1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ



бет39/127
Дата29.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#144657
түріБағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   127
§ 4. Қиял-ғажайып ертегі 

Қиял-ғажайып ертегі – қазақ халық ҽдебиетіндегі ең кҿне жанрлардың 


бірі. Оның шығу мезгілі – алғашқы қауымдық қоғам дҽуірі. Сондықтан
ертегінің бҧл тҥрінде адамзаттың ертедегі ҿмірінің кҿптеген белгілері 
сақталған. Мысалы, матриархат заманына тҽн аналық ру мен кҿптеген ҽдет-
ғҧрыптардың кҿріністері (дуальдық ҧйым, аналық мекен, аналық неке, 
кувада, авункулат, т.т.), ерте заманғы анимизм, тотемизм, магия сияқты діни
нанымдар мен сенімдер. Бірақ кҿне дҽуірдің бҧл кҿріністерін кейінгі заманда 
халық тек қиял ғана деп тҥсінген. Сол себепті де ертекшілер ҽңгімесін «ерте
уақытта болған» деп ескертеді. 
Қазақтың қиял-ғажайып ертегілері жанрлық жағынан біркелкі емес,
оның қҧрамында алғашқы қауымға тҽн қарапайым ҽңгімелер, батырлық 
ертегілер кездеседі, сондай-ақ тҧрмыс-салтты авантюралық шығармалар да
ҧшырасады. Демек, ертегінің бҧл тҥрі жанр жағынан синкретті. 
Айтылмыш жанрдың сюжетіне, поэтикасы мен қҧрылысына батырлық
жыр ҥлкен ықпал еткен. Кҿптеген қиял-ғажайып ертегілерінің сюжеттік 
желісінде батырлық жырындағыдай тҧрақты прологтар мен эпилогтар бар.
Ҽдетте, сюжеттің прологында ертегі қаһармандарының кҽрі ата-анасы мен 
оның тууы туралы баяндалады: қартайғанша перзент кҿрмей, қубас аталған
кемпір мен шал Қҧдайдан бала сҧрап, ҽулие-ҽнбиелердің басына тҥнеп, 
жалбарынады. Кемпір-шалдың тілегі қабыл болып, бір бала туады. Ол –
ертегінің бас кейіпкері, батыр, ержҥрек жауынгер. Ал, бас қаһарман туралы 
ҽңгіме біткен соң негізгі сюжетке жалғасатын эпилогта кейіпкер мен оның
жанындағылардың ҽрі қарайғы тағдыры сҿз етіледі. Эпилогтағы бас кейіпкер, 
кҿп жағдайда, негізгі сюжеттегі қаһарманның баласы немесе інісі болып
келеді. Ол ендігі жерде ағасы, не ҽкесі бастап, ҥлгіре алмай кеткен істі 
тындыруға тиіс.
Қазақ қиял-ғажайып ертегілерінің сюжеттік қҧрамы да ҽралуан. Атап 
айтсақ, онда барлық халықтың ҿзі шығарған халықаралық сюжеттер, бізге
басқа халықтардан ауысқан жҽне тек ҿзімізге тҽн сюжеттер бар. Бҧл 
кездейсоқ емес. Қазақ халқы сахарада жеке, дара ғҧмыр сҥрген жоқ. Ол ҿмір
бойы басқа халықтармен қоян-қолтық аралас, тығыз қарым-қатынаста болды. 
Ерте заманда туып, кҿне дҽуірдің кҿріністерін сақтап келсе де, қиял-
ғажайып ертегілер халқымыздың тҧрмысын, салтын бейнелейді, кҥнделікті 
ҿмірін кҿрсетеді. Ҽрине, ҿмір шындығын қиял-ғажайып ертегілер тікелей,
сол қалпында емес, эстетикалық тҧрғыда алып кҿрсетеді. Ҿмірдегі тартыстар, 
болмыс кҿріністері, адамдардың қарым-қатынасы – бҽрі халықтың
эстетикалық рухында тҥзіледі. 
Сҿз болып отырған ертегілердің бас қаһарманы, эстетикалық мҧраты –
халық идеалы. Ертегі тек халық мҧратын мадақтайды. Қазақ ертегілерінің бас 
қаһармандары – аңшы-мерген, жауынгер-батыр, кенже бала, тазша жҽне
ҽлеуметтік теңсіздіктегі бҧқара ҿкілі. Бҧлардың бҽрі халық арманынан ҽр 
кезде туған идеал кейіпкерлер, яғни идеал – тарихи қҧбылыс. Ертеде, ол



222


табиғаттың дҥлей кҥштерімен алысып, кҥнделікті ҿмір ҥшін аң-
айуанаттармен кҥрескен кезде, халықтың арманы, идеалы – соларды жеңетін 
балуан, кҥшті батыр, мерген болды. Ертегіде ол – неше тҥрлі ғажайып
тажалдармен соғысып, жеңіп шығатын аңшы-мерген. 
Кейінгі дҽуірде, адамзат рулық қоғамға кҿшкенде халықтың идеалы ҿз
руын бҿтен елден, шапқыншы жаудан қорғайтын жауынгер батыр болды. Бҧл 
бейне қазақ ертегілерінің біразында кездеседі. Рулық қоғам ыдырай
бастағанда – идеал басқа. Енді ол – ыдырап бара жатқан қоғамның дҽстҥрін 
қолдаушы, ата жолын қуушы. Ол қазақ ҿміріндегі қара шаңырақтың иесі –
кенже бала. Біздің кҿп ертегілерімізде бас кейіпкер осы кенже бала болып 
келеді.
Қоғамда ҽлеуметтік теңсіздік шарықтау шегіне жеткен кезде ертегі 
идеал етіп, мадақтайтын бейне – ҽлеуметтік теңсіздіктегі бҧқара ҿкілі,
жҽбірленуші, жапа шегуші. Бҧл кезде қиял-ғажайып ертегілер ҿмірге тікелей 
жақындап, толық бҧқараланады, бҧқара арманын дҽріптеп, халық мҧратын
эстетикалық мҧратқа айналдырады. 
Айтылмыш жанрдағы басты тақырып – сиқырлы заттардың кҿмегімен
бас қаһарманның небір ғажайыптар мен қыруар қиындықтарды жеңіп, 
мҧратына жетуі. Мҧның ҥстіне ҥнемі ҽділеттік жеңіп, зҧлымдық ҽшкереленіп
отырады. Ертегілердің бҧл тҥрінде дҽстҥрлі идеялардың жиынтығы оның 
композициясымен, сюжеттік желілерімен жҽне қаһармандардың айқын
анықталған идеясымен біте қайнасып кеткен. Бҧл қатаң бірліктен сҽл ауытқу 
қиял-ғажайып ертегісінің мҥлдем бҿтен тҥрін туғызады. Егер қаһарман
барлық кҥшін сарқа пайдаланып, небір қиындықтарды жеңіп шықса, ол 
батыр атағына ие болады да, мҧндай қаһарманы бар ертегі ҿзіндік
ерекшелігімен дараланатын батырлық ертегілер деп аталады. Екінші 
жағынан, дҽстҥрлі композициядан ауытқу қиял-ғажайып ертегілеріне жақын
ҽрі біршама бҿтен идеялармен байланыстырылады. 
Қиял-ғажайып ертегілердің классикалық типі қаһарманды басқа дҥниеге
аттандыру, ғажайып қҧралдарды табу, қиын тапсырмаларды орындау, қҧда 
тҥсу, жауыз кҥштерден қҧтылу сияқты композициялық бҿлшектерді
қамтиды. Ол кҿбінесе қаһарманның ҥйленуімен жҽне таққа отыруымен 
аяқталады. Ертегілердің классикалық тҥрі шығыс пен батыс халықтарына кең
таралған. Қазақтың қиял-ғажайып ертегілері ерекше дара тҧрған дҥниелер 
емес, оның кҿптеген сюжеттері дҥниежҥзіне белгілі ертегілердің нҧсқалары
болып келеді
1
.

Ертегі, ҽдетте қаһарманның ҥйден аттануымен басталады. Оның 


себептері де ҽртҥрлі: бірде ҥйірімен жылқы ҧрланып, ағайынды жігіттер


ҧрыны іздеп шығады («Сҽрсенғали»), бірде мыстан кемпірдің алдын ала 
ескертуі бҧзылып, ҽкесі оған ҧлын жіберуге мҽжбҥр болады («Қаратай»),
бірде қаһарманның шешесін Алып Қарақҧс ҽкетіп, қаһарман оны іздеуге 
шығады («Қанбаба»). Басталудың мҧндай типтері барынша кҿне болып
келеді. Ғажайып образдар арқылы ҿрнектелген табиғаттың жауыз кҥштері 
1
Қараңыз: Андреев Н. П. Указатель сказочных сюжетов по системе Аарне. Л., 1929. 


223


мен адам арасындағы арасалмақтың бҧзылуынан сюжет арқауы тарқатылып
отырады. 
Ежелгі рулық салттардың ыдырауына жҽне отбасы ішіндегі
алауыздықтың пайда болуына байланысты ертегіде де ҿзгеріс пайда бола 
бастайды. Айталық, полигамдық жағдайындағы кҥндестік ҿз кҿрінісін
табады. «Алтын айдар» мен «Ҥш қыз» атты ертегілерде бҽйбіше тоқалдан 
туған баланың орнына кҥшік салып қояды, хан тоқалды ҥйінен қуып
жібереді. Ал «Байдың кенже ҧлы мен пері» ертегісінде кіші ҧлының берген 
кеңесіне шамданған ҽке оны ҥйінен қуып жібереді.
Кейінірек қоғамдағы қайшылықтар кҥшейе тҥскен кезде ертегілерге 
ҽлеуметтік сарын ене бастайды. Сҿйтіп, ертегіде кедей жігіттің ҽйелін
ҧнатқан хан оны ҿлтіру ниетімен ҽртҥрлі қиын жҧмыстарға жҧмсайды 
(«Барып кел де, алып кел», «Адам білмес тас»).
Сонымен, қаһарман ҥй-ішімен қош айтысып, жолға шығады. Оның 
алдында неше тҥрлі сиқырлы заттарды немесе қалыңдығын табу мақсаты
тҧрады. Кейде оны сапар шегуге итермелейтін ҿзінің табиғи ҽуесқойлығы 
болады. Қолына темір таяқ ҧстап, аяғына темір етік киіп, қаһарман беймҽлім,
жат сырлы дҥниеге – алыс жолға сапар шегеді («Ер Тҿстік», «Қанбаба»). Жат 
сырлы дҥние бірде жердің ҥстінде, бірде астында, бірде кҿкте болып шығады.
Кейде ол адам басып ҿте алмайтын шҿлді қҧм дала арқылы ҿтетін биік 
таулардың арғы жағында болады. Оған жету ҥшін дамылсыз қозғалып
тҧратын «жаны бар» алып таулардан, жанып тҧрған теңізден немесе аспанды 
тіреп тҧрған асқар таудан ҿту керек. Қазақ ертегілерінде жырақ жатқан
тылсым дҥние ашылып суреттелмейді, жалпылама аталады жҽне ол кҽдімгі 
қазақ жеріне ҧқсас болып келеді.
Ежелден дала перзенті – кҿшпелі қазақ халқының ертегілерінде шексіз 
дала мен биік таулардың кездесуі – таңданарлық қҧбылыс емес. Оның
пейзажы, кҿбінесе, шетсіз-шексіз шҿлге айналып отыратын дала мен кҿз 
ҧшында кҿкжиекпен астасатын таулар болып келеді. Рас, кей-кейде
шекаралық бір меже кездесіп қалып отырады. Мҽселен, биік таудың басында 
жалғыз ҥй тҧрады, оның ішінде жалмауыз кемпір отырады. Алайда, бҧл
арадағы жалмауыз кемпірдің сақшылық қызметі қосалқы рҿл атқарады. Кҿп 
жағдайда қаһарман айдалада немесе дарияның жағасында ҿсіп тҧрған жалғыз
бҽйтерекке тап болады. Ол ағаштың басындағы Алып Қарақҧстың немесе 
Самҧрықтың ҧяда жатқан балапандарын айдаһардың аузынан қҧтқарады. Сол
ҥшін қаһарманды Самҧрық жат сырлы дҥниеге жеткізіп салады («Адам 
білмес тас», «Сиқырлы қҧс», «Ҥш қыз» жҽне т.б.).
Қаһарманның Самҧрық қҧстың кҿмегімен жеткен жері малға толы 
жайлау, кҿкорай шалғынды аңғар не ҥлкен қала болып келеді, кей-кейде
сусыз шҿл немесе адам аяғы баспаған қҧла дҥз болуы да мҥмкін. Бейтаныс 
қаланы ҧзақ шарлап, ешбір адамды кездестіре алмаған қаһарман кенеттен бір
балаға тап болады. Оған қарай асыға ҧмтылып, тақап келгенде, бала 
шыңғырып жібереді де, қҧлап тҥседі. Сҿйтсе, бҧл қаланың тҧрғындары –
перілер екен («Онда бар да, мҧнда алып кел»). 
Жат сырлы дҥниеде қаһарман бҧрынғы келбетін ҿзгертіп, адам



224


танымастай қалыпқа келуі керек. Қаһарманды бҧлайша бҥркемелеу кҿптеген
елдердің ертегілерінде кездеседі. Самҧрық қҧс кейіпкерді жҧтып алып, қайта 
қҧсады да, оны танымайтын қылады («Қанбаба», «Адам білмес тас»). Бет
перде жамылған қаһарман бірде қойылған сҧрақтардың барлығына 
«білмеймін» деп жауап береді («Білмес»), бірде сҥйкімсіз тазшаның кейпіне
келеді («Ҽли мен Тҽби»), бірде басына қойдың қарынын жамылып алады 
(«Ермек»), т.т.
Қаһарманды жат сырлы дҥниеде кҥтіп тҧрған не? Ол – мҧнда ҿзі кҥй 
шығаратын домбыра, адам білмес тас, қолма-қол тағам даярлайтын
дастарқан, бҥкіл дҥниені кҿрсететін айна, ғажайып қазан сияқты сиқырлы 
заттар. Сондай-ақ ол мҧнда су патшасының қызы мен кҿк Тҽңірінің қызы
Кҥнікей сияқты сҧлуларға тап болады. Сиқырлы заттардың кҿмегі мен 
кеңесіне сҥйенген қаһарман жат сырлы дҥниеден іздегенін тауып, жер бетіне
оралады. Қазақ ертегілерінің кҿпшілігінде қаһарман жерге қайту жолында 
зҧлым кҥштердің кедергісіне ҧшырамай, қайту сапары сҽтті аяқталады.
Алайда, зҧлым кҥштер тап берген жағдайларда кейіпкер олардан қашып 
қҧтылуға мҽжбҥр болады: жалмауыз кемпірден қашқан қыз артына тарақ,
ине, айна сияқты заттарды тастап отырады, ол заттар дереу орманға, тауға, 
кҿлге айналып кетеді; қаһарман кейде ҿзінің жауыз ҧстазынан бірде тҥлкі,
бірде ҥйрек, бірде балық болып, ҽртҥрлі айла-ҽдістермен шебер жасырына 
қашып қҧтылады («Қыздар мен жалмауыз кемпір», «Тазша бала»,
«Оқымысты бала»). 
Қазақтың қиял-ғажайып ертегілері қаһарман ҥйленіп, хан болуымен
тынады. Бҧрынғы қызғаншақ хан мен оның зҧлым уҽзірі, ханның айуандық 
ҽрекеттеріне кҿмектесуші арамза кемпір мен ағайынды сатқындардың
барлығы не қатаң жазасын тартады, не кешірім алады. 
Қазақ ертегілерінің композициясы, жалпы алғанда, Батыс пен
Шығыстың кҿптеген халықтарының ертегілеріне ҧқсас боп келеді. Сонымен 
бірге ол ҿзіндік сипатқа да ие. Мысалы, кейбір ертегілер даладағы жҧтты
баяндаудан басталады. Жҧттың салдарынан ел басқа жерге қоныс аударады. 
Ал, ертегі қаһарманы ержеткен соң сол елді іздеуге аттанады. Сҿйтіп, жҧт
қаһармандардың тағдырын ҿзгертіп, ертегілік сюжеттің басталуына ҧйтқы 
болады.
Қиял-ғажайып ертегі фольклордың классикалық тҥріне жатады, ол 
кҿркемдігі жағынан басқа жанрлардан анағҧрлым артық, мҧнда ежелгі
утилитарлық қызмет атқарған кҿне ҧғымдар мен сюжеттер шебер 
жымдасқан, соның нҽтижесінде қиял-ғажайыпты ертегілік шығармалар
эстетикалық функциясы бар ҿнер туындысына айналған. Сондықтан қиял-
ғажайып ертегі фольклордың болмысқа эстетикалық қатынасының бір
формасы болып саналады. Сол себепті ол қоғам дамуының ҽр кезеңіндегі 
халық идеалын бейнелейді, оның эстетикалық, этикалық тҥсініктерін
танытады. Ал осылардың айқын кҿрінуінде ертегілік шығарманың 
композициясы мен тілі, яғни поэтикасы ерекше рҿл атқарады.
Қиял-ғажайып санатындағы ертегілердің қҧрылымы ҿзге халықтар 
ертегілерінің архитектоникасына ҧқсас: кейіпкерді таныстыратын бастама,



225


оқиғаны эпикалық рухта баяндау жҽне бақытты аяқталуы, – міне, бҧлар
кҿптеген халықтың классикалық ертегілеріне тҽн. Мҧндай ҧқсастық жалпы
ертегі жанрының табиғатынан жҽне халық идеалын дҽріптеу мақсатынан
туған. Ҽрине, кҿп ел ертегісінің композициялық ҧқсастығы мҥлде бірдей 
деуге болмайды. Ҧқсастық – жалпы қҧрылымда, оның бҿлшектерінде. Ал,
бҿлшектің ішкі қҧрылысы мен мазмҧны ҽр халық ертегісінде ҽр басқа. 
Жоғарыда айтқанымыздай, кҿптеген халықтың ертегісі, дҽлірек
айтқанда, қиял-ғажайып ертегісі, қаһарманның (дҥниеге келгеннен кейін) 
ҥйден (алыс сапарға) шығуымен басталып, ҥйге қайтып келуімен аяқталады.
Ғылымда мҧны рамалық қҧрылым дейді. Мҧндай қҧрылым тағы бір формада 
кҿрінеді: ертегінің басталуы мен аяқталу сҿздері оқиғаға қатыссыз болады.
Осының бҽрінде кейіпкердің ҿмір жолы кҿрсетіледі. Демек, бізге жеткен 
кҿркем ертегінің композициясы халық сҥйген қаһарманды дҽріптеу
мақсатына сҽйкес қҧрылған. Кейіпкерді мадақтау ҥшін ертегі оның алдына 
неше тҥрлі қиындықтар мен бҿгеттер қояды, солардан аман-есен ҿткен
қаһарман мҧратына жетіп, халық қҧрметіне бҿленеді. Сондықтан ертегінің 
бастамасы кейіпкердің жолға шығу формасында болып келеді. Бҧл – бҥкіл
ертегі оқиғасының ҿзегі, тіпті, сайып келгенде, кейіпкердің ҿтуге тиісті 
бірінші сынақ: ҥйден аттанған кейіпкер енді бейтаныс дҥниеде жалғыз ҿзі
сапар шегеді, алуан тҥрлі оқиғаны басынан кешіреді. 
Кейіпкер ҥйден шығысымен-ақ ертегінің оқиғасы кҥрделеніп, қоюлана
тҥседі: оның орындайтын істері мен ҿтетін бҿгеттері қиындай береді, бірақ 
ертегіге қосымша кейіпкерлер кҿп енгізілмейді, ал, енгізілген кҥннің ҿзінде
(айталық, керемет кҿмекші немесе қаскҥнем) олар қаһарманның ерекше 
кҥшін, тағы басқа қасиеттерін аша тҥсуге қызмет етеді.
Ертегінің эпикалық, яғни оқиғалық бҿлшегі тҥгелімен дерлік 
кейіпкердің ҽртҥрлі мақҧлықтармен, қҧбыжықтармен кездесіп, олармен
шайқасуынан тҧрады. Қаһарманның неше тҥрлі жауыздармен қақтығысып, 
оларды жеңуі – ертегі сюжетінің нағыз шарықтау шегі. Ал, барлық
қиыншылықтан ҿтіп, жауларын жеңіп, қаһарманның ҿз жарымен еліне 
оралуы – кҿркем ертегідегі сюжеттің шешімі.
Кейіпкерді айрықша даралап кҿрсетуде қиял-ғажайып ертегінің стилі 
мен кҿркемдік қҧралдарының атқаратын рҿлі зор. Шығармаға, оның бас
қаһарманының іс-ҽрекетіне ҿзіндік реңк беріп тҧратын кестелі тіл мен 
ҽсірелеу, қайталау жҽне контраст секілді тҽсілдер бар. Мҽселен, ҽсірелеу –
жалпы фольклордың жанрлық табиғатынан туып, қарапайым мен керемет 
нҽрселердің, шалқыған қиял мен кҽдуілгі жҽйттердің аралас келуін
байқататын кҿркемдік тҽсіл. Ҽсірелеу эпикалық образ жасауда негізгі рҿл 
атқарады, кейіпкердің ерекше қасиеттерін айқындай тҥседі. Ертегі бас
қаһарманның ҿзін де, кҿмекшілерін де, сондай-ақ оның қарсыластары мен 
қиындықтарды да ҽсірелей кҿрсетеді. Соның нҽтижесінде ол тумысынан
ҿзгеше, басқаларда жоқ қасиеттерге ие болып кҿрсетіледі жҽне оның 
кҿмекшілері де, дҧшпандары да сондай болып, ҽсіреленіп бейнеленеді.
Біздің қиял-ғажайып ертегімізде кең қолданылатын тҽсілдің бірі – қарсы 
қою, яғни контраст. Ол ертегіде екі тҥрлі кҿрінеді. Бірі – сырттай, кҿзге



226


бадырайып тҧрады, яғни образдар ізгілік пен зҧлымдықтың ҿкілдері есебінде
бір-біріне қарсы қойылады. Сыртқы контраст халық алдында қаһарманға қас 
дҧшпандардың зымияндық ойлары мен ҽрекеттерін ашық ҽшкерелейді.
Контрастың екінші тҥрі – жай кҿзге кҿрінбей, бір образдың ішінде 
кездесетіні. Басқаша айтқанда, образдың ішінде бірімен бірі сыйыспайтын
мҥлде кереғар қасиеттер мен қылықтардың орын алуы. Образдың ҿзінде 
жақсылық пен жамандық, ізгілік пен зҧлымдық, адалдық пен пасықтық
сияқты қасиет-мінездер бірлікте, қатар кҿрінеді.
Ертегіге тҽн кҿркем тҽсілдің тағы бірі – қайталау. Ол ертегіде ҥш тҥрлі
мақсатта қолданылады. Біріншісі – қаһарман кездесетін кедергілерді бірінен 
соң бірін кҥрделендіре тҥсу, сол арқылы образдың ерекше тҧлғасын кҿтеріп
кҿрсету; екіншісі – ретардация, яғни оқиғаны баяу баяндау ҥшін, ҥшіншісі
ертегінің ауызша айтылып, ауызша таралуына байланысты оның
ҧмытылмастай болып, жақсы ҧғылып, есте қалуы ҥшін пайдаланылады. 
Ертегілік образ жасауда жиі қолданылатын тҧрақты тіркестердің,
стильдік формулалардың рҿлі ҥлкен. Егер жинақтап айтар болсақ, олар 
мынадай жағдайларды суреттеу ҥшін жҧмсалады: а) қаһарманның ерекше
тҧлғасын, қасиетін сипаттау ҥшін «атса – мылтық ӛтпейді, шапса – қылыш 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет