1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ



Pdf көрінісі
бет104/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   135
Байланысты:
Фольклористика

«Ӛтеген 

батыр» 

жыры. 

Ҿтеген 


Ҿтеғҧлҧлы 

– 

Жоңғар 



шапқыншылығына  қарсы  кҥресте  жҽне  одан  кейінгі  уақыттарда  елінің 

тҽуелсіздігіне  сіңірген  орасан  зор  қызметімен  халқының  жадында  мҽңгі 

сақталған тарихи тҧлға. Оның ерлік істері «Ҿтеген батыр» атты жырдың тҿрт 

тҥрлі версиясына арқау болған. 

Ақын  Тілеміс  Есболов  жырлаған  нҧсқалардың  біріне  Ҿтеген  батыр 

ретінде алғаш  таныла бастаған кезде оның ерліктеріне тҽнті болған  Тҿле би 

оны  сынай  тҥсу  ҥшін  жақын  маңдағы  бейіттің  ағаштарын  отын  қылу  ҥшін 

алып келуге жҧмсағаны, Ҿтегеннің бидің алдын ала кҿрдің ішіне отырғызып 

қойған  адамдары  қарсылық  жасап,  ҿлі  аруаққа  қиянат  жасағанын  айтып, 

қорқытқысы, ҧялтқысы келгеніне назар аудармай: 

«Ҿлі  аруақ,  тыныш  жат!  Тірі  аруаққа  ас  пісірем»,  –  деп,  бейіттің 

ағаштарын алып кеткені баяндалады. 

Жоғарыда  мазмҧндалған  сюжеттік  мотив  қазақ  тарихи  жырлары,  мен 

аңыздарында  кҿптеген  батырларға  таңылу  арқылы  формулалық  сипатқа  ие 

болған.  Мысалы,  Ақыт  Ҥлімжіҧлы  жырлаған  жырда  Абылай  Жҽнібекті 

осылайша  сынаса

1

 

жырдың  ҿзге  нҧсқасында  Абылайды  Қабанбай 



алмастырады

2



Ендігі  бір  жырда  Қабанбай  осылайша  Шақшақ  Жҽнібекті  сынайды. 

Ағыбайдың,  Сҧраншының  жҽне  ҿзге  де  батырлардың  осындай  оқиғаны 

бастан кешіргені туралы аңыздар бар. 

Жырдың Тілеміс ақын  жырлаған екінші нҧсқасы Ҿтегеннің ата бабалар 

аруағының жҽрдемімен ғайыптан пайда болуын суреттеуден басталады.  

Елді  оба  жайлағанда  Ҿтеғҧлдың  он  ҧлы  бірдей  шетінейді.  Бір  кҥні 

Ҿтеғҧлдың тҥсіне ҥлкен атасы еніп, одан: «Ҿлген ҧлдарыңды қайтарайын ба, 

ҽлде  соларға  татитын  бір  ҧл  берейін  бе?»  –  деп  сҧрайды.  Ҿтеғҧл  қайтыс 

болған  ҧлдарының  бҽріне  татитын  бір  ҧл  бергенін  қалайды.  Сол  аян  ҿмірде 

бҧлжымай келіп, Ҿтеген дҥниеге келеді. 

Классикалық  қаһармандық  жырлардың  тҧрақты  бҿлшегі  болып 

табылатын батырдың ҿзіне лайық ат таңдау оқиғасы бҧл жырда да кездеседі. 

Бірақ  онда    керемет    жағдай  кездеспейді.  Содан  соң  Ҿтегеннің  Райымбек, 

Тауасар  секілді  батыр  жолдастарымен  бірге  қалмақтарға  қарсы  тҧруы 

басталады.  Ҿтегеннің  қасындағы  батырлар  ретінде  Қойгелді,  Сҽмен, 

Наурызбай,  Райымбек,  Шінет,  Тауасар,  Молдабай,  Қанжығалы  Бҿгенбай, 

Ысты Тҿлек аталады. Бҧлардың ҽрқайсысы Жоңғар шапқыншылығы  кезінде 

қолбасшылық дарынымен  кҿзге  тҥскені белгілі.  Жырда  Ҿтегеннің  солардың 

барлығына басшылық жасауы – халық шығармашылығында бас қаһарманды 

ҿзгелердің барлығынан артық етіп кҿрсету машығының кҿрінісі. 

Ҿтеген  ҧйымдастырушылық  қабілетімен  де,  жаудың  бас  батыры 

Тайшықпен жекпе-жекте жеңіске жетуі арқылы да басқыншыларға тосқауыл 

қоюда  шешуші  қызмет  атқарады.  Негізгі  кейіпкерді  бҧлайша  даралау  да  –

                                                

1

 «Ҥн» (журнал). 2006, № 1. 9-б. 



2

 Зейнолла Сҽнік, Бейсенғали Садықан. Қаракерей Қабанбай. Алматы, 1989. 44-б.   




 

479 


тарихи  эпоста  жиі  кездесетін  қҧбылыс.  Батырдың  жеңілген  жауды  кейін 

қарай  ысыра  ҧрыс  жҥргізу  талабын  Тҿле  би  қҧптамай,  сол  кез  ҥшін  

батырлардың  жаумен  соғысуы  емес,  босқан  халықпен  бірге  болып,  жаңа 

қонысқа орналастырумен айналысуы тиімді екенін тҥсіндіреді.  Ел ағасының 

орынды  ақылын  қабылдауы  –  Ҿтегеннің  парасаттылығының  белгісі.  Сыр 

бойына    ауып  келген  елге  ол  жерден  гҿрі  Сарысу  бойының  жайлы  екенін 

ҧқтырып, сонда бастап келетін де – Ҿтеген. 

Жыр  қалмақтарға  қарымта  соққы  берген  қазақ  қолына  алғаш  келіп, 

жеңістерге  жеткен  батырлардың  бірі  де  Ҿтеген  екенін  бейнелеумен 

аяқталады. 

Жырдың  композициялық  қҧрылымы  да,  сюжеттік  желісі  де,  образдар 

сомдау  тҽсілі  де  ескі  заман  жыршыларының  кҿне  сҥрлеуінен 

ауытқымаушылықты  аңдатады.  Ҿткен  ҿмірдің  кҿріністерін  ашып  кҿрсету, 

сол  арқылы  халықтық  мҧраттарды  насихаттау  классикалық  қаһармандық 

эпос ҥлгілеріндегідей мҧнда  да бас кейіпкердің басынан ҿткен жағдайларды 

хронологиялық тҽртіппен тізбектей баяндау арқылы жҥзеге асқан. Соған орай 

бас кейіпкердің бейнесінде оны батырлар жырының ҿзге де қаһармандарына 

ҧқсататындай  нышандар  мол.  Оның  бір  белгісі  –  Ҿтегеннің  де  кереметтің 

кҥшімен туған айрықша тҧлға екендігі бейнеленуі.  

Ғылыми зерттеулер нҽтижесінде кҿбінесе ертегі кейіпкерлері қарапайым 

адамдардың  балалары,  ал,  оған  керісінше  эпос  қаһарманының  шыққан  тегі 

ҥстем  тап  ҿкілдері  болып  келетіні  анықталған

1

.  Бҧның  дҧрыстығына  жырда 



келтірілген  Ҿтегеннің  ата-бабалары  туралы  мағлҧмат  та  дҽлел  бола  алады. 

Жырдың  прологында  Бҽйдібек  пен  Жарылқамыстан  Бҧқардың,  Бҧқардан 

Сырымбеттің  таралғаны,  Сырымбеттен    туған  алты  ҧлдың  бірі  Ҿтеғҧл  екені 

атап ҿтіледі. 

С.Қасқабасов:  «Енді  кейіпкер  –  батыр  дҥниеге  келерде,  міндетті  тҥрде 

бір  тҿтенше  оқиға  болады;  болашақ  қаһарманның  не  ҽкесі,  не  шешесі  қаза 

болады,  я  болмаса,  олар  қуғында  жҥреді.  Немесе  ол  туар  кезде  елді  жау 

шабады,  т.т.»,  –  деп  атап  кҿрсеткен

2

  қаһармандық  эпосқа    ортақ  сипат  



Тілеміс  айтқан  нҧсқада  Ҿтегеннің  оба  індеті  қарсаңында,  ҽке-шешесі  бір 

перзентке  зар  болған  заманда  ҿмірге  келуінен,  оның  сҽби  шағында  Ҿте-

ғҧлдың қайтыс болуынан аңғарылады. 

Халыққа  Жерҧйық  қоныс  іздеу  –  барлық  халықтардың  айрықша  бір 

қиыншылыққа  тап  болған  сҽттерінде  қылаң  беретін  ҽлеуметтік  утопиялық 

сарын.  Қазақ  ҽпсаналарында  Асан  Қайғының,  оның  қызы  –  Жҧпардың 

Жерҧйықты  іздеуі  баяндалады.  «Ҿтеген  батыр»  жырының  Жамбыл  жҽне 

бірқатар ҿзге де жыршылар жырлаған нҧсқасының бас кейіпкері де осындай 

мақсатпен сапар шегеді.  

Жамбыл жырлаған нҧсқалардың бірінде ҧлы ақынның ҿзі айтып отырған 

жыр туралы:  «Хикая емес бҧл ҿзі ҿз жанымнан шығарған»,  – дей келіп; бҧл 

шығарманы  қандай  ҿнерпаздан  ҥйренгенін  нақтылап  айтудан  тайқып,  бҧл 

                                                

1

 Қасқабасов С. Ертек пен эпостың сюжеттік типологиясы // Қасқабасов С. Жаназық. Астана, 2002. 412-б.  



2

 Сонда, 430-б. 




 

480 


жырды  желден,  тағы  қҧлжадан,  бҧлбҧлдан,  қыраннан,  толқыннан,  шҿптен, 

гҥлден,  жҧлдыздан,  сай-саладан  естігенін  айтып,  ақыр  соңында  ғана:  «Бҧл 

жырды  мен  естігем  жыршыдан,  ақын  қауымнан»,  –  деп  мойындауы  қазақ 

жыршыларының  дҽстҥрінен  алшақтап,  «Манас»  жырын  айтушылардың 

ҿздерінің  нақты  ҧстазы  бар  екенін  мойындамай,    репертуарларындағы 

жырдың оларға аян арқылы дарығанын баяндау дағдысына бойҧрушылықты 

аңдатады.. Қалай дегенде де, бҧл тҧста Жамбылдың шындықты саналы тҥрде 

бҥркемелегені  Сапарғали  Бегалинге  Шапырашты  руының  қариялары  бҧл 

жырды  ертеректе  Кҥсеп  ақын,  одан  кейін  Сҥйінбай  жырлағанын,  жаңа 

заманда  елдің  қонысы  тарылған  кезде  Жамбылдың  қайта  жаңғыртып 

жырлағанын айтуы дҽлел

1

.   



Халық  аңыздары  мен  жырларының  кҿпшілігінде  Ҿтегеннің  қос  мҥйізі 

болғандығы  атап    ҿтіледі.  Жамбыл  оны  «батырлықтың  белгісі»  ретінде 

тҥсіндіреді.  Дегенмен,  ҽлем  халықтары  адамға  біткен  қос  мҥйізді  барлық 

қасиеттері жағынан теңдесі жоқтықтың нышаны деп есептегені екі дҥниенің 

билеушісі  саналған  Ескендір  Зҧлқарнайынның  да  осындай  белгісі 

болғанынан аңғарылады.. Жамбыл жырлаған нҧсқада Ҿтегеннің адамдармен 

қақтығысы  суреттелмейтінінің,  оның  қарсыластары  айдаһар,  абжылан, 

жезтырнақ  секілді  мифологиялық  қҧбыжықтар  екендігінің  де  сыры  сонда 

жатқан тҽрізді. 

Жырда  исламға  дейін  жҽне  одан  кейін  пайда  болған  қиял-ғажайып 

мотивтер  аралас  қолданылып  жатады.  Ҿтегеннің  ҿзгелердің  барлығынан 

артық боп туған жан иесі екенін рулық дҽуірде туған тотемизм дінінің жемісі 

болып табылатын қос мҥйізбен қатар батырды жапандағы елсіз ормандағы ақ 

ҥйде  ақ  сақалды,  ақ  шашты  қария  кейпінде  қарсы  алған  Ғайып  Ерен  де 

байқатады. Ол Ҿтегенге сҽт сапар тілеп, пайдалы кеңес береді. 

Жиделі  Байсын  ҿлкесіне  жеткен  Ҿтеген  ҿзінің  арманына  жеткендей 

болады.  Бірақ  ол  жердің  шҿбі  жылқыға  жақпайтынын  білген  сҽтте  Ҿтеген: 

«Жылқыға шҿбі жақпаса, жылқыға жайылым таппаса, шоғы сҿнген отындай 

келмейді  қалпына», – деген ойға келеді де, сол арада отыра қалып, жылайды. 

Жайлы қоныстан кҥдер ҥзіп, еліне қайтады. 

 Шындығында,  Ҿтегеннің  кері  қайтуына  Жиделі  Байсынның  ол  дҽуірде 

Орта Азия  хандықтары иелігіне айналып ҥлгергені себеп болғаны анық. Де-

генмен, жырдың бас қаһарманының ҿзге жан иелерінен  тайсалып, солардың 

ықпалына  кҿнуі  –  эпос  поэтикасына  жат  қҧбылыс.  Сондықтан  жылқыға 

қолайсыз болушылық сарыны мотивировка қызметін атқарады.  

Сҥйінбай  жырлаған  нҧсқада

2

  Ҿтеген  ҿз  елі  Қоқаннан  зорлық  кҿріп,  ел 



қорғайтын  батыр  жоқтығының  зарын  тартқан  кезде,  халқын  кҿп  кҥттіріп, 

асыға тостырып барып, дҥниеге келеді.  Ақырында ақ сақалды сары тісті бір 

кҽрі  шал  ҽлемдегі  жан  біткеннің,  тіпті  аң-қҧстың,  дию,  пері,  жындардың  –

барлығының  тілін  білетін,  солардың  кҥллісіне  ҽмірі  жҥретін,  ешқандай  

жаудан  жеңілмейтін, дҽл он екі  жасында жаудан  кекті ҽперетін Ҿтеген атты 

                                                

1

 Бегалин С. Жамбыл. Алматы, 1996. 46-б. 



2

 Сҥйінбай. Шығармалары. Алматы, Жазушы, 1990. 23-27-бб. 




 

481 


батыр    дҥниеге  келгенін  болжап  айтады.  Бесіктен  белі  шығып  ҥлгеретіндей 

жасқа  жетпей-ақ  Ҿтеген  Қоқанның  Кҿки  ханына  қарсы  жалғыз  ҿзі  қарсы 

тҧрып, жаудың қолын быт-шыт қылып, ханды қашырады. 

Бҧл  нҧсқа  халық  қиялының  ел  сҥйген  батырды  кейде  ҿмірде  болуы 

мҥмкін  емес  іске  де  араластыратынын  аңғартады.  Олай  дейтініміз:  Ҿтеген 

батыр  Қоқан  хандығының  қазақ  еліне  қарсы  бағытталған  агрессиялық 

саясаты  бастау  алмастан  бҧрын  ҿмірден  озған.    Бҧл  шындықтың  1815-1898 

жылдар  аралығында  Жетісу  ҿлкесінде,  яғни,  Ҿтегеннің  ҿмір  тарихына  куҽ 

болған ҿлкеде, батыр туралы естеліктер ҿзгеріске тҥсе қоймаған уақытта ҿмір 

сҥрген  Сҥйінбай  ақынға  жақсы  мҽлім  болғанына  кҥмҽнданудың  қисыны 

келмейді.  Соған  қарамастан,  ақиық  ақын  ҿз  кезінде  жан  тҿзгісіз 

ауыртпалыққа  айналған  Қоқанның  езгісіне  Ҿтегенді  қарсы  қою  арқылы 

халқының  жҥрегінде  оптимизм  отын  жағуды  шеккі  кҿрмегені  сезіледі. 

Сондықтан ол  жырлаған нҧсқа басынан аяғына дейін  тҧтастай фольклорлық 

мотивтерден  қҧралған.  Ол  мотивтердің  кҿпшілігі  кҿне  дҽуірден  келе 

жатқанын  ғайыптан  пайда  болу,  қаһарманның  жан-жануардың  барлығының 

тілін  білуі  секілді  мотивтердің  алғашқы  қауымдық  қҧрылыс  адамдары  сана-

сезімінің  жемісі  екенінен  байқаймыз.  Бҧлардың  соңғысы  аңшылық  дҽуір 

адамының тотем-баба туралы тҥсінігі мен наным-сенімдерінің нҽтижесі екені 

дҽлелденген. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет