1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ



Pdf көрінісі
бет18/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   135
Байланысты:
Фольклористика

Аушадияр.  Аушадияр  –  қыз  ҧзату  тойында  айтылатын  жанрлық  тҥрдің 

бірі. Бҧл жыр жҿнінде ертеректе жарық кҿрген зерттеу еңбектерде мағлҧмат 

жоқ. Соған қарағанда, ол Қазақстанның белгілі аймақтарында ғана айтылып, 

кейіннен  ҧмытылып  кеткен  жанрлық  тҥр  сияқты.  Оның  аты  да,  мазмҧны  да 

бҧл тҥрдің ислам діні орныққаннан кейінгі кезде шыққанын айғақтап тҧр. 

Жарияланған мҽтіндер мен мағлҧмат берген адамдар пікіріне жҽне ҿлең 

мазмҧнына  қарағанда,  аушадиярдың  ҥйлену  салты  кезінде  айтылатындығы 

кҥмҽн туғыза қоймайтын сияқты. 

 

...Аушадияр – екі де, 



Орман – жердің кҿркі де. 

Бірін-бірі ҧнатқан – 

Қыз-жігіттің кҿркі де

1

, – 



 

деп  жалғаса  беретін  ҿлең  жолдарында  ғашықтық  пен  жастарға  ҥлгі-ҿнеге 

беру  сарыны  толастамайды.  Сондықтан  У.Қыдырхановтың  аушадиярдың 

айтылу  мерзімі  жҿніндегі:  «...той  ҥстінде,  онда  да,  жоралғылардың  бҽрі 

аяқталып,  жҧрт  қҧлағы  босап  қалғанда,  қыз  аттанар  ҽредікте  айтылады. 

Айтушы анау-мынау емес, жҧрт тыңдайтын танымал ақын, ақылгҿй адам»

2

, – 


деген пікіріне толық қосылуға болады. 

Аушадиярдың  негізгі  қызметі  –  қыз  ҧзатылатын  кезде  оған  арнап 

айтылатын  ғибраттық  мазмҧнында  болса  керек.  Бҧл  жағынан    ол  ҥйлену 

салты  кезінде  айтылатын  жар-жар,  сыңсу,  беташар  сияқты  жанрлық 

тҥрлермен мағыналық жағынан қабысып келеді. 

Аушадиярда  ҽлдеқандай  рҽсімге  байланысты  айтылатын  ғҧрыптық 

сипаттан  гҿрі  ҧзатылатын  қызға  ғибрат  айтудан  туған  дидактикалық  сарын 

ҽлдеқайда  басым.    Жалпы,  санамалап  отырып,  тақпақтата  насихат  айту  – 

халық ҿлеңдерінде жиі кездесетін тҥр. 

Санамалап  айтылатын  ҿлеңдердің  барлығы  дерлік  дидактикалық 

сарынға, қалыптасқан халықтық ҧстанымдарды  санамалап айтуға қҧрылады. 

Аушадиярдың да арқауы осы  – санамалап айту. Бірақ ҽрбір сан  «аушадияр» 

сҿзімен басталып, бір шумақпен тҥйінделеді. 

 

                                                



1

 Сонда. 61-б. 

2

 Қыдырханов У. Аушадияр // Шалқар (газет). 1991. 15-сҽуір. 




 

82 


…Аушадияр – тҥк емес, 

Жҥзге шҿкім сан екен. 

Қаласаңыз, хан ием, 

Қҧлағыңды сала гҿр, 

Саусақ бҥгіп, ой салып, 

Керегіңді ала бер. 

Жеткізіп жҥзге жырласам,  

Бір жасап мына қалады ел

1

,– 


 

деген ҿлең жолдарына қарағанда аушадиярды жҥзге дейін жеткізе санамалап 

айтқан  кҿрінеді.  Бірақ  бізге  жеткен  ҿлеңдерде  жиырма  беске  дейін 

санамаланған ҥлгілер кездеседі. Мазмҧн жағынан алғанда аушадияр: 

 

Аушадияр – сегіз де, 



Су аяғы – теңіз-ді. 

Ата-анадан аяма, 

Жақсылықты ең ізгі

2

,– 



 

деген сияқты нақыл тҥріндегі тақпақтау тҥрінде келеді. Дегенмен, санамалап 

келетін  ҿлең  жолдарының  барлығы  бірдей  нақылға  бергісіз  халық 

жырларының  озық  ҥлгісі  деуге  келмейді.  Олардың    ішінде,  ҽйтеуір,  ҧйқас 

ҥшін  алынған  қарабайыр  шумақтар  да  жеткілікті.  Сол  сияқты  аушадияр 

мҽтіндері  де  той  жырларының  басқа  тҥрлеріндегідей  астарлы  мағына,  терең 

ой, кҿркем желіге қҧрыла бермейді. Ой қысқа қайырылып, тақпақ тақылеттес 

тҧжырымдарға  қҧрылады.  Аушадияр  ҥнемі  қара  ҿлең  тҥріндегі  тҿрт 

тармақты ҿлең шумағымен ҿріле бермейді. Олардың қатарында: 

 

Аушадияр бір дейді, 



Бҧрыннан қалған жыр дейді. 

Арық мал ауқат болмаған, 

Семізін сатсаң, пҧл дейді. 

Мамыр туса, мал ҿсіп, 

Жердің беті гҥлдейді. 

Ниеті қара, кҿр кҿңіл 

Жақсылықты білмейді. 

Барды жоқ деп жалтарса, 

Кҿңіл содан кірлейді.  

Оңбайтын туыс белгісі – 

Бірін-бірі кҥндейді. 

Кҿргенсіз келін белгісі –  

Енесін «қақпас», «кҥң» дейді. 

Ибалы қыздың белгісі –  

                                                

1

 Тал бесіктен жер бесікке дейін. Алматы, 1996. 68-б. 



2

 Сонда. 68-б. 




 

83 


Беталды сҿйлеп, кҥлмейді. 

Кҿргенсіз жастың белгісі –  

Ҥлкенді кҿзге ілмейді. 

Адасатын ақымақ 

Ақылға айтқан кірмейді. 

Адам болар қыз-жігіт 

Қисық жолмен жҥрмейді

1

, – 


 

деген сияқты шҧбырта жырлап, алыстан қайыратын терме тҽріздес шумақтар 

да  кездеседі.  Мҧндай  ҿлеңдер  мазмҧн-мҽні  жағынан  беташардағы 

дидактикалық сарынды еске салады. 

Аушадияр  –  ҥйлену  тойында  айтылатын  отбасылық  ғҧрып 

фольклорының жанрлық тҥрі. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет