1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ



Pdf көрінісі
бет103/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   135
Абылай  хан  туралы  жыр.  Абылай  жҿніндегі  жыр-аңыздардың 

сюжеттері, негізінен, бес тақырыпты қамтиды. Олар:  Абылайдың  «Сабалақ» 

атанып,  кісі  есігінде  жҥруі;  алғашқы  рет  ҧрысқа  қатысып,  танылуы;  жау 

қолына  тҥсіп  қалып,  босануы;  тҧтқыннан  босағаннан  кейінгі  саяси  қызметі; 

Ботақанның ҿліміне байланысты дау-дамай. 

Абылай  туралы  шығармалардың  біршама  тҧтастану  процесіне  тҥскені 

байқалады.  Мҧның  айқын  кҿрінісі  –  «Сабалақ»  жыры.  Жырдың  Мҽшһҥр 



 

474 


Жҥсіп  жазып  алған  нҧсқасында  ғҧмырнамалық  сипат  жақсы  кҿрінеді

1

.  



Мҧнда  Абылайдың  қанішер  атасы  Ҥргенішке  кеткені,  онда  опат  болғаны 

айтылады  да,  жас  Ҽбілмансҧрдың  жетім  қалып,  Тҥркістандағы  Ҽбілмҽмбет 

ханға келгені, онда оны ешкім елемеген соң Ҧлы жҥз Ҥйсін Тҿле биге алба-

дҧлба болып жеткені сҿз болады. Міне, осыдан ҽрі қарай жас баланың тыныс-

тіршілігі, ерлік істері баяндалады. Ол «Сабалақ» атанып жҥріп, Бҿгенбайдан 

бата  алып,  Ҽбілмҽмбет  ханның  рҧқсатымен  алғашқы  жекпе-жекте  кҿзге 

тҥседі.  Жалпы,  бҧл  жырда  Абылайдың  қалмақпен  зор  ҧрысы  суреттеледі. 

Содан  соң  хан  болғаны,  алты  ҽйел  алғаны,  Кҿкшетауға  орналасқаны 

баяндалады.  «Жиырма  жасында  хан  болған  Абылай  қырық  сегіз  жыл  тақта 

отырған,  68  жасында  дҥние  салған»,  –  делінеді  жырда.  Осы  екі  ортада 

қырғыздармен  соғыс  болғаны  да  хабарланады.  «Абылай  қайтыс  болған  соң 

елге Қасымнан тараған Кенесары, Наурызбай, Саржандар билік етті», - дейді 

жыр. Міне,  «Сабалақ» жыры  Абылайдың жас кезінен ҿлгенге дейінгі ҿмірін 

қысқаша  баян  етіп,  оның  жетімдіктен  ханға  дейін  кҿтерілгенін  эпикалық 

тҥрде  ҽңгіме  еткен.  Енді  осы  шығармадағы  тарихи  шындық  қаншалықты 

жҽне қалай кҿрсетілген, соны қарастырайық. 

Абылайдың  бала  кезінде  Сабалақ  атанып,  кісі  есігінде  жҥргендігін 

тарихшылар  жоққа  шығармайды.  Ш.Уҽлиханов  Абылай  ханның  ҽкесі 

Тҥркістан  қаласында  ҿлтірілген  соң  он  ҥш  жасынан  бастап  дҧшпандарынан 

бой  тасалауға  мҽжбҥр  болғаны  туралы  жазған

2

.  Ал,  Р.Сҥлейменов  пен 



В.А.Моисеев  Абылайдың  ҽкесі  1725  жылы  Ташкентті  жау  басып  алғанда 

қайтыс  болған,  он  жасар  Ҽбілмансҧр  Тҥркістан  қаласындағы  Ҽбілмҽмбет 

ханның қол астына келген деп есептейді

3

.  



Жырларда  Абылайдың  ең  алғаш  кҥллі  қазаққа  танылуы  қалмақтың  ең 

мықты  батырын  жекпе-жекте  жеңіп,  жауды  қашырғаны  баяндалады.  Бірде 

«Сару»,  біоде  «Шарыш»,-  деп  аталатын  осы  батырды  біреулер:  «Қалдан 

Сереннің  інісі  еді»,–  десе

4

,  біреулер  Қалданның  жиені  екенін  айтады. 



Кҿптеген  нҧсқаларда  Шарыш  –  Қалдан  Сереннің  ҿз  баласы.  Кейбір 

нҧсқаларда Шарыш Қалданға тек ерлігімен қымбат. 

Бҧл  тҧста  бір  мҽселенің  ғана  басы  ашық.  Ол  –  Шарыштың  Қалданның 

ҧлы  емес  екендігі.  Ҿйткені,  Галдан-Цереннің  ҥш  ҧлы  болған,    олардың 

есімдері: Лама-Дорджы, Цеван-Дорджы, Цеван-Дашы

5

.  



Абылайдың қалмақтарға тҧтқынға тҥсуі де сан саққа жҥгіртіле айтылған. 

«Қалдан  Серен  Абылайды  тҧтқынға  алғаны»  атты  жырда

6

  тҧтқынға  тҥскен 



Абылай    Қалданды  сҿзден  ҧту  арқылы  азаттық  алып,  Қалданның  Тҿбеш 

деген  қызына  ҥйленіп,  елге  қайтады.  Мҧнда  Олжабай  мен  Малайсары 

батырлардың ҿз ханын тҧтқыннан босатып алу ҥшін ерліктері суреттелген.  

Абылайдың қалай қолға тҥскені туралы тарихшылар: «Бҧл былай болды: 

екі  жҥз  адамнан  тҧратын  барлаушы  жасақты  басқарып  жҥрген  Абылай 

                                                

1

 Абылай хан: Тарихи жырлар. Алматы, 1993. 1-т. 228-239-б. Қҧрастырған С.Дҽуітов. 



2

 Валиханов Ч.Ч. Собр. соч. В 5-ти томах. Алма-Ата, 1985. Т.4. С.111. 

3

 Сулейменов Р.Б., Моисеев В.А. Из истории Казахстана ХVІІІ века. Алма-Ата, 1988. С. 23-24. 



4

 Абылай хан: тарихи жырлар. Алматы, 1993. 1-т. 235-б. 

5

 Златкин В.Я. История Джунгарского ханства. М., 1983. С. 281. 



6

 Тарихи жырлар. Абылай хан. Алматы, 1995. 1-т. 50-б. 




 

475 


жаудың  негізгі  кҥштеріне  тура  кездесіп  қалды.  Ойраттардың  кҿптеген 

мыңдық ҽскерінің қоршауында қалған қазақтар тҧтқынға тҥсті»

1

 - деп жазған.  



Жалпы,  эпос  поэтикасына  бас  қаһарманның  ашық  айқаста,  тіпті,  ол 

жалғыз  болса  да,  тҧтқынға  тҥскендігін  мойындау  қайшы  келеді.  Сондықтан 

бҧндай оқиға боямалана бейнеленеді. Ҽдетте кейіпкер, соның ішінде Абылай 

да  бар,    ҧйқыда  жатқанда  тҧтқындалады.  Шҽді  тҿре  жырлаған  нҧсқада  ел 

шетіне  қалмақтардың  анық  келгендігіне  кҿзі  жетпеген  Абылай  аз  ғана  адам 

ертіп,  барлауға  шыққанда,  ҿзге  нҧсқаларда  аң  аулап  жҥргенде,  шаршап, 

ҧйқыға  кетеді.  Бірнеше  нҧсқада  оның  қасында  жалғыз  Ҿтеген  болғаны  ай-

тылады.  Шоқан  жазбаларында  Абылайдың  бірнеше  билермен  жҽне  Атығай 

Жапақ батырмен қоса ҧсталғаны атап ҿтіледі

2



С.Қасқабасов  Абылайдың  тҧтқынға  тҥсуінің  аңыздарда  ҽр  тҥрлі  баян-

далуы  фольклор  табиғатынан  туып  отырған  қҧбылыс  екеніне,  фольклорлық 

шығарма  қаншалықты  шыншыл  болғанымен,  халық  тарихи  фактіні  сол 

қалпында емес, ҿзінің қалауынша суреттейтініне тоқталған

3

.

  



Кеңес  дҽуіріндегі  ғылыми  еңбектерде  Абылайдың  тҧтқыннан  босануы 

қазақтың  ауызша  сҿз  ҿнерінде  баяндалуы  шындыққа  сҽйкес  келмейтін 

кҿркемдік  қиялдың  нҽтижесі  деп  бағаланып,  Абылайдың  жау  қолынан 

босанып шығуы Ресей елшісі – К.Миллердің қызметі арқасында ғана мҥмкін 

болған  жағдай    ретінде  тҥсіндіріліп  келді.  Бірақ  соңғы  кезде  жарық  кҿрген 

тарихи  зерттеулер  халық  шығармаларының  шындыққа  жақынырақ  екенін 

дҽлелдеді.  Мысалы,  В.А.Моисеев:  «Кеңес  тарихнамасында  К.Миллердің 

Жоңғарияға  елшілік  сапарының  нҽтижелерін  салыстырмалы  тҥрде  жоғары 

бағалау  қалыптасқан...  Біздің  қолымызда  бар  фактілер  елшілік  нҽтижелерін 

бҧлайша бағалаудың шындыққа сҽйкес келмейтінін айқын тҥрде дҽлелдейді, 

оның  ҥстіне  К.Миллер  ургаға  жіберілмеген  де  еді...  Абылайдың  тҧтқыннан 

оралуы,  біздің  ойымызша,  Ресейдің  дипломатиялық  шабуылының  салдары 

емес,  кҥшейіп  келе  жатқан  Қоқан  бектігімен  кҥреске  қазақ  билеушілерін  де 

қатыстырғысы келген жҽне Ресеймен қарым-қатынасы ушыға тҥскен Жоңғар 

басшылығының  Орта  жҽне  Кіші  жҥз  қазақтарымен  қарым-қатынас 

тактикасын ҿзгертуінің нҽтижесі»

4

 – деп жазды. Осынау тарихи шындықтың 



кҿріністері  Ш.Уҽлиханов  жазып  алған  «Абылай  туралы  жыр»,  Шҽді  тҿре 

жырлаған «Тарихат» атты туындыларда дҽлірек. 

«Абылай  туралы  жыр»  атты  туындыда

5

  ХVІІІ  ғасырдың  жетпісінші 



жылдарының  басында  қазақтар  мен  қырғыздардың  арасында  орын  алған 

ҽскери  қақтығыс  суреттеледі.  Оған  қырғыздың  манабы  ҽрі  айтулы  ері  – 

Сҽдірдің  қазақтың  Семіз  Найман,  Қоңырат  руларын  қатты  шапқаны,  оны 

естіген  Абылайдың  ҥш  жҥзден  қол  жинап,  қырғызды  шапқаны,  қарымта 

қайтармақшы  болған  Сҽдірге  Жауғашты  жіберіп,  жауласпау,  елдесу, 

Таластың,  Кеңестің  бойын  бірлесе  жайлау  жҿнінде  ҧсыныс  жасағанда,   

                                                

1

 Сҥлейменов Р.Б., Моисеев В.А. Аталған еңбек. 34-35-б. 



2

 Валиханов Ч.Ч. Аталған кітап. 22-б. 

3

 Қасқабасов С.А. Қазақтың халық прозасы. Алматы, 1984. 140-б.  



4

 Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи ХVІІ-ХVІІІ вв.. Алматы, 1991.С. 156-157. 

5

 Тарихи жырлар. Бірінші том. Абылай хан. Алматы. 1985. 26-32-б. 




 

476 


Сҽдірдің:  «Қоқи.  Елдеспеймін  онымен.  Жауласамын  ол  қҧлмен!»  –  деп, 

жауап  қайырып,  Абылайдың  сҥйегін  дҿң  ҥстіне  ҥйетінін  айтқаны 

баяндалады.  Бҧл  сҿздердің  Абылайды  шошытқаны:  «Жалаңаш  қажым  сен 

болсаң,  анау  тҧрған  Сҽдірді  ат-сана,  Қарық  олжаға  бат-сана.  Ол  Сҽдірді 

атпасаң, Сҽдір сені алады, ат кҿтіне салады. Таңдайыңды теседі. Жанған отқа 

ҿзіңді  шырқыратып  басады»,  –  дегені  баяндалады.  Жалаңаш  қажы:  

«Аттым!»  –  деп,  екі  уыс  топырақ  тастаған  соң  Қоңырат  мергендері  

мылтықтарымен оқ атып, найзагерлер ҧрысқа кіріп, қырғыздарды Сарыбелде 

тоздырады. 

Жырда сол жылы Абылай ҿлтірген Ҽтеке жырықтың қызының жоқтауы 

келтіріледі.  Бҧл  жыр  тарихи  шындықтың  негізінде  туғанын  қырғыз 

тарихшыларының:  «Начиная  с  момента  падения  Джунгарского  ханства  и 

почти  до  вхождения  Киргизии  в  состав  России,  для  политической  истории 

киргизов  характерно  постоянные  стычки  с  казахами  и  постоянные  набеги  и 

нападении на них»

1

, – деп жазуынан да аңғарылады. 



Бҧл  ҽскери  қақтығыстардың  қалай  шешімін  тапқаны  жҿнінде 

Ш.Уҽлиханов  «Қырғыздар  туралы  жазбалар»  атты  еңбегінде:  «Аблай  с 

сильным войском из аргинцев, найманов и уйсунов... разбил..., хотя киргизы 

дрались насмерть»

2

, – деп жазған. 



Ҧлы  ғалымның  осы  еңбегінде  Сарыбелде  Солты  руының  басшысы  – 

Жайыл  жҽне  оның  Ҥсен  жҽне  Теке  атты  ҧлдары  қаза  тапқанына  тоқтала 

келіп:  «Плач  дочери  Джаила  Бикемжан,  бывшей  женой  Атеке,  поется 

киргизами до сих пор»

3

, – деген мағлҧмат беруі  «Абылай  туралы  жыр» мен 



«Қабанбай  батыр»  жырындағы  Ҽтеке  қызының  жоқтауы  туралы 

Б.Абылқасымовтың:  «Біздің ойымызша, екі жырдағы жоқтау да ҿз бастауын 

осы  Ҽтеке  ҽйелі  –  Бикемжан  жоқтауынан  алатын  сияқты»

4

,  –  деген    дҧрыс 



тҧжырым  жасауына  негіз  берді.  Жоқтау  авторының  Ҽтекенің  ҽйелі  болуы, 

жоқталғандардың  бірінің  есімі  де  Ҽтекенікіне  ҧқсас  болуы,  қазақ  қолымен 

ҧрыстардың бірінде Ҽтекенің ҧлы – Қарабектің де қайтыс болуы

5

 – барлығы 



жиынтықтала  келіп,  жоқталушының  Ҽтекеге  айналып  кетуіне  себеп  болуы 

ғажап  емес.  Бҧл  жоқтау  М.Ҽуезовтің  батырлық  эпос  ҥлгілері  сол 

туындыларда  бас  қаһарман  болып  табылатын  батыр  жҿнінде  шығарылған 

тҧрмыс-салт  жырлары  негізінде  туғандығы  жҿніндегі  тҧжырымының

6

  тағы 


да  бір  дҽлелі  қызметін  атқарады.  «Абылай  туралы  жырдағы»  жоқтауда: 

«Сҽдір  кірді  қамысқа.  Ҽтекем  шықты  намысқа»,  –  деп  айтылуы  шындықтан 

қашық  еместігін  Ҥмбетей  жыраудың  толғауында  да  бір  соғыстың  алдында 

қырғыз  қолы  манаптарының  алауыздығы  салдарынан  қақ  бҿлінгені, 

Садырдың қазақтармен бітісетінін, Ҽтікенің соғыс кҥтетінін айтысып, Садыр 

бҿлініп  кеткенде,  қалған  қолдың  жеңіліс  тапқаны,  Ҽтікенің  ҿзі  де  қаза 

                                                

1

 История Киргизии. Т.1. Фрунзе, 1963. С. 276. 



2

 Валиханов Ч,Ч, Собрание сочиений в пяти томах. Алматы, 1961. 1-т. Сир. 375. 

3

 Сонда. 375-б. 



4

 Абылқасымов Б. Қабанбай батыр. Алматы, 2005. 17-б. 

5

 Уҽлихан Ш. Аталған еңбек. 253-б. 



6

  Ҽуезов  М.  Қазақ  халқының  эпосы  мен  фольклоры  //  Ҽуезов  М.  Жиырма  томдық  шығармалар  жинағы. 

Алматы, 1985. 1-т., 189-190-б. 



 

477 


тапқаны баяндалатынына қарап, шамалаймыз. 

Біздің  жоғарыда  келтірген  мағлҧматтарымыз  қырғыздың  аталған  ба-

тырлары  қазақтармен  соғыстың  ҧзына  бойындағы  ҽр  тҥрлі  ҧрыстарда  мерт 

болғанын, ал, жырда бҧл оқиғалар эпикалық жинақтау тҽсілімен бір уақытта 

орын  алған  секілді  етіп  кҿрсетілетінін  аңдатады.  Оның  ҥстіне  дереккҿздері 

ҽрбір  ҧрыстың  тағдыры  асқан  қиыншылықпен  шешілгенін,  бҧл  тҧстарда  қа-

зақ  халқы  ҽскери  кҥштерінің  қолбасы  батырлардың  тҿңірегіне  жҧмыла, 

бірлесе  қайрат  кҿрсетуі,  Абылайдың  ҧйымдастырушылық  дарыны  шешуші 

мҽнге  ие  болғанын  сездіреді.  Дегенмен,  жырлар  мен  аңыздарды  айтушы-

лардың  жеңісті  Абылай  жҽне  оған  серіктес  батырлардың  ғайыптан  қолдау 

кҿруіне  байланысты  оңайға  тҥскен  секілді  етіп  суреттеуге  бейім  тҧратыны 

жиі байқалады. Мысалы, «Абылай туралы жырда» қазақтарға тҿнген қауіпті 

Жалаңаш  қажы  сейілтсе,  Шҽді  тҿре  жырлаған  нҧсқада  Абылайдың  ҿмірге 

келуіне себепші болған  Бахауиддин ҽулиенің қазақ  хандығы басына кҥрделі 

жағдайлар орнағанда жіберген Жалаңаяқ Ҽздҥр дуана Абылайдың жеңістерін 

қамтамасыз  етіп  отырады.  «Сабалақ»  атты  жырлар  мен  аңыздарда  Тҿле  би 

ҿзінің  тҥйесін  бағып  жҥрген  қызметшісінің  ҧйықтап  жатқан  тҥрін  кҿріп: 

«Тҿрт  борбайын  тҿрт  жаққа  жайып  жатыр.  Тегінде  билейді  екен  оң  мен 

солды.  Тегін  емес,  бҧл  шығар  асыл  тектен.  Шамалап  жҥруші  едім  сынап 

кҿптен»


1

,– деген жорамал жасайды  

Бірқатар  фольклорлық  туындыларда  Абылайға  ғайыптан  келген  жҽр-

демші  ақ  тҥйе  ретінде  кҿрінеді.  Ҽ.Нҽбиҧлынан  алынған  «Абылай  хан.  Ақ 

атан»  атты  жырда

2

.  Абылай  ҿзінің  бір  атаны  танытқан  ырымдардың  тегін 



еместігін  тҥсінде  кҿрген  аян  арқылы  ҧғынады.  Тҥсінде  оған  ақ  атан  ҿзінің 

Ерен Ғайып екенін, жҽрдемші болу ҥшін келгенін айтып, аян береді. Абылай 

ҧйқыдан  оянған  соң  ақ  атанның  тҥсінде  кҿрген  жерде  жатқанын  кҿреді. 

Ханның  қарамағындағы  кісілер  бҧл  тҥсті:  «Тҽңір  кҿктен  кҿгертеді»,  –  деп 

жориды.  Бҧдан  кҿкке  Қҧдай  ретінде  табынудың  сарқыншағы  бертінгі  кезге 

дейін  сақталғаны  байқалады.  Жырда  Абылайдың  қай  бағытқа  жҥрсе,  жолы 

болатынын  ақ  атанның  қалай  жатқанына  қарап  шамалап  отырғаны,  ақ  боз 

атан  боздаса,  сақтық  шараларын  қолға  ала  бастау  ҽдетке  айналғаны 

баяндалады.  Бҧл  нышандар  «Оғызнаменің»  бас  қаһарманы  мен  оған 

ғайыптан  жіберілген  Кҿк  бҿрінің  қарым-қатынасын  еске  тҥсіреді.  Ақ  атан 

иесін  кейбір  қастандықтардан  тікелей  қорғаушыға  да  айналады.  Абылайға 

ғайыптан  кҿрсетілген  кҿмек  атаулының  барлығы  бірдей  қазақ  халқының 

аталған  билеушінің  басқаруымен  жҥргізген  кҥресі,  тҥптеп  келгенде, 

Қҧдайдың  қҧп  кҿріп,  қолдау  жасауы  нҽтижесінде  жҥзеге  асқан  іс-ҽрекет 

екенін  ҧқтыру,  яғни халықтық мҧраттарды  тыңдарман  санасына  сіңіру  ҥшін 

қажет  ҽдіс-тҽсілдер  екені  хақ.  Сондықтан  Абылай  ханның  эпостағы  бейнесі 

поэтикалық  айшықтаудың  ҽр  алуан  жолдары  арқылы  халық  арманының 

жанды  бейнесі  ретінде  жҧртшылыққа  ҥлгі  болатындай  дҽрежеге  кҿтеріле, 

халық ҽдебиетінің барлық ҧстанымдары талаптарына сҽйкестендіріле, мінсіз 

                                                

1

 Тарихи жырлар. Бірінші том. Абылай хан. Алматы, 1995 135-б. 



2

 Сонда. 32-49-б. 




 

478 


кейіпке ендіріле сомдалған



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет