қалыптасқан, дҽстҥрлі канондарға болар-болмас вариациялар жасап отырады.
Известия общества археологии, истории и этнографии. Казань, 1899. Т.ХV. Вып. 3. С. 315.
174
тҧрғандай, кішігірім театрдың немесе цирктің қызметін атқаратындықтан
оған қатысушылар бақсыға болысып, жын қуу ҥшін ғана келмейді, барды-
жоқты жақсысын киініп, кҿңіл кҿтеру ҥшін де жиналған. Мҧнда ҽртҥрлі
эротикалық қимылдар да кҿрсетілетіндіктен (айталық, кейбір бақсы
жолбарыс болып арқырап, ҽйелдердің ҥстіне асылатын немесе олардың ҧятты
жеріне қол жҥгіртетін), бай-мырзалар ондай жерге бойжеткен қыздарын
жібермеуге тырысатын. Ойын, ҽдетте, кешқҧрым басталатын. Оған дейін
бақсы арнайы даярланған дҽмге отырады.
Бақсы ойынының іңірге қарата ҿткерілуінің себебі мынада. Жындар
ҿмірі адамзат ҿміріне қарама-қайшы бағытта дамиды деп саналған. Адамның
тіршілігі, қарекеті жарық дҥниеге қатысты болса, жындардікі, керісінше,
қараңғылық ҽлеміне байланысты. Жындар кешке қарай қимыл-қозғалысқа
тҥсіп, адамдарға деген қастандық ҽрекетін кҿбінесе тҥнгі уақытта іске
асырады. Яғни шаманизмге тҽн жалпы сенім бойынша, жындар тҥнде
жортып, кҥндіз тынығады. Сондықтан Азияның, Африканың, Австралияның,
Солтҥстік Американың байырғы халықтарындағы бақсы (шаман) атаулы
жындармен негізінен тҥнге қарай алысады.
Бақсы ойыны ҿткеріліп жатқан ҥйде ошақта жанып жатқан оттан ғана
кҿмескі сҽуле шашырайды
1
. Ошаққа қазан кҿтерілсе, астындағы отқа кетпен,
кҥрек немесе басқадай темір заттар тасталып қыздырылатын.
Жын келгенде кҥркіреп,
Қызып тҧрсын дайын деп,
Отқа темір салады, –
деген ҿлең жолдарында да отқа темір салу рҽсімі анық кҿрінеді.
Қыздырылған темір ҽлтаман бақсы ойыны кезінде қажет. Одан басқа
нҽрселер де даярланатын.
Бақсы ойынына жҧрт жиналып болған соң есік жабылып, тҧтқасы
жіппенен байланып тасталатын. Оның себебі бақсыны жындары қысқан
кезде қаскҿй зиянкестер сырқаттың жанын есіктен ала қашуы мҥмкін деп
саналған
Достарыңызбен бөлісу: