312
қазіргі ғылымда ҽлі анықтала
қоймаған, ел арасында осы кҥнге
дейін
сақталған жануарлар жайындағы ескі тотемистік тҥсініктер мен классикалық
ертегілер арасындағы қайшылық пайда болады
1
. Басқаша айтқанда, ескі
мифтер мен ҽңгімелерде жануарлар тотемистік тҧрғыдан бейнеленсе, кейінгі
ҽңгімелер мен ертегілерде олар мҥлде кереғар кҿрсетіледі. Демек, мҧндағы
алшақтық тура мағына мен ауыспалы мағынаның, шын образ бен оның
тҧспалының арасында болады.
Кейінгі замандарда туған ҽңгімелер мен ертегілер бҧрынғылардан тек
кейіпкерлерді ғана мирас еткен, ал, олардың іс-ҽрекеті мен мінез-қҧлқын
басқа тҧрғыдан бағалаған. Бірақ мҧнда бір айтатын нҽрсе сол: жануарлар
жайындағы классикалық (аллегориялық) ертегі мен ескі мифтік ҽңгімелер
арасында ҽлі де болса тотемистік ҧғымды сақтаған ҽңгімелер бар. Олар
феодализм қоғамын басынан толық ҿткізбеген
елдердің фольклорында
сақталған, бірақ, ҽрине, сол алғашқы кҥйіндей емес.
Ал, таза ертегі кҿркем жанр ретінде мифтік ҧғымдардан біржола қол
ҥзгенде ғана қалыптасады. Онда жануарлар образы адамды тҧспалдап
бейнелеу деп қабылданады. Жануарлар жайындағы классикалық ертегі
мифтік жҽне діни ҧғымдардан таза, мҧндағы қиял кҿркемдік қызмет
атқарады.
Егер жануарларға байланысты тотемистік тҥсініктерге негізделіп туған
кҿне ҽңгіме-мифтердің мақсаты ҽрбір адам білуге міндетті мифологияны
білдірсе (хабарласа), кҿркем ертегінің мҥддесі басқа. Бҧл жанр пайда болып,
қалыптасқан шақта адамзат таптық қоғамда ҿмір сҥрген еді.
Сол себепті
мҧндағы қиял тҧспалдау тҥрінде болады да, ҽлеуметтік-таптық мҥдделерді
кҿрсетуге жҧмсалады. Сҿйтіп, жануарлар жайындағы классикалық
ертегілерде ҽңгіме шын мҽніндегі аң мен қҧстар жайында емес, адамдар
жайлы болады.
Міне, жануарлар жайындағы ертегі жанрының туып, даму процесі
осындай. Ол – типологиялық қҧбылыс, барлық елдің ертегісіне тҽн
заңдылық. Қазақ ертегісі де осы заңдылық бойынша туып, қалыптасқан. Рас,
оның ҿзіне тҽн ерекшелігі де бар.
Жануарлар жайындағы қазақ ертегілерін ҥш топқа жіктеуге болады.
Біріншісі – шығу мерзімі жағынан ең кҿне миф жанрымен байланысын толық
ҥзе қоймаған, жануарлардың пішініндегі, немесе жҥріс-тҧрысындағы, я
болмаса мінез-қҧлқындағы, ҽйтеуір, қандай да бір ерекшелігін тҥсіндіре
баяндайтын этиологиялық ертегілер. Екіншісі – Шығыс жҽне Батыс
халықтарының кҿпшілігіне мҽлім, яғни дҥниежҥзі елдерінің жануарлық
эпосын қҧрайтын классикалық ертегілер. Бҧлар бҥгінгі дҽуірде балалардың
ҥлесіне тиген. Қай елдің болса да, жануарлар жайындағы классикалық
ертегілері
адам мінезінің ақылдылық, ақымақтық, қулық-сҧмдық сияқты
жақтарын қарапайым аллегория арқылы ашып береді. Ҥшінші топқа мысал
ертегілер (апологтар) жатады. Бҧл ертегілер кҿбінесе кітаби болып келеді де,
ҽдебиетке жақын тҧрады. Мҧнда жануарлар бейнесі шартты тҥрде
1
Аникин В.П. Русская народная сказка. М., 1977. С.48-55.