1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ



бет30/127
Дата29.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#144657
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   127
Байланысты:
1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ-emirsaba.org

Алғыс (бата) 
Кҿне тҥркі тілінде «алкыш» сҿзінің болуының ҿзі – оның ҿте ерте 

заманда қолданылғанын айғақтайды. Мысалы, «Кҿне тҥркі сҿздігінде» былай


деп жазылған: «Алкыш – 1. хвала, благословение, прославление; 2. рел. 
молитвенно-хвалебное песнопение, моление, молитва, гимн»
3
. Демек, алғыс

дегеніміз: 1) мақтау, тілек, даңқтау болса, 2) діни мазмҧндағы жалбарына


мадақтау ҿлеңі, жалыну, жалбарыну екен. Тҥркі халықтарының 
фольклорында алғыстың осы екі мағынасы да сақталған, рас, ҽрқайсысында
сҽл-пҽл айырмашылық бар. Алдымен сҿздің айтылу тҥрі мынадай: 
алтайлықтар «алғыш» немесе «алкыш», татарлар «алкыш», ҧйғырлар
«алкиш», тувалар «алгыш» немесе «алгыж»
4
, якуттар (сахалар) «алгыс»

5
дейді. Ал, енді осы сҿзге қандай анықтама берілген, соған кҿңіл бҿлейік. 


Алтай тҧрғындары «игі тілек, ҿтіну, жалбарыну» десе, татарларда «ізгі тілек»


делінеді. Ҧйғырлар алғыс деп сҽлемдесуді, қол соғуды айтады. Сахалар алғыс 
деп ҽртҥрлі рух-иелерге арналған мақтау ҿлеңдерін, соларға бағышталған
жалыну, жалбарыну сҿздерін, адамдарға арналған жақсы тілектерді тҥсінеді. 
Осы аталған халықтардың бҽрінде алғыс ҥлкен мерекеде, ҥйлену тойында,
1
2005 жылы М.Ҽуезов атындағы Ҽдебиет жҽне ҿнер институтының Моңғолия қазақтары арасында 

жҥргізген фольклорлық-музыкалық экспедициясы кезінде бҧл мҽліметтерді айтып бергендер: 15.11.1954


жылы туған Жанатхан Тҥркістанҧлы; 1924 жылы туған Қҧмархан Ысқақҧлы; 15.03.1935 жылы туған Бҽйтей 
Бабиҧлы. Экспедиция мҥшелері:Ҽ.Нҧрбаев пен А.Тойшанҧлы. Бҥркітті «сырықтау» рҽсімі туралы тағы да
оқуыңызға болады: Мыңжанҧлы Н. Қазақтың мифтік аңыздары.Ҥрімжі, 1996. 79-б. 
2
Монгол ес заншлын их тайлбар толь. Ҧланбатыр, 1992. 475-б.; Дуламын Бум-очир. Монголын бҿҿгийн зан 

ҥйл.Ҧланбатыр, 2002. 129-б.


3
Древнетюркский словарь. Л., 1969. С.38. 

4
Монгуш Кенин-Лопсан. Тыва хамнарның торулгалары. Кызыл, 2002. 177, 295-б. 


5
Қараңыз: Русско-алтайский словарь. М., 1964. Стлб б.31.; Каташ С.Алкыш сос (благопожелания) – древний 

жанр алтайского фольклора // Улагашевские чтения. Горно-Алтайск, 1979. Вып.1. С.63-77; Уйгуро-русский


словарь. М., 1968. С.48; Татар фольклоры жанрлары. Казан, 1978. 94-б.


142


тағы басқа қуанышты басқосуларда айтылады екен. Олай болса, алғыс –
бірнеше халықтың фольклорында кездесетін кҿне жанр ғана емес, ол 
сонымен қатар бойына ҽлденеше жанрдың белгісін сіңірген синкретті жанр
екенін кҿреміз. Сондықтан ерте замандарда алғыс ҽрі жалбарыну, ҽрі арнау, 
ҽрі мадақтау, ҽрі тілек рҿлдерін атқарған. Мҧны, ҽсіресе, ислам дінін
қабылдамаған жҧрттың фольклорынан анық байқауға болады. Сондықтан 
ерте замандарда тҥркі халықтарының бҽрі алғысты ҽрі жалбарыну, ҽрі
арнау, ҽрі мадақтау, ҽрі тілек ретінде қолданғаны белгілі
1
. Мҧны, ҽсіресе, 

ислам дінін қабылдамаған жҧрттың фольклорынан анық байқауға болады.


Мысалға алтайлықтар аңға шыққанда отқа табынып айтатын мына алкышты 
оқып кҿрейік:
Алас, алас, 
Отыз басты от ене,
Қырық басты қыз ене, 
Шикі болса пысырған,
Тоңды болса еріткен, 
Ата болып айланып тҥс,
Ене болып иіліп тҥс!
2

Аңшы биік таулардың асуынан асқан сайын тоқтап, сол таудың рух-


иесіне бағыштап арша тҧтатып, киелі ағашқа ақтық байлап, тағы да алкыш 
айтқан:
Ал тайга асуын берсін, 

Ағын су кешуін берсін,


Алтайым аңын аттырсын, 
Жорық жеңіл болсын!
3

Ҽрине, бҧл алкыштарда аңшы от пен таудың иесіне жалбарынып, арнайы 


ырым жасағаны кҿрініс тапқан. Енді алтайлықтардың отбасылық-тҧрмыстық
алкышында келінге айтылатын ізгі тілегін кҿрейік: 
Алдыңғы етегін бала бассын, 

Артқы етегін мал бассын,


Жақтыға айттырма, 
Иықтыға бастырма,
Ішкен асың ас болсын, 
Ішер жерің кҿп болсын,
Жҥйірік атқа мін, 
Атың болса, терлемесін,
1
Уахатов Б. Қазақтың тҧрмыс-салт жырларының типологиясы. Алматы, 1983. 79-81-б. 

2
Каташ С.Алкыш сос (благопожелания) – древний жанр алтайского фольклора // Улагашевские чтения. 


Горно-Алтайск, 1979. Вып.1. С.70
3
Каташ С.Алкыш сос (благопожелания) – древний жанр алтайского фольклора // Улагашевские чтения. 

Горно-Алтайск, 1979. Вып.1. С.70-71.





143


Қолың-арқаң ауырмасын,
Қолтығың сыздамасын!
1
.
Бҧл алкыш біздегі батаға ҧқсайды. Демек, алтай алкышында біздегі
жеке жанрлар – тілек, жалбарыну, бата, тіпті бақсы сарыны


2
да араласып 
тҧрғандығы кҿрінеді. Ал, енді біздегі алғыс қалай?
«Қазақ тілінің тҥсіндірме сҿздігінде» «алғыс» сҿзіне мынадай тҥсінік 
берілген: 1. Ізгі ниет, ықылас. 2. Ҥздік еңбегі ҥшін айтылатын ресми қҧрмет
3

Алайда, қазақтағы «алғыс» сҿзінің мағынасы осымен ғана шектелмейді.


Оның этикалық, этнографиялық, фольклорлық мҽнісі кең. Рас, қазақтың
«алғысы» кҿнелікке тҽн синкретті емес, бірақ ол тек «ізгі ниетті» ғана
білдірмейді. Бҧл – бір ғана сипаты. Кең мағынада қарайтын болсақ, біз 
«алғыс» қай кезде қандай жағдайда айтылады жҽне оны кім айтады, соған
кҿңіл бҿлейік. 
Біздегі «алғыс» сҿзі, ҽдетте, ҥлкен бір істің атқарылып біткен кезінде,
яки болмаса жас адамның ҥлкен қарияға жасаған игілікті іс-ҽрекетіне 
қатысты айтылады. Яғни қазақтағы «алғыс» ежелгі сипатын ҿзгерткен, ол
рух-иеге немесе басқа бір қҧдіретке жалыну емес. Керісінше, қазақ «алғысы» 
– ризашылық белгісі, игі іс атқарған адамға деген ерекше қатынасты
кҿрсетеді. Сол себепті қазақ жастары ҥлкеннің алғысын алуға тырысқан. 
Мҽселен, олар тойда, аста жиналған ҥлкендердің алдынан шығып, аттарынан
қолтықтап тҥсіріп, ҥйге енгізеді. Сол кезде риза болған ақсақал «Қарағым, 
ғҧмырлы бол!» деп, ҿзінің рахметін айтады. Немесе, ҥйде жағалай отырған
адамдардың қолына жылы су қҧйып, орамал беріп, жастар қызмет етеді, ал, 
ҥлкендер қолын сҥртіп, жастарға «Кҿп жаса, шырағым!» – деп, ризашылық
сезімін білдіреді. Сол сияқты жас келін ҥйге келген кісіге, яки жасы ҥлкен 
адамға ізет кҿрсетіп, сҽлем етеді, оған «Қалқам, ҿркенің ҿссін» – деп, ҥлкен
кісі ҿзінің риза болғанын кҿрсетеді. Я болмаса жас адам ҥлкен кісінің 
ҽлдеқалай берген тапсырмасын дер кезінде ойдағыдай орындаса, қария оған
«Жасың ҧзақ болсын!» – деген сияқты алғыс айтып, екі жақтың да кҿңілі хош 
болады. Міне, қазақ фольклорындағы алғыс жанры тҧрмыспен, ғҧрыппен
тікелей байланысын жоғалтпаса да, ежелгі синкретті сипатын, ҿзгертіп, 
негізінен, этикалық тҧрғыда қолданылатын болған. Оның басты мақсаты –
жақсылық істеген адамға ризашылық білдіру, сол себепті алғыс ерте 
замандағыдай іс-ҽрекетті бастаудың алдында емес, сол шаруа атқарылған соң
айтылады жҽне ол рух-иеге немесе бір қҧдіретке жалынып, оны жҧмсарту 
ҥшін айтылмайды.
Қазақ алғысы нақты адамға қарата айтылады, сҿйтіп, ол екі адамның
бір-біріне деген ізгі ықыласын білдіреді. Алғысты риза болған адам айтады,
оны сҧрап алмайды, сондықтан бізде сахалардағыдай арнайы алғысшылар 
1
Каташ С.Алкыш сос (благопожелания) – древний жанр алтайского фольклора // Улагашевские чтения. 

Горно-Алтайск, 1979. Вып.1. С.76


2
Бақсы сарынын алтайлықтар алкыш деп те атаған. Бақсы алкыштары тҿмендегі еңбекте жарияланған: 

Анохин А.В. Материалы по шаманству у Алтайцев. Ленинград, 1924. С.66, 131-134, 136-137.


3
Қазақ тілінің тҥсіндірме сҿздігі. Алматы. 1974. 1-т. 211-б. 


144


болмайды. Сахаларда ҥлкен тойлар мен қуанышты жиындар басталмас бҧрын
алғысшылар ҽртҥрлі рух-иелерге, қҧдіретке қарата кҿлемді алғыс айтатын 
болған. Ондай алғыстардың қҧрылымы да біршама кҥрделі: бірталай рух-
иені, кереметтерді мадақтаған кіріспеден, содан соң соларға бағышталған 
тоғыз тҥрлі жалыну, жалбарынудан, одан кейін қорытынды ҿтініштен
тҧрады. Алғыс айтылған соң сол қҧдіреттерге арнап қымыз шашады
1
.

Мҧндай кҿнелік белгі қазақ алғысында жоқ. Жалпы, қазақ фольклорында 


алғыс жанры ҿзінің байырғы мҽн-мағынасын, ҽлеуметтік-тҧрмыстық


қызметін жоғалтумен бірге жеке бір жанр ретінде де ҿмір сҥруден қала 
бастаған болу керек. Оның себебі кҿп. Біріншіден, ислам дінін ертерек
қабылдаған қазақ халқы бҧрынғы «алғыс» сҿзін «бата» сҿзімен алмастырып, 
«бата» сҿзіне «алғыстың» мҽн-мағынасын кҿшірген, сҿйтіп, кҥнделікті
ҿмірде «алғыс айтудың» орнына «бата беру» орныққан. Байқайтынымыз: 
алғысты риза болған жақ ҿзі айтса, батаны екінші жақ кҿбінесе «батаңызды
беріңіз!» – деп сҧрап алады. Екіншіден, «алғыс» сҿзі кейінгі уақыттарда 
ресми сипат алған. Яғни мекеме басшысы, я болмаса басқа лауазым иесі
белгілі бір істі атқарып, еңбек сіңірген адамға алғыс жариялайтын болған. 
Мҧнда алғыстың ризашылық белгісі сақталған, бірақ екі жақ таза ресми
қатынаста болып, бҧрынғы жеке адамның ішкі, шынайы сезімі кҿрініс 
бермейді.
Сонымен қазақ тҧрмысы мен фольклорында алғыстың орнын бата 
басқаны кҿрініп тҧр. Рас, алғыс ҽлі де ҥлкендер тарапынан жастарға
бағытталып айтылып жатады, бірақ ол ҿмірде ерте замандардағыдай ҥстем 
емес жҽне дҽстҥрлі фольклорда алғыс пен бата, тіпті, жалбарыну мен қарғыс
та араласып кеткен. Сондықтан кей жағдайда оларды дҿп басып, дҽл ажырату 
оңай емес. Оларды ажыратудың ең басты белгісі – сҿздің қай кезде, неге
байланысты айтылатындығы жҽне кім айтатыны ҽрі ол сҿзін кімге 
арнайтындығы. Міне, осы тҧрғыдан келгенде, мҽселен, алғыстың айтылуы
мен батаның берілуі екі бҿлек. Алғысты ҥлкен адам біткен істің соңында 
жасқа арнайды, ал, бата белгілі бір істің басталар алдында, я болмаса кейде
аяқталған соң айтылады. Айталық, алыс сапарға шығарда, немесе ҥлкен бір 
іске кірісерде, малды қҧрбандыққа шалар сҽтте, ас ішердің алдында, кейде
тамақ ішіп болған соң, т.б. Рас, тамақ ішіп болған соң айтылатын тілекті бата 
деу шартты, себебі оны «ас қайыру» деп атайды. Ҽдетте, бҧдан кейін дҧға
(Қҧраннан) оқылады. Атқарылатын іс-ҽрекеттің тҥріне жҽне айтылу 
ситуациясына қарай батаның бірнеше тҥрі болады: жолға шығардағы бата,
дастарқан батасы, шай батасы, ҥйленген екі жасқа бата, тҧсаукесер батасы, 
бесікке салу батасы, келінге бата, Наурыз батасы, т.б.
2
Осыған байланысты 

батаның тақырыбы мен мазмҧны ҽркелкі болып келеді.


Ерте заманда батаны кҿптің алдында да, жеке адамға да айтатын болған. 
Топ алдындағы батаны кҿбінесе елге сыйлы, жасы ҥлкен ақсақал айтқан, ол
жиналған кҿпшіліктің атынан ҥй иесіне немесе той, ас иесіне бата берген, 
1
Эргис Г.У. Очерки по якутскому фольклору. М., 1974. С.159 и след. 

2
Қараңыз: Абылқасымов Б. Наным-сенімдер ғҧрпының фольклоры. Хрестоматия. Алматы, 2004. 146-179-б.




145


сонымен бірге батасын, бір жағынан, сондағы қауымға да арнаған. Ал, жеке
жердегі бата нақты бір адамға беріліп, оған игі тілектер, жақсылық айтылған. 
Мҧндай батаны кҿп жағдайды ҽкесі баласына берген. Оның мысалын
эпостық жырлардан кҿруге болады.
Бата берудің ҿз жоралғысы бар. Бата беру ҿте қҧрметті іс деп саналады,
ҿйткені, бата – қасиетті сҿз деп есептеледі. Сондықтан бата айтыларда бата 
тілеуші адам немесе жамағат алақанын жайып, ишарат білдіруі тиіс. Сол
кезде ақсақал ҽуезді ҥнмен мҽнерлеп, киелі кейіпке еніп, бар ынтасымен 
ҿлеңдетіп, бата береді. Бата аяқталғанда жиналған қауым бір ауыздан
қуаттап, «Ҽумин. Айтқаныңыз келсін!» деп, бет сипап, ырыми қимыл 
жасайды. Яғни айтылған ақ тілекті, жҥзеге асқалы отырған рҽсімді
заңдастырып, куҽландырады деуге болады. 
Батаның қасиетті саналатыны оның атауы – Қҧранның бірінші сҥресі
«Фатихадан» туындаған
1
. Мҧны баталардың мҽтінінен де кҿруге мҥмкіндік 

бар:
Менің берген фатихам, 


Жаман қатынды алмаңыз деп,
Ҿтінемін, асылан
2
.
…Аллаң жар болсын,
Фатихам қабыл болсын. 

Кеткенің келіп, 


Кемтігің толсын


3

Бата да жанр ретінде ҽу баста сҿз магиясына сенуге байланысты пайда 


болғандықтан онда ҽдемі сҿздермен қҧт-ырыздықты шақыру, Тҽңір иелерден
шарапат сҧрау, тілеу, кесір-кесапаттан сақтану, қорғану сарындары 
айтылады. Батагҿй кҿпшіліктің атынан Аллаға, пайғамбарға, періштеге,
ҽулие-ҽнбиелерге сыйынады. Қыдыр ата, Қамбар ата, Шопан ата сияқты 
кҿптеген киелі бейнелерге сҿзін арнап, бата сҧраушыға тілек білдіреді. Бір
сҿзбен айтқанда, ол қауым мен тылсым иелерді жалғастырушы, дҽнекерші 
қызметін атқарады. Мысалы:
…Шҽрияр болсын достасың, 

Мҧхаммед болсын қостасың.


Қыдыр болсын жолдасың, 
Лҧқпан болсын қҧрдасың
1

1
Негимов С. Бата сҿз туралы // Ақ бата: Бата сҿздер. Қҧраст.: Негимов С., Қазиҧлы Т. Алматы, 1992. 5-б; 


Ҽдебиеттану. Терминдер сҿздігі. Қҧраст.: Ахметов З., Шаңбаев Т. Алматы, 1998. 101-б.; Ҥмбеталина З.


Қазақ ауыз ҽдебиетіндегі бата сҿз жанры. Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дҽрежесін алу ҥшін 
дайындалған диссертация. Алматы, 2001. 21-б.
2
Васильев А.В. Образцы киргизской народной словесности. Молитвенных благожеланий «Бата соз». ХІІ. 

Оренбург, 1905. С.22.


3
Бата-тілектер. Қҧраст.: Н.Уҽлиҧлы. Алматы, 2005. 34-б. 


146

Жылқышы ата – Қамбар, 
Мінгенің жирен шабдар.
Мыңды айдатып, жҥзді байлатсаң, 
Сенен басқа нем бар?!
2

Батагҿй кейде осы ие-киелердің де атынан тікелей ҥн қатып, қалың 


қауымды ҥміттендіріп, айтылған барша тілектің айдай орындалатынына
кепілдік бере сҿйлейді:
Бҧл бата бізден емес, Қҧдайдан-ай, 

Қҧтылмас қашқан тҥлкі қҧмайдан-ай...


3

Жарылқа, Қҧдай, қабыл ет, 


Жарылқаудың қамын ет.
Жарылқайын деп келеді
Кішкене ғана сабыр ет!
4

…Менің берген батам емес, 


Бҧрынғы пайғамбардың берген батасы:
Оның болмас қатасы!
5

Демек уақыт тҧрғысынан алып қарағанда, батагҿй осындай керемет 


сҿздері арқылы алақан жайып отырған бҥгінгі қарапайым халықты ежелгі
мифтік қасиетті дҽуірдің ҿкілдерімен тоғыстырады да, оның батасы киелі 
саналып, ҿзі де дуалы ауыз, қасиетті жанға айналып кетеді.
Қазақ батасының бас кейіпкерлерінің бірі – Қыдыр ата.

Менің атым – Сарыбай, 


Сақалыма сары май.
Таң мезгілі болғанда, 
Тҿсегіңнің басынан,
Жастығыңның астынан, 
Бҿденедей пырылдап,
Бозторғайдай шырылдап, 
Саралақаздай қайқақтап,
Қҧнан қойдай жайқақтап, 
Қыдыр келіп дарығай
6
… 

1
Васильев А.В. Образцы киргизской народной словесности. Молитвенных благожеланий «Бата соз». ХІІ. 


Оренбург, 1905. С.7.


2
Негимов С. Бата сҿз туралы // Ақ бата: Бата сҿздер. Қҧраст.: Негимов С., Қазиҧлы Т. Алматы, 1992. 35-б. 

3
Васильев А.В. Образцы киргизской народной словесности. Молитвенных благожеланий «Бата соз». ХІІ. 


Оренбург, 1905. С.17.
4
Сонда. 11-б. 

5
Сонда. 12-б. 


6
Дҿрбілжін ауданының ҿлең-жырлары. Қҧраст.: Ж.Қарабатырқызы, Қ.Ҽпсейҧлы. Ҥрімжі, 1994. 68-б. 


147

...Асың, асың, асыңа, 
Берекет берсін басыңа!
Бҿденедей жорғалап, 
Қырғауылдай қорғалап,
Қыдыр келсін қасыңа! 
Осы тҧрған боз ҥйге
Қыдыр ата дарысын
1
.

Қыдыр ата халық тҥсінігінде ақ киімді ақсақал немесе кезбе кедей,


дҽруіш кейпінде бейнеленеді. Ол адамдарға ҿңінде кездеспесе, тҥсінде аян 
арқылы кҿрінуі мҥмкін деген наным бар. Кей аңызда оның кҿзі соқыр, ол
жарыққа қҧштар, сондықтан ел Қыдырмен жолығу ҥшін шырақ жағып, ырым 
жасайтын болған. Ол мҽңгілік жасайды, себебі ҿліп, қайта тірілген немесе
Ескендірмен бірге ҿлместің суын іздеу сапарында киелі суды тауып 
ішкендіктен ажалсыз қаһарманға айналған деседі. Халық кҿбінде Қыдырды
жанарсыз кейіпте елестетеді
2
. Ҽйткенмен, кей сюжетте, керісінше, Бақтың 

кҿзін ҧзын қасы басқандықтан ол Қыдырмен жетектесіп жҥретін соқыр деген


ҧғым бар. Мысалы мынадай аңыз бар: 
«Ертеде Бақ пен Қыдырдың тау бҿктерінде келе жатқанын кҿрген
жетім-жесір, ғаріп-кҽсір, бай-манаптар барлығы ол екеуінің алдын орап, 
шапағат сҧрапты», – дейді ел аңызы. – «Кҿзін жабағы қасы жапқан Бақ
тҧқырайып тҧрып, қалың қасын жалп еткізіп, басын жоғары кҿтеріп 
қалғанда, тау басындағы кемтар қызға кҿзі тҥсіпті. Қыдыр ақ таяғын қолына
алып, жылап тҧрған қызға қарата бір нҧсқап қалыпты да, екеуі де кҿзден 
ғайып болыпты. Кҿп ҿтпей, ҽлгі қыз сауығып, кҥйеуге шығып, ҥйлі-баранды
болып, басына дҽулет дарып, барша мҧратына жетіпті. «Бақ қараса – Қыдыр 
дариды » деген тҽмсіл осыдан қалған екен-мыс»
3

Ҽлбетте, батадағы «Бақ қарасын, Қыдыр дарысын» деген сҿздің


тҥптҿркіні осындай ежелгі тҥсініктерге саяды. Бақтың кҿзі магиялық сипатқа 
ие болса, Зеңгі баба жанары да дҽл сондай киелі екендігі батада кҿрініс
табады:

Шаруаның тҿрт пірі – Зеңгі баба, 


Мал беруге ойың болса, маған қара!
4

деп дҽмеленіп, ҿтіне сҿйлейді батагҿй. Ҿйткені, сиыр тҥлігінің жебеушісі 


Зеңгі баба да бекершілікте ешкімге назар аудара бермейтін болған. Егер оның
жанары тҥссе, сол жанға қисапсыз сиыр бітеді деген наным болған
5
.

Бата осылайша кҿне танымға табан тіреп тҧрғандықтан ол арбаумен, 

1
Ел қазынасы – ескі сҿз. В.В.Радлов жинаған қазақ фольклорының ҥлгілері. Алматы, 1994. 41-б.

2
Каскабасов С.А. Казахская волшебная сказка. Алма-Ата, 1972. С. 166-170. 


3
Қазақ аңыз-ертегілері. Бейжін, 2002. 23-24-б. 

4
Диваев Ҽ. Тарту. Алматы, 1992. 145-б. 


5
Казахские сказки. Алма-Ата, 1964. Т.3. С.70. 


148


тіпті, қарғыспен жанасатын тҧсы бар. Мҽселен, оны ҿте қадірлі тҧлға
батагҿйдің айтуы, одан кейін Тҽңір, ҽулие-ҽнбие, аруақтарды жиі жҽрдемге 
шақыруы – арбаумен тоқайласып тҧр. Батаның ежелгі анық аты алғыс
екендігі белгілі. Демек ҽу баста алғыс қарғысқа қарсы айтылған немесе екеуі 
қабаттасып ҿмір сҥрген кезең болған. Бҧған батадағы мына сҿздер дҽлел:
Е, Жылқышы ата – Қамбар, 
Тҿртеуіңнің ынтымағың бір болса,
Қарғайтын кім бар?!
1

Қастық қылған адамың


Мҧратына жетпесін. 
Айтса – қарғыс, тисе – кҿз,
Дарымасын, ҿтпесін!
2

Осылайша кейде бата қарғысқа тура қарсы бағытталады. Ал кейбір


мҽтіндерінде қарғыстың сҿздері де жҥреді. Мысалы: 
Бермейтҧғын сараңның 

Екі қолы байлансын.


Сҿйтіп, соры қайнасын. 
Бермегеннің жаманын
Кҿр ішінде ойласын
3

Бҧл ҥйге қас сағынған адамды 

Кҿтеріп тҧрған жер ҧрсын. 
Аспандағы кҿк ҧрсын…
4

Қарауды қара тас қылсын, 


Сараңның кҿңілін пҽс қылсын.
Шапқан жауды дерт буып – 
Кҥннен-кҥнге асқынсын.
Кҿлгірсіген кҿр кеуде – 
Кҿмейіне тас тҧрсын.
Бҧл ҥйге қастық қылғанды – 
Тҽңірім қара таспен бастырсын
5

Алайда, батада, негізінен, кҿшпелі халықтың бай да бақытты шат-


шадыман ҿмір-тірлік туралы тҥсінігі, керемет келешек туралы арман-аңсары,
1
Васильев А.В. Образцы киргизской народной словесности. Молитвенных благожеланий «Бата соз». ХІІ. 

Оренбург, 1905. С. 2-3.


2
Ақ бата: Бата сҿздер. Қҧраст.: Негимов С., Қазиҧлы Т. Алматы, 1992. 69-б. 

3
Васильев А.В. Образцы киргизской народной словесности. Молитвенных благожеланий «Бата соз». ХІІ. 


Оренбург, 1905. С. 8-9.
4
Васильев А.В. Образцы киргизской народной словесности. Молитвенных благожеланий «Бата соз». ХІІ. 

Оренбург, 1905. С. 12.


5
Ақ бата: Бата сҿздер. Қҧраст.: Негимов С., Қазиҧлы Т. Алматы, 1992. 59-б. 


149


ақ тілегі айтылады. Бір сҿзбен айтқанда, тамаша болашақ туралы ел қиялы,
халық утопиясы кҿрініс табады. Мысалы: 
Ҽумин десең маған, 

Бата берейін саған.


Алтыннан болсын жағаң, 
Кҥмістен болсын тағаң.
Кҥрпілдесін сабаң…
1

Келелі тҥйең қаптаған,


Қаратауға сыймасын. 
Ақтылы қойың адалдан
Алатауға сыймасын, 
Кҿкалалы кҿп жылқың
Кҿкшетауға сыймасын, 
Ҧл мен қызың тең ҿсіп,
Ҧлытауға сыймасын…
2

Жасың жетсін жҥзге,


Желің кетсін қҧла тҥзге...
3

Қҧдайдың ҿзі сҥйтіп оңдасын,


Бес жҥз саулық қоздасын. 
Сексен інген боталап,
Сегіз келін қомдасын. 
Айдап келген жылқыңнан,
Алпыс айғыр азынасын, 
Жиып келген тҥйеңнен,
Жетпіс інген боздасын 
Ҿзіңнен байлық озбасын
4

Батада ҽсірелеу тҽсілі орасан мол қолданылатындығы ғылымда 


анықталған. Бақташы халық аттың тағасын еш уақытта кҥмістен соқпайтыны
да белгілі, бірақ «кҥмістен болсын тағаң» деу батаның поэтикасы ҥшін 
жарасымды. Сондай-ақ мал мен басы ҿсіп-ҿніп асқаралы тауларға сыймай
қалу – жеке бір адамның емес, жалпақ елдің ғана атқара алатын шаруасы 
екендігі хақ. Бірақ батада ҽрдайым осылайша халықтың асқақ арманы, шексіз
қиялы, мҧқалмайтын жігері бейнеленеді. Сонымен бірге «қырық, сексен, 
сегіз, жҥз, мың» сияқты символикалық сандар да батада жиі қолданылып,
1
Сонда. 40-б. 

2
Сонда. 38-б. 


3
Васильев А.В. Образцы киргизской народной словесности. Молитвенных благожеланий «Бата соз». ХІІ. 

Оренбург, 1905. С. 1.


4
Васильев А.В. Образцы киргизской народной словесности. Молитвенных благожеланий «Бата соз». ХІІ. 

Оренбург, 1905. С. 4.





150


ҽсірелеуді кҥшейтіп тҧрады
1
.

Батада халықтың адамгершілік, ізгілік, ар-ҧждан туралы ғасырлар бойы


жинақталған ҿсиеті дҽріптеліп, тҽлім-тҽрбие беріледі. Мҽселен, батаның 
тҿмендегі шумақтары нақылға айналып кеткен деуге болады:
Жҥзге жетсін тҥйеңіз, 
Ҥш жҥз болсын биеңіз.
Ҽлдеріңнен келгенше 
Жығылғанды кҿтеріп,
Сҥрінгенді сҥйеңіз…
2

Ақ бҿкендей қойлы бол, 


Ор қояндай кҿзді бол,


Адам таппас сҿзді бол, 
Патсадай ҧлды бол!
3

…Қҧлынында қақпа, 


Тай кҥнінде тартпа,
Қҧнанында сақта, 
Дҿненінде бапта,
Бестісінде бҽйгеге сал! 
…Қиындық кҿрсең мҧқалма, 

Ауырлық кҿрсең жҧқарма.


Қамқоршы бол кішіге, 

Ҥлкенді ҥлгі тҧт алға!


4

Тҥйіндеп айтқанда, тҥпкі тҿркіні сҿз магиясына барып тірелетін алғыс 


кҿне жанры кейін келе ислам дінінің ҽсеріне ҧшырап, «бата» атанып, ҿзгеше
ҿрнек тауып, ҿріс алған. Шамандықты ығыстырған ҽлемдік дін бата жанрын 
ҿз мҥддесіне ілкімді пайдаланған. Сірҽ, осы жанрдың жаңа қарқынмен дамып
бҥгінге жетуіне батагҿй тҧлғасының қосқан ҥлесі аз болмаса керек. Дарынды 
батагҿй, шын мҽнісінде, ежелгі ҥлгіні тотыдай қайталаушы емес, ол ескі
дҽстҥрге шабытты шағында ыстық қан қҧйып, жан бітіруші. Бҧған ежелгі 
жыраулардың, би-шешендердің айтып кеткен баталары куҽ. Мҽселен,
Жамбыл ақынның С.Мҧқановқа берген: 
Қҧдайым осынау ҥйге дуа берсін, 

Тілдерін дҧшпандардың буа берсін.


Келіннің балағынан бала саулап, 
Салпы ерінді сары ҧлды туа берсін
1
, –

1
Ҥмбеталина З. Қазақ ауыз ҽдебиетіндегі бата сҿз жанры. Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми 


дҽрежесін алу ҥшін дайындалған диссертация. Алматы, 2001. 102-б.


2
Васильев А.В. Образцы киргизской народной словесности. Молитвенных благожеланий «Бата соз». ХІІ. 

Оренбург, 1905. С. 6.


3
Сонда. 14-б. 

4
Ақ бата: Бата сҿздер. Қҧраст.: Негимов С., Қазиҧлы Т. Алматы, 1992. 72, 89-б. 




151

деген батасы осы жанрдың нағыз поэтикасын ҽбден меңгерген 
майталмандықтың бір ҥлгісі. Демек бата жанры жаңаша тҥлеп отыр. Шын
батагҿй алқалы топтың атынан ежелгі сарындарды сарнап айтқанымен, ол 
кҿкейіне келген сҽулелі ойды қиюластырып, кҿне ҥлгіге қосып жіберетіндігін
де ескерген жҿн. Сонымен бата фольклор мен ауыз ҽдебиетін тоғыстырып 
тҧрған ерекше ҿміршең жанр деуге болады. Ол, ҽсіресе, тҽуелсіздік алғалы
бері қайта жаңғыруды басынан кешіруде. 
Қарғыс 

Қазақ фольклорында бҥгінге дейін толық жиналмай да зерттелмей 


келген жанрдың бірі – қарғыс. Мҽселенің бҧлай болуының бірнеше ҿзіндік
себептері бар. Жалпы, халық жайшылықта қарғыс айтуға қатаң тыйым 
салады. Ертеде қарғысты екі адамның бірі айта бермеген, оны арнайы
айтатын адамдар болған, ал, ондай қарғысшылар сҿзін ҿтімді болдыру ҥшін 
беталбаты жҧмсай бермей, қажетті сҽтке дейін қҧпия сақтайтын. Қарғыс
қастандық жасауға бағытталып, адамгершілікке жат саналғандықтан да 
ҧлттық фольклортану ғылымының негізін салушылар оған мҽн бере қоймаса
керек. Ал, бертін келе бҧл жанрдың қызметі қоғамдық ҿмірден 
ығысқандықтан оның мҽтіндері біртіндеп ҧмытыла бастаған.
Қарғыс туралы алғаш рет жазған Х.Досмҧхамедҧлы. Ол «Бата мен 
алғысқа қарама-қарсы тҥр – қарғыс. Қарғысты дҧшпанына, ҽкесі – кҿңілі
ҽбден қалған ҧлы мен қызына, молла – діннен безгендерге, ру басы – 
жаугершілік кезінде елін сатқандарға жҽне т.б. береді»
2
деп анықтайды.

Автор қарғыстың мақсаты мен міндетін білгірлікпен дҧрыс тҥсіндірген.


Бҧдан біз қарғысты кез келген уақытта емес, керісінше, адамдар басына іс 
тҥскенде амалсыздан айтатындығын ҧғамыз. Кейбір зерттеушілер қазақтың
ашуланғанда кҥнделікті айтып ҽдеттенген «албасты басқыр», «тҧқымың 
қҧрғыр», «желкең қиылғыр», «шешек келгір» сияқты т.б. балағат сҿздерін
қарғысқа жатқызады
3
. Біздің ойымызша, бҧл сҿздердің арғы тегі ежелгі 

замандарда қарғысқа қатысты болғанымен уақыт ҿте келе кҿбінің мҽні


ҿзгеріске ҧшырап, бҥгіндері, ҽсіресе, ҽйелдердің жақтырмаған жандарды 
сыбайтын сҿзіне айналып кеткен тҽрізді.
Ендеше басқа адамға қастандық жасау мақсатында сҿз киесіне сеніп, 
арнайы шартпен айтатын магиялық ҿлеңнің шағын тҥрін қарғыс деп
атаймыз. 
Қарғыс екі тҥрлі болады: ашық қарғыс, астарлы қарғыс. Ашық қарғыста
сҿздің ызыты, айбаты бірден айқын сезіледі. Ал, астарлы қарғыстың сыртқы 
1
Бата-тілектер. Қҧраст.: Уҽлиҧлы Н. Алматы, 2005. 40-б. 

2
Досмҧхамедҧлы Х. Аламан. Алматы, 1991. 21-б. 


3
Қараңыз: Пантусов Н.Н. Образцы киргизской народной литературы. Казань, 1909. С.44-46; Тҿлекова С. 

Қазақ тіліндегі алғыс пен қарғыс мҽнді фразеологизмдер. Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми


дҽрежесін алу ҥшін дайындалған диссертацияның авторефераты. Алматы, 1974; Оспанова Б. Магические 
жанры казахского фольклора. Диссертация на соискание ученой степени кандидата филологических наук.
Алматы, 2002. 


152


тҧрпаты батаға ҧқсап келеді де, оны айтушы кекету ҽдісін (ҽдемі сҿздер
арқылы) шебер пайдаланып, арғы ойын жымысқылықпен тҧспалдап 
жеткізеді
1
.

Ашық қарғыс ҥлгісін келтірейік:


Қысы-жазы ҥйіңді сҥзек жайлап, 
Шҿліңді кҥндіз-тҥні қандырмасын.
Бойыңа қҧлғананың қҧрты кіріп,
Денеңнен тамтық қоймай тандырласын.
Сҥйегіңді артуға кҿлік шықпай, 
Апарып кҿк есекке шандырасын.
Жаназаңды оқуға молда шықпай, 
Тҧсыңнан орыс келіп балдырласын
2

Келесі бір қарғыс былай: 


Шиден шымылдығың болсын, 

Тастан молаң болсын.


Шҿлдеуік деген дерт келсін, 
Бір кҿлдің суы ішкеніңе жетпесін
3

Бҧл екі қарғыста айтушының мақсаты ап-анық. Сҥзек, қҧлғана, шҿлдеуік 


деген дерттерді шақыру арқылы кесапат келуін тілейді. Қарғыстың кҿбінде
осылайша жҧқпалы аурулар термеленіп, соның кҥшімен апат тҿндіру 
кҿзделеді. Ҿйткені, ежелгі қазақ «адам баласына достық қылатын «иелер мен
жарыса қастық қылатын «иелер» бар деп білетін... Жҧт «жеті ағайынды» деп 
аңыз қылатын жҽне малдың тҥрлі індет «иелері» мҽлік, ақшелек, топалаң,
бҽдік бар деп білетін»
4
.

Бір сҿзбен айтқанда, қарғысты айтушы табиғаттағы тылсым кҥштерге 


иек артып, неше тҥрлі мифологиялық зияндас кейіпкерлерді қару етіп,


дҿңайбат жасап, сес қылады. Кҿшпелі халықтың ар-ҧждан қҧндылықтарына
ашық тіл тигізіліп, шабуыл жасалады. Біз келтірген мҽтіндерде аурудан азап
тартып, ҿлу, о дҥниеге жаназасыз кету, сҥйегі шандырланып, кҿк есекке 
тиелу, мҥрдесі тас молада қалу сияқты жамандықтар шақырылған. Бҧлар
қазақтың жанын жаралап, сай сҥйегін сырқырататын келеңсіздіктер екендігі 
белгілі.
Енді астарлы қарғыстан мысал келтірейік: 
Шалғының басылмасын, 

Кҥлің шашылмасын,


Тҥңлігің ашылмасын
5
.

1
Мҿнх Ц. Ардын яруу найргийн тухай. Ҧланбатыр, 1964. 87-б. 


2
Сҽнік З. Баспай туралы ҽңгіме-жырлар. Бежин, 2006. 223-224 -б. Қарғысты айтушы Ауған Жақсылықҧлы.


3
Ақ бата: бата сҿздер. Қҧраст.: Негимов С., Қазиҧлы Т. Алматы, 1992. 192-б.

4
Сейфуллин С. Шығармалар. Алматы, 1964. 6-т. 187-б. 


5
Мҧра. Ҥрімжі, 1991. № 3. 93-б. 


153

Немесе:
Ҧлың – Ҧрымға,
Қызың Қырымға кетсін
1
.

Бҧлар бір қарағанда, бата секілді, ал, астарына ҥңілсеңіз, қарғыстың ең 


жаман тҥрі екендігін білесіз. «Шалғының басылмасын» дегені – жайылатын


малың тҧтас қырылып қап, содан ҥйіңнің маңына кҿк шҿп жайқалып ҿсіп 
кетсін дегені. «Кҥлің шашылмасын!» дегені – «ҥйіңде от жағатын адам
қалмай, бҽрі ҿлсін, содан отың ҿшсін, сҿнсін» дегені. «Тҥңлігің ашылмасын» 
дегені – баспанаңнан сыртқа шығар тірі жан қалмасын, иен ҥйің қаңырап,
бос қалсын деген ишара. «Ҧлың – Ҧрымға, қызың Қырымға кетсін!» деген 
сҿздің мҽнісіне келсек, ҧрпағың жат елге шашырап, бірін-бірі кҿрмей, тозып
кетсін, қаңғырып қалсын дегенге саяды. Туысқан алтай халқында «Келетін 
жолыңа кесіртке ойнасын, баратын жолыңа бақа ойнасын»
2
деген қарғыс бар. 

Бҧл астарлы қарғыста жауласқан адамның соқпағы қҧрып, жоғалып, оның


ҥсті бақа мен кесіртке ойнақ салатын батпақ пен шҿлге айналсын деген теріс 
ниет тҧспалданған. Кҿтеріңкі кҿңіл-кҥй сыйлайтын «ойнасын» деген етістікті
жамылғы ету арқылы жасырын ажал шақырылған.
Сонымен астарлы қарғысты айтушы ойының арғы ниетін ҽдемі сҿзбен
далдалау, бҥркемелеу арқылы уытты тіл жебесін нысанаға дҽл кҿздеуді 
мақсат етеді. Себебі дҧшпан одан сақтанып, қорғана алмай, бейғам жҥріп,
шын кесапатқа ҧрынуын кҿксейді. 
Қарғысты кез келген адам айта бермейді дедік. Оны орындаушылар
ҽртҥрлі ырымдар жасап, символикалық заттармен сҥйемелдейтіні де белгілі 
болып отыр. Мысалы, моңғолдар қарғысшының тіліне май жақса, оның сҿзі
дҿп тиеді деп иланған. Тіпті, олардың ежелгі қарғысшылары қҧтырған 
сиырдың мҥйізінен арнайы магиялық сайман жасап, сонымен жауласқан
жаққа кезеп-кезеп қоятын болған
3
. Қалмақтар қарғысты таңсҽріде алақанын 

шапалақтап айтып, қарғысшының оң шынашағын кҥйемен бояған


4
. Ал, алтай 

қарғысшылары қызыл іңірде айтылған қарғыс ҿтімді деп сенген. Олар


«Тилим соолду эди, тандайым тишту эди...Тилим жедер, тизен чогор»
5

(«Тілім сҥйелді еді, таңдайым тісті еді... Тілім жетер, тізең шҿгер») деп айбат 


жасаған. Тува бақсысы «қарғыш» айтқанда қара тонын, қара бҿрігін киіп,


қара даңғырасын, қара шоқасымен ҧрып ойнаған
6
.

Ал, қазақтар қарғысты тілінде қара дағы бар қара тілді, бір кҿзі шегір


нысаналы адам айтса, яғни Тҽңірі керемет сипатта жаратқан жандар айтса, 
орындалады деп нанған. Қарғысты айтқанда дҧшпанының артынан топырақ
шашатын, алақанын теріс жаятын. Сол себептен кейде оны теріс бата деп
1
Казахский фольклор в собрании Г.Н.Потанина. Алма-Ата, 1972. С.186.

2
Шатинова Н. Об одной разновидности заклинаний в алтайском фольклоре // Улагашевские чтения. Вып. 


1. Горно-Алтайск, 1979. С. 101.
3
Сампилдэндэв Х. Хараал зҥхэл // Монгол ардын аман зохиол. Ҧланбатыр, 1988. 81-б. 

4
Борджанова Т.Г. Магическая поэзия калмыков. Элиста, 1999. С. 49. 


5
Шатинова Н. Об одной разновидности заклинаний в алтайском фольклоре // Улагашевские чтения. Вып 1. 

1. Горно-Алтайск, 1979. С.99, 102.


6
Монгуш Кенин-Лопсан. Тыва хамнарның торулгалары. Кызыл, 2002. 122-б. 


154


атаған. Мҽселен, Базарбай Тҿлегенге ерем деушілерге «тҧзға қосып, теріс
бата берем»
1
деп, сес кҿрсеткен. Егер жерден кҿк шҿпті жҧлып ап, «Кҿктей 

орыл!» деп қарғаса, ең ауыр болады деседі. Ҽйел адам сҥтін кҿкке сауып,


қарғаса, киесі оңдырмай атады деген де ҧғым бар. Бҧдан біз қарғысты тҧз, 
топырақ, шҿп, сиырдың мҥйізі сияқты рҽміздік заттармен ҧштастырып,
ғҧрыптық ҽрекеттер жасап орындайтындығын да білдік.
Бҧрынғы заманда қарғысшыларды соғысқа да пайдаланатын болған.
Шыңғыс хан жорықта жҥргенде алдынан жаудың ҽйгілі бір қарғысшыл 
кемпірі қарғап, содан кҿп бҿгет жасалады. Оны бақсылар білген соң мерген
Қасырға сол кемпірді атқызған деседі. Кемпірге оқ тиіп, қҧлап бара жатып, 
қасындағы қаңбақты ҧстап, тҧрмақ болғанда, ол жҧлынып кетеді. Содан
кемпір кҿз жҧмарда «Қасырдың тҧқымы қҧрысын, қаңбақтың тамыры 
ҥзілсін!» деген екен. Сол себептен Шыңғыстың інісі Қасырдың ҧрпағы кҿп
ҿспеген, қаңбақтың тамыры келте болған деседі.
2

Қазақта «атаның қарғысы – оқ, ананың қарғысы – боқ» деген сҿз бар.


Бҧдан біз қарғыс жанрына кейінгі дҽуірде ҥстемдік еткен атаеркі қоғамының


ықпалы тиіп, ер адамды киелі санаудың жоралғылары да ҿз ҿрнегін салғанын 
байқаймыз. Сондықтан да қазақтың кейбір мифтерінде астамшыл мінезінің
салдарынан 
ата
қарғысына 

ҧшыраған


қыз-келіншектер 
тау-тасқа
айналғандығы суреттеледі
3
. Ҽлбетте, ақ батаны да ақсақалды қария береді. 

Яғни қарғыс пен бата жанрының салмағының арта тҥсуіне еркекті пір


тҧтатын ел ҽдеті де елеулі ҽсерін тигізіп тҧр. 
Қарғыста кҿшпелілердің ең бір киелі нысандары термеленіп, соған
сойыл сілтеу кҿзделеді дедік. Сол себептен де оның сҿзі қатерлі де ҥрейлі 
болып елестеп, тыңдаушыға психологиялық ауыр соққы береді. Мысалы:
Саған қас қылған кісінің, 

Базарға барып, аты ҿлсін!


Ерте кетіп, қайтқанда, 
Ҥйіне келсе, қатыны ҿлсін...
Шаңырағы шартылдап, 
Шандырына қадалсын!
Босағасы бортылдап, 
Борбайына қадалсын!
Кҥлдіреуіші кҥрт сынып, 
Кҿтіне қадалсын!
4

Немесе:


Қия жолда атың туласын,
Жарым тҥнде ҥйің шуласын. 
1
Козы-Корпеш и Баян-сулу. Кыз-Жибек: Казахский романический эпос. Москва, 2003. С. 121.

2
Эзэн богд Чингис хааны домог оршвой. Ҧланбатыр, 1992. 46-б. 


3
Қараңыз: Досжанов Д. Келіншектаудағы тас тҥйелер. Алматы, 1979. 7-б.; Азанҧр жайлы ҽңгіме // Қазақтың 

мифтік ҽңгімелері. Алматы, 2002. 99-б.


4
Радлов В.В. Образцы народной литературы тюркских племен, живущих в Южной Сибири и Дзунгарской 

степи. Часть ІІІ. Киргизское наречие. СПб., 1870. С.6.





155


Еңісте тартпа айылың ҥзілсін,
Ҿрге шыққанда артқы айылың ҥзілсін. 
Жете бергенде желкең ҥзілсін,
Таяй бергенде тақымың қиылсын
1
.

Бҧл қарғыстарда қазақтың тҧрмыс-тіршілігінде ең маңызды қызмет 


атқаратын, ҿмірінің қажетіне айналған практикалық-қолданбалы сипатқа ие


қасиетті заттарына жаманшылық тіленген. Олар: шаңырақ, босаға, 
кҥлдіреуіш, ат, ер-тҧрманның айылдары.
Қарғыс, шынтуайтында, жалпақ кҿпшілікке емес, ар-ҧяттан безген елдің
нақтылы бір жауына арналады. Қазақ халқы ҥшін сондай дҧшпандардың бірі
– малдың ҧрылары. Оны былайша қарғап-сілеген: 
Менің ақ байталымнан жеген етің – қан болсын, 

Ҥйіңді қҧйын қҧлатып, аузы-басың шаң болсын.


Ел ет жесе, сен дерт же, 
Ел жал шайнаса, сен тал шайна.
Ел жілік жесе, сен бҥлік же. 
Ел мойын жесе, сен сойыл же.
Ел айран ішсе, сен ойран іш
2
.
Қарғыс магияның бір тҥрі екендігі анық. Нақтырақ айтқанда, ол –
қатерлі магия. Оның мақсаты – бағытталған нысанына қастық жасау. Бҧл 
тҧрғыдан келгенде оның кейбір сипаттары арбаумен ҧштасып жатыр. Бірақ
арбаудан елеулі айырмашылығы да бар. Алдымен арбауда тҥсініксіз сҿздер 
мол болса, қарғыстың тілі халыққа тҥсінікті анық тіл. Арбау зиянкес
жҽндіктерді қууға, уын қайтаруға немесе табиғат қҧбылыстарын басқаруға, 
меңгеруге бағышталып айтылса, қарғыс, негізінен, адамдарға арналады.
Ҽйткенмен, арбау мен қарғыстың арасында белгілі дҽрежеде байланыс та 
бар. Мҽселен, тістің қҧртын арбаудағы «жайлауыңды жау алды, қыстауыңды
ҿрт алды» деген сҿздер бҧйрық рай тҥрінде қарғыста да жиі қолданылады. 
Демек арбаудағы жекіру, ҧрсу, бҧйыру, дҿңайбат жасау сарындары кейіннен
тасымалданып, қарғыс жанрының қалыптасуына да қажетінше ҧйытқы 
болған. Одан кейін батаның қҧрамында да қарғыстың шумақтары жҥргенін
байқаймыз. Мысалы: 
Тасың ҿрге домалап,

Ҿсе берсін ырысың.


Саған қас сағынған дҧспанның, 

Ҿз руы қҧрысын!


3

1
Бопай Б. Қазақтың алғыстары мен қарғыстары хақында // Мҧра. Ҥрімжі, 1991. № 3. 67-68-б.


2
Бопай Б. Қазақтың алғыстары мен қарғыстары хақында // Мҧра. Ҥрімжі, 1991. № 3. 67-б. 


3
Васильев А.В. Образцы киргизской народной словесности. Молитвенных благожеланий «Бата соз». ХІІ. 

Оренбург, 1905. С.14.





156


Қҧдайым, малды қыл,
Тең-қҧрбының алды қыл. 
Қас сағынған кісіні
Қасқа шҧнақ жарлы қыл
1
.

Тіпті, «бҧл дҥниеде жиғаның болсын, о дҥниеде иманың болсын», 


«кҿсегең кҿгерсін, кҿрпең ҧлғайсын» деген сияқты алғыстар кейде кері


мағынаға тҥсіп, қарғыс пішінінде де айтылады. Халық шығармасында 
жанрлар арасында ауыс-тҥйістер, байланыстар, тоғысулар жиі болып
тҧратындығының бір мысалы, міне, осы.
Қарғыстың тілі айшықты да ащы, тиіп кетсе, қиып кететін нағыз қиғыр
тіл. Батаны тілдің балы десек, қарғысты уы деуге болады. Оның поэтикалық 
ҿрнегі кестелі. Ҽсірелеу, астарлау, ишаралау, кекету тҽсілдерін мол
қолданғандықтан сырлы да сиқырлы болып елестейді. Бҧл жанр қоғамдық 
ҿмірден ҽлдеқашан ығысқанымен, оның мҽтіндері тіліміздің байлығы мен
шешендік қуатын байқататын, ҧлтымыздың тҿл дҥниетанымынан, 
психологиясынан дерек беретін қҧнды тарихи-рухани ескерткішке айналып
отыр.

Ант
Анттасу, яғни анда болу – кҿшпелі халықтардың ежелгі салттарының 

бірі. Мҽселен, грек қаламгерлері Геродот


2
пен Лукиан

3
скифтердегі осы салт 


туралы қызғылықты деректер жазып қалдырған. Лукиан ҿзінің «Токсарис
жҽне достық» деген шығармасында скиф Токсаристің айтуы бойынша былай 
деп жазады: «Біреуді дос болуға таңдағанда одақтасып ҿмір сҥруге жҽне
керек болса бір-бірі ҥшін жан қиюға асқақ ант береді. Мҧны былай жасайды: 
саусақтарын тіліп, қанын кесеге ағызып қосады да, семсерлерінің ҧшын
матырып, содан кейін қҧшақтасып, ҽлгі қанды ішеді. Осыдан кейін оларды 
ажырататын ешбір кҥш болмайды, себебі бҧл адамдар қандасты»
4
.

Осы кҿне салт қазақ халқының ҿмірінде де ҽртҥрлі жағдайға бейімделіп,


жалғасын тапқан. Анда рҽсімі кейінірек екі достың арасында ғана емес,
қоғамдық кең ауқымды мҽнге ие боп, жеке тҧлға тарабынан ел ҥшін немесе
ҧлыс ҽміршісі хан ҥшін ант беру рҽсіміне ҧласып, далалық заңның бір тҥріне 
айналып кеткен. Кейде бҧны серт беру деп те атайды. Ант беру салтының
кешенінен ырыми ҽрекетті, сҿз магиясына илануды, сондай-ақ қасиетті 
затпен сҥйемелдеу шарттарын байқаймыз. Осындай рҽсімдерде адамның бас
бармағы ҥлкен заңи міндет атқаратыны белгілі. Осы салтты жҽне оған 
қатысты басқадай жайттарды тҥсіндіре тҥсу ҥшін кеңірек талдау жасап,
мҽселенің арғы тҿркініне барлау жасайық. 
Моңғол, алтай, тува халықтарында кездесетін атқан оғы жерге тҥспейтін
сҧрмергеннің аты – Эрхий мерген. Ол, тіпті, аспанда жанып тҧрған ҥш кҥнді 
1
Сонда. 19-б. 

2
Геродот. История в девяти книгах. Л., 1972. С. 204. 


3
Лукиан из Самосаты. Избранное. М., 1962. С. 275. 

4
Хазанов А.М. Обычай побратимства у скифов // Советская археология. М., 1972. № 3. С.69. 




157


(кейде жеті кҥнді) атпақ болып анттасқан космостық жойқын мерген.
Аспандағы ҥш кҥнді атқалы бҽстесіп, «Егер оғым мҥлт кетсе, тҧнық су 
ішпейтін, тҧқыл тамыр жейтін, қапас інде ҿмір сҥретін хайуанға
айналайын!», - деп серт береді. Мерген екі кҥнді жойып, енді ҥшінші кҥнді 
ата бергенде қарлығаш кедергі келтіреді де, жебесі оған тигендіктен, қҧстың
қҧйрығы айыр болады. Аспанда аман сау қалған ақырғы кҥн жылысып, 
таудан асып, батып кетеді. Бҧрын кҥн аспанда шақырайып жанып, аптап
тҿндіреді екен-мыс. Содан бері кҥн бататын болып қҧбылыпты. Антына 
жете алмаған қапалы мерген бас бармағын кесіп тастап, інге кіріп, «тҧнық су
ішпейтін, тҧқыл тамыр жейтін» суырға айналып кетеді. Сол себептен суырды 
қарасаң, адамға ҧқсас кейіпте, бірақ оның саусағы – тҿртеу
1
. Аңыздағы

мергеннің антына жете алмаған соң ҿзін-ҿзі жазалап, бас бармағын кесуінде


ҥлкен тарихи мҽн бар.
Эрхий мерген, яғни бҧл – «Бармақ мерген» деген мағынаны білдіреді.
Бҧл есімнің пайда болу себебі мен жалпы бас бармақтың дҽстҥрлі мҽдениетте 
атқаратын рҽміздік мҽнін тҥсіндіруге талпыныс жасайық. Ежелгі дҽуірде
садақ тарту ҥшін адамның бас бармағы маңызды міндет атқарған. Тҥрік-
моңғол халықтары салбурынға шыққанда алғашқы аңды атқан бала
мергеннің бас бармағына май жағып, арнайы ырым жасаған. Мысалы, 
Шыңғыс қаған сҥйікті немересі – Қҧбылайдың бармағын майлап, бата берген
кҿрінеді

2
. Аңшылық-жауынгерлік тҧрмыста балуан бармақ осындай зор


міндет атқарғандықтан ол туралы ерте заманда ҽртҥрлі ырым-сырымдар
пайда болған. Мҽселен, тҥрік-моңғол халықтарының дені адамның жаны бас 
бармағында деп тҥсінсе, алтайлықтар, тіпті, бас бармақ бедерінің
шеңберленген сызығының дҽл ортасында «жҥрек бар» деп ҧққан
3
. Ал,

австралиялық байырғы тайпалар жауды ҿлтірген соң оның оң қолының бас


бармағын кесіп алатын, себебі аруақ арғы ҽлемде қаһарланып, садақ атып, 
қаскҿйлік ҽрекет жасай алмайтын болады деген
4
. Бір сҿзбен айтқанда, ежелгі 

ҧғымда адамның жан қуаты бас бармақта, сондықтан бас бармақ басқа ағзаға


толық уҽкілдік ете алады деп сенген. Сол себептен де ерте дҽуірде ерлер ант 
берісіп, «анда болу» рҽсімін жасағанда бас бармақтарынан қан шығарып, оны
ыдысқа қҧйып, ҿзара бҿлісіп ішкен немесе екі батыр бармағының ҧшын тіліп, 
қан шығарған соң, бірінің саусағын бірі сорған. Бҧл салттың кҿрінісі моңғол
эпостарында этнографиялық аса дҽлдікпен бейнеленеді. Біз «Тентек қара ер 
кекіл» батырлық жырынан еркін аударма жасап, ҧсынсақ былай:
Тентек қара кекіл ер, 

Қҧрыш қара батырдың,


Кҿзінің шаңын жеті рет,
Жҥзінің шаңын бір рет,
1
Эрхэ-мэргэнь / Потанин Г.Н. Монгольские сказки и предания. Семипалатинск. 1919. С.17; Эрхий мэргэний 

домог-ҥлгэрийн учир / Гаадамба Ш. Монголын нууц товчооны судлалын зарим асуудал. Ҧланбатыр, 1990.


229-233-б. 
2
Монгол ес заншлын их тайлбар толь.Ҧланбатыр, 1992. 569-б. 

3
Традиционное мировоззрение тюрков Южной Сибири. Новосибирск, 1989. С.62-63.


4
Тайлор Э.Б. Первобытная культура. М., 1989. С.225.


158


Алақанымен сҥртеді.
Тҿс қағысып, қҧдірет, 
Екі батыр осылай,
Аға-бауыр дос ҧдай, 
Болайық деп келісіп,
Алдыңғыны айтып жыласып, 
Кейінгіні айтып кҥлісіп,
Тентек қара кекіл ер, 
Жан ағасы болады.
Иықтарын тіресіп, 
Тҽңірден медет тілесіп,
«Анда болдық» десісіп, 
Бас бармағын тесісіп,
Қанды саусақ сорысып, 
Қандас бауыр болысып.
Қос тҧлпарды қосады, 
Қҧйрық-жалын байласып.
Асты-ҥстінен ҿтеді, 
Екі батыр айқасып
1

Кейінгі заманда бҧл кҿне салт қоғамдық ҿмірден ептеп ығыса бастайды 


да, ендігі қазақ батырлары жауға аттанғалы серттескенде Қҧран оқып, қара
қой сойып, соның қанына найзаларының ҧшын, кҿп жағдайда бас 
бармақтарын батырып, оны маңдайына жағып: «Серттен таятын болсақ, қара
қойдың қаны ҧрсын» дейтін болған. Ҽйткенмен, қазақта бас бармаққа табыну 
салтының белгілері тарихи аңызда кездеседі. Мысалы, қаптаған қалың жауды
бҿгей соғысып, тірі қалмайтынына кҿзі жеткен Бҽйеш батыр қалған 
азаматтарға ҿзінің сол қолының бас бармағын кесіп беріп: «Елге осы
бармағымды апарып, Бҽйеш деп жерлеңдер» деп аманат еткен деседі. Сол бас
бармақ жерленген тау Бҽйеш атанып кетіпті
2
.

Ант беру салты заман ҿткен сайын кҿне қалпынан алшақтап, кейінгі


қоғамның талабына икемделіп, тҥрлене бергені хақ. Мҽселен, кейде батырлар 
семсерін немесе садағының адырнасын сҥйіп ант берген, тіпті, кейбір
адамдар моланың тасын бастарына кҿтеріп, қабірді айналып: «Антымыздан 
қайтсақ, қара тас бассын» деп серттескендігі жҿнінде дерек бар.
Кейінгі кезеңдегі ант берудің мақсаты да, орындалу шарты да алуан 
тҥрлі екендігін байқаймыз. Яғни ежелгі анда болу салты кейінірек
жекеменшік ҧлғайып, рулық қоғам ыдырай бастаған тҧста екі адамның 
дҽрежесінен ҽлдеқашан асып, ҽлеуметтік-саяси мҽнге ие боп, жаңа сипаттағы
анттасу деген мҽмілегерлік кҽдеге айналған. Мҽселен, «Моңғолдың қҧпия 
шежіресінде» бейнеленген андалар – Керей Уаңхан мен Есукей батыр
немесе Тэмҥжин мен Жамуха арасындағы «андалық» саяси ірі одақтастық 
1
Катуу Б. Монгол тууль дахь эрхий хурууны шҥтлэгийн учир холбогдол // Монгол тууль судлалын зарим 

асуудал. Ховд, 1999. 101-б.


2
Қазақтың мифтік ҽңгімелері. Алматы, 2002. 112-113-б.


159


дҽрежеге жетіп
1
, билік пен байлықты бҿлісудің қҧралына айналғандығы 

анық. Бҧндай мағынадағы анттасулар мемлекеттің болашақ тағдырын


шешетін ірі саяси тетікке айналған. Мысалы, ХІІІ ғасырда мажар халқының 
жеті ҥлкен тайпасының кҿсемдері Алмошты хандық билікке сайлап, ант беру
салтын ҿткізіп, оны қанымен бекіткен. Бҧндай салт Евразия кҿшпелілерінің 
арасында ортақ сипатта кең таралған. Мажар археологтары Замарди деген
жердегі аварлардың моласынан бір белдік тапқан. Сол белдікте руна 
жазуында анттың мҽтіні жазылған екен. Ғалымдардың оқуынша, онда «ант»
деген сҿз осы тҧлғада бҽдізделген. Кейбір жағдайда екі батыр ант беріскенде 
белдіктерін де ауысып, рҽсім жасаған, бҧл археологиялық олжа сол кҿне
салттың кҿрінісін айғақтайды
2
.

Ҽйткенмен, анттасу ҧдайы саяси мақсатта бола бермейтіні белгілі. Біз


анттың адам мен адамның немесе жеке тҧлға мен қауымның арасында 
болатын негізгі тҥрлеріне тоқталдық. Кейде ант жорық алдында батырдың ҿз
қару-жарағымен серттесу тҥрінде де болатыны белгілі. Бҧның алдыңғы 
анттан басты ерекшелігі – адам мен заттың арасында аталмыш рҽсім
ҿтетіндігінде болып отыр. Қазіргі біздің тҥсінігімізде зат ҿлі деп 
саналғанымен ежелгі анимистік таным бойынша қасиетті бҧйымдар
керісінше тірі нысан болып саналған. Сол себептен батырлар бес қаруымен
кҽдімгі «досындай» сырласып, берік серт береді:
Алты қҧлаш ақ сҥңгім, 

Шанша алмасам маған серт,


Ҧңғыдан кетсең саған серт. 
Айдаһардың тіліндей,
Салсам кеткен білінбей, 
Алты қарыс ақ семсер,
Шаба алмасам маған серт... 
Қозы жауырын қу жебе,
Тарта алмасам маған серт. 
Қара тасты қақ жарып,
Ҿте алмасаң саған серт! 
...Толғамалы ақ сҥңгім, 

Шанша алмасам маған серт.


Қанға тойсаң саған серт. 
Бҧлғары садақ, бҧқар жай,
Тарта алмасам маған серт. 
Бел кҥшіме шыдамай,
Беліңнен сынсаң саған серт. 
Алтын қҧндақ ақ берен,
1
«Анд хҥний амь нэг» гэдэг ҥгийн учир / Гаадамба Ш. Монголын нууц товчооны судлалын зарим асуудал. 

Ҧланбатыр, 1990. 118-119-б.


2
Обрушански Борбала. Кома ба анд. Қолжазба. Мажар зерттеушісінің 2003 жылы ілтипатпен ҧсынған бҧл 

еңбегі автордың жеке қорында сақтаулы.





160


Ата алмасам маған серт,
От алмасаң саған серт!
1

Бҧнда батыр ҿзінің жҽне қару-жарағының намысын қайрап, қитығына


тигені, бес қаруының беріктігін, ҿткірлігін ҿз кҥш-қуатына қарама-қарсы 
қойып, шендестіріп, жекпе-жекке ҽзірлегені кҿрініс тапқан. Бҧл рҽсім кең
мағынада ант берудің бір тҥрі болғанымен оны мҽтіннің ҿзінде айтылғандай 
серт деп атасақ, рҽсімнің дҽлме-дҽл мҽні ашылады деп ойлаймыз. Осыған
ҧқсас халықтың кҥнделікті тҧрмыс-тіршілігімен ҥйлесіп жатқан ант берудің 
(дҽлірек айтқанда, серттің) қарапайым тҥрлерін де кҿруге болады. Мҽселен,
аңшы қҧрал-сайманына, қолҿнер шебері бҧйымына серт айтқан. Ғашық 
жандар, дос-жарандар, рулас ағайындар ҿзара серт айтысып, соны мҥлтіксіз
орындаған. Бір сҿзбен айтқанда, ежелгі анттың бҧндай қарабайыр шағын 
тҥрлері кҿне салттағыдай қанмен бекітілмесе де, адамның ар-ҧждан
тазалығына сенім артып, қоғамдық ҿмірде кең ҿріс алып, басқаша айтқанда, 
уҽде-аманат деген қҧндылықтарға айналған.
Енді осы мҽселелерге байланысты бірнеше мысал келтіріп кҿрейік. 
Мҽселен, балықшы ҿзенге қармақ лақтырғанда былайша серттеседі:
Қабан балық, қарт балық, 

Қармағымды тарт, балық.


Қаба алмасаң саған серт, 
Тарта алмасам маған серт!
Қырғыз ҽйелдері тері илеп, тон тікпек болғанда «Тон шық» деген 

арнайы жырды айтуы шарт. Жырдың соңында ісімер иленіп жатқан теріге


былай деп серттеседі: 
Тап менен тузуң салдырдым, 

Чык терим, тон тонума.


Калдыр-кҥлдҥр етпестен, 
Тҥше койгун жонума.
Ийлебесем маа жазык, 
Кылдырасаң саа жазык,
Тон чык... Тон чык!
2
.
Сонымен, ежелгі кҥрделі ант салтының кейбір тармақтары заманға
икемделіп, қарапайым тҥрлерге ауысып, бҥгін де басқаша сипатта ҿмір 
сҥріп жатқанын байқаймыз.
Қорыта айтқанда, алғашқы қауымдық қоғамда қалыптасқан ежелгі ант 
беру салтында негізгі қызмет атқаратын материалдық айғақ – қан, рухани
айғақ сҿз екенін аңғардық. Ҽрине, бҧл рҽсімде айтылатын сҿз толық 
1
Нҧрмағамбетова О. Қазақтың қаһармандық эпосы «Қобыланды батыр». Алматы, 2003. 63, 408-б. 

2
Кыргыз элинин оозеки чыгармачылык тарыхынын очерки.Фрунзе, 1973. 49-б. 




161


орындалатын заңдық кҥшке ие. Демек анттың қос қанатының бірі ғҧрып
кезінде арнайы айтылатын магиялық формулалы сҿз. Ал, осында айтылатын 
қалыпқа тҥскен мҽтінді фольклордың қандай тҥріне жатқызуға болады? Ол
қандай жанрға жақын? Мҽтіннің поэтикалы ерекшелігі неде? Толып жатқан 
осындай мҽселелерге жауап беру ҥшін ҥлгілер келтіріп, салыстырулар
жасап, талдайық. 
Мҽселен, артық кҥнді ататын Бармақ мерген – Эрхий мерген былайша
анттасады: 
Атқан оғым мҥлт кетсе, 

Бас бармағымды кесейін,


Адам болмай кетейін. 
Тҧнық су ішпейтін,
Тҧқыл тамыр жейтін, 
Қамалып қапас інде,
Хайуан болайын мҥлде!
1

Кҿне анттың бір ҥлгісі ассирия жазуында сақталып қалған. Бҧл антты


ассирия патшасы Ашур-нирариға Бит-агуси елінің кҿсемі Мати-илу берген 
екен. Оның мҽтіні былай: «Бҧл серке Иштар қҧдайдың қҧрметіне қҧрбандық
шалуға немесе азық ҥшін сойысқа, ҽйтпегенде, ауру тиген себепті ҥйірінен 
оңаша бҿлініп, мҧнда ҽкелінген жоқ. Бҧл серкені Мати-илу Ассирия патшасы
Ашур-нирариға адалдықпен ант беру салтына орай мойнынан ҧстап ҽкелді. 
Егер Мати-илу антты бҧзса, ҥйірінен қапелімде маңырап айырылып, оны
қайтадан бастай алмайтын халге жеткен осы серкедей ол да ҿз атамекенінен, 
ҧл-қыздарынан, ел-жҧртынан аластатылады жҽне оларды басқара алмайтын
болады. Бҧл бас серкенікі емес, ол – Мати-илудың, оның ҧл-қыздарының, 
бекзадаларының, қара орман халқының басы. Егер Мати-илу антты бҧзса,
бҧл серкенің басы қалай кесілсе, оның да басы солай кесіледі. Серкенің 
алдыңғы оң аяғы бҧл да Мати-илудың, оның ҧл-қыздарының,
бекзадаларының, қара орман халқының оң қолымен тең. Егер Мати-илу 
антты бҧзса, бҧл серкенің сирағы қалай кесілді, Мати-илудың, оның ҧл-
қыздарының, бекзадаларының, Отанындағы халқының да оң қолы солай 
кесілетін болады
2
».

Ал, қазақ жауынгерлері Ҧлы Отан соғысы кезінде былайша ант берген


екен:

Бір адым кейін шегінсем,


Тілерсегім кесілсін. 
Кҿздегенім мҥлт кетсе,
Шықсын кҿзім, тесілсін! 
Қалтырап қолым қорықсам, 

Қарғысы атсын ананың.


1
Цэрэнсодном Д. Монгол ардын домог ҥлгэр. Ҧланбатыр, 1989. 47-б. 

2
Фрэзер Дж. Фольклор в Ветхом завете. М., 1989. С.192-193. 




162


Халқым менен жиіркеніп,
Кҿз жасы ҧрсын ананың!
1
.
Ҽлбетте, бҧл мҽтіндерден байқайтынымыз, ежелгі жҽне жаңа замандағы
ант берушілер егер сертіне жетпеген жағдайда ҿзіне неше тҥрлі жамандықтар 
тілеп, сол кесапаттардың айна-қатесіз орындалуын тілеген. Демек, басқаша
айтқанда, анттасушы белгілі дҽрежеде арнайы шартпен ҿзін-ҿзі қарғап-сілеп 
отырғанға ҧқсайды. Мҽселен, бҥгінгі қазақ бір жағдайға куҽлік етерде сҿзіне
жҧртты нандыру ҥшін «Кҿрсем кҿзім шықсын, естісем қҧлағым керең 
болсын!» деп кҥнделікті тірлікте ант берісіп жатады. Бҧл да белгілі дҽрежеде
анттың қарабайыр бір тҥрі жҽне бҧнда айтылған сҿз де қарғыспен қабысып 
жатыр. Уҽдеде тҧрмайтын пҽтуасыз жандарды халық «антҧрған» деп атайды
немесе ондайларды «Ант ҧрсын!» деп қарғап та жататындығы тегін емес. Бір 
сҿзбен айтқанда, анттың мҽтіні қарғыс жанрымен қапталдас екенін
аңғарамыз. Себебі, антта айтылатын сҿз 

бҧлжымай орындалатын, жҥзеге 

асатын қанмен бекітілген қатал заң, демек оны бҧзған тараптардың да ауыр


жазасы мҽтінде кҿрсетілген, ол қарғыс
2
тҥрінде кестеленген.

Сонымен ант дегеніміз не? Тҥйіндеп айтар болсақ, қандай бір қысылтаяң


елеулі оқиға кезінде екі адам бірі-бірі ҥшін немесе жеке адам (кейде бір топ 
мҥдделес жандармен одақтасып) қауымның игілігі ҥшін ҿз басын шын
ниетпен қҧрбандыққа шалуға бел буып, магиялық ережелі сҿздерді айтып, 
егер антты бҧзса, осындағы шартқа сай қатаң жазалануды қалап, арнайы
ғҧрыптық рҽсімді атқаруды ант салты деп атаймыз.
Ант салтында айтылатын фольклорлық ҥлгілер халқымыздың сҿз
киесіне сенген «айтқан сҿз – атқан оқ» болған ежелгі заманындағы 
танымынан айқын хабар беріп, кҿшпелі қоғамдағы заңның қалыптасу
тарихын зерттеуге де қҧнды айғақ бола алады.
Бәдік 

Фольклор туралы еңбектерде «бҽдік» сҿзі екі тҥрлі ҧғымда қолданылады 


екен: а) мал ауруының аты ретінде; ҽ) ҿлең (айтыс) тҥрі ретінде.
Сондай-ақ бҽдік қызметі жҿнінде ҥш тҥрлі кҿзқарас қалыптасқаны 
байқалады:1.Бҽдікпен малды емдеген; 2.Бҽдікпен адамды емдеген; 3.Бҽдікпен
малды да, адамды да емдеген. 
Бҽдік «кҿшіру» салты кезінде орындалған. Кҿшіру – кҿп тайпаларға, кҿп
халықтарға ортақ кҿне магиялық ғҧрып. Қазақ бҽдіктеріндегі кҿшіру 
объектісі (бҽдік), ҽдетте, жанды нҽрсе ретінде бейнеленеді:
Бҽдік кетіп барады шатқа таман, 

Бҽдік кетіп барады ҿзекпенен,


1
Тҿлекова С. Қазақ тіліндегі алғыс пен қарғыс мҽнді фразеологизмдер. Филология ғылымдарының 

кандидаты ғылыми дҽрежесін алу ҥшін дайындалған диссертация. Алматы, 1974. 93-б.


2
Ант пен қарғыс-жазаның ҿзара тығыз қарым-қатынаста екендігі жҿнінде тҿмендегі еңбекте жеткілікті 

дҽрежеде талданған. Қараңыз: Фрэзер Дж. Фольклор в Ветхом завете. М., 1989. С.188-191.





163


Бҽдік кетіп барады таудан асып, т.с.с.
Кейде оны ҧстап алып, кҥш қолдануға да болатын сияқты:

Бҽдік болсаң, мен сені білер едім, 


Ернін тесіп, терекке ілер едім.
Ернін тесіп, терекке іліп қойып, 
Бір уақ тамашаға кҥлер едім...
Оған ҿтініш білдіруге де болатын кҿрінеді: 

Бҧрма бҽдік дегенде, бҧрма бҽдік, 


Бҧралып босағамда тҧрма, бҽдік.
Бҧралып босағамда тҧрсаң, бҽдік, 
Кҿңліне иесінің келер кҽдік.
Сҽті тҥссе, оны жойып жіберуге де болатын кҿрінеді: 

Бҽдікті Қҧдай оңдап қолға берсе, 


Тебелеп ҿлтірейік бҽдікті біз.
Алайда, келтірілген жолдарда бҽдіктің нақты не нҽрсе екендігі ҽлі де 

анық емес. Осы кҥңгірт, кҿмескі бейне «Бҽдік туралы ҽңгіме» деп аталатын


қолжазбада былайша ашылады: «Бҽдіктің шешуі жын деген сҿз (жинаған 
Алпысов Шаймардан, тапсырған – Мҽдиев Жҧматай»)
1
. Расында да, бҽдікті 

жын-шайтан бейнесінде тану бҽдік мҽтіндерінің ҿз ішінде де кездеседі:


1. Айтайын мен бҽдікті бҧрынғыдан, 
Сайтанның қу бҽдік те ізін қуған.
2. Бҽдікті сіз де айтыңыз, біз де айтамыз. 
Шайтанды кҿшірелік айдауменен.
3. Бҽдік бастан, жаным-ау, бҽдік бастан, 
Жын-шайтан, неше айтамын аулақ қаш деп.
Бҽдік бейнесінің жын-шайтанмен байланыстырылуы бекер емес. 
Ҿйткені, жын-шайтан дегеніміз қаскҿй кҥшке жатады. Ҽу баста бҽдік сҿзі
жалпы қаскҿй кҥш ҧғымын білдіргенмен, бірте-бірте албасты, марту, пері 
сияқты белгілі бір ауруларды ғана дарытушы, қоздырушы кҥш ретінде
ҧғынылуы мҥмкін. Кҿне магиялық сенім бойынша қаскҿй кҥштерді 
қорқытып, ҥркітуде шудың ғҧрыптық ҽсері мол саналған. «Шайтанның
кҿшпесіне қоймаймыз ба, Жабылып жан-жағынан шулай берсек» деген 
жолдардан айқын кҿрінетін ескілікті магиялық салт кҿптеген халықтардың
басынан ҿткен. 
Ауру, індеттің тарқауы қаскҿй кҥштердің ҽсерінен деп білген Жаңа
Британия тҧрғындары қолдарына ағаштың бҧтағын немесе келдек ҧстап, 
1
ҼҾИ қолжазба қоры. 301-бума, 10-дҽптер. 


164


айлы тҥнде далаға жапа-тармағай лап қойған, жан-жағын, маңайын тҥгел
ҧрғылап, таң атқанша шуласқан. Батыс Африкадағы Алтын жағалау 
тҧрғындары жҧқпалы аурулар эпидемиясы кезінде шоқпар, сойылмен
қаруланып, тҥн ішінде қҧлақ тҧндырған шуменен ҥйлерді сабалаған. Ниас 
аралының жҧрты қолына қылыш алып, оңды-солды сермеген, дамылсыз
дабыл қағып, қатты айғай-шу шығарған
1
. Орыстың опахивание деп аталатын 

ғҧрпын орындау кезінде де қаскҿй кҥштерді шошытып, мал індетінің бетін


қайтару ниетімен тҥн қараңғылығы кезінде қартамыс ҽйелдер, қыздар 
жиылып, деревняны азан-қазан шу қылған
2
.

Келтірілген мысалдарда қаскҿй кҥштерді қуу, кҿшіру ғҧрпының кҿбіне


тҥн жамыла ҿткізілетіні жҽне оған дҥйім жҧрт қатысқаны байқалады. Бҽдік 
ҿткеру салтында да осы типологиялық заңдылық сақталады. Ертеде бҽдік іңір
қараңғысында басталатын болған да, кейде тҥні бойы айтылып, ертеңіне 
жалғасқан. «Жеті кҥнге жеткізе айт бҽдікті», - деп келетін бҽдік мҽтініндегі
ҿлең жолына қарағанда оның бірнеше кҥнге созылуы да ықтимал болған. 
Кҿшіру ғҧрпын (обряд переселения духов) тҥнгі уақытта ҿткізудің мҽнісі
жын-шайтандар қараңғы ҥйіріле жиналады деген сенімнен туса керек. 
Бақсылардың ойыны да іңірде басталатыны сондықтан.
Жоғарыдағы мысалдарда қолға қару (бҧтақ, келдек, сойыл, шоқпар) 
ҧстап, оларды ҽрі-бері сермеудің, шапқан, ҧрған, сабаған болып қорқытудың
да мҽні ҥлкен екендігі кҿрінеді. 
Бҽдікті біздер ҧстап табайық та, 

Таба алмасақ, аямастан сабайық та,–


деген немесе: 

Бҽдігімді ҧстап бер қамаласып,


Шығайын сер қҧмардан сабаласып,– 
деген жолдарда кҿне ғҧрып іздері айқын сезіледі. Бірақ бҽдіктің кейінгі даму 

сатысында бҧл ғҧрып біртіндеп ҧмытылған. Қолға қанжар, қылыш ҧстап,


оңды-солды сермеу, дабыл қағу, қамшымен сабау ҽдеттері біртіндеп 
бақсылыққа ауысқан. Сабау жорасының бізге кҿрші халықтардың кҿшіру
салтында кейінгі кезеңдерге дейін сақталғаны байқалады. Бҧл ҽдет кҿбінше 
сырқаттың ҥстіне мата жабу жорасымен қатарласа жҥрген.
Қазақтың бҽдік ҿткеру салты кезіндегі шулау, сабалау, мата жабу, ҿлеңді 
орындау жораларының барлығын да жеке орындаушылар емес, топ, ҧжым
жҥргізген. Бҧл – бҽдік ҿткізу ғҧрпының кҿне замандардан, яки профессионал 
тҧлғалар ҽлі бҿлініп шықпай тҧрған кезеңдерден қалған қҧбылыс екенінің
жарқын белгісі.
Кҿшіру ғҧрпының ҽлемдік фольклорда кездесуі: басқа адамға кҿшіру,
жан-жануарға кҿшіру, жансыз заттарға кҿшіру тҥрінде жолықса, бҽдікте 
1
Фрэзер Дж. Золотая ветвь. М., 1986. С. 513-515. 

2
К вопросу об опахивании // Этнографическое обозрение. 1910. №3-4. 




165


соның ҥшеуі де кҿрініс тапқан.
Басқаға кҿшіру ҽдеті «Бар дағы, тезден жабыс қу қыздарға», «Бар да 
жабыс осы қыздың бҥйрегіне», «Бар да жабыс жігіттің таңдайына», «Жігіттің
еңкейетін беліне кҿш», «Қыздардың кесте тіккен қолына кҿш», «Жігіттің 
сайрап тҧрған тіліне кҿш», «Ҧрысқақ бҽйбіше мен тоқалға кҿш», «молдаға
кҿш», «байларға кҿш», «ҧстаға кҿш» болып кете барады. 
Жан-жануарға кҿшіру «бҿріге кҿш», «текеге кҿш», «нарға кҿш»,
«жыланға кҿш», «марқаға кҿш», «тҧсаққа кҿш», «інгенге кҿш», «ҧры итке 
кҿш» тҥрінде келсе, жансыз заттарға кҿшіру «бҧлаққа кҿш», «келіге кҿш»,
«Мекеге кҿш», «аршаға кҿш», «жидекке кҿш», «Арқаға кҿш», «тауларға 
кҿш», «инеге кҿш», «қияға кҿш», «мияға кҿш», «бауларға кҿш», «айнаға
кҿш», «бҥргенге кҿш», «сазға кҿш», «жҧлдызға кҿш» деп жалғасады. Бҽдікті 
басқа жанрлардан оқшаулайтын да, ҿзіндік бет-пердесін ашатын да ҽлгі кҿп
«кҿш-кҿш». Бҧларды кҿп жағдайда магиялық жораның ҿзі деп емес, содан 
қалған белгі деп ҧққан абзал. Келтірілген мысалдарда ҽзіл-оспақ басымдау
жататын сиық та бар. Дегенмен, олардың астарына да ой кҿзін жіберген жҿн. 
Мҽселен, бҽдіктегі қыз бен жігіттің ҽзілі деп бағаланып жҥрген:
Қаратауым дегенде, Қаратауым, 

Тау басынан соғады қара дауыл.


Сіздің ҥйде бір бҽдік бар дегенге 
Қаптап кҿшіп келеді біздің ауыл,–
деген шумақта тарих шаңына кҿміліп, ҧмыт боп бара жатқан ескі ғҧрып 

іздері сайрап жатыр. «Қаптап кҿшудің» алдында бҽдік ҿткеру салтына


шақыру рҽсімі жҥрген. Оның дҽлелі: 
Тойдан қызық аулыңда бҽдігің бар, 

Хабар салып тҧрмасаң, Қҧдай табар,–


деген сҿздер. 

Жан-жаққа хабар салып, ел жию ҽдеті ҿзге халықтардағы қаскҿй


кҥштерді қууға арналған қалың қауым қатысатын салтанатты шеруге ҿте 
ҧқсас. Қара нҿпір адам жиылып, қаскҿй кҥштерді қуу салты Американың,
Африканың, Азияның жергілікті тайпалары арасында жиі кездесетін 
қҧбылыс екенін Джеймс Фрэзер ҽдемі сипаттап жазған.
Қалыптасқан тҥсінік бойынша бҽдік кеші жастардың бас қосатын ойын-
сауығына, соның жасалуы ҥшін керекті сылтаудың біріне кейінгі кездері ғана
айналған

1
. Біздіңше, оның тамыры тым тереңде, адам баласының белгілі бір 


даму сатысына тҽн қаскҿй кҥштерді анда-санда қуып тҧру рҽсімінде жатыр.
Бҽдік ҿткеру ғҧрпында сол ескі салттың жҧрнақтары ғана сақталған деу 
шындыққа ҽлдеқайда жақын болар.
1
Қазақ ҽдебиетінің тарихы. Алматы, 1948. 43-б.; Қазақ ҽдебиетінің тарихы. Алматы, 1960. 1-т., 1-кітап. 110-

б.




166


Қаскҿй кҥштерді қуып қана қоймай, одан қаша жҿнелу ҽдеті де арғы-
бергі халықтар ҿмірінде кҿп кездеседі. Дерт кҿшірудің бҧл тҥрін қазақ 
бақсылары да қолданған. Бҽдікте ҿтіну, сҧрау, қорқыту, ҥркіту, шошыту
сықылды дерт кҿшіруге тҽн жалпы сарындар болғанмен, қаскҿй кҥштерден 
тҧра қашу арқылы қҧтылу жорасы мҥлде байқалмайды.
Бҽдік болмысы «кҿшіру» ғҧрпымен тікелей байланысты. Дерт кҿшіру 
қаскҿй кҥштерден қҧтылудың жалпы амалы болса, бҽдік – емдік магияның
жалқы ҽдістерінің бірі. Фольклортану тҧрғысынан келгенде бҽдікті 
вербальды магия ҥлгісіне жатқызуға тура келеді. Бҧл жағынан оған ең жақын,
етене туыс болып табылатын жанрлар – бақсы сарындары мен арбау. Алайда, 
олардың спецификалық ерекшеліктері, жанрлық айырым белгілері ап-айқын
кҿрініп тҧрады. 
Бақсы сарындарында бҽдіктегідей емдік шаралар негізгі қызметті
атқарғанмен, олар адам сырқатынан айықтыру ҥшін, онда да негізінен жҥйке 
ауруларын емдеу ҥшін қолданылады. Арбауда ем-домнан ҿзге де қызметтер
бар (мысалы: жауын шақыру, кҥн жайлату, т.б., яки арбау метеорологиялық 
магия қҧрамына да енеді). Бҧл – бір. Екіншіден, бақсы сарындары мен
арбаудың алабҿтен орындалу ерекшеліктері бар. Бҽдікті қауым болып 
ҿткерсе, бақсы сарыны мен арбауды профессионал орындаушылар атқарады
(бақсы, арбаушы). Арбау бҽдік сияқты ҿлеңдетілмейді, оқылады, т.с.с. 
Ҥшіншіден, олардың ҿлең ҿлшемінде, ҧйқас, ырғақ тҥзілістерінде маңызды
айырмашылық бар: бақсы сарыны мен арбау, негізінен, жыр ҥлгісінде 
шығарылады. Тҿртіншіден, бҽдіктің стильдік ҿрнегі мен ондағы образ
табиғаты да бақсы сарыны мен арбаудан оқшау тҧр, т.с.с. 
Бҽдіктің диалогқа қҧрылған мҽтіндерінде айтыстағыдай қыз, жігіттің
есімі аталмайды, сол арқылы ол айтыстан ерекшеленеді де. Бҽдіктегі қыз бен 
жігіт ҿнер жарыстыратын тҧлғалар емес, дҽстҥрлі ғҧрыпты орындаушылар
ғана. Олардың аузынан шығатын сҿз де ақындардыкіндей қолма-қол ойдан 
шығарылатын, суырып салынатын ҿнер дҥниесі емес, кҿбінше даяр ҥлгілер,
бҧрыннан қалыптасқан шумақтар болады. Магиялы саналатындықтан жҧртқа 
белгілі бҽдік сҿздерін бҥтіндей ҿзгертіп жіберуге жол жоқ, керісінше, ҽртҥрлі
дайын сҧлбалар мен сораптарға мол орын беріледі.
Бір айтқанды қайта-қайта айта беру – сырт кҿзге ғана іш пыстыратын,
мезі қылатын ҽрекет, негізінде ол магиялық ғҧрыпты орындаудың талабынан 
туындайтын басты заңдылықтардың бірі. Тибеттің магиялық кітабындағы:
«Қажетті жалбарыну сҿзін 100 мың рет қайтала»
1
,– деген шарт тегіннен тегін 

қойылмаса керек. Қазақтың бҽдігінде де белгілі бір сҿзді, сҿз тіркесін,


сҿйлемді, сҿйлемдер тобын, шумақты, бҥкіл мҽтінді неғҧрлым кҿп қайталаса, 
зиянкес кҥшке солғҧрлым қатты ҽсер етуге болады деген сенім жатыр.
Қарастырылып отырған жанрда ең кҿп қолданылатын сҿз – «бҽдік», содан 
соң жиі қайталанатын сҿз – «кҿш». Оның шумақ, тармақ ішіне орналасуы да
белгілі бір ырғақ, ҧйқас заңдылықтарына бағынады. «Кҿш» сҿзі, ҽдетте, 
бірінші, екінші жҽне тҿртінші тармақтарда қайталанады. Қандай да бір затты
1
Токарев С.А. Ранние формы религии. М., 1964. С. 93. 


167


немесе қҧбылысты екінші зат пен қҧбылыстан айыратын ондаған, жҥздеген
белгілер бар. Ол белгілер кейде арнайы тексерусіз де «мен мҧндалап» 
тҧрады. Бірақ тым қарапайым болуы себепті біз оларға кейде тиісінше мҽн
бере қоймаймыз. Сондай қарапайым, ҽрі жанрдың бет-пердесін айқындайтын 
басты белгі деп бҽдік мҽтінінің кез келген шумағында «бҽдік» сҿзінің жҥруін
атар едік. Екінші белгі – оның «кҿш» сҿзімен тоқайласа, тоқым қағыстыра 
ірге қонатындығы. Бҥкіл бҽдік кҿшіру ғҧрпының тоқетер тҥйіні де аталған екі
сҿздің тҿбе тҥйістіруіне келіп тіреледі. Алайда, жетекшілік міндетті «бҽдік» 
сҿзі атқарады. Кейбір бҽдік ҿлеңдерінде «кҿш» сҿзі мҥлде қолданылмауы
мҥмкін. Бірақ «бҽдік» сҿзінің қатысынсыз бҽдік мҽтіні болуы мҥмкін емес. 
Бҧл – бҧзылмайтын, бҧлжымайтын поэтикалық заңдылық.
Ҽдетте, бҽдік мҽтіндеріндегі ҿлең тармақтарының ҧйымдасуы шумақ 
тҥрінде болады. Оны жоғарыдағы мысалдар да айқын аңғартады.
Ҿлеңдердегі шумақ саны ҽртҥрлі келеді. Бізге белгілі бҽдіктер кҿлемі 4 
шумақтан 46 шумаққа дейін жетеді.
Бҽдіктегі шумақтар бір-біріне композициялық жағынан болсын, 
сюжеттік желі жағынан болсын онша тҽуелді бола бермейді, мҥмкіндігінше
автономиялы ҿмір сҥруге бейім тҧрады. Сондықтан да кейбір ҿлең 
шумақтары бір бҽдік мҽтінінен екіншісіне, одан ҥшіншісіне оп-оңай ауысып
кете барады. Ҽрине, олардың жолма-жол, айнадай теп-тегіс қайталануы ҿте 
сирек. Ауызша поэзияның жалпы даму заңдылықтарына сҽйкес бҽдік
ҿлеңдеріндегі шумақтар да вариацияға ҧшырап отырады. 
Бҽдік шумақтары ҥнемі тҿрт тармаққа, ал, тармақтар 11 буынға, ақсақ
ҧйқасқа (ааба) қҧрылады. Ілуде бір тирада пішінінің де жолығуы мҥмкін. Ол 
екі тҥрлі болады. Біріншісі – 11 буынды қара ҿлең ҿлшеміне шақталған
тирада:
Бір ауру бар бҽдік деген келді хабар,
Бҽдіктің кҿп жиналса, емін табар. 
Уа, бҽдік, кҿшер болсаң, молдаға кҿш,
Мойныңа ҽшекейлеп тҧмар тағар. 
Болмаса, балпаң басқан байларға кҿш,
Ҥстіңе ақ манара шапан жабар... 
Екінші – 7-8 буынды жыр ҿлшеміне шақталған тирада: 

Бҽдік, бҽдік деседі, 


Бҽдік желдей еседі.
Асқар, асқар тауларға, 
Ағыны қатты суларға,
Айнала соққан қҧйынға 
Ай, кҿш, десе кҿшеді.
Ай, кҿш. 
Бҽдік мҽтіндерінде сҿздердің, негізінен, зат есімге ҧйқасатыны айқын 

аңғарылады. Оның себебі кҿшіру ғҧрпына тікелей байланысты. Бҽдік ҿткеру





168


салты кезінде ауру, немесе қаскҿй кҥш, не жанды (адам, мал, жҽндік), не
жансыз заттарға кҿшіріледі. Сондықтан да ҧйқасқа енетін сҿздердің зат 
есімге бітуі ҽбден заңды. Ҿзге сҿз таптары бҽдік ҧйқасының қҧрамында
екінші қатарлы ғана рҿл атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет