Жағдаяттық күй аңыздары. Фольклорлық жанр ретінде жағдаятқа
мына сияқты анықтама беруге болады: кҥнделікті ҿмір ағымында, ҽсіресе,
ҽлеуметтік тҧрмыс-тіршілікте белгілі бір адамның басынан ҿткен немесе
біреулер куҽ болған оқиғаның сҧхбат-ҽңгіме, ҥлгі-ҿнеге, мысал-айғақ ретінде
айтылуын жағдаят деп атайды. Ҽрине, жағдаяттық кҥй аңызы болу ҥшін
айтылар ҽңгіменің бҽрі де белгілі бір кҥйдің шығу себебі ретінде айтылуы
керек.
470
Жағдаяттық кҥй аңыздарының оқиғасы кҥнделікті ҿмір-тіршілік аясында
ҿткенімен, ол оқиға қаншалықты қарапайым болғанымен, бҽрібір ҿзіндік
тосындығы назар аудартады. Яғни бір ырғақты ҽлеуметтік-тҧрмыстық ҿмір
аясында да тосын жағдайлар, назар аударатын оқиғалар болып тҧрады деген
сҿз. Ондай жағдайлар тосын болғандықтан да кҥйдің дҥниеге келуіне себепші
болып отырады.
Фольклорда тҧрақты, қҧбылмалы жҽне ауыспалы элементтердің
болатыны табиғи қасиет. Алайда, фольклорлық жанрлар қаншалықты ҿзара
ықпалдасқанымен ешуақытта бірін-бірі жоққа шығара алмайды немесе бір-
бірімен қосылып кете алмайды. Сондықтан да кҥй аңызын ҿз алдына бір
бҿлек жанр деп, оның аясындағы мифтік, ҽпсаналық, аңыздық, жағдаяттық
сюжеттер мен мотивтерді ҿз алдына бҿлек-бҿлек жанр ретінде қарастыруға
ҽсте болмайды. Ҿйткені, кҥй аңызы жанрының мифтік, ҽпсаналық, аңыздық,
жағдаяттық тҥрде айтылуы оның ҿмір сҥру формасы. Былайша айтқанда,
кҥйдің шығу себебі миф, ҽпсана, аңыз, жағдаят тҥрінде айтылады да, мҧның
ҿзі кҥй аңызының жанрлық тҿл сипатын айғақтайды. Ҽлбетте, мифтің де,
ҽпсананың да, аңыздың да, жағдаяттың да ҿз алдына дербес фольклорлық
жанр екені рас. Тек мҧндай дербестікте кҿрініс табу ҥшін олар кҥйдің шығу
себебі ретінде емес, ҿз алдына оқшау айтылуы керек. Ал, кҥйдің шығу себебі
ретінде баяндалған соң-ақ ертегіге жатпайтын прозалық фольклордың
жанрлары ҿзінен-ҿзі кҥй аңызы жанрының сойылын соғып, кҥй аңызы
жанрын жасақтауға қызмет етеді. Сол себепті де кҥйдің дҥниеге келу тарихы
ретінде айтылса болды, жанрлық дербестігіне қарамастан миф те, ҽпсана да,
аңыз да, жағдаят та кҥй аңызы ретінде қабылданады. Міне, кҥй аңызы
жанрының ҽрі кҥрделі қҧрамын, ҽрі тҿл ерекшелігін білдіретін ҿзекті
қасиеттердің бірі осы.
Кҥй аңыздарының ішінде хикаялық аңыздардың кездеспейтіні назар
аудартады. Кҥй аңыздарын жинау, зерттеу барысында бес мыңдай кҥй
аңыздарын сараптан ҿткізгенде, хикаялық оқиғаға тҽн жезтырнақ, ҥббе,
албасты, кҥлдіргіш, жалғыз кҿзді дҽу, шайтан, дию, пері туралы айтылатын
бірде-бір кҥй аңызы кездеспеді. Мҧның себебі, біріншіден, кҥй аңыздарының
негізіне нақтылы ҿмір шындығын арқау ететіндігінен болса, екіншіден, кҥй
аңыздарына арқау болатын оқиғалардың міндетті тҥрде ғибраттық,
тағылымдық жҽне дерек берушілік сипатының болатындығынан деп
тҧжырымдау қисынды. Хикаялық кҥй аңыздарының ҧшыраспауының ҿзін
кҥй аңызы жанрына тҽн ерекшеліктердің бірі ретінде қабылдауға да болатын
шығар.
Келесі бір ойдың жосығы – кҥй аңыздарының дҥниеге келген уақытына
байланысты. Мҧның ҿзі кҥй аңызының қай кез-кезеңді сҿз ететіндігімен, қай
кездің дерек-мҽліметін жеткізетіндігімен сабақтас. Сҿз жоқ, бҧл мҽселе де
кҥй аңызының жанрлық ерекшелігін бажайлай тҥсуге септігін тигізуге тиіс.
Жалпы, фольклорлық туындылардың дҥниеге келген уақытына тарихи
зердемен ден қоюдың ҿзіндік қиындықтары бар. Ҽрбір хатқа тҥскен
фольклорлық мҽтін (текст) хатқа тҥспес бҧрын кҿптің жадында ҿмір сҥріп,
кҿпшіліктің талғам сҥзгісінен ҿткен кҿркем дҥниеге айналатыны белгілі.
471
Дҽстҥрді тҧғыр еткен кез келген фольклорлық туынды халықтың жадын
жерсіну (бытования) барысында ҿзгеру, тҥрлену, шыңдалу арқылы ғана
мҽтіндік қалыбын орнықтырады.
Кейбір фольклорлық туындылардың, оның ішінде кҥй аңыздарының да
сюжеттік негіздері мейлінше байырғы замандармен сабақтасып, тіптен,
алғашқы қауымдық фольклормен ҧштасып жатуы мҥмкін. Міне, осынау
мҽселелердің қай-қайсысы да фольклорлық туындылардың дҥниеге келген
уақытын анықтауды мейлінше қиындатады. Сол себептен де фольклорлық
туындылардың басым кҿпшілігінің дҥниеге келген уақытын анықтау болжал
(гипотеза) деңгейінде ғана жҥзеге асады.
Кҥй
аңыздарының
тҿл
табиғатынан
туындайтын
ҿзіндік
ерекшеліктерінің бар екені назар аудартады. Бҧл ретте, кҥй аңыздары,
біріншіден – халық кҥйлерінің аңыздары, екіншіден – халық композиторлары
кҥйлерінің аңыздары болып, екі арна қҧрайды. Осынау екі арнадағы кҥй
аңыздарының дҥниеге келген уақытын анықтау ҥшін екі тҥрлі талғам-
талапты басшылыққа алуға тура келеді. Халық кҥйлері аңызының дҥниеге
келген уақытын анықтау ҥшін аңыздың тарихи-деректік, тарихи-
этнографиялық болмысына бірінші кезекте мҽн берген жҿн. Яғни халық
кҥйлері аңыздарының оқиғалық (сюжеттік), дҥниетанымдық, наным-
сенімдік, ҿмір салттық деректері оның дҥниеге келген уақытын анықтауға
дес беретін бірден-бір айғақ болып табылады.
Ал, халық композиторлары кҥйлерінің аңыздарына, олардың дҥниеге
келген уақытына ден қойғанда, онда сҿз жоқ, бірінші кезекте кҥйдің
авторына, оның ҿмір сҥрген заманы мен ортасына назар аударылады. Рас,
халықтың кҥйші-композиторлары кейде шығаратын кҥйіне ҿзінен кҿп бҧрын
ҿткен тарихи оқиғаларды арқау ететін кездері болады. Мҽселен, Ықылас
Дҥкенҧлы (ХІХ-ХХ ғ.ғ.) ҿзінен бірнеше ғасыр бҧрын ҿмір сҥрген Шора
батырға (XVI ғ.) арнап «Қазан» кҥйін шығарады. Мҧндайда, ҽрине, кҥй
аңызының дҥниеге келген уақытын бір бҿлек, сол аңызға арқау болған
оқиғаның уақытын бір бҿлек зерделеу қажет. Яғни автордың ҿмір сҥрген
уақыты мен фольклорлық уақыттың екі бҿлек болатыны қаперге алынады.
Жалпы, кҥй аңыздарына арқау болатын уақыт аясы (диапазоны)
мейлінше кеңдігімен назар аудартады. Бҧл орайда қазақтың кҥй аңыздарына
арқау болған оқиғалар соңғы екі жарым, ҥш мың жылдық уақыт аясын
қамтиды деп сеніммен айтуға болады. Бҧл жерде кҥйдің шыққан мерзімі
емес, сол кҥйлер арналған тарихи оқиғалардың уақыт аясы сҿз болып
отырғаны ескеріледі. Мҽселен, «Қос мҥйізді Ескендір» атты халық кҥйі мен
М.Хамзиннің «Космонавт» кҥйін алайық. Бҧл кҥйлерге арқау болған тарихи
оқиғалардың арасында екі жарым мың жылға жуық уақыт жатыр.
Ҽдетте, фольклорлық проза атаулының танымдық, мағлҧматтық жҽне
кҿркемдік-тҽрбиелік қызметінің болатыны белгілі. Кҥй аңызы жанрының да
ҿн бойынан осы қасиеттерді кезіктіруге болады. Тек алғашқы екеуі, яғни
танымдық жҽне мағлҧматтық қасиеттері кҿркемдік-эстетикалық қасиетіне
қарағанда анағҧрлым басым тҥсіп жатады. Кҥй аңыздары ҿмір шындығын
бейнелеуге бейім болғандықтан кҿбінесе нақтылы ҿмірлік деректерді
472
жеткізуді нысана еткендіктен, оның сюжеттік жҽне кҿркемдік жағына
айтарлықтай мҽн берілмейді. Сол себепті де кҥй аңыздарының, ҽдетте,
сюжеттік арқауы бостау, композициялық қҧрылысы шашыраңқылау жҽне
кҿркемдік тҧтастығы ҽлсіздеу болып келеді. Оның есесіне берер мағлҧматы
мен айтар дерегі ҿзінің мҽнділігімен, молдығымен, шындықты нысана
етуімен ден қойдырады. Сондай-ақ айтушысына байланысты кҥй
аңыздарының тіл-стилінің шалымды, ширақ болып келетіні назар аудартады.
Кҥй мен кҥй аңыздарының арақатынасы айтыс кҥйлерінен тереңірек
байқалады. Кҥймен айтысу, кҥймен сайысу арқылы ҿнерлерін сынға салу
қазақ кҥйшілерінің ертеден бар дҽстҥрі. Елге есімі мҽлім кҥйшілердің қай-
қайсысы да небір ҽсем ҿрнекті кҥйлерін егес ҥстінде тҿгіп тастайтын болған.
Кҥй айтысында ердің намысы ғана емес, елдің де намысы сынға тҥскен
сҽттер аз емес. Бҧған қазақ пен тҥркімен, қазақ пен қырғыз, қазақ пен қалмақ
арасында болған кҥйшілер сайысы, соған орай туындаған толып жатқан
кҥйлер куҽ. Дҽулеткерей, Ҿскенбай сынды кҥйшілердің тҥркімен
кҥйшілерімен, Ықылас, Тоқа сынды кҥйшілердің қырғыз кҥйшілерімен арада
болған кҥй сайыстарында дҥниеге келген небір сиқырлы саздар мен шежірелі
аңыз-ҽңгімелері ҧрпаққа мҧра. Кҥй айтыстары тек ҽсем сазды кҥйлерді ғана
дҥниеге ҽкеліп қоймайды, сол кҥйлердің қалай дҥниеге келгенін баяндайтын
тамаша аңыз-ҽңгімені де туындатып отырады. Мҧндай аңыз-ҽңгімелер ҿзінің
деректілігімен, ширыққан оқиғасымен ерекшеленеді.
Халық ҧғымында тармақты кҥйлер деп бір тақырып тҿңірегіне
топтасқан, белгілі бір кҥйшілік мектепті шыңдауға ҥлес қосатын, бір атаумен
аталатын кҥйлер тізбегін атайды. Қазақтың тармақты кҥйлерін «Бақсы
сарыны», «Тоғызтарау», «Кеңес кҥйі», «Аққу», «Ақжелең», «Қосбасар»,
«Ақсақ қҧлан», «Ноғайлы сарыны», «Байжҧма», «Кертолғау», т.б. деп
жіктеуге болады. Халықтың дҽстҥрлі талғам-танымында осынау тармақты
кҥйлер «Алпыс екі тармақты ақжелең», «Қырық тармақты қосбасар», «Тоғыз
тармақты кертолғау» деген сияқты тҧрақты сҿз тіркестерімен ҽспеттеле
аталады.
Қазақ кҥйлері негізінен қобыз, домбыра, сыбызғы, жетіген, шаңқобыз,
сазсырнай сияқты аспаптарда тартылып, дҥниеге келіп отырған. Кҿптеген
кҥй аңыздары осынау дҽстҥрлі аспаптардың қалай пайда болуына, қандай
ерекшеліктерінің бар екеніне, дыбыс мҥмкіндіктеріне, қҧлақ кҥйіне, ойық-
пернелеріне, ішек-тиектерінің қызметіне қатысты баяндалып, халықтың
музыкалық таным-тҥсінігі туралы қызықты да мол мағлҧмат береді.
Достарыңызбен бөлісу: |