§ 3. Егіншілік жӛніндегі фольклор
Қазақ даласында егіншіліктің байырғы дҽуірлерден келе жатқандығына
археологиялық зерттеулер толық дҽлел бола алады. Бҧл кҽсіптің республика
аймағында пайда болған мезгілі – неолит дҽуірі, осы уақыттан бастап
табиғаттың дайын ҿнімдерін пайдалану орнына ҿндіруші шаруашылық - мал
жҽне егіншілік туа бастады, екі кҽсіп тҥрі бірін-бірі толықтырып отырған
2
.
Кейінгі мерзімдерде қазақ халқының басты шаруашылығы – бақташылық
болып, тҧрмысы кҿшпелі сипат алғанымен егіншілік кҽсіп жойылып кеткен
жоқ, тек ҽлсіреген кезеңдері болған, ҿзенді-сулы ҿңірлерде, белгілі ҿлкелерде
ғана дамыған. Сол себепті егіншілікпен байланысты сенімдер мен
ғҧрыптардың, фольклорлық тҥрлердің тҥп-тамыры тереңге тартады деп
тҥйіндей аламыз. Алайда, ата-бабаларымыздың егіншілік кҽсібінің кҿне
кезеңдерін айғақтар заттық куҽліктер археологиялық қазбалардан кҿптеп
табылып отырса да, сҿз мҧралары аз. Сондықтан кейініректе хатқа тҥскен
материалдарға арқа сҥйейміз. Ҿйткені, фольклорда дҽстҥр тҧрақты,
сабақтастық ҥзілмеген.
Бҧрын егіннің бітік ҿсуі тиісті ғҧрыптарды орындап, ырымдарды
сақтаумен байланысты деп сенген. Басқа кҽсіптер тҽрізді егіншіліктің ҿз
иесі, пірі бар деп иланған, ҽрі еңбектің берекетті, жемісті болуы иенің кҿңілін
табуда деп нанған. Орта Азия халықтарында Бобой Дехқан, Баба-Дайхан,
Дехқан баба, қазақта – Диқан баба.
Кҿне мифтік аңыздардың бірінде атам заманда адам енді адам болып
келе жатқанда Аспан ата мен Жер ана «Жан бергенге дҽн беріп», жан
біткенді жарылқап, Диқан баба жыл сайын жаңбыр орнына аппақ ҧн
жаудырып отырғаны баяндалады. Мҧндай молшылықты кҿтере алмай,
мейманасы тасыған адамдар «Диқан баба, биылда кҿп бер, қиқаңдама» деп
кепиет сҿздер айтыпты. Кҿл-кҿсір астықты аяқасты етіп қорлапты. Бҧл
оспадарлыққа ҿкпелеп, шамданған Диқан баба ҥш жыл ҧдайы теріс қарайды.
Кейін адамдар Диқан бабаның аяғына жығылып, кешірім сҧрайды
3
.
Ҽ. Диваевтың жазуына қарағанда, «Диқан ҿз қырманының астығын
алып, пайдалануға кірісерде Диқан атаның атына бағыштап, Қҧраннан аят
оқиды. Содан соң алғашқы ҿлшем қайыр-садақаға, «аққҧлаға» бҿлінеді. Бҧл
міндетті тҥрде кешкісін оттың жарығымен жасалады, кҥндіз жасалмайды»
4
.
1
Тҿйгелеу жыры ҽуенінің нотасын кҿруіңізге болады: А.Тойшанулы, А.Нурбаев. «Тойге» – древний напев
трудовых песен скотоводческой культуры //Алтае-Саянская горная страна и история освоения ее
кочевниками. Барнаул, 2007. С.171-175.
2
Қазақстан тарихы. Алматы, 1996. 1-т. 85-б.
3
Қазақтың мифтік ҽңгімелері. Алматы, 2002. 26-б.
4
Диваев Ҽ.Тарту. Алматы,1992.167-б.
48
«Аққҧла арабша «алланың хҧқы» дегенді білдіреді. Г.П.Снесаревтің
ойынша, бҧл ғҧрыптың тегі зороастризмге тіреледі
1
. Алланың жолына деп
бҿлінген дҽнге мал таптаған шақтағы жҧққан ластықтан тазарту ырымы
жасалған. В.Н.Басиловтің ой-тҧжырымдарына жҥгінсек, Диқан бабаға
сыйынудың арғы тегінде бір кездегі дамыған кҥшті аграрлық қҧдайға
табынудың іздері бар
2
.
Жер жыртуға кірісер алдында егінші ауылдың кҿрнекті жеріне қазан
қойып, қос кҿже дайындап, оған ауыл ақсақалын шақырған, ҿз ниетінен
хабардар етеді. Дҽмнен соң ақсақалдар:
Қҧдай бере берсін,
Диқан баба келе берсін
3
, –
деп бата берген.
Тҧқым себуге кіріскенде:
Бісміллеһир-рахман ар-рахим,
Я, Диқан баба, қҧрт-қҧмырсқа,
Жан-жануардан қалғаның менікі,
Я, қҧдая, ауадан жаудыр, жерден ҿндір,
Бала-шағаның ризқын жеткер
4
,
Немесе:
Бісмілле,
Кҿптің несібесіне,
Диқан баба жолына
5
, –
деп жалбарынған.
Алғаш дҽн егу кезінде «менің қолым емес, Диқан бабаның қолы» деп
жасалатын ырым негізінде де жер бетіне шығар ҿнімнің иесі бар деген кҿне-
наным сенімдердің кҿрінісі жатыр.
Негізінен, кҥріш дақылын егумен айналысатын Сыр бойында мынандай
аңыз бар: «Адам Ата мен Хауа Ана Ібілістің азғыруымен Жаратушының
ҽмірін орындамайды. Жаратушы оларға ешнҽрсе берместен жҧмақтан
аластауды ҧйғарады. Қаншама жалынып-жалбарынғанымен Жаратушы
райынан қайтпайды. Адам Ата амалы таусылып, ҿзімен бірге Жер бетіне
қимас заттарынан бір нҽрсені ала кетуді ойлайды. Сҿйтіп, башпайының
арасына кҥріштің дҽнін қыстырып ала тҥсіпті. Кҥрішті Тҽңірі дақылы деп
1
Снесарев Г.П. Реликты домусульманских верований и обрядов у узбеков Хорезма. М.,1969. С.222-223.
2
Басилов В.Н. Культ святых в исламе. М., 1970. С.13.
3
Кармышева Дж.Х. Земледельческая обрядность у казахов // Древние обряды, верования и культы народов
Средней Азии. М., 1986. С.56.
4
Аталған еңбек. 56-б.
5
Аталған еңбек. 56-б.
49
қабылдау осы кезеңнен басталыпты»
1
. Ҽдетте, кҿктемде кҥрішті егерде
егіннің бітік болуы, қҧрғақшылық болмауы ҥшін алаң басында қҧрбандық
шалынады. Кҥрішті алғаш суарардан бҧрын да су келетін жолға қолмен не
арнайы ыдыспен су шашылады.
Кҥрішке жіберілетін су атыздарын қазған кезде де арық қазушылардың
қҧралдарын (кҥрек, кетпен) шаршаған жағдайда тоқтатпастан келесі адамға
беруі, оның да ҿз кезегінде жҧмыс біткенінше басқа қолға ҿткізуі шарт. Осы
ҽрекет арқылы су жолында болатын сырт кедергілерден сақтану ырымын
байқаймыз. Жҧмыс біткенше қҧралды тастамау (дем алмау) – осы кҥштерге
қарсы тҧруға арналған тыйым. Ол бҧзылса, судың келмей қалу қаупі
кҥшейеді не ысырап болады. Бҧл ырымның негізінде адам баласының кҿне
замандардағы барлық заттың (қҧбылыстың) жаны, иесі бар деген таным-
тҥсінігі жатыр. (Дҽл осыған ҧқсас ырымды ҿлікті жерлеу ғҧрпынан да
кездестіреміз. Ҿлікті жерлеу кезінде де о дҥниеге аттанған адамның орнын
қазушылар (кҿр) жҧмыстарын тоқтатпай, қашан марқҧм денесі топырақпен
кҿмілгенше қҧралға кезекпен-кезек иелік етеді. Мҧнда да ҿлімді (ҿлген
адамды емес) алыстату сенімін аңғарамыз. Жҧмыс толық аяқталғанша оны
тоқтатуға, демалуға тыйым салынған. Тыйым бҧзған адам ҿлілер ҽлеміне
біртабан жақындай тҥседі деген сенім қалыптасқан).
Жер жыртып жатқан егінші жанынан ҿткенде жҥргінші: «Бір дҽнің мың
болсын» деп тілек айтса, қырман қасынан ҿткенде: «Қырман тасысын,
обынан ассын» деп тілек білдіруі қажет болған
2
.
Астық бастыру науқанында мал айдаған балалар:
Оптыр, майда, бидай пайда,
Диқан баба, майда-майда,
Береке бер, қҧдая-ау, кҿп-кҿп пайда
3
, –
деп, ҿлең айтқан. Келтірілген ҿлең мҽтіндері таза практикалық мақсатта
айтылған.
Ежелден келе жатқан ғҧрып – қырманды қандау. Егін иесі астық
жанында «Қҧдай жолы деп, Диқан бабаға» деп қой не серке сойып,
қҧрбандық қанымен жерді суарған, астыққа тығылған кҥрек, айыр,
сыпырғыны қандаған. Бҧндай ырымдар иенің кҿңілін аулау астықтың бітік
шығуын қамтамасыз ету ниетінен туындаған. Этнографтар Р.Д.Ходжаева мен
В.В.Востровтар Қостанай жҽне Қарағанды облыстары егіншілері арасында
сақталған Диқан бабаға арналған Кҿк жағыс мейрамын кҿрген
4
.
Кҿк сҽл кҿтерілген уақта ҧйымдастырылатын мейрамда қҧрбандыққа
қой-ешкі не сиыр шалынған, қҧдай мен Диқан бабадан жаңбыр сҧрап,
жалынған. Астық бастыру кезінде балалар:
1
2005 жылдың 12 мамырында Алматы қаласында Қызылорда облысы, Тереңҿзек ауданының тҧрғыны
Д.Қожахметовтен жазылып алынған.
2
Кармышева Дж.Х. Земледельческая обрядность у казахов // Древние обряды верования культы народов
Средней Азии. М., 1986. С.63.
3
Аталған еңбек. 63-б.
4
Хозяйство казахов на рубеже ХІХ и ХХ веков. Алма-Ата, 1980. С. 251.
50
Оптыр майда, оп майда,
Майда болмай, болмайды,
Сабаны саған пайда,
Дҽні маған пайда
1
,–
деген тҽрізді ҿлең айтқан.
Қырман басында айтылатын мҧндай ҿлеңге ҧқсас, ҥндес жолдардың
туыстас қырғыз, ҿзбек халықтарында ҧшырасатыны белгілі
2
.
Алғашқы қауым дҽуірінен бері келе жатқан ҽрбір қҧбылыстың: желдің
иесі, кҥн иесі, су иесі, т.б. қҧдіретті иелердің пҽрменімен болып
жататындығына сенім бертінде де ізі-қайым жойылып кете қоймаған. Кҿп
иелер туралы тҥсінік бір Қҧдайға табыну шыққан соң да, ислам діні
таралғаннан бері де сақталып қалған, кейде Диқан бабаға сыйынумен
қатарласа-қабаттаса жҥретіндігіне кҿз жеткіземіз.
Қазақ арасындағы аңыз-ҽңгімеде он тоғызыншы ғасырда Алтайда су
қҧрылысын жҥргізетін Кеншін жайында «Су иесінің киелі бҧйдасы
Кеншіннің қолында, ол ҿзеннің суын тіркеулі тҥйедей жетектейді» деген сҿз
болған. Бір рет Ертіс ҿзенінен тоған алып, арық қазып жатқан он ҥш жҧртқа
ол кенеттен: «Біз жаңылыппыз, бҧл тоғанға су шықпайды, енді ҽуре болмай,
жҧмысты тоқтатайық... Маған су иесі аян берді, қазылып жатқан арыққа су
иесі ақ бура болып келіп, кҿлденең жатып алды»,– деп, жҧмысын тоқтатқан
3
.
Егінші жҧрттың арық пен тоған тазарту, су тоқтату шаруаларын атқарып
жҥріп, қҧрбандыққа ҿгізше сойып, қанын жерге тамызбай, бірден суға
ағызып жіберетін ырымы болған
4
. Бҧл ғҧрыптың су иесінің кҿңілін тауып,
мейірімін аудару, рақымын тҥсіру мақсатында орындалатыны кҥмҽн
келтірмейді. Қҧрғақшылық жылдары ҿзен-сулы жерлерде тасаттық жасап,
малды бауыздап, қанын қолма-қол суға ағызуды су тҽңірісіне жасалған аса ірі
ілтипат белгісі деп ҧққан абзал
5
. Су иесі туралы тҥсінік байырғы кезеңдерде
шыққан, ал су иесі - Сҥлеймен деу тҥркі халықтарында ислам кіргеннен кейін
қалыптасқан. Хакастар су иесін суда жҥзгендер мен балықшыларды желеп-
жебеуші ҽрі жадылаушы ретінде қабылдаса
6
, тофалар оның тау иесіне
бағынбайтындығына, ҽрбір ҿзен, судың жеке қожайыны болатындығына,
олардың бас су иесіне мойынсҧнатындығына нанған
7
. Бақсы сарындарында
ҧшырасатын: «Су басында – Сҥлеймен, Су аяғында – Қорқыт» деген жолдар
осындай наныммен ҧштасып жатыр. Зайсан, Ертіс балықшылары балық
аулар алдында Сҥлейменге тҽу етіп:
1
Кармышева Дж. Х. Аталған еңбек. 63-б.
2
Уахатов Б. Қазақтың тҧрмыс-салт жырларының типологиясы. Алматы, 1983. 98-99-б.
3
Қазақтың мифтік ҽңгімелері. Алматы, 2002. 27-28-б.
4
Кармышева Дж.Х. Земледельческая обрядность у казахов // Древние обряды верования культы народов
Средней Азии. М., 1986. С.60.
5
Абылқасымов Б. Телқоңыр. Қазақтың кҿне наным-сенімдеріне қатысты ғҧрыптық фольклоры. Алматы,
1993. 74-б.
6
Петри Б.Э. Промыслы у карагас. Иркутск,1928. С.15-16.
7
Катанов Н.Ф. Поездка к каракасам в 1890 г. Спб., 1891. С.28.
51
Су ішінде Сҥлеймен,
Судан балық тілеймін.
Алабҧға, майбас,
Қармағыма жармас,
Қабандай қап, балық,
Қармағымды тарт, балық
1
,-
деген.
Дҽн тазартып жатқанда жел иесін дауыстап «Мірхайдар, кел,
Мірхайдар» деп шақырған. Ҽ.Диваев «Жел шақыру» ҿлеңінің мҽтінін орыс
тілінде аударып бастырған, ҿкініштісі, сол мҽтіннің қазақша нҧсқасы
сақталмаған:
О, Жалаңаш ата, жел шақыр,
Кҿтерілсін қара тҧман боп,
Қҧйын болып, боран боп,
Ҥрлесін жалба-жҧлба етіп, жалаңаштап
Жарқырау ҥшін оның денесі,
Мен таба алмаспын басқа жол
Сабаннан тазалау ҥшін тартылған дҽнді
О, Жалаңаш ата, жібер оңтҥстік-батыстан
Гуілдеген қызыл желді
2
.
Бҧрын шығырдың да тҽңірі бар деп иланған. Т.Сейдалиннің жазуына
қарағанда, Торғай ҿңіріндегі Сейітқҧл қыпшақ бастаған егіншілер атаулы
мейрамында Қҧдай жҽне Ҽлі Шынарға бағыштап, қҧрбандық берген, сол
кезде орындалатын ҿлеңі:
Шығырдың шын атасы - Ҽлі Шынар,
Шынарға сыйынбасаң, шығыр сынар.
Ҽліге Шынарменен шын сыйынсаң,
Қашанда Тҽңірі оңғарып, ісің тынар
3
.
Диқан бабаны ашуландырып, қаһарына тиюден, обал-сауаптан, киесінен
қорыққан қазақ нанды жерге тастамайды. Нанды қасиет тҧтқандықтан «Егер
баланың бойы нанға қолы жетпесе, Қҧранды табанға қойып алуға болады, ал,
Қҧранға қолы жетпесе, нанды табанға қойып алуға болмайды» деген тҥсінік
орныққан. Сондай-ақ нанды екі саусақтың арасымен қысып алуға болмайды,
ауыздағы жеп отырған нанды тҥкіріп тастауға болмайды, теріс қоюға
болмайды, ҥстіне зат қоюға болмайды, кесілген нанды, болмаса, жеп отырған
нанды шертуге, бір қолмен ҥзіп жеуге болмайды, нанды кеудесіне қойып
турауға болмайды, т.с. тыйымдар туындаған.
1
Тоқтабай А. Қазақтардың аңшылыққа, қҧсбегілікке, балық аулауға байланысты жора-жосындары // Қазақ
халқының дҽстҥрлері мен ҽдет-ғҧрыптары. Алматы, 2005. 1-т. 261-б.
2
Диваев А. Заклинание и призыв ветра: Из киргизских поверий // Этнографическое обозрение. 1910. Вып.
1-2. С.131-133. (Аударма - ҿзіміздікі).
3
Сейдалин Т.А. О развитии хлебопашества по бассейну р. Тургая // ЗООИРГО. 1870. Вып.1. С. 248.
52
Диқаншы ҥшін астан кейінгі қадірлісі – еңбек қҧралы. Ел аузында
кетпеннің теміріндегі доғал тесік жҿнінде мынадай аңыз айтылады: «Кҿне
замандарда бір диқаншы жігіт аңдаусызда жыланды ҿлтіріп алыпты. Жылан
ордалы жылан екен. Ҿлген жыланның кегін қайтармаққа ордаластары жігітті
іздеп шығады. Бҧны сезген жігіт жан сауғалап қашыпты. Ордалы жыландар
жігіттің ауыл-аймақ, туған-туыстарын тҥгел жалмапты. Жігіт амалы
таусылып, кҿрші ауылдағы дана қариядан амал сҧрайды. Сонда қария: -
Балам, сені бір қҧтқарса қолыңдағы кетпенің қҧтқарады, осыны қалқан
қылып жат, - деп, жігітті тоғыз кетпенмен жҽне кҥлше нанмен жауып
тастапты. Бірақ жыландар жігіттің жасырынған орнын тауып, оқша
атылыпты. Алайда, тоғыз кетпенді тескенімен, нанды тесіп ҿте алмай, ҿздері
жан тҽсілім етіпті. Осылайша, жігіт дана қарияның ақылының арқасында
аман қалыпты. Кетпеннің теміріндегі тесік осылайша пайда болыпты
деседі»
1
.
Егін егу барысында еңбекке жаңа араласқан жасқа елге қадірлі, егіні
бітік шығатын қарт диқанның қҧралы (кҥрек, кетпен, т.б.) беріледі. Бҧл жаңа
туған нҽрестенің бесігін елге сыйлы, кҿп ҧрпақ ҿсірген ананың аттағаны
(мінгені), дҥниеден озған қадірлі қарияның киімдерінен оның жасын, сый-
қҧрметін берсін деп жыртыс бергені секілді кҿшпелі ғҧрып.
Диқаншылықты атадан балаға мирас етіп келе жатқан адамдардың еңбек
қҧралдары да – ең қастерлі заттардың бірі. Бақилық болған диқаншының
тҧтынған еңбек қҧралдары да ҿзінің ізін басқан ҧрпақтарына немесе осы
кҽсіпті меңгерген талапты жасқа табысталып отырады.
Кҥрішті ҿсірушілер арасында осы дақылды тыныштықты сҥйеді,
адамның кҿңіл-кҥйі дақылдың ҿсіп-ҿнуіне ҽсер етеді деген тҥсінік
қалыптасқан. Кҥріш кҿңілді жҥріп, ҽн айтқанды, ҿзімен сҿйлескенді ҧнатады
деген деректер де кездеседі.
Кейбір мифологиялық тҥсініктер ҽңгімеде емес, ырымда ғана бой
кҿрсетеді
2
. Диқаншылық кҽсіптегі ең маңызды нҽрсе – егінді бітік шығарып,
мол ҿнім алу. Қауын-қарбыз егушілер дақылдың қҧр жапырақтанып
(еркектеніп) кетпей, ҿнімді кҿбірек беруі ҥшін кҿп қҧрсақ кҿтерген ҽйел
адамның іш киімімен пҽлектерді ҧрып-қағып шығады. Мҧндай ырым мақта
ҿсірушілерде де бар
3
. Пияз егушілерде де осы ырым сақталған
4
. Бҧл дақылды
егушілердің басты мақсаты – мол ҿнім алумен бірге дақылдың ащы, иісті
болуы. Сол себепті де кей жерлерде осы дақылды ырым бойынша адам ҿз
бойынан жел шығарып барып, егеді. Осылай етсе иісі ҿткір, таза болады деп
сенген.
1
2004 жылдың 15 шілдесінде Ҽйтеке би кентінде Қызылорда облысы Қазалы ауданының тҧрғыны
Ж.Табынбаевтан жазылып алынған.
2
Қасқабасов С. Жаназық. Астана, 2002. 72-б.
3
2005 жылдың 14 қыркҥйегінде Алматы қаласында Оңтҥстік Қазақстан облысы Жетісай ауданының
тҧрғыны Ш. Сапашевадан жазылып алынған.
4
2004 жылдың 30 шілдесінде Жанқожа батыр ауылында Қызылорда облысы Қазалы ауданының тҧрғыны
Б.Сердалиевтен жазылып алынған.
|