1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ



Pdf көрінісі
бет100/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   135
Байланысты:
Фольклористика

Мифтік күй аңыздары. Кҥйші-композиторды  халық жадында сақталған 

мифтік  сюжет  немесе  мифтік  таным-тҥсінік  толғандырады.  Сол  толғантқан 

тақырыбына  арнап  кҥй  шығарады.  Ол  кҥйді  дҥниеге  келтірген  себеп  мынау 

еді  деп,  ҽлгі толғандырған  мифтік  оқиғаны  айтып  береді.  Мҧнан  ҽрі мифтік 

оқиға,  мифтік  сюжет  немесе  мифтік  таным-тҥсінік  ҿзінің  бҧрынғы 

дербестігін  кҿмескілеп,  енді  кҥй  аңызы  ретінде,  яғни  кҥйдің  шығу  себебі 

ретінде айтыла бастайды. Кҥйші мифке сенбейді, бірақ ондағы қиял-ғажайып 

оқиғаны  ғибрат  етеді,  бҥгінгі  ҿмірді  реттеу  ҥшін  мысал  ретінде  айтады. 

Мифтік  кҥй  аңыздары  кҥйші-композитордың  мифтік  санасының  немесе 

мифтік  таным-тҥсінігінің  жемісі  емес.  Керісінше,  кҥйші-композитор  мифтік 

таным-тҥсінікті  жаңғыртушы,  мифтік  сюжетті  ой-ниетінің  қажетіне 

жаратушы. Былайша айтқанда, мифті мифологияға айналдырушы. 

Мифтік  кҥй  аңыздарына  «Тау  –  қҧдірет»,  «Қызылқан»,  «Шҧбар  киік», 

т.б.  кҥйлердің  аңыздары  жатады.  Егер  осынау  мифтік  кҥй  аңыздары 

тартылатын кҥйге телінбей, дербес айтылса, онда ол мифтік сананың кҿрінісі 

ретінде қабылданады. Егер сол миф тартылатын кҥйдің шығу себебі ретінде 

айтылса,  онда  дербес  миф  ретіндегі  жанрлық  сипатын  ҿзгертіп,  кҥй 

аңызының  идеялық  айғақ-қҧралына  айналады.  Яғни  фольклор  жанрының 

ҿзара  кірігу  немесе  ажырау,  дербестену  заңдылығынан  миф  жанры  да,  кҥй 

аңызы жанры да шет емес деп тҧжырымдауға болады. 



Әпсаналық күй аңыздары. Ҽпсана жанрына тҽн тарихи-мекендік, кітаби-

діни,  ҽлеуметтік-утопиялық  жҽне  жан-жануарлардың  тҥрлері  кҥй 

аңыздарында  да  айқын  белгілерімен  танылып  отырады.  Бҧл  тҥрлердің  қай-



 

469 


қайсысында  да  ҽпсаналық  кҥй  аңыздары  ҿзінің  баяндау  стилінің  лекіткен 

жҥрдектігімен,  сюжеттік  желісінің  тосын  да  тартымдылығымен,  идеялық 

мазмҧнының ғибраттылығымен ерекшеленеді. 

Ҽпсаналық кҥй аңыздары санатына «Шақыру», «Қос мҥйізді Ескендір», 

«Тарғыл  тана»,  «Ел  айрылған»,  «Қайың  сауған»,  «Жорға  аю»  сияқты 

кҿптеген кҥйлердің аңыздарын жатқызуға болады. Осынау кҥй аңыздарының 

қай-қайсысында  да  тарихи-мекендік,  кітаби-діни,  ҽлеуметтік-утопиялық 

немесе жан-жануарлық тосын оқиғалар жай ғана таңсық ҥшін келтірілмейді, 

ең алдымен, тағылымдық, ғибраттық мақсатты нысана етіп отырады. 

Аңыздық  күй  аңыздары.  Кҥй  аңыздарының  ең  қомақты  бҿлігі  аңыздық 

кҥй аңыздары болып келеді. Мҧның себебі, біріншіден – жалпы кҿшпелі ҿмір 

салттағы 

рухани 


мҽдениеттің 

қоғам 


ҿміріне 

белсенді 

араласып 

отыратындығынан,  ҽсіресе,  кҥй  ҿнерінің  ситуация  ҥстінде  туындайтын  ҿмір 

жырлағыштығынан  болса  керек.  Екіншіден  –  кҥй  аңызы  жанр  ретінде 

деректілігімен,  мағлҧматтылығымен,  ғибраттылығымен  ерекшеленеді.  Ал, 

аңыздық  кҥй  аңыздары  болса,  кҥй  аңызының  ішіндегі  жанрлық  тҥр  ретінде 

кҿрініс  табады  жҽне  бҧл  да  ҿзінің  деректілік,  мағлҧматтылық,  ғибраттылық 

сипаттарымен кҥй аңызы жанрын ҽрі жасақтауға, ҽрі даралауға айрықша ҥлес 

қосады.  Ҥшіншіден  –  аңыздық  кҥй  аңыздарының  басым  кҿпшілігі  авторлы 

кҥйлердің  аңызы  ретінде  айтылады.  Мҧның  себебі,  кҥйші-композиторлар 

дҥниеге  кҥй  келтіру  ҥшін  ҿмірдің  кесек  оқиғаларына,  сондай  оқиғаларға 

мҧрындық болатын тҧлғалардың кесек мінез-ҽрекеттеріне ден қояды. 

Жалпы,  аңыз  жанры  сияқты,  аңыздық  кҥй  аңыздарына  да  тҽн  мына 

сияқты ортақ қасиеттерді атап ҿтуге болады: 

1.  Тарихта  болған  оқиғалар  аңыздық  кҥй  аңыздарын  қалыптастыратын 

негізгі себепші; 

2. Аңыздық  кҥй  аңыздары  да  ҿзінің  таза  этникалық  сипатымен 

дараланады.  Яғни  аңыздардың  сюжеті  кҿп  жағдайда  ҧлттық  қана 

болады, бір елдің аңызы екінші елге ауыспайды; 

3.  Аңыздық  кҥй  аңыздарына  арқау  болатын  оқиғалар  қайталанбайды, 

ҿмірдің ҿзіндей алуан тҥрлі болып келеді. 

4.  Аңыздық кҥй аңыздарының кейбіреулері кҿп вариантты болып келеді; 

5.  Кҥй  белгілі  бір  оқиғаға,  дҽлірек  айтқанда,  бір  сҽттік  ситуацияға 

байланысты  шығатын  болғандықтан,  оның  аңыз-ҽңгімесіне  де  кҿбінесе 

бір қайырым оқиға арқау болып отырады; 

6.  Ең  соңында,  аңыздық  кҥй  аңыздарына  ортақ  қасиет  ретінде  олардың 

танымдық,  деректік  жҽне  ғибраттық  қасиеттерінің  айқын  болып  келетінін 

айтуға болады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет