1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ


Наурыз мейрамы мен фольклоры



Pdf көрінісі
бет12/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   135
Байланысты:
Фольклористика

Наурыз мейрамы мен фольклоры 

 

Қазақ  халқы  ҥшін  кҿктем  –  жаңа  жылдың  басы,  малдың  тҿлдеп,  жер 



жыртып,  егін  салу  мезгілі.  Есте  жоқ  ерте  кездерден  бері  бабаларымыз 

кҿктемде кҥн мен тҥннің теңелген шағын – бҥкіл ҽлемнің, табиғаттың оянуы, 

жаңа  ҿмірдің    басталуы  деп  білген,  сол  себепті  жыл  санауын,  жылдың 

басталуы мен аяқталуын содан бастаған. Ондай уақытты – Ҧлыстың ҧлы кҥні 

деп  атаған.  Кейін  бҧл  атау  Наурыз  деп  ҿзгертілген,  бҧл  парсыша  жаңа  кҥн 

деген  сҿз.  Наурызды  малшылар  да,  егіншілер  де  мейрамдаған.  Ҽрине,  ерте 

заманда  туған  Наурыз  ҿлеңдері  мен  ғҧрыптары,  тіпті,  мерекенің  ҿзі  де  бізге 

ең  алғашқы  кҥйінде  жетпеген,  олар  ҿзгерген,  магиялық,  сакралдық 

қасиеттерін  дҽл  сол  қалпында  сақтай  алмаған.  Қолда  бар  материалдарға 

қарағанда, Наурызға қатысты ҿлеңдер мен ғҧрыптарда кейінгі замандарда да 

сақталған ескілікті наным-сенімдердің  ізі жҽне ислам дінінің ҽсері бар екені 

байқалады,  бірақ  мереке  кезінде  кҿбінесе  сауықтық,  ойындық  шаралар 

басымырақ  кҿрінеді.  Осы  орайда  айтатын  бір  жҽйт:  Наурызға  байланысты 

тек  ҿлеңдер  ғана  емес,  сонымен  бірге  ҽртҥрлі  аңыз-ҽңгіме  кездеседі. 

Наурыздың мейрамын, Наурыз туған уақытты бабаларымыз қыс пен жаздың 

таласы  таусылып,  қылышын  сҥйреткен  қаһарлы  қыстың  жеңіліп,  кҥн 

шуағына  бҿленген  кҿктемнің    жеңуі  деп  білген.  Мҽселен,  сондай  ҽңгіменің 

бірі  –  «Қар  мен  қоянның  тілдесуі»  деп  аталады.  Бірде  қалың  мҧз  болып, 

сіресіп  жатқан  қар  Наурыздың  қызуына  шыдай  алмай,    тҧмауратып,  денесі 

ауырлап,  дел-сал  болып,  берекесі  кете  бастайды.  Қар  қорқып,  қоянға 

жалынып,  тамырын  ҧстатады.  Қоян  қардың  тамырын  ҧстап  отырып:  «Қыс 

бойы  мені  қарға  адым  аттатпап  ең.  Қайтейін,  ескікҿз  танысымсың  ғой. 

Ауруың  сылдырап  ағып,  сай-саймен  кетсін,  жылбырап  ағып,  жылғалармен 

кетсін!»  -  деп  ҧшықтапты.  Қояннан  бата  алған  қар  суы  сол  кҥні-ақ 




 

54 


Наурыздың шуақты кҥнімен борша-борша боп, ҿз жҿнін тауыпты-мыс»

1

.   



Басқа  бір  ҽпсана  бойынша  Наурыз  ағайынды  ҥш  жігіттің  бірі  болған 

(қалғандарының  аты  –  Қазақ  пен  Созақ).  Наурызда  бала  болмапты.  Ҿлер 

алдында ол ағаларын  шақырып алып, былай деп ҿзінің ҿсиетін қалдырыпты: 

«Менен  ҧрпақ  қалмады,  яғни  ҿзіммен  бірге  атым  ҿшеді  деген  сҿз.  Егер  де 

менің  атым  қалсын  десеңдер,  жыл  сайын  мен  ҿлген  кҥні  ас  беріңдер». 

Ағалары  оның  ҿтінішін  қабыл  алып,  жыл  сайын  ас  беруді  дҽстҥрге 

айналдырып жҽне ол кҥнді жаңа жылдың басы деп есептепті

2



Келтірілген екі сюжетте де Наурыз кҽдімгі адам бейнесі боп кейіптелген. 

Мҧның тағы бір ҥлгісі шежірелік сипаты бар ҿлеңде де кездеседі: 

 

Қазақстан – Наурыз, Алаш екі ҧл туған, 



Наурыздың деп айтады ҥлкен жасын. 

Ҧрпақсыз ҿлген Наурыз жазғытҧры, 

Келер жыл кҿктемде оның беріпті асын. 

Қазақтың балалары сонан бері 

Наурыз деп қойыпты атап жылдың басын

3



 

Жалпы,  жылдың  басы  болып  есептелгендіктен  Наурыз  мейрамы  – 

кҿктем  мезгіліндегі  ең  басты,  ең  ҥлкен  мереке.  Оны  тойлау  малшылар  ҥшін 

де,  егіншілер  ҥшін  де  ҿте  маңызды  болған,  ҿйткені,  бҧл  кезде  мал  тҿлдеп, 

жҧртшылық  сҥтке,  сҥт  тағамдарына  қарық  болған,  ал  егіншілер,  ҽсіресе, 

оңтҥстіктегілер жер жыртып, дҽн егуді бастаған. Барлық ҿлкеде наурызкҿже 

жасалып, кҿпшілік сол астан дҽм татып, бір-біріне береке, молшылық, бақыт 

тілеген. Сонымен қатар алуан тҥрлі ойын-сауық қҧрған. 

Наурызды  тойлаудың  дҽстҥрлі  атрибуттары  бар:  адамдардың  кҿрісуі, 

кҿже  жасауы,  кҿже  ішуі,  самалық  айту,  ойын  ойнау,  т.б.  Сонымен  бірге 

кейбір ҿлкелерде сахналық кҿрініс ретінде мейрамдаған.  Мысалы, Шыңжаң 

қазақтарында он екі жылды бейнелейтін он екі бала сахнаға шығады. Ҽр бала 

ҽр  жылдың  атын  иеленген:  тышқан,  сиыр,  барыс,  қоян,  ҧлу,  жылан,  жылқы, 

қой, мешін, тауық, ит, доңыз. Маска киген ҽр бала жылан болып ысқырып, ит 

болып  ҧлып,  сиырша  мҿңірейді,  қойша  маңырайды,  жылқыша  кісінеп, 

жылдар  бір-бірімен  айтысатын  болған.  Мҽселен,  сиыр  жылы  мен  жылқы 

жылының айтысында сиыр кейпіндегі бала: 

 

Емшегім – сҥт, терім – бҧйым, денем – ет, 



Сен, жылқы, мен тҧрғанда адамға шет. 

Ҽрбір ҥйдің ҽрдайым мен қасында, 

Сен бір безбе, кісендеулі қашанда, – 

 

дегенде, жылқы бҥркеншігіне жасырынған бала: 



 

                                                

1

 Лениншіл жас (газет). 1977. 24-наурыз. 



2

 Қазақ халқының дҽстҥрлері мен ҽдет-ғҧрыптары. Алматы, 2005. 1-т. 102-б. 

3

 ОҒК қолжазба қоры. 1936-бума. 




 

55 


Жау келгенде жҧртта қалдың сен сасып, 

Жақсы болсаң, кетер едің бел асып. 

Қымыз барда сҥт қазаққа тамақ па?! 

Сенің қҧның татымайды жармаққа, – 

 

деп кісінеген болады. 



Халқымызда  дастарқан  батасы,  мал  батасы,  жан  батасы,  жорық  батасы, 

аң  батасы,  т.б.  қатар  Наурыздың  ҿз  батасы    бар.  Ҽр  ҥйде  кҿже  жасалып,  ел 

аттылы-жаяу ілгерінді-кейінді, мҽз-мейрам болып, ҥйлерге кіріп, кҿп кҿжеге 

бата қылады. 

 

Жаз періште – Ҽз кепті, 



Ҽзден ҥркіп, қар кетті. 

Ақ қар, кҿк мҧз жҧтатқан 

Наурыз келіп, жаз кірді. 

Жаз періште – Ҽз кірді, 

Кҥнеске тосып арқасын 

Жан біткенге наз кірді, – 

 

деп  басталады,  одан  ҽрі  елді-жерді  пҽле-жаладан,  апаттан  қорғап,  аяғында 



тілектер айтылады: 

 

Кҿже істеген келіндер, 



Кҿпке жаққан елшіл бол, 

Бозторғайдай тҿлшіл бол, 

Кірсе, байқар кҿзді бол, 

Ағайынға тҧрар сҿзді бол! 

Қыстан қысыраладық 

Жаздағыдай жадырамадық... 

Ҿткен кҥн ҿзімен кетіп, 

Келген кҥн жарылқасын! 

Кҥнікей – Наурыз жарылқасын! 

Аллауҽкбар!

1

 

 



Ертеректе  Наурыз  мейрамында  ауылдың  тайқазанына  ҽр  ҥй  ҿзінің  7 

тҥрлі  тағам  қосып,  пісіріп  ҽкелген  кҿжелерін  қҧятын,  сонда  30-50  тамақ 

қоспасынан жасалған «наурызкҿже» немесе «кҿп кҿже» болып шығады. Бҧл 

аспаздық  жҧмыстың  бҽрін  елге  қадірлі,  ауылға  белгілі  ҽйел  –  бҽйбіше 

басқарады.  Қазанды  иесіне  қайтарғанда  ҽбден  жуып,  тҥбіне  міндетті  тҥрде 

піскен тамақ (бауырсақ, тоқаш, ет) салып, қҧлағына ақтық байлап қайтарады, 

ҽйтпесе, «қазан ҿкпелейді», «қазан шамданады» деп ырым қылады

2



Қазақ  арасында  екі  адам  ренжіскенде  «ҿкпесі  қазандай»,  «ҿкпесі  қара 

                                                

1

 Ахмадиев Ж. Наурыздың ҿз батасы бар // Қазақ ҽдебиеті. 1996. № 12. 



2

 А.Тоқтабай жинаған материалдан. 




 

56 


қазандай»  деп  айтылатын  сҿз  тіркестері  осыдан  шыққан.  «Қара  қазан,  сар 

баланың  қамы  ҥшін»,  «Қара  қазан,  сар  бала,  жылап  жатыр  кҿп  бала» 

дегеніміз  халық, бҧқара халық дегеннің баламасы. Атадан мирас болып келе 

жатқан  қазаннан  айырылу  –  қҧт-береке,  байлықтан  айырылу,  оны  біреу 

тартып  алса,  масқарашылық  саналатын.  Қазақта  да  бір  адам  екінші  адамға 

ашуланғанда,  «қазаныңды  тҿңкеріп  кетейін»  деп  ғайбат  айтады.  Қазан  да 

шаңырақ сияқты бҥтіндіктің белгісі, қазан толы, тоқ болса, ел де мықты. 

 

Ҧлыс кҥні қазан толса, 



Ол жылы ақ мол болар. 

Ҧлы кісіден бата алсаң, 

Содан олжалы жол болар, –  

 

деп тілек айтады. 



Наурыз кҥнінің бір ерекшелігі бҧл кҥн кҿрісуден басталады. 

 

– Амансыз ба? 



Ҧлыс оң болсын, 

Қайда барса, жол болсын! 

 

              * * * 



– Ҧлыс бақты болсын, 

Тҿрт тҥлік ақты болсын! 

               

              * * * 

– Ҧлыс береке берсін, 

Бҽле-жала жерге кірсін! – 

 

деп, қҧшақтасып, кҿріседі. 



Бозбалалар  мен  қыздар  да  Ҧлыстың  ҧлы  кҥні  емін-еркін  бас  қосып, 

ауылды, елді той-думанға бҿлегенін мына ҿлең жолдарынан кҿреміз: 

 

Есік алды қара су бойлағаным, 



Жалғанның қызығына тоймағаным. 

Кҿмілсем де кетер ме кҿкейімнен, 

Қалқаммен Ҧлыс кҥні ойнағаным

1



 

Ауыл  қыздары  ҿздері  жақсы  кҿрген  жігіттерге  арнап,  соғымның  қалған 

етін уызға салып пісіріп, «ҧйқыашар» деп аталатын тамақ дайындайды. 

Осы арада бір айта кететін жайт, Наурыздың қазақ халқының тамақтану 

мҽдениетіне  тікелей  қатынасы  бар.  Наурызда  соғымның  қалған-қҧтқаны 

кҿжемен,  сыбағамен  бітеді,  халық  жаппай  «қызылдан  –  аққа»,  яғни  сҥтті 

тағамдарға  (айран,  қымыз,  қҧрт,  ірімшік,  т.б.)  кҿшеді.  Сҿйтіп,  кҿшпендінің 

                                                

1

 Таң (журнал). 1925. № 4. 122-б. 




 

57 


қыс бойы ауыр етті  тағамдарды жеген асқазаны демалады. Жаздың шіліңгір 

ыстығында қазақ асқазанға жеңіл: қойдан – бағлан, байлар жылқыдан  –  тай, 

кедейлер  ешкіден  лақ  жеген,  бҧл  тҿлдердің  еті  қара  кҥзге,  кҥздік  сойғанға 

дейін адам ағзасына жеңіл болған, мҧны маусымдық тамақтану жҥйесі деуге 

болады.  

Халықтың мифологиялық тҥсінігінде 21-ші наурыз тҥні даланы, ҥй-ҥйді 

Қызыр аралайды, сондықтан «Қызыр тҥні» деп аталады. Қызыр ҥй іші, қора-

қопсысы, ауласы жҽне де  киген киімі,  ішкен тамағы  таза адамдарға қонады. 

Сол  себепті  жеке  адамнан,  отбасынан  бастап  ауылға  дейін  Наурыздың 

алдында  кір-қоңдарын  жуып,  таза  киімдерін  киіп,  ҥй  ішін,  қора-қопсысын 

тазалайды.  Қызыр  бас  бармағы  былқылдап  тҧратын,  ақ  сақалды  қария  екен, 

амандасқанда бармағынан білуге болады деп жатады. 

Қызыр  ата  табиғатты  аралап  жҥріп,  назары  жерге  тҥссе,  қыстың  тоң-

мҧзын ерітіп жібереді, ал, тасқа тҥссе, тас та балқиды екен. Самарқанның кҿк 

тасы еріген кҥн Наурыздың басталуы екен. Наурызды қарсы алудың бірінші 

нышаны – ҥлкендердің балаларға сҧрау салуы: 

 

Самалық, самалық, 



Кҿк қҧс кҿзін ашты ма? 

Аяғын жерге басты ма? 

Самалық, самалық, 

Самарқанның кҿк тасы 

Жібіді ме, кҿрдің бе? 

Самалық, самалық, 

Қап тауының кҿк қҧсы 

Жҥгірді ме, кҿрдің бе? 

 

Қазақтардың астрономиялық тҥсінігі бойынша, Жаңа жылда кҥннің кҿзі 



кҿрінген  уақыттан  кейінгі  екі  сағат  уақыт  «кҥн  сҽті»  деп  саналады.  Егер 

кімде-кім Ҧлыс кҥннің кҥн сҽтінде кҥн шҧғыласын маңдайымен тосып, қарсы 

алса,  оған  Наурыздың  қҧты  дариды  деген  дҽстҥрлі  ҧғымға  сай,  жаңа  кҥнді 

қарсы  алу  салты  қалыптасқан.  Кҥлімдеп  кҿрінген  кҥнге  иіліп  сҽлем  беріп, 

«қҧт дарысын» деп, айнала тҿңірекке ақ бҥркіп, тарасады. 

Наурыз  кҥні  таңертең  ертемен  ерлер  қолдарына  кҥрек,  кетпен,  ал,  қыз-

келіншектер  қҧрт,  ірімшік,  сҥт,  піскен  ет  алып,  далаға  шығады.  «Бҧлақ 

кҿрсең, кҿзін аш» деп қаумаласқан жігіттер айнала тҿңіректегі бастаулардың 

кҿзін  ашса,  «Атаңнан  мал  қалғанша,  тал  қалсын!»,  «Бір  тал  кессең,  он  тал 

ек!» деген қариялар бҧлақ басына тал егеді. Ҽйелдер атып келе жатқан кҥнге 

тҽу етіп, «Армысың, қайырымды Кҥн-ана!» деп, иіліп сҽлем береді. «Кеудесі 

тҥкті  Жер-ана  қҧт  дарыт,  жарылқа!»  деп,  ашылған  бҧлақ  кҿзіне  май  қҧйып, 

жаңа егілген ағаштарға ақ бҥркеді. 

Ақ  тҥйенің  қарны  жарылған  бҧл  кҥні  халық  ішіндегі  жас  ерекшелігіне 

қарай  қалыптасқан  дҽстҥрлі  ілтипат,  ізеттер  біршама  жҧмсарады.  Тіптен, 

келіні  қайын  атасымен,  кҥйеу  баласы  қайын  енесімен  ҽзілдесуіне  болады. 

Наурыз  кҥні  бҧндай  іс  кҿзге  сҿлекет  кҿрінбейді.  «Ҧлыс  кҥні  қариялармен 



 

58 


кҿріссем,  батасын  алсам,  болашақ  ҧрпағыма  олардың  кҥш-қуаты  дариды» 

деген  сенім  бойынша,  бҧл  кҥні  жас  келіндер  кҿп  жасаған,  балалы-шағалы, 

шежіре қарттармен кҿбірек кҿрісуге тырысады. 

 

Ҧлыс кҥні кҽрі-жас  



Қҧшақтасып, кҿріскен.  

Жаңа ағытқан қозыдай  

Жамырасып ҿрістен. 

 

Немесе: 



Ҧлыстың ҧлы кҥнінде  

Келіншек шығар керіліп,  

Сҽукелесі саудырап.  

Қыз шығады қылмиып,  

Екі кҿзі жаудырап.  

Бозбала шығар бҧрқырап,  

Ақ бҿкендей шырқырап

1



 

Ҧлыс  кҥнінде  сҽлемдесудің  қалыптасқан  дҽстҥрі  бар,  ер  адамдар  қос 

қолдасып, тҿс қағыстырады, ҽйелдер болса, қҧшақтасады, ерлер мен ҽйелдер 

кездессе,  қҧшақ  айқастырады.  Қос  қолдап  амандасып,  тҿс  соғыстыру  ҿмір 

тірегім  –  тҿсім,  тіршілік  кҿзім  –  екі  қолым  аман-сау  болсын  дегенді 

білдіреді

2

. Ал: 


 

Шалдар бата беріскен: 

Сақтай кҿр деп терістен, 

Кел, таза бақ кел десіп, 

Ием, тілек бер десіп, 

Кҿш, Қайрақан кҿш десіп, 

Кҿз кҿрмеске ҿш десіп...

3

 – 



 

деген  ҿлеңіндегі  қайрақан  –  қазақтың  исламға  дейінгі  пантеонында 

жаманшылық  иесі.  Бҧл  туралы  М.Ҽуезов  былай  дейді:  «...Мҧнда  баяғы 

заманда,  Ҧлыстың  ҧлы  кҥні  қалың  елдің  жаңа  тілек  тілейтіні  кҿрінеді.  Жҧп 

шырақ жағу, кетік аяқ, кетік шҿміш сындыру, кҿріскенде «таза бақ, кел» деп, 

«Кҿш, қайрақан кҿш» деп аластау – барлығы да сол заманның тілегі»

4



Ескі пҽле, қырсықты қуалап, жаңа бақ, дҽулет тілер кезде: 



 

Кетік ыдыс, шҿміштің  

Тҥтіні кетер бҧрқырап

5

, – 



                                                

1

 Сонда. 120-б. 



2

  Ҿмірзақов  Т.М.,  Ислямов  О.Е.  Наурыз  //  Қазақтың  ҽдет-ғҧрыптары  мен  салт-дҽстҥрлері:  ҿткендегісі  мен 

бҥгіні. Алматы, 2001. 22-б. 

3

 Таң (журнал). 1925. № 4. 121-б. 



4

 Ҽуезов М. Ҽдебиет тарихы. Алматы, 1991. 39-б. 

5

 Таң (журнал). 1925. № 4. 121-б. 




 

59 


деп  қыстан  қалған  кетік  ыдыс,  шҿмішті  отқа  жағып,  ҿртейтін  болған.  Қыс 

бойғы  кҿрген  жоқ-жітік,  жамандық  атаулының  бҽрі  соның  тҥтінімен  кетті, 

енді келсе, тек таза бақтың ҿзі келеді деп сенген. 

Қазақтардың  Жаңа  жылда  алғаш  шапақ  атқан  кҥнді  қарсы  алып,  оған 

иіліп,  сҽлем  етуі  немесе  қымызмҧрындық тойында  алғашқы  қымызды  кҥнге 

иіліп,  тҽжім  етіп,  ішуі  секілді  кҿне  дҽстҥрлері  олардың  ежелден-ақ  кҥнге 

табынған сақ жҧртының жҧрағаты екенін дҽлелдей тҥседі.  

Наурыз  кҥні  адамдар  бақай  есеп,  пендешілік  атаулыдан  тазарып,  ар-

ҧжданы  алдында  арылуы  керек.  «Ҧлыс  кҥні  алдыңа  келсе,  атаңның  қҧнын 

кеш»,  «Жақсылыққа жақсылық – жай адамның ісі,  жамандыққа жақсылық  – 

ер  жігіттің  ісі»,  «Тас  атқанға  –  ас  ат»  секілді  нақылдарды  ҿзек  етіп,  ту 

кҿтерген  билер,  ақсақалдар  ат  қҧйрығын  кесісіп,  араға  жік  тҥскен  бауырлас 

ел,  руларды,  ағайын,  дос-жарандарды  бір  дастарқаннан  дҽм  тарттырып, 

табыстырған, осылайша ел бірлігін кҥшейткен. 

Отбасын  тентіретіп  жібергендерді  қайта  қосып,  жалғыз-жарым 

жетімдерді  ҥйлендіріп,  жеке  отау  қылған.  «Сҥйекке  –  дақ,  етке  таңба 

болмасын»  деп  кембағал,  мҥгедектерді  жақын  туыстарының  қарауына 

арнайы міндеттеп, тапсырған.  

Қазақтың  халық  ҿлеңдерінің  ҿзге  тҥрлері  тҽрізді  Наурыз  жайындағы 

ҿлеңдерден  де  тек  сол  елдің  ҽдет-ғҧрып,  салт-санасын  ғана  емес,  сондай-ақ 

оның  ҽлеуметтік,  қоғамдық  ҿмірінің  кҿп  шындығына  да  кҿз  жеткізуге 

болады.  Бҧл  жай,  ҽсіресе,  бай  мен  кедей,  барлық  пен  жоқтық  арасындағы 

алшақтықты айтар жерде айрықша байқалады: 

 

Ҧлыстың ҧлы кҥнінде  



Бай шығады балбырап.  

Бҽйбіше шығар балпиып,  

Кҥндіктері қайқиып. 

 

Ескі  заман  ҽдеті  бойынша  Ҧлыстың  ҧлы  кҥні  бірде-бір  адам  еңбек 



етпеуге тиісті. Бҧл кҥні қҧл да, кҥң де азаттық алады. 

 

Қҧл қҧтылар қҧрықтан 



Кҥң қҧтылар сырықтан, – 

 

деген жолдар, міне, осыдан қалған. 



Кҿктем  мезгілінде  егіншілікпен  айналысатын  жҧрт  та  Наурызды 

мерекелеген.  Наурыздың  келуі  –  диқаншылардың  жер  жыртып,  дҽн  себетін 

уақытына  сҽйкес  болған.  Сондықтан  олар  кҿктемдегі  кҥн  шуағымен  жер 

бетін қардан тазартып, қызуын осы Наурыз мейрамымен де байланыстырып,  

неше  тҥрлі  ғҧрып  атқарып,  ҿлең  тҥрінде  ҽрқилы  бата,  тілек  айтқан.  Ҽрине, 

жер  жыртуды  дҽл  сол  Наурыздың  келген  кҥнімен  бастамаған.  Оған  дейін 

диқан  кетпенін,  соқасын,  тағы  басқа  қҧралдарын  дайындаған.  Мҧны  ел 

арасында  «Наурыз  торғай»  деген,  себебі  бҧл  кезде  кҥзде  ҧшып  кеткен 

торғайлар  кҿктемде  қайта  оралған.  «Жер  жыртудың  басталатын  кҥнін 



 

60 


ақсақалдар алдын-ала ҿзара кеңесіп барып айтатын болған. Ол аптаның сҽтті 

кҥндерінің бірі болуға тиіс болған... Жер жыртуға шығар алдында, ауылдың 

қҧрметті  ақсақалдарының  бірінің  ҥйінде  қазанда  қос  кҿже  қайнатып, 

қазанымен  ауылдың  сыртына  дҿңестеу  жерге  алып  шығып,  ақсақалдарды 

шақыратын  болған.  Ас  желініп  болғаннан  кейін  қожайыны  ертең  жер 

жыртуды  бастайтынын  хабарлаған.  Ақсақалдар  оған:  «Қҧдай  бере  берсін! 

Диқан  баба  келе  берсін  (дари  берсін),  береке  берсін!  –  деп  бата-тілектерін 

білдірген.  Ҽдетте,  ауылдың  адамдары  (егіншілері)  жер  жыртуға  бір  кҥнде 

кіріскен»

1

.  Дҽн  егу  кезінде,  тҧқымды  себерден  бҧрын  егінші  мынадай  тілек 



айтып, жалбарынған: 

 

Біссіміллҽһир-рахманир-рахим. 



Я, Диқан баба! Қҧрт-қҧмырсқа, 

Жан-жануардан қалғаның менікі. 

Я, Қҧдая! Ауадан жаудыр, жерден ендір! 

Бала-шағаның ризығын ҿзің жеткір

2



 



Егістік  кезінде,  ҽсіресе,  тҧқым  сеуіп  болғаннан  кейін  егінді  суаруға 

арналған  арықтарды  тазалау  басталады.  Бҧл  кезде  де  неше  тҥрлі  ырым 

жасалады,  арнайы  ас  пісіріледі.  Мысалы,  наурызкҿжеден  елдің  бҽрі  дҽм 

тататыны  сияқты,  жҧқа  нан,    шелпек  пісіріліп,  егістік  басына  ҽкелінеді  де, 

сондағы  адамдар  (егіншілер)  тҥгел  шелпектен  ауыз  тиеді.  Тағамды  алып 

келген ҽйелдер егіншілерге қарата ғҧрыптық ҿлең айтқан. Бҧдан соң шығыр 

жасап, қол қауға теңдеп, кетпен шауып, атпа су таратқан. Сол алаңда шығыр 

орнату  кезінде  Ҽлі  Шынар  деген  пірге  арналған  қҧрбандық  шалып, 

мерекелеп, тҿмендегідей ҿлең-тілек айтқан: 

 

Шығырдың шын атасы – Ҽлі Шынар, 



Шынарға сыйынбасаң, шығыр сынар. 

Ҽліге Шынар менен шын сыйынсаң, 

Қашан да Тҽңірі оңғарып, ісің тынар

3



 

Ҿлеңнен  байқалатыны  –  шығырдың  шығыста  ең  мықты  деп  саналатын 

шынар  ағашынан  жасалатыны.  Егістік  шығыр  арқылы  суарылады,  яғни 

егіннің тағдыры суды шығаратын шығырға байланысты.  Егер шығыр сынса, 

су  жоқ.  Сондықтан    шығырды  ең  қатты  ағаш  –  шынардан  жасаған. 

Шынардың  ерекшелігін  кҿрген  жҧрт  оның  иесі  бар  деп  ойлаған,  сондықтан 

оған сыйынып, кҿңілін табу керек деп иланған. Бҧл  – ежелгі замандағы рух-

иелік мифологияның ізі. 

Егін  салып  болғаннан  кейін  де,  ҽсіресе,  алғашқы  дҽн  шығып,  бидай 

кҿтерілген кезде атқарылатын ғҧрыптар бар. Оны «Кҿк жағыс»  деп атап, дҽн 

                                                

1

 Кармышева Дж. Қазақтардың егіншілікке байланысты  ҽдет-ғҧрыптары // Қазақ халқының дҽстҥрлері мен 



ҽдет-ғҧрыптары. Алматы, 2005. 1-т. 102-б. 

2

 Сонда. 103-б. 



3

 Сонда. 106-б. 




 

61 


20-30 см боп ҿскен шақта мерекелеген. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет