥгінгі ақын-
жазушыларымыздың тарихтағы орнын келешек ҧрпақ анықтайды деп
сенеміз. 




10




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет