1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ


Ғашықтық (романдық) дастан



бет105/127
Дата29.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#144657
түріБағдарламасы
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   127
Байланысты:
1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ-emirsaba.org

Ғашықтық (романдық) дастан 
Қазақтың ғашықтық дастандары іштей ҥш топқа жіктеледі. Олар: 1) 

шығыстық сюжетке қҧрылған дастандар («Сейпілмҽлік», «Дандан», «Лҽйлі-


Мҽжнҥн», «Таһир-Зуһра», «Баһрам», «Жҥсіп-Зылиха», т.б.); 2) аймақтық 
фольклорлық сюжеттерге негізделген дастандар («Бозжігіт», «Қисса
Бозаман», «Жаскелең», «Назымбек – Кҥлше», т.б.); 3) ҿмірде болған оқиға 
ізімен жырланған дастандар («Мақпал – Сегіз», «Қалқаман – Мамыр», «Еңлік
– Кебек», «Ақбҿпе – Сауытбек», «Сырым – Шынар», «Талайлы мен Айым 
қыз», т.б. Бҧлар кейде ҽлеуметтік-сҥйіспеншілік деп те жіктеледі).
Бҧл шығармалардың басты тақырыбы – екі жастың шынайы махаббаты, 
ал, негізгі мазмҧны – адал махаббатты аңсайтын қос ғашықтың сезімін, ойын,
мҧңын баяндап, ғашықтардың ҿз бақыты ҥшін қалай кҥресетіні мен 
кедергілерді қалай жеңетіндерін суреттеу.
Ғашықтық дастандардың аталған тҥрлері тҥп-тҿркіні жағынан ғана емес, 
бас кейіпкерлердің типі мен негізгі тақырыпты ашудағы тҥрліше тҽсілдері
жағынан да бір-бірінен ҿзгешеленеді. 
Шығыстық жҽне дҽстҥрлі фольклорлық сюжеттерге негізделген
дастандарда 
махаббат
тақырыбы 
ертегілік-таңғажайыптық
мҽнде

сипатталады. Ең маңыздысы мҧнда қҧда тҥсу, кҿбіне ҽлі тумаған балаларды


атастыру, яғни ата-ана еркімен некелесу – сырттай ғашық болу мотивімен 


535


алмастырылады. Бҧл мотивтің бірнеше тҥрлері белгілі. Кейіпкер сҧлу
қыздың суретін, шашын кҿріп, я қызды тҥсінде, не айнадан кҿріп, кейде
портреті ауызша суреттелген қызға ғашық болады да, сҧлуды іздеп, алыс та
қатерлі сапарға шығады.
Демек бҧл шығармаларда да эпос пен ертегідегі сияқты ғашығын іздеп
шығу мен оны табуды кейіпкер ҿзінің парызы деп біледі, ал сырттай ғашық 
болу осы сапарға шығудың негізгі себебі ретінде алынады. Ҿйткені, тҥсінде,
я портретін кҿрген, я біреуден хабарын естіген қызға жігіт шын жҥрегімен 
ғашық болады да, қҧштарлығы арта тҥседі. Ал, жігіт ғашық болған сҧлу
жаны мен тҽні елден ерек, ғажайып сипатта суреттеледі, яғни жоғарыда 
айтылғандай, ата-ананың шешімі, тағдырына жазылғандығы емес, «керемет
сҧлулық» пен «елден асқан ерекшелік» басты мҽнге ие болады. Демек бҧл 
шығармаларда қалыңмалға негізделген қҧдалық салты мен «жазмыш» мотиві
ығыстырылып, бірінші қатарға естен тандыратын махаббат сезімінің оянуына 
тҥрткі болған асқан сҧлулық мотиві шығады. Яғни, культтік ҧғым
ҿзгеріске тҥседі. «Тағдыр тартуы», «жазмыш» ҧғымдарының орнын сҧлулық 
пен махаббат культі алмастырып, дҽріптеледі.
Ғашықтық дастандарда «сырттай ғашық болу» мотивінің тҥрлі 
кҿріністері ҿте ҽсерлі бейнеленіп, кейіпкердің сыртқы сҧлулығы мен жан
дҥниесі жан-жақты суреттеледі, олардың бір-біріне беретін анты мен 
ғашықтық монологтары арқылы адам сезімінің тҥрліше сипаттары
ҿрнектеледі. Махаббат дертінің ҽсерінен кейіпкер кҿз жасына ерік беріп, 
есінен танып, ауыр азап шегеді, ҥміттенеді, тҥңіледі. Яғни махаббат сезімі
адамның жан дҥниесіндегі ҿзгерістер арқылы сипатталып, адам табиғатын 
танып білуге ҧмтылыс шығармаларға ҿзек бола бастайды. Бір сҿзбен
айтқанда, бҧл шығармалар адам баласының сҥйіспеншілік, махаббат 
сезімдерінің табиғатын шынайы тҧрғыдан тануға талпыныс жасайды. Қыз
бен жігіттің ғашықтық сезімі бірден оянып, олардың эмоциялық кҿңіл-кҥйі
кеңінен баяндалады. Жинақтай айтқанда, шығыстық жҽне дҽстҥрлі
фольклорлық сюжеттерге қҧрылған шығармаларда махаббат тақырыбы 
шығыс дастандарының рухын сақтап, таңғажайыптық сипат иеленеді.
Алайда, дастан шығарушылар мҧнымен шектеліп қойған жоқ. Ҿйткені, 
мҧндай сюжеттер ҽлеуметтік қайшылықтарды жан-жақты, ҽрі терең ашып
бере алған жоқ. Сондықтан да махаббат тақырыбын жырлаудың жаңаша 
жолы іздестірілді. Бҧл жол ҿмірде болған оқиғалар ізімен жырланған
дастандарда кҿрініс тапты. Онда махаббат аса маңызды, рухани қажетті 
қҧндылық ретінде алынып, ал еркіндік сезімі ҽлеуметтік бостандық
жолындағы кҥрес актысы ретінде кҿрінді. 
Бҧл дастандарда сезімнің романтикалық ғажайыптылығы, асқан қиял
мен ҽсірелеу жойылады. Оның есесіне адам сезімдерін бейнелеудің 
шынайылығына, оқиғалардың кҿркемдік нанымдылығына мҽн беріледі.
Мысалы, «Талайлы мен Айым» дастанында екі ғашықтың сезімі оқыстан 
оянып, ғайыптан пайда болмайды. Оны тҥсіндіру ҥшін кҿне матриархат
дҽуірінде қалыптасқан, дҥниежҥзі халықтарының эпосында кездесетін кҥйеу 
таңдау мотиві пайдаланылған. Бҧл мотивтің негізгі мазмҧны – қалыңдыққа



536


қол жеткізу ҥшін ҥміткерлердің сынақтан ҿтуі. Фольклорлық шығарманың
жанрлық ерекшеліктеріне қарай ол сынақтар ҽртҥрлі болады. Ертегілерде 
ҥміткер қиын тапсырмаларды орындайды, мысалы, бас қатыратын
жҧмбақтарды шешеді, батырлық эпоста жаумен шайқасып, оны жеңеді, 
архаикалық эпоста қалыңдықтың ҿзімен жекпе-жегі болуы мҥмкін.
«Талайлы мен Айым» дастанында кҥйеу таңдау мотиві психологиялық 
тҧрғыдан сипатталады. Ҿзіне берілген ерікті пайдаланған Айым ҿзіне де,
ҿзінен ҥміткерлерге де сын кҿзбен қарайды. Ҿзінің болашақ ҿмірлік 
жарының адами қасиеттері мен моральдық ҧстанымдарына баса назар
аударып, ҿз санасында бҥкіл талап-тілегіне сай келетін қайырымды ердің 
идеалын жасайды. Бҧл талапқа ақылды, ержҥрек, қайырымды Талайлы ғана
сҽйкес келіп, Айым соны таңдайды. 
Бҧдан байқалатыны: кейіпкер махаббатының негізінде ҥйлесімділікке
ҧмтылыс, ҿзгені тану арқылы ҿзіндік жетілу, ҿзге адамның бойындағы адами 
қҧндылықтарды тану мен саралау. Бҧл дастанда адам сезімінің телегей теңізі
шынайы рухани қҧндылықтан, соның ішінде адамның ішкі мҥмкіндігінен 
бастау алады. Яғни шынайы негіздегі дастандардың жанрлық ерекшелігі –
шын махаббаттың табиғатын ашып кҿрсетуге ҧмтылу, оны жырлаудың 
жаңаша шешімін нақтылау, шынайыландыру мен ескі тақырыпты жаңаша
мазмҧнмен байыту, ҿзгеше моральдық-этикалық талаптарға жауап беретін 
кейіпкерлер бейнесін жасау.
Ҥш топқа бҿлінетін ғашықтық дастандардың сюжеттік қҧрылымы мен 
композициясының сипатында да ҿзіндік ерекшеліктер бар.
Шығыстық сюжетке негізделген дастандар кҿбіне парсының ғашықтық 
дастандар схемасы бойынша қҧрылады, мысалы, «Сейпілмҽлік», «Дандан»,
«Баһрам», т.б. Бҧлардың мазмҧны тҿмендегідей: кейіпкер – патшаның 
жалғызы, ол – кҿрікті, кҿп оқыған, ҿнерлі, тҽрбиелі. Кҥндердің кҥнінде
шаһзада алыстағы сҧлуға сырттай ғашық болып, қызды іздеп, қатерлі жолға 
шығады да, жолда кҿптеген қиындықтарға тап болады. Кедергілерді жеңіп,
мҧратына жетеді. Мҧндай сюжеттің негізгі элементтері: сырттай ғашық болу 
мотиві, ғашықтық дерті, сҥйген жарын іздеп, шартарапқа жар салу, жігіттің
ҧзақ сапары, тап болған алуан тҥрлі қиындықтар, оларды жеңу, қызбен 
жҥздесу, кездескеннен кейін кҿрген қиындықтар, кейіпкерлердің мҧратына
жетуі. Дастандардың басым кҿпшілігіне тҽн бҧл сарындар типологиялық 
тҧрғыдан ҧқсас болғанымен, ҽр шығармада ҽрқилы сипатта кҿрінеді.
Мысалы, сырттай ғашық болу мотиві «Сейпілмҽлікте» Сҥлейменнің жҥзігі 
арқылы берілсе, «Данданда» кейіпкер сҧлудың портретіне ғашық болады, ал
«Баһрам» дастанында қыз кейіпкерге қҧралай бейнесінде кҿрінеді. Жігіттің 
сҥйген жарын іздеп, сапарға шығуы да ҽр дастанда ҽртҥрлі сипатталады.
Мҧнда эпостағыдай ат таңдау, ер-тҧрман таңдау, т.б. суреттелмейді. Кейде 
шығармада жігіт ата-анасының рҧқсатын сҧрамай, жасырын жолға шығады.
Ал ҥлкендердің батасын алған жағдайда оны шығарып салу тҧсында қиялға 
кең орын беріледі. Мысалы, «Сейпілмҽлікте» орасан зор бай жабдықпен
жолға дайындық жасалады. Ҽкесі Қасымханның бҧйрығы бойынша нағыз 
шеберлер қолымен жасалған тҿрт жҥз кеме дайындалып, хан қазынасының



537


байлығымен толтырылады. Бҥкіл Мысыр халқы алыс жолға тҿрт жҥз мың
ҽскермен шыққан шаһзаданы жылап-сықтап шығарып салады. Ғашығын 
іздеп шыққан жігіттің сапары ауыр, ҧзақ, қатерлі болады. Мысалы,
Сейпілмҽліктің тҿрт жҥз кемемен Ирамбаққа жетер жолы алуан тҥрлі 
шытырман оқиғаларға, тҥрлі қауіп-қатерге толы...
Сейпілмҽліктің ержҥректілігі, шыдамдылығы, тҿзімділігімен бірге сезім 
тҧрақтылығы да ҽртҥрлі сынақ арқылы тексеріледі: зҽңгі хан да, итбас хан да
оны қыздарына ҥйлендіргісі келеді. Бірақ ол ешқайсысына да кҿңіл 
бҧрмайды, ҿзінің сҥйген сҧлуын іздеп табу жолында жанын қҧрбан етуге
даяр жан ретінде суреттеледі. Сюжеттің келесі елеулі бҿлігін, ҽдеттегідей, 
патшаның сарайында ҿтетін кейіпкерлердің кездесу сҽті қҧрайды. Ол да ҽр
мҽтінде ҽрқилы кҿрінеді.
Алайда, бҧл композиция осы топқа жататын дастандардың бҽріне тҽн
емес. Мысалы, «Таһир-Зуһраны» алсақ, ол тҧтастай «Қозы Кҿрпеш – Баян 
сҧлуды» еске тҥсіреді. Мҧнда да кҿне эпостағыдай сюжеттік байланыс
қызметін тумаған балаларды атастыру мотиві атқарады. Ант бҧзушылар да 
қалыңдықтың ата-анасы, т.б. «Таһир-Зуһра» мен «Қозы Кҿрпеш – Баян сҧлу»
жырының негізгі версиялары трагедиялық шешіммен аяқталады. Алайда, 
айырмашылықтары да жоқ емес.
«Таһир-Зуһра» дастаны ортағасырлық (Орта Азия мен Оңтҥстік 
Қазақстанның) қалалық тҧрмыс-тіршілігінен хабардар етіп, сол кезеңдегі
қоғамдық сананың сипатын танытады. Сондай-ақ «Қозы Кҿрпеш – Баян 
сҧлу» жырында кҿне сюжет эпикалық дҽстҥр арнасында жасақталып,
кҿшпелі ҿмір тҧрмысын сипаттаса, «Таһир-Зуһрада» сол сюжет енді 
дастандық дҽстҥр аясында жырланып, онда феодалдық шығыстың қалалық
ҿмір кҿріністері сипатталады, мысалы, дҽруіш, базар, қалаға тҽн алаңдар мен 
бақшалар, медреседе оқу мотиві, махаббат символы – алма, т.б.
Екінші топқа жататын аймақтық фольклорлық сюжеттерге қҧрылған
дастандарда да кейіпкер алыстағы сҧлуға сырттай ғашық болып, оны іздеп
тауып, онымен қосылуды мақсат етеді. Мысалы, 1875 жылдары Тінібеков 
Жақып айтып, таратқан «Қисса Бозаманда» Қарабайдың жалғызы, он бес
жасар Бозаман ҿз елінен қиялындағы жарын таба алмай, ҽлек болады. Яғни 
сҧлу жар іздеуі жағынан ол Қыз Жібектің Тҿлегеніне ҿте жақын. Мҧнда да
оқиға «Қыз Жібек» эпосындағы сияқты басталады. Ал «Жаскелең» 
дастанының кейіпкері тҥсінде кҿрген қалмақ ханы – Найманның қызы
Қоңыршаға ғашық болады. «Бозжігіт» дастанының да кейіпкері «Бір тҥнде 
ҧйықтап тҥс кҿреді, Алдында сҧлу жақсы қыз кҿреді» де, оған ғашық болады.
Кҿптеген шығармаларда баяндалатын ғажайып тҥс сырттай ғашық болу 
мотивінің кең тараған, ҽдемі тҥрлерінің бірі деуге болады. Сырттай ғашық
болу мотиві, ҽсіресе, ғажайып тҥс мотиві парсы дастандарына тҽн екені 
белгілі. Жалпы «ғажайып тҥс» мотиві кҿп халықтарда типологиялық
тҧрғыдан ҧқсас. Ол тҥп-тҿркіні жағынан ертегілік болып табылғанмен, 
дастанда ғашықтық мҽнде жҧмсалады, жаңаша эстетикалық мҽнге ие болады.
Осы топтағы дастандарда екі жастың арасындағы сҥйіспеншілік қарым-
қатынаспен бірге басқа да тақырып, сарындар қоса ҿрбіп жатады. Мысалы,



538


«Бозаман» дастанында екі сюжет қамтылған: жар іздеу мен ауыстырылған
ҽйел туралы сюжет. Шығарманың алғашқы бҿлімінде оқиға қаһармандық 
сипатта ҿрбіп, кейіпкер мақсатына жетсе, ертегілік сарынды сақтаған екінші
бҿлім мақсатына жеткен кейіпкердің жайын баяндайтын эпилог іспетті. Сол 
сияқты «Бозжігіт» дастанында да бас кейіпкер мен оның жан жолдасының
шынайы достығы, бала мен ата-ананың арасындағы ыстық сҥйіспеншілік 
қарым-қатынасы кең баяндалады. Бозжігіт адал жар болумен бірге ҽке-
шешенің мейіріміне бҿленген, оларды қадірлей білген мейірімді жан. Ол 
анасы мен ҽкесі қазалы хабарды естігенде қатты қайғырып, кҥйініп, зар
жылайтынын алдын ала сезеді, ҿлер алдындағы сҿзін ҽлпештеп ҿсірген ата-
анасына арнайды.
Ҥшінші топтағы дастандарда дара шығармашылықтың қолтаңбасы 
айқын сезіледі. Мысалы, «Ақбҿпе мен Сауытбек», «Мақпал мен Сегіз»,
«Сырым-Шынар», т.б. осы іспеттес шығармалардың сюжеттік қаңқасы 
былайша қҧралады: кедей жігіт пен байдың қызы бірін-бірі сҥйеді, бірақ
қыздың тағдыры о баста ҽке ҥкімімен шешіліп қойғандықтан, қосылуға жол 
жоқ, сондықтан жастар туған жҧртынан қашуға ҽрекеттенеді, бірақ ол жҥзеге
аспайды. Зорлықпен қызды сҥймеген адамына қосады да, ол ғашығын ойлап, 
қҧсалықпен ҿледі.
Бҧл дастандарда дҽстҥрлі пролог болмайды, демек, баласыз ата-ананы 
баяндау, ҧзақ уақыт мҧрагерді кҥту, оның дҥниеге келгенін тойлау, ҽлі
дҥниеге келмеген балаларды атастыру мен таңғажайып махаббат сарыны тҽн 
емес. Жҽне дҽстҥрлі эпоста елден кету мотиві батырлық рухта баяндалса,
мҧнда тҧрмыстық мҽн басым. Қашудың іске аспай қалуынан кейінгі ауыр 
сынақ – қыздарды зорлықпен сҥймеген адамына қосу.
Кейіпкердің ғашығын тартып алып кететін тҧста кейіпкер жігіттің 
кҿрінбеуі ҽлеуметтік шындыққа байланысты. Сауытбек те, Сегіз де ешқайда
кетпейді, бірақ олар дҽулетті байлар алдында дҽрменсіз, себебі қалыңмал 
тҿлерлік мҥмкіндігі жоқ. Сондықтан ғашығынан кҿз алдында-ақ айырылып
отырады. Алайда, дастан тудырушылар сҥйікті кейіпкерлерін бҧлайша 
сипаттауды жҿн кҿрмегендіктен, ғашықтардың айырылысатын тҧстарында
бас кейіпкерді елде болмады деп кҿрсетеді (ол сапарда, я аң аулауда). Дастан 
оқиғасының ҽрі қарайғы дамуы эпикалық дҽстҥрден кҿп ауытқиды.
Классикалық фольклор кейіпкерлері сҥйіктісін алып кететін тҧсқа дҿп келіп, 
жауын жеңіп, қалыңдығын қҧтқарады. Ал, аталмыш дастандарда дастан
кейіпкері басқа жақта жҥріп, оралғанда, ғашығын кҥштеп ҽкеткені туралы 
біледі. Эпос кейіпкері сияқты ол да ашу-ызаға булығып, ізіне тҥседі. Бірақ
шығарма шешімі дастан табиғатына тҽн аяқталады. Мысалы, Сегіз де, 
Сауытбек те ғашықтарының соңынан жетіп, оларға жолығады, бірақ бҧл ең
соңғы жҽне ауыр кездесу болады. Дастан кейіпкерлері қалыңмал мен
ҽлеуметтік теңсіздік алдындағы дҽрменсіздігін сезінеді. Басқаша айтқанда,
жастар трагедиясының ҽлеуметтік табиғаты нақты, жҥйелі тҥрде танылады. 
Бҧл шығармалардың трагедиямен аяқталатын дастандардан ерекшелігі –
мҧнда ашық жекпе-жек кҿрінбейді, қыз кҥшпен ҧзатылып, барған жерінде 
қорлық пен кемсіту кҿріп, сҥйгенін аңсап, қайғыдан ҿледі. Бҧл ХІХ



539


ғасырдағы қазақ қоғамының кейбір шындығын кҿрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет