§ 2. Сатиралық ертегі
Егер новеллалық ертегілер адамның басынан кешкен шытырманды, ҽрі
457
қызғылықты, тіпті, ҽдеттен тыс уақиғалармен байланысты болса, сатиралық
ертегілер қанаушылар мен арамтамақ адамдарды ҽшкерелеп, кҽдімгі ауыл
ҿмірін бейнелейді. Новеллалық ертегілер ғибрат боларлық белгілі бір
тҧрмыстық шындықты жақтауды, қайсыбір кеселді келісті ҥлгі кҥшімен
аластауды, ҽлдеқандай бір мораль уағыздауды мақсат тҧтса, сатиралық
ертегілер қоғамдық дертті кекесінді де, кесіп тҥсетін кҥлкі арқылы
ҽшкерелеуді кҿздейді. Новеллалық ертегілердегі уақиға хан сарайлары мен
қалаларда ҿтеді. Ал, сатиралық ертегілердегі уақиға орны – ҽдеттегі ауыл,
кейіпкерлері – ауылдағы малшы мен бай, молда...
Сатиралық ертегілер – ҽлеуметтік мазмҧны жағынан ширыға тҥскен,
кемелденген сананың жемісі. Бай мен кедей бірімен-бірі тату тҧрған ба?
Сондықтан халық ертекте қанаушы тапты қатал ҽшкерелеп, қарапайым
кедейдің байдан моральдық артықшылығын баса кҿрсетеді. Халықтың
мҽңгілік арманы – қанаушыларын тізе бҥктіру сатиралық ертегілерде кҿрініс
табады. Ҽмбе бҧл арман қой ҥстіне бозторғай жҧмыртқалаған ҿмір аясында
немесе қҧрғақ қиялда емес, кҥнделікті шындық ҿмірді бейнелейтін ертегіде
жҥзеге асырылып отырады. Сҿйтіп, ертегі кедейдің ҿз кҥшіне деген сенімін
арттыра тҥседі. Бҧдан біз сҿз ҿнері тҥріне айналған сатиралық ертегілердің
халық прозасының басқа жанрларынан кешірек, таптық қоғамның кеселді
дерттері барынша айқындалған дҽуірде кең дамығанын кҿреміз. Сатиралық
ертегілердің бізге жеткен сипаты, негізінен, XV-XVIII ғасырларда, яғни
Қазақ хандығы тҧсында қалыптасқан болу керек.
Сатиралық ертегіде ақымақтар мен қу тазша, Алдар кҿсе, Қожанасыр
бейнелерінің болуы – жалпы ертегі жанрының жаңа кҿркем сапаға
кҿшкенінің белгісі, ҿйткені, бҧл кейіпкерлер қоғамның дамуына сҽйкес
ҿзгерген халық дҥниетанымымен байланысты пайда болған. Басқаша
айтқанда, ел енді ежелгі нанымдар мен салттарға сын кҿзбен қарап, оларды
ҧстанған кісілерді мазақ қылатын болған. Сол себепті ертегі кейіпкерінің
бҧрынғы жақсы қасиеттері (тектілігі, адамгершілігі, адалдығы, т.с.) басқаша
бағаланып, кейіпкер ҿзгеше, тіпті, бҧрынғыға кереғар сипатталатын болған.
Дҥние ҿзгеріп кетті, ал, ертегі кейіпкері сол қалпында қалған, сондықтан
оның ескі салт пен тҥсінік-пайымға адалдығы елдің кҥлкісін келтіреді.
Ертегі кейіпкерінің ҿмір жағдайына бейімделе алмауы оны елге ақымақ
қылып кҿрсетеді. Ол маңайындағы адамдарға ҧқсамайды. Басқа жҧрт есеппен
ҿмір сҥріп, ҿзіне қажетті шаруа істесе, ол керісінше істейді: қақпанға тҥскен
аңдарды босатып жібереді, іші араға толы қапты сатып алады, ҿлген кісіні
тірілтемін деп, таяқпен сабайды
1
.
Алайда, бҧл ертегілердің кейіпкері қаншалықты ақымақ болғанымен, ол
– жаны таза, қайырымды, ешкімді жҽбірлемейді. Осы қасиеттері оны
ертегідегі басқа кейіпкерлерден ҽлдеқайда артық етіп кҿрсетеді. Ертегі де,
халық та сол жақта, оны бақытқа кенелтеді. Ол – халық ҿте жоғары
бағалайтын қасиеттердің иесі, сондықтан басқа адамдардың қадір-қасиеті сол
1
«Делдір тентек», «Кеген тентек», «Намаз сатып алған бай», «Қожанасыр дуана», т.б. ертегілерді қараңыз:
ОҒК қолжазба қоры, № 265, 182-бумалар жҽне ҼҾИ қолжазба қорындағы № 116, 117, 120-бумалар.
458
арқылы бағаланады. Соның қасиеттері арқылы ертекшілер қайырымдылық
пен ҽділеттіктің идеясы осындай болса деген ҿз ойларын айтады.
Мҧндай ертегілерде кейіпкердің іс-ҽрекеттері кҥлкілі етіп суреттеледі,
олардың ақымақтығы ғажайыпты (фантастикалы) емес, тҧрмыстық (бытовой)
қиял арқылы ҽшкереленеді. Ертегілерде кҿрсетілген жағдайлар (кҥйеуін
шешесіне тамаққа қанша тҧз салу керек екенін біліп келуге жҧмсау,
кҥйеуінің ҿз есімін ҧмытып қалуы, ҿзіне келген еркекті ҽйелдің сандыққа
тығуы, т. т.) ҿмірде болуы мҥмкін емес, ертегі сынға алып отырған нҽрсе –
осы «логикаға сыйымсыздық». Болмыстағы шын нҽрсені ҽдейі логикаға
сыйымсыз етіп кҿрсету – тҧрмыстық қиялдың кҿркем тҽсілі.
Ақымақтар туралы ертегілерде тҧрмыстық қиялдың ең басты шарты
болып саналатын алогизм нығая тҥседі; оның істері мен сҿздерінде
ҽдеттегіден тыс сипат (эксцентричность) басым болады, сҿйтіп, кейіпкер
аңқау (чудаковатый) болып кҿрінеді. Бҧл, ҽсіресе, Қожанасыр туралы
ертегілерге тҽн (қазақтардың ҿте аңқау кісіні Қожанасыр деп атауы тегін
емес).
Бірақ кҿркем жанр ретінде атқаратын қызметіне байланысты сатиралық
ертегі ақымақтықты да, аңқаулықты да ҿз мақсатында пайдаланып, оларға
басқа мағына береді. Ақымақ болып кҿрінетін кейіпкер шын мҽнінде ҿте
ақылды да, оның дҧшпандары – нағыз ақымақ болып шығады. Бҧл – жалпы
ертегі эстетикасының заңдылығы.
Ақымақ бала туралы ертегілер ҿте кең тараған. Сараң, ақымақ та
тасжҥрек ағайындылар еті тірі, еңбек сҥйгіш біреуін (ол кҿбінесе кенже бала
болып келеді) қызғанышпен кҥндеп, қуғынға ҧшыратады. Олар кенже
баланың ҥйін ҿртеп, шешесін ҿлтіреді, ҿзін де қҧртпақ болып, қҧдыққа
лақтыруға ҽрекеттер жасайды. Бірақ осының бҽрінде жағымды кейіпкер ҿзін
қуғындаушыларды қатырып алдап, қазаға ҧшыратады («Тоғыз тоңқылдақ, бір
шіңкілдек», «Кейқуат»). Ол топас, қысқа ақылды жеті қарақшыдан да кегін
қайтарады («Момынбай мен жеті қарақшы»). Ҽділетсіз, топас жан ақымақ
баланың табылған алтынды қайда жібергенін де аңғара алмайды («Ақымақ
бала»).
Ақымақ бала туралы ертегілердегі негізгі назар сараңдық пен
ҽділетсіздікті ҽшкерелеуге аударылады. Адамның табиғатынан ақылды, я
ақылсыз болып тууы заңды нҽрсе, оған талас жоқ, ал, ҽділетсіздік пен
тасбауырлық арқылы ҿз бақытын талап ету – ҽлеуметтік мҽнді мҽселе. Міне,
осындай жолға тҥскен адамдармен кҥресте ақымақ бала да ҥнемі жеңіске
жетіп жҥреді.
Ақымақ бала мен тазша туралы ертегілер тобының жігі аса нақты
ажыратылмайды. Мҧнда ҽлеуметтік сатира онша кҥшті емес. Ертегі
жалқаулық, сараңдық, дҿрекілік сияқты тҧрмыста кездесетін кемшіліктерді
сынайды. Тазша сатиралық ертегілердің қаһарманы ретінде шығыс
халықтарының кҿбіне мҽлім. Тазша – кедейдің кедейі. Оның жалғыз байлығы
– ақылы мен айласы, тапқырлығы мен табандылығы, қайраты мен
қажырлылығы. Тазшаға кез келген қалың қалталыны алдау мен қалаған
затын қағып алу сҿз емес. Ол, тіпті, керек болған жағдайда ханды да ҧрлап
459
ҽкеткен, ал, екінші бір ханды ҿз еркімен тҧзаққа асылдырған.
Жалпы, қазақ фольклорында тазша бейнесі екі тҥрлі болып келеді. Бірі
– шын тазша да, екіншісі – жалған тазша. Алғашқысы – сатиралық ертегінің
кейіпкері болса, соңғысы – қиял-ғажайып ертегі мен эпоста кҿрінеді. Мҧнда
бас кейіпкер ҽртҥрлі жағдайға байланысты тазша кейпіне тҥсіп, болашақ
ҽйелінің аулына немесе жау ішіне танылмай келеді. Бҧл образ шығу тегі
жағынан алғанда ежелгі замандағы бозбаланы ержету сынағынан ҿткізу
салтымен байланысты. Ал, фольклорлық кҿркем шығармаларда тазша
бейнесі жанрдың поэтикасына сҽйкес бейнеленіп, ҽлсізді дҽріптейтін халық
эстетикасы тҧрғысынан кҿрінеді.
Біраз ертегі халық арасына кең тараған кейіпкерлердің аттарымен
байланысты айтылады. Орта Азияның басқа халықтары сияқты қазақтарда да
Жиренше шешен, Алдар кҿсе, Қожанасыр есімдері мен образдары тҿңірегіне
топтасқан сатиралық ертегілер тобы бар. Бҧл қаһармандар (Кожанасыр,
Алдар кҿсе, Жиренше) қырғыздарға да, тҥркімендерге де, ҿзбек, ҽзербайжан,
тҥріктерге де жақсы таныс.
Қазақ халқының сҥйікті кейіпкерлерінің бірі – Алдар кҿсе туралы
ертегілер циклы ҽлеуметтік мазмҧны жағынан ҽлдеқайда ҿткір. Мҧндағы
кейбір сюжеттер шығу тегі жағынан ерте заманда пайда болған біраз
сюжеттерді бойына сіңірген
1
. Сондай сюжеттердің бірі Алдар кҿсенің
шайтанды жеңуі туралы ертегілер ақылды, қу, алды-артын болжағыш
адамдарды дҽріптейді, ақымақтық пен сараңдықты ашық ҽшкерелейді. Алдар
кҿсе шайтанды ҧста дҥкеніне айдап кіргізіп, тең бҿлеміз деген астықтан ҿзіне
артық алады, дҥниедегі қорқатын нҽрсем деп қазы-қарта жейді, ақырында,
шайтанның мойнына мініп, серуен қҧрады, т.т. Алдар кҿсе мен шайтан
туралы ертегілерде ҽлеуметтік арна жоқ, онда жалпы адамзатқа тҽн
жағымсыз қызықтар келекеленеді. Демек, мҧның ҿзі осы сюжеттің ҿте кҿне
екенін кҿрсетеді.
Ал, Алдар кҿсе мен Шығайбай жҽне мазмҧны жағынан онымен ҥндес
ертегілер тобы басқаша. Мҧнда Алдар кҿсе байды табан астында алдап,
аузындағы майлы етті қорқытып алады, оның сараңдығын келекелейді,
ақыры, алдап соғып, ҽлпештеп отырған сҧлу қызын алып кетеді. Бҧл
ертегілер тобындағы кҥлкі объектісі – жай ғана ақымақ, сараң адам емес, бір
тамшы су сҧрасаң бермейтін, дҥниесінің ҥстінде дірілдеп-қалшылдап
отырған дҥниеқор бай. Алдар кҿсе мен бай туралы ертегілер ҽлеуметтік мҽні
жағынан ҿте ҿткір.
Ертегі қанаушылар мен олардың қолшоқпарларының бойындағы ең
жағымсыз қасиеттерді ашып береді. Байға тҽн қасиеттің бірі – шектен
шыққан сараңдық. Олар ҿзіне қызмет қылушыларды аштықпен азаптайды,
еңбек ақысын тҿлемей, оларды ҽртҥрлі айла-тҽсілдермен алдауға тырысады
(«Бай мен жалшы» жҽне Алдар кҿсе туралы кҿптеген ертегілер). Мҧндай
озбырлыққа келгенде молда да байдан қалыспайды: Сары молда Ҿтежанның
ала жазғы еңбегіне қауынның дҽнін ғана тҿлейді.
1
Турсунов Е.Д. Генезис казахской бытовой сказки. Алма-Ата, 1973.
460
Сатиралық ертегілердің ҿзіндік бір тҥрі – анекдот. Оның басты
ерекшелігі мынада: анекдот белгілі бір ҧзақ сонар уақиға туралы ҽңгіме емес,
қысқа ғана, аса елене бермейтін, қалт еткен бір қҧбылысты кҥлкі арқылы
кҿркем ҿрнектеп, маңызды қорытынды жасайды. Анекдотқа кіргізілетін
қҧбылыс қаһарманның ҿміріне ерекше ҿзгерістер енгізбейді, тек оның кейбір
сапалық қасиеттерін аша тҥсу ҥшін иллюстрация ретінде қолданылады.
Фольклорлық анекдоттар, ҽдетте, қала, ҿмірімен немесе белгілі бір жер
аттарымен жҽне Ахмет Ахай, Қожанасыр, Жалайыр Тҧрлымбет сияқты
кейіпкерлермен байланысты болып келеді. Қазақ анекдоттарының кҿпшілігі
аты шығысқа мҽшһҥр, ҽрі сҥйікті тҧлға Қожанасыр атымен байланысты.
Қазақ Қожанасыры, сырт қарағанда, ақыл-ойы шамалы ғана қарапайым жан.
Ал, сҽл еңкіш тартқан, иегінен арғыны кҿре алмайтын оның сырт тҧлғасына
арырақ бойлап, терең ҥңілсеңіз, Қожанасырдың бейне бір бет перденің
артында жасырынып тҧрған жылы да жҧмсақ, кҥлкілі де жабырқау жҥзін
кҿресіз. Ол адамдарға сенімділікпен қарайды («Мен сізге сенемін ғой»,
«Қожа қалай сот болды»), жаманатты жағдайларға мысқыл білдіреді («Менің
шапаным ҥшін шу шықты»), т.т. Тҧрмыс ауыртпалықтарын жеңіп, дҥлей де
қҧбылмалы ҿмірден жанына сая табуда Қожанасырға қызмет ететін
тапқырлығы мен ҽзіл-қалжыңы болады. Қожанасырды халықтың сҥйікті
қаһарманы еткен де осы ішкі еркіндік пен сабырлы рух.
Анекдот – ҿте сергек жҽне ҿміршең жанр. Ол халық ҿмірінің ҽр
кезеңінде туып отырады. Мҽселен, жоғарыда қарастырылған анекдоттар,
негізінен, ХVІІІ-ХІХ ғасырлардың жемісі болса, біршама анекдот ХХ
ғасырда туған жҽне, тіпті, бҥгінгі шақта да пайда болып жатыр. Мҧның
себебі – анекдоттың ерекшелігінде. Қазіргі анекдоттар қоғамда немесе
тҧрмыста болып жатқан алуан тҥрлі жағдаяттарға деген халықтың
кҿзқарасын, бейресми қатынасын білдіреді. Ҿзі онша жақтырмаған оқиғаға
немесе ситуацияға байланысты халық дереу анекдот шығарады, сҿйтіп кҥлкі
арқылы жҧртшылықтың ойын, пікірін жария етеді. Сол себепті бҥгінгі
анекдот ҿте қысқа болып, ҽңгіме шҧғыл аяқталады жҽне баяндалған жҽйттің
шешімін ашып айтпайды. Оны тыңдаушыға қалдырады, ҿйткені, анекдоттың
міндеті – кҥлдіріп отырып сынау. Сондықтан да анекдот сатиралық ертегінің
қҧрамында қарастырылады.
Сатиралық ертегілердің қаһармандары – ҿздерінің ҽлеуметтік жағдайын,
ҿмірдегі ҽділетсіздікті тҥсіне де, сезіне де білетін жҽне оған қарсы кҥресе де
алатын жандар. Сҿйтіп, ертегі ҽрбір қаһарманға нақтылы ҽлеуметтік
сипаттама береді. Сатиралық ертегілердің қаһарманы – барынша жалпылай
қорытылған ҽлеуметтік тип.
Ҽлеуметтік ҿмірде жҽне тҧрмыста кездесетін кемшіліктерді сынау
міндетіне сай сатиралық ертегілердің ҿзіндік формасы жасалған. Ертекші
ҽңгіменің кейіпкері арқылы жҽне тікелей ҿз атынан қаһарманның
адамгершілігі, оның жаулары, кейіпкерлердің қоғамдық жҽне ҽлеуметтік
жағдайлары туралы баяндайды. Олардың мінездемелерінен сҿз етіп отырған
мҽселесіне байланысты ертекшінің шын тілегі немесе тҽлкегі айқын
аңғарылып отырады.
461
Кҽдімгі тҧрмыстық ахуалдар сатиралық ертегілерде танту, сандыраққа
дейін жеткізіледі. Ертегілік қаһармандар ҥшін логика сақталмай, сатиралық
ертегілердегі ҿмір шындығының ҿңі айналдырылып баяндау қалыпты
шекарадан шығып кетеді. Уақиғаның табиғи желісінің бҧлайша бҧзылуы –
сатиралық ертегілерге тҽн нҽрсе, ҿйткені, соның арқасында ғана қаһарман
қоғамның кҥштілерімен кҥресте жеңіске жетеді. Ал, ҿмірде мҧндай жеңіс
мҥмкін емес. Ҽдетте, айтыс пен тартыста кҥштінің жеңетіні белгілі ғой!
Адам мінезінің қасиеттері де сатиралық ертегілерде шегіне жеткізіліп,
қаһарманның сараңдық, ақымақтық, тапқырлық сияқты басты бір қасиеті
ғана бҿлініп алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |