1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ



бет5/127
Дата29.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#144657
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127
Байланысты:
1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ-emirsaba.org

ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫ:

СТАТУСЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 

«Фольклор» – ағылшын сҿзі, «халық даналығы» деген ҧғымды береді. 


Алайда, бҧрынғы СССР-ден басқа ҿркениетті елдерде «фольклор» кең
мағынада тҥсініледі. Оған халық музыкасын, халық биін, халық ҿлеңін, 
халық театрын, халық ҽдебиетін, халық қолҿнерін, ырымдар мен ғҧрыптарды,
салттар мен нанымдарды жатқызады. Сол себепті ол елдерде «фольклор» 
сҿзімен қатар кҿбінесе «этнография» сҿзін қолданады, ғылымын «этнология»
дейді. Ал, бҧрынғы СССР-ді жҽне социалистік лагерьді қҧраған елдерде 
«фольклор» терминімен тек халық ҽдебиетін, дҽлірек айтқанда, халықтың
ауызша туып, ауызша орындалатын шығармаларын атау орныққан. Бҧл 
дҽстҥр XIX ғасырдың екінші жартысында Ресейде, XX ғасырда соған қараған
халықтардың ғылымында орын тепті. 
Қазақ ғалымдары да осы ҥрдісті қолдап, фольклорға халық ҽдебиетін
(бҧған дейін ақындар поэзиясын да) жатқызу дҽстҥрін енгізді де, екі атауды 
аралас қолданып келеді. Бірақ «халық ҽдебиеті» деген атау ҽлем қабылдаған
«фольклор» ҧғымын толық бере алмайды. Мысалы, кҿркемдігі нашар, ҿнер 
деңгейі жоқ ауызша орындалатын шығармалар толық мағынада сҿз ҿнері,
яғни ҽдебиет бола ала ма? Сол сияқты алуан тҥрлі ырымдар, салттар мен 
нанымдар, бата, алғыс, қарғыс, арбау, жауын шақыру, кҥн жайлату,
жарапазандар ҿз мағынасындағы ҽдебиет бола қоймас. Ендеше, «халық 
ҽдебиеті» дегеннен гҿрі ҿркениетті мемлекеттер қолданатын «фольклор»
терминін қабылдап, орнықтыру жҿн сияқты. Ал, «халық ҽдебиеті» ҧғымын 
синоним ретінде кҿркем фольклорды, яғни ҿнер қасиеті бар шығармаларды
сипаттау ҥшін қолданған орынды болмақ. 


Фольклор – синкретті, кӛпфункциялы руханият. Ол ҽрі танымдық, ҽрі
эстетикалық қызмет атқарады. Фольклор тҽрбиелік мақсатта да 
пайдаланылады. Сонымен бірге фольклордың утилитарлық (қолданбалы)
функциясы да бар, яғни ол белгілі бір жағдайда тҧрмыстық қажетті ҿтейді. 
Фольклордың ең маңызды функциясы – эстетикалық жҽне сейілдік. (Ҽлбетте,
қажет болғанда, идеологиялық міндет те атқарады). Фольклор қызметінің 
мҧншалықты кҿп болуы, бір жағынан, оның синкреттілігінен туындаса,
екінші жағынан, ҽр жанрдың ҽр дҽуірде ҽртҥрлі міндет атқаруына жҽне 
фольклорлық
шығармалардың 
орындалу
мақсатына 
байланысты.
Утилитарлық жҽне тҽрбиелік мақсат кҿздеген фольклорлық шығармалардың 
кҿркемдік сапасы эстетикалық жҽне сейілдік қызмет атқаратын
туындылардың поэтикалық деңгейінен тҿменірек болады. Егер бірінші 
топтағы шығармаларда нені айту керек деген мақсат алға қойылса, екінші
топқа енетін туындыларда нені жҽне қалай айту керек мҽселесі бірінші 
кезекте тҧрады.
Осы уақытқа дейін біз фольклорды тек сҿз ҿнері ғана деп ҧғынып келдік. 
Бҧл тҥсінік фольклордың аясын тарылтады ҽрі сҿз ҿнерінің эстетикалық-
эмоциялық қасиетін тҿмендетеді. Ҿнер дегеніміз – ҿмірді, оқиғаны, 
қҧбылысты немесе сезімді кҿркем тҥрде бейнелеп, қайта жаңғырту. Олай



18


болса, арбау, алғыс, қарғыс немесе ҽртҥрлі ырымдар мен нанымдар
болмысты, я болмаса сезімді кҿркем тҥрде бейнелеуді, жаңғыртуды мақсат 
тҧтпайтындықтан сҿз ҿнері бола алмайды. Бҧған қоса, ҿнер болу ҥшін
шығарманың поэтикасы, композициясы, іс-ҽрекет атқаратын кейіпкерлері, 
олардың қақтығысы, т.б. қасиеті болуы керек. Осы тҧрғыдан келгенде,
ҧлттық сҿз ҿнерімізді ҥш тҥрге бҿлуге болады: фольклор, ауыз ҽдебиеті 
(ақын, жыраулар поэзиясы) жҽне жазба ҽдебиет. Бҧлардың ҥшеуіне де ортақ
белгілері болумен бірге ҽрқайсысының ҿзіндік ерекшеліктері бар. 
Фольклордың ҥш сипаты бар: а) фольклор – ежелгі дҥниетаным жҽне кҿне
мҽдениет, ҽрі мҧра; ҽ) фольклор – тҧрмыстың бір бҿлшегі; б) фольклор – сҿз 
ҿнері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет