ХІХ ғасыр оқиғалары мен тұлғалары туралы жыр
Жалпы сипаты. Қазақ халқының ХІХ ғасырдағы ҧлт-азаттық кҥресінің
қаһармандары – Кенесары жҽне Наурызбай Қасымҧлдары, Ағыбай, Жанқожа
Нҧрмҧхамедҧлы, Бекет Серкебайҧлы, Досан, Арқалық, Мырзаш, Қармыс,
Тҿлеп, Балуанияз жҽне тағы басқа батырлар да тарихи жырлардың бас
қаһармандары болып табылады.
Бір тамашасы – бҧл туындылардың бірқатары – ҿздерінің бас
кейіпкерлеріне айналған халық қаһармандарының ҿмірден ҿткеніне жарты
ғасырға жетер-жетпес уақыт болғанда жарық кҿріп ҥлгерді.
Ш.Елеукенов пен Ж.Шалғынбаеваның «Қазақ кітабының тарихы» атты
еңбегінде: «Жҥсіпбек Шайхислҽмов 1903 жылы Қазан қаласында «Қисса-и
Кене хан һҽм Наурызбай» деген атпен бастыртады. Екінші басылымын
баспагер Ахмадуллин шығарады»
1
– деген мағлҧмат келтірілген. Бҧл жырдың
қаһармандары – Кенесары мен Наурызбай ҿздері басқарған ҧлт-азаттық
кҿтерілістің 1847 жылы жеңіліс тауып, қаза болғаны белгілі.
Н.И.Веселовский Мҧсабай жыраудан 1893 жылы «Жанғожа батырдың
толғауы» атты жыр жазып алып, 1894 жылы Петербургте бастырып
шығарды. Осы жырды И.В.Аничков та Мҧсабай жыраудың ҿзінен жазып
алып, оның орысшаға жолма-жол аудармасын 1894 жылы жарық кҿрген
«Рассказ о батыре Джанходже Нурмухамедове» деген атаумен
2
, осы
туындының тҥпнҧсқасын 1895 жылы араб ҽрпімен Петербургте жариялады.
Кіші жҥз қазақтарының 1855-1858 жылдардағы Ресей патшалығының
отаршылдық қысымына қарсы кҿтерілісі басшыларының бірі болған, 1858
жылы тҧтқындалып, Сібірге жер аударылған Бекет батыр туралы жырлардың
бір нҧсқасын «Ученые записки Казанского университета» журналының 1896
жылғы ІV шығарылуында «Киргизская былина о героях Ерназара и Бекета»
деген атаумен И.В.Аничков
3
, екінші бір нҧсқасын сол журналдың 1897
жылғы санында «Киргизская былина «О Бекет батыре» деген атаумен
1
Елеукенов Ш., Шалғынбаева Ж. Қазақ кітабының тарихы (Ежелгі дҽуірден 1917 жылға дейін). Алматы,
1999. 138-б.
2
Известия Общества археологии, истории и этнографии при Казанском университете. 1894, Т. ХІІ. Вып. 2.
С. 209-237.
3
Ученые записки Казанского университета. 1896. Вып. ІV. С. 1-16.
484
Ҽ.Диваев жариялады
1
.
Кҿрсетіліп отырған жҽйттен байқайтынымыз – оқиға неғҧрлым бертінгі
уақытқа жақын болса, ол туралы шығарма одан аса кҿп мезгіл ҿтпей-ақ тууы
да мҥмкін екендігі. Оның себебі – ХІХ ғасырда қазақ даласында Ресей мен
қоқандықтардың ҥстемдігіне қарсы кҥрестің жиі болуы еді. Ҧлт азаттығы
ҥшін шайқаста адамдар барынша қаһармандық кҿрсетті, міне, солардың
ерлігін дҽріптеу қажеттігі пайда болды. Сҿйтіп, ҽрбір кҿтерілістен кейін
ҽртҥрлі аңыз, ҽңгіме, ҿлеңдер туып отырды. Бҧл ғасырдағы бҥкіл тіршілік
бҧрынғысынан басқаша, жедел даму ҥстінде болды, ел шығармашылығы да
баяғыдай баяу емес, болып жатқан оқиғалардың артынша дереу туып жатты.
Ол дҥниелер, ҽсіресе, поэзиялық ҥлгідегілері циклденіп, сюжеттік
тҧтастануға тҥсіп, болған оқиғадан жарты ғасыр ҿтпей жатып, эпикалық
туындыға айналып ҥлгерген тҽрізді. Кҿңіл бҿлетін нҽрсе – ХІХ ғасырда
эпостың дҽстҥрі кҥшті болды, ҿйткені, бҧл шақта эпос, негізінен, сейілдік
қызмет атқарып, тҽлімдік мақсатта айтылып жҥрді. Ал, мҧның ҿзі жаңадан
туып жатқан тарихи жырдың кҿркемдік болмысына ҽсерін тигізгені сҿзсіз.
Кенесары туралы тарихи шығармалар. Табаны кҥректей он жылға
созылған Кенесары қозғалысы халық жадында ҧмытылмастай із қалдырды.
Кенесарының ҿзі, оның сарбаздары мен батырлары жҿнінде фольклорлық та,
ҽдеби де туындылар сол заманның ҿзінде-ақ пайда болған. Кҿтерілістің
ішінде болған Нысанбай жырау мен хан ордасында жҥрген Досқожа
ақындардың ҿлеңдері мен толғаулары – тарихи оқиғалардың шежіресі
іспетті. Кҿтерілістің тҧсында, одан кейін де ҽр тҥрлі ҽңгімелер, аңыздар,
дастандар туған. Олардың біразы – авторлық шығармалар болса, енді бір
тобы – фольклорлық, авторсыз дҥниелер. Бҧл екі топтағы туындылардың
ҧқсастығымен қатар айырмашылықтары да бар. Авторлық шығармалар –
ҽдебиетке жатады, оларда автордың даралық ерекшеліктері бой кҿрсетеді де,
бейнеленіп отырған оқиға мен кейіпкердің іс-ҽрекеті автордың ой елегінен
ҿтеді. Яғни автор объектісін ҿзінің мақсатына, талап-талғамына сҽйкес
суреттейді. Сол себепті кҿтеріліс туралы ертедегі, сондай-ақ кейінгі
замандағы ҽдеби шығармаларда Кенесары мен оның серіктестері туралы,
олардың атқарған қызметі жайында жеке автордың ой-ҿрісі, тҥсінік-пайымы
кҿрініс табады.
Ал, фольклорда олай емес. Кез келген фольклорлық туынды ең ҽуелі
халық тҥсінігін, халықтың кҿзқарасын, ойын білдіреді. Сол себепті ол
оқиғаны да, бас кейіпкерді де халық ҧғымына, халық пайымдауына сай
бейнелейді. Фольклордың негізгі кҿркем ҽдісі – романтика, ал кҿркем мҧраты
– идеал болғандықтан болмыс та, адамдар да дҽріптеле суреттеледі.
Сондықтан қай оқиға болса да, қай тарихи тҧлға болса да дҽлме-дҽл, сол
кҥйінде кҿрсетілмейді, керісінше «солай болса екен» деген тҧрғыда
бейнеленеді. Екінші сҿзбен айтқанда, фольклорда ҿмірдегі шындық емес,
қиялдағы шындық суреттеледі. Міне, Кенесарының фольклордағы бейнесін
1
Ученые записки Казанского университета. 1897. Вып. ХІ. С. 1-72.
485
осы тҧрғыдан тҥсіну керек.
Кенесары туралы фольклорлық шығарма айтарлықтай кҿп емес. Шынын
айтқанда, хатқа тҥскенінен гҿрі ел аузында айтылып, ҽлі жиналмағаны
кҿбірек секілді. Ал, қолда бар мҽтіндер жанрлық жағынан да, мазмҧн
жағынан да ҽр алуан. Ҽзірше мҽлім шығармалардың дені – шағын ҿлеңдер,
аңыздар мен ҽңгімелер. Арасында эпикалық туындылар да бар. Мысалы,
«Абылай, Кенесары» сияқты қомақты жыр. Ал, «Наурызбай-Ханшайым»
атты шығарма тарихи жырдан гҿрі халық балладасына жақын, онда Кенесары
ешкіммен соғыспайды.
Жалпы, Кенесары туралы фольклорлық шығармаларда нақты бір тарихи
оқиға баяндалмайды. Оларда ханның орыс қаласын шапқаны жҽне
қырғыздарға қарсы шабуылы туралы айтылады да, соғыс эпизодтары
суреттелмейді. Мҽселен, Ресейдің қазақ жеріне дендеп кіргеніне қарсы кҥресі
жайында Емді, Адырлы деген екі қаланы шапқаны айтылады, бірақ қала
тҧрғындарымен болған шайқас бейнеленбейді, оқиға жалпылама тҥрде ғана
ҽңгімеленеді:
Бес жҥз ҽскер жігітпен
Емдінің шапты қаласын.
Бес жҥз сиыр, мың сарық
Тҿлеңгітке айдатты.
Болат қақпа, тас кілт
Кҿрсетіпті ерлер қайратты.
Жолындағы Адырлы,
Оны да шауып сорлатты.
Кҿп ажалға қарамай,
Онан алды қырық атты.
Қалғанына ҿрт қойып,
Шҥлдірлетіп шулатты
1
, –
делінеді жырда. Осы шығармада жҽне тағы «Кенесарының сҿзі» деген ҿлеңде
Кенесарының қазақ елі Ресейдің отары болуына қарсы екені ашық айтылады.
Оны Кенесарының ҿз сҿзінен анық кҿруге болады:
Бағынба, қазақ, орысқа,
Бағынсаң, қазақ, орысқа,
Осы бастан амандас
Сарыарқа дейтін қонысқа.
Береке кетер асыңнан,
Билігің кетер басыңнан...
2
Бір ғажабы, Кенесары образы біздің тҥсініміздегі эпикалық планда
кҿрінбейді. Ол ежелгі батырларша қалың жауға жалғыз ҿзі шаппайды,
1
Тарихи жырлар. Ҥшінші том. Кенесары – Наурызбай. Алматы, 1996. 173-б.
2
Сонда. 216-б.
486
мыңдаған қолды жайратпайды, қамалды бҧзып, ойран салмайды. Рас, кейбір
шығармаларда фольклордың шежірелік тҧтастану заңдылығы байқалады.
Ҽдетте, ескі батырлар жырында қаһарманның ерекше болып туатындығы
туралы пролог болады. Онда болашақ батырдың ата-анасы, бабасы жайында
ҽңгімеленеді. Осы дҽстҥр Кенесарыға байланысты да аңғарылады. Мысалы,
«Наурызбай-Ханшайым» атты эпикалық туындыда Кенесарының ерекше
екенін айту ҥшін оның бабалары туралы баяндалады. Онда былай делінеді:
Абылай бҥкіл мҧсылманға хан болған, қалмақ Қалданның қызын алған, одан
Қасым туған. Ол «ҿзге ҧлынан асып туған, кҿңілін дҧшпанының басып туған.
Қарнында анасының қан шеңгелдеп, қызартып екі кҿзін ашып туған», – деп
Кенесарының ҽкесі Қасым ерекше адам болғанын айтады. Ал, одан туған
Кенесары да – тегін емес деген ҧғым жатыр мҧнда. Қасымның тҿрт ҧлының
ішінде бҿлек туған Кенесары, ол сол себепті хан болды, – дейді халық
жыршысы.
Дҽл осындай пролог «Абылай, Кенесары» атты жырда да бар. Мҧнда да
Абылайдың қалмақ ханы Қалданның қызын алуы, одан қан шеңгелдеп, екі
кҿзін қызартып Қасымның тууы, оның 14 жаста хан болуы, Қасымнан тҿрт ҧл
туғаны айтылады да:
Кенесары – хан болды,
Ҥлкен ҧлы Қасымның,
Шҧғаның қиқымы,
Сынығындай асылдың.
Ғылымның білді жасынан
Неше тҥрлі пасылдың!
1
–
деп сипатталады Кенесары аталмыш жырда.
Кҿңіл бҿліп айтатын нҽрсе: қолда бар фольклорлық мҽтіндерде
Кенесары бейнесі айтарлықтай эпикалық ҽсірелеуге ҧшырамаған. Оның іс-
ҽрекетінде ешбір гиперболалық белгі жоқ. Демек, Кенесары туралы аңыз-
ҽңгімелер классикалық фольклордың поэтикасын бойына тҥгел дарытпаған.
Мҧның
ҿзі
Кенесары
бейнесін
фольклорлық
кейіпкерге
толық
айналдырмаған. Ол халық тҥсінігіндегі шындыққа жақын бейнеленген, бірақ
соған қарамастан Кенесары – идеалды кейіпкер, мінсіз адам, ҽділ хан ретінде
суреттеледі. Ол бірнеше сипатта кҿрінеді. Егер жҥйелеп айтар болсақ:
Кенесары – идеалды қаһарман, билік тізгінін мықтап ҧстаған ҽмірші,
кҥллі қазақты ҿзіне қаратқан хан. Оның қол астына атақты батырлар
жиналған. Олар ханның ордасын – мемлекет орталығына айналдырған.
Жыршыны тыңдайық:
Хан болды Кенесары Орта жҥзге,
Жайылды ҽруағы ҿзге жҥзге.
Хакім боп, жеті жҧрттан иығы асты,
1
Сонда. 171-175-бб.
487
Жарамас шҿп салуға басқан ізге
1
.
Кенесары – жай ғана хан емес. Ол – ел қамын жеген хан. Қазақ елінің
еркіндігін, елдігін сақтауға кҥш салған ҽмірші. Жҧртқа ҿз ойын ашық айтып,
бостандыққа шақыратын кҿшбасшы. Міне, Кенесарының халыққа айтқан
сҿзі:
«Біздің бҧл Сарыарқадағы қазаққа: «Бізге бағын, қара», – деп, Ресей
патшалығынан келді… Екінші жағынан Қытайдан да елші келіпті». Сонда
Кенесары: «Қарама, ҿзіміз ел боп тҧралық. Қазақ хандығын қҧралық»
2
, –
депті.
Сол замандағы қазақ батырлары жасақтарымен Кенесарының қасында
болып, оның бҧйрықтарын екі етпей орындап, жеңіске жетіп жҥреді. Бір
аңызда былай делінеді:
«Кене ханның қол астына қазақтың батырлары бастаған 14 мың қол
жиналды, ат жақсысын мінді, сауыт жақсысын киді. Бҧлар ҿздерінің ордасын
Алтай-Қарпықтың ортасы – Қҧланҿтпеске тікті. Кіші жҥз, Ҧлы жҥзден де
қайраты бойына сыймай келген атақты батырлар да Кененің қолына қосылып
жатты»
3
.
Тағы бір мҽтінді оқып кҿрелік:
«Қайраты қара бастан қайтпаған алып ер Тамадан Жолдыаяқ батыр,
Ҿмірзақ Тоғалақ батыр, Қҧшақ Бҽйтелі батыр, Тарақты Қҧлжан батыр
бастаған батырлар 10 мың ҽскермен Кененің Кҿкшетаудағы бекініс қамалына
қосылды. Ҽскері кҿбейіп, кҥші артып, енді Николайға ойран салуға ойлады»
4
.
Келтірілген мысалдардан Кенесары – ҧлы кҥрестің ҧйымдастырушысы,
басшысы екенін кҿреміз. Кейбір ҽңгімелерде Кенесары жауынгерлерінің
Ресей ҽскерімен ҧрысы баяндалып, ханның ақылды да айлалы қолбасшы
болғаны кҿрсетіледі. Осы ҧрыстарда да, басқа да қиын жағдайларда
Кенесары алды-артын терең ойлап, кең пішетін басшы ретінде кҿрінеді.
Кенесары – ақылшы, батагҿй абыз, тапқыр шешен, бекзат болып
бейнеленеді. Ҽрбір жауапты, қиын іс Кенесары бата бермей істелмейді.
Жорыққа шығарда, шайқасқа енерде ол бата беріп, ақ жол айтып кіріседі.
Оның батасы фольклор дҽстҥрінде болып келеді. Мысалы, Тілеуқабақ
жҧртына кетіп бара жатқан Наурызбайға берген батасы мынадай:
Он сегіз мың ҽлемге
Патша болған қҧдайым,
Кҿз жасымды қабыл ет,
Мінажат етіп жылайын
5
, –
деп бастап, 124 мың пайғамбарға, 33 мың сахабаға, 4 шариярға т.б.
1
Сонда. 106-б.
2
Сонда. 215-б.
3
Ақжолтай Ағыбай батыр. Алматы, 2002. 151-б.
4
Сонда. 159-б.
5
Тарихи жырлар. Ҥшінші том. 110-б.
488
ҽулиелерге жалынады, Абылай хан аруағынан кҿмек сҧрайды. Бҧл бата
халық ҧғымына сҽйкес. Жыршы Кенесарының аузына ҽдеттегі батаны салып
отыр. Оның ойынша Кенесары халықтан алшақ емес.
Кенесары ҽділ би, шешен ретінде ҽр тҥрлі ережелер мен шарттарды да
заңдастырып, жҥзеге асырып отырады. Сҿзіміз дҽлелді болуы ҥшін мына бір
аңызға кҿңіл бҿлейік.
Кенесары, Наурызбай, Балаби, Басығара жиналып отырғанда Ағыбай
ханнан сҧрайды:
– Егер бір қарашы екіншіні ҿлтірсе, қҧны не болады? – деп. Хан:
– Ердің қҧны 30 тҥйе болсын! – депті.
– Тҿренің қҧны не болады? – депті Ағыбай.
– Тҿренің қҧны – 100 тҥйе һҽм таңдамалы қыз, қара кілем, қара нар
болсын! – депті Кенесары.
– Ҧрғашының қҧны қандай? – депті Ағыбай.
– Қалың малы қандай болса, қҧны сондай жҽне 20-30, 5-10 тҥйе ҥстіне
артық тҿлейді
1
, – депті хан.
Міне, бҧл мҽтін – кҽдімгі шешендік сҿздің ҥлгісі. Фольклорда жиі
кездесетін «сҧрақ-жауап» тҥрінде қҧрылған тапқырлық сҿздерді айтқызу
арқылы Кенесарыны ақылгҿй, білгір шешен етіп кҿрсетеді аңыз. Бҧл да –
Кенесарыны дҽріптеу.
Кенесары бекзаттықты, хандық жолды бҽрінен жоғары қояды жҽне ҿзі
кісілікті, жомарттықты қатты ҧстанады. Бір ғана мысал келтірейік.
Наурызбай мен Ағыбай Тілеуқабақтың жылқысын барымталайды. Оларды
Ханшайым қуып жетіп, ҿзінің тапқырлығымен, ержҥректігімен Науанды
тҽнті етеді. Науан айдап келе жатқан жылқыны Ханшайымға сауғаға тастап
кетеді. Ордаға келіп, Кене ханға болған жағдайды айтады. Риза болған
Кенесары:
Етіпті, – деп, – қарағым, хандық жолды,
Жылқы алғаннан бҧл ісі он есе артық!
2
–
дейді де, елді шақырып, ҧлан-асыр той жасайды. Кенесары ханның байлығы,
сҽн-салтанаты кҽдуілгі Шығыс елдерінің падишаларынан кем емес. Оның
жомарттығы, кең пейілдігі хандық затына сай. Жыршылар Кененің
мырзалығын кҿтермелей айтып, оның пайым-тҥсінігінің, ақсҥйекке лайық
заттылығын барынша дҽріптейді. Мысалы, қалыңдығына кетіп бара жатқан
Наурызбайға берген сыйы мынадай:
Қазына-жабдық артты тоғыз нарға,
Барсын деп салтанатпен мҽхбур жарға.
Қос берді падишалық алтын шатыр,
Дҥние мҧқтаж емес еш оларға…
Не асыл інжу-маржан алды тастан,
1
Ақжолтай Ағыбай батыр. Алматы, 2002. 147-б.
2
Тарихи жырлар. Ҥшінші том. 124-б.
489
Жабдығын тамамдады аянбастан.
Кене хан аттандырып, амандасып,
Айтады ақыл-хайла бір-бір бастан
1
.
Бҧдан да артық сый-сияпатты Кенесары хан Наурызбайдың қайын ағасы
Мҧсаға, онымен бірге келген жолдастарына жасап, қазақтың «тоғыз сыйлау»
салтын толық орындайды. Келтірілген мысалдардан кҿретініміз – халықтың
«хан қандай болуы керек» – деген тҥсінігі. Ҿмірде Кенесары осындай кең,
осындай жомарт болды ма – белгісіз. Бірақ фольклор оны осындай етіп
бейнелеп отыр.
Фольклордағы Кенесары – кҿріпкел, сҽуегей, келешекті болжаушы.
Ҥйде, Ордада отырып, тҥзде болып жатқан оқиғаны сезіп, біліп отырады.
Наурызбайды, Ағыбайды, басқа да батырларды сынап, олардың қасиеттерін,
ерекшеліктері мен кемшіліктерін жіті аңғара біледі.
Кенесарының тағы бір қасиеті – тҥс жорып, алдағыны болжауы. Бірде ол
Ағыбайға ҿз атасы Абылайдың тҥсін еске алып: «Менің Сыздығымнан кейін
солай боламыз ғой!» – дейді.
Кенесары ҿзінің кҿрген тҥсін Ағыбайға жорып, былай депті: «Біздің
бағымыз алдымызда, артымызда қалатын бақ жоқ, ҿзімізбен бірге кетеді, ал
сенің бағың артыңда қалды»
2
.
Халық аңызының айтпағы – Кенесары ҿз тағдырын, ҽулетінің
болашағын алдын-ала болжап, біліп кетті. Ҿзінен кейінгі ҧрпағы кҿптің
арасына сіңіп кететініне, бҥкіл ата-бабасынан келе жатқан бақ пен даңқтың
ҿзімен бірге ҿшетініне кҿзі жетіп кетті.
Кенесары – идеалды кейіпкер болғандықтан оның бойында тағы бір
ерекше қасиет бар. Ол – оның кереметтігі, кҿзінің магиясы. Ол сҧқтанып,
қатты мҽн бере қараса, кҿзі тиеді, сҿйтіп оның назарына ҧшыраған адам
жарық дҥниемен қоштасады. Осы халге Ханшайым сҧлу ҧшырайды.
Наурызбай қалыңдығы Ханшайымды Ордаға ҽкеліп, той ҿткізеді. Елдің
бҽрі келіннің сҧлулығына қайран қалады. Жҧрт мақтаған соң келінін кҿрейін
деп Кенесары Ордаға келеді. Ағыбайға жабықты ашқызып қараса, Наурызбай
мен Ханшайым ҽзілдесіп отыр екен. Кенесары қыздың сҧлулығына таң
қалып, оның нҧрлы жҥзіне назар салады. «Ҽйел заттың сҧлуы екен», - деп,
іштей риза болып, ҥйге қайтады, бірақ ҿзінің сҧқтанғанынан секем алып
қалады. Кҿп ҧзамай Ханшайым да ауырып, ҽні-міне дегенше, қайтыс болады.
Ештеңеге тҥсінбей, аң-таң боп, шулап жатқан жҧртқа Кенесары келіп:
«Жарандар, шешіндіріп қараңдаршы, ғаріпті ҿз назарым ҧрды», - дейді.
Айтқанындай, шешіндіріп қараса, екі ҿкпесі қарайып кетіпті.
Халық тҥсінігіндегі Кенесары – тек ақылды хан емес. Сонымен бірге ол
ерекше адамға даритын керемет қасиеттердің иесі. Ол іспен, сҿзбен ғана
емес, кҿзбен де, ниетпен де нҽтижеге жете алады. Ендеше халық ҧғымындағы
Кенесары жай адам емес, қҧдайдың таңдап алған қҧдіретті адамы, сол себепті
1
Сонда. 126-б.
2
Ақжолтай Ағыбай батыр. Алматы, 2002. 165-б.
490
оның ҿзі де, ісі де айрықша. Фольклордағы Кенесары – халықтың «ҽділ де,
мінсіз патша» туралы идеалды образы. Оның бойында ханда болуға тиісті
ізгілікті қасиеттің бҽрі жинақталған, халық қиялындағы, ел арманындағы
ханның бейнесі кҿрініс тапқан.
Достарыңызбен бөлісу: |