218
мақҧлықтар (жезтырнақ, жалғыз кҿзді дҽу, албасты, жалмауыз кемпір, т.б.)
бҧрынғы аңшылар ҽңгімесіне кірігіп, хикая туғызады. Хикая жанры мифтің
ҿзімен бірге ертегіге де айналады. Оның ертегі қҧрамында жҥретіні де
сондықтан. Бірақ мифтің ертегіге айналу жолында хикая мен ертегі қатар
ҿмір сҥреді, сол себепті миф, ҽсіресе, хикая ҿзінше жеке айтылып, елге
жайылады. Қазақ халық прозасында осы процесс тҥгел дерлік із қалдырған.
Жалпы,
ертегілердің пайда болып, қалыптасуының алғашқы кездерінде ел
оны қиял деп ойламаған, онда баяндалатын оқиғаға сенген, себебі ол шақта
ертегі ҿз тҿркінінен алшақ кете қоймаған, сондықтан кҿркемдік
қызмет те
атқармаған. Ал, кҿркем фольклорлық жанр болып қалыптасқан классикалық
ертегіде қиял мақсатты тҥрде пайдаланылады, сондықтан ол ҽсіреленіп,
ғажайыпқа айналады жҽне біршама ҿзінше дамып отырады. Ертегідегі
ғажайып қиял (фантастический вымысел) адамның кҥнделікті кҿріп жҥрген
заттары мен қҧбылыстарын саналы тҥрде басқаша етіп кҿрсетеді, ҿйткені,
бҧл жанрда ғажайып (фантастика) кҿркем-бейнелеуіш қҧрал ретінде
қолданылады.
Ҿмірде болатын нҽрсенің ҿзін ҽдейі ҿзгертіп кҿрсету – ертегінің ҿзіндік
қасиеті болғандықтан, ертекші де оның мазмҧнын барынша ҽсірелеуге,
ғажайыпты етуге кҥш салады. Сонымен бірге ертегідегі оқиғалар мен іс-
ҽрекеттердің қаншалықты ҽсерлі
болуы ертекшіге ғана емес, сондай-ақ
тыңдаушыға да, ертегінің айтылу жағдайына да байланысты. Ертегіде қиял
мен ғажайып ҽрі идеялық та мақсатта қолданылады, себебі классикалық
ертегі адамның рухани азығы болуымен қатар идеологиялық та қызмет
атқарған. Ертегінің кҿркем баяндалуында сюжеттен де гҿрі
композицияның
рҿлі артығырақ. Ертегінің композициясы бас қаһарманды дҽріптеуге
бағындырылады, сҿйтіп, ол белгілі бір қалып бойынша қҧрылады. Мҧның
бҽрі ертегіге идеялық, мазмҧндық жҽне кҿркемдік тҧтастық береді. Осы
тҧтастық бҧл жанрға басқа да қасиеттер дарытады: композиция мен
эстетикалық мҧраттың бірлігі ҽрі тҧрақтылығы, уақыттың тҧйық болуы,
кҿркем шарттылықтың міндеттілігі, ауызекі сҿйлеу тіліне сҽйкестігі, тҧрақты
тіркестердің қолданылуы, т.т.
Ертегінің поэтикасы мен композициясы кҿркем ҽрі жҥйелі.
Композициясы бірнеше бҿлшектен тҧрады: бастама – эпикалық баяндау –
аяқтау. Бастама, ҽдетте, ҿлең немесе ҧйқасқан проза тҥрінде бас кейіпкердің
ата-анасы, оның дҥниеге келуі туралы айтып, тыңдаушыларды бас
кейіпкермен таныстырады.
Эпикалық баяндау қаһарманның ҿсуі мен ҥйлену тарихын, оның бастан
кешкендерін ҽңгімелейді.
Аяқтауда кейіпкердің сҥйгенін алып немесе ойлағанын іске асырып,
мҧратына жеткені хабарланады. Бастама мен аяқтау кҿбінесе тҧрақты тіркес
тҥрінде болып келеді.
Ҿзінің ҧзақ тарихында ертегі жанры ҽр дҽуірдің, ҽр қоғамның болмысы
мен тҥсініктерінің, нанымдарының ҽртҥрлі
іздерін сақтап қалған, біздің
заманымызға жеткізген. Ертегіде, ҽсіресе, феодалдық қоғамның кҿрінісі
молырақ бейнеленген. Қазақ ертегілерінде хандық заманның шындығы, сол
219
шақтағы ҽдеттер мен нанымдар, салт-дҽстҥрлер, тҧрмыс кейпі кҿбірек кҿрініс
тапқан.
Қазақ ертегілері жанрлық ҽрі сюжеттік қҧрамы жағынан ҽр алуан. Ол
іштей бірнеше жанрға бҿлінеді: жануарлар жайындағы ертегілер, қиял-
ғажайып ертегілер,
батырлық ертегілер, новеллалық (хикаялық) ертегілер,
сатиралық ертегілер. Сюжеттер қҧрамында тек қазақтың ҿзіне тҽн
ертегілермен қатар, басқа елдермен ортақ ертегілер де бар. Олардың кҿбі
тарихи-типологиялық жағдайда пайда болған, біразы тарихи-генетикалық,
яғни туыс халықтарға ортақ болып табылады, кейбірі тарихи-мҽдени
байланыс нҽтижесінде қазақ жҧртына тараған. Сол себепті қазақ
ертегілерінің арасында таза ҧлттық та, халықаралық та, кҿшпелі де сюжеттер
қатар ҿмір сҥрген.
Достарыңызбен бөлісу: