473
қазақ халқы тізе бҥкпеді, сол шақтағы
дана басшылар мен қайсар
батырлардың ҧйымдастыруымен ата жауға тойтарыс берді, сҿйтіп елдігін
сақтап қалды. Осы бір қайғысы да, қуанышы да мол болған дҽуір халық ауыз
ҽдебиетінде кҿрініс тауып, кескілескен ҧрыста ерен ерлік кҿрсеткен батырлар
туралы, оларға жҿн сілтеп, жҧртты жауға қарсы
бастаған кемеңгер хандар
мен сҧлтандар жайында кҿптеген аңыз, ҽңгімелер, ҿлең-жырлар пайда болды.
Ҽсіресе, тарихи жырлар сол заманғы оқиғаларды, ерлер мен ел тҧтқаларды
эпостық дҽстҥрде бейнелегенін айту керек. Ҽрине, Абылай, Олжабай,
Қабанбай туралы ҥлкен жырлар сол ХVІІІ ғасырдың ҿзінде пайда бола
қоймаған болу керек. Ол кезде шағын ҿлеңдер мен ҽртҥрлі аңыз, ҽңгіме
туған. Айталық, «Қап қағылған», «Қаратаудың басынан кҿш келеді»,
«Қалмақ қырылған» сияқтылар. Сол секілді
Абылай мен оның батырлары
туралы да ҽуелде ҿлеңдер мен аңыздар шығып, елге тараған. Шоқан жазып
алған «ХVІІІ ғасырдағы батырлар туралы тарихи аңыздар» мен «Абылай»,
«Орақ» туралы жырлар ойымызды дҽлелдей тҥседі.
Біздіңше, ХVІІІ
ғасырдағы оқиғалар мен қайраткерлер туралы шығармалар жанрлық сипаты
жағынан батырлық эпосқа жақын, соның поэтикасын бойына сіңірген, тіпті,
кей-кейде кҿне жанрларға тҽн мифтік ҧғымдарды,
ғажайып сарындарды да
пайдаланған. Мысалға ғайыптан туу, тҥс кҿру, жастай қаһармандық таныту,
қаһармандықпен ҥйлену, ат таңдау тҽрізді ертегі мен эпостағы тҧрақты
сарындарды айтуға болады.
ХVІІІ ғасырдағы оқиғалар жайында баяндайтын жырлардың қатарында
«Абылай туралы жыр», «Олжабай батыр», «Қабанбай батыр», «Сырым
батыр», «Бҿген батыр», «Ҿтеген батыр», т.б. шығармалар бар. Олардың
кейбірі жҿнінде азды-кҿпті жазылды, алайда, кҿпшілігі ҽлі кҥнге
дейін
оқымыстылар назарынан тыс қалып келеді. Бҧл кезеңдегі туындылардың
ішіндегі ең кҿрнектілері Абылай хан есімімен байланысты. Жалпы,
айтылмыш дҽуір туралы баяндайтын тарихи жырлар – мемлекеттік эпос
деуге де келеді. Мҧнда батырлар ҿз
руын қорғамайды, бҥкіл қазақтың
тҽуелсіздігі ҥшін шайқасады. Олар бҧрынғыдай жауға жеке-жеке шаппайды,
мемлекет басшысы Абылайдың қол астында, соның нҧсқауымен соғысады.
Шоқанның деректеріне қарағанда, Абылайдың туының астында 20-дан астам
батыр ҧрыс салып жҥреді. Олар ҽр
рудан шыққандар, бҽрі Абылайға
бағынады, соның бҧйрығын орындайды.
* * *
Достарыңызбен бөлісу: