1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ



Pdf көрінісі
бет26/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   135
Байланысты:
Фольклористика

 

 

§ 3. Магиялық фольклор 

 

Арбау 

 

Арбау  тарихи  тҧрғыдан  алғанда,  магияға  жатады.  Магия  дегеніміз 



адамға,  жануарға,  затқа  немесе  бір  қҧбылысқа,  т.б.  дҥниеге  ҽсер  ету  ҥшін 

қолданылатын ғҧрыптар мен сҿздердің қҧдіретіне сену. 

Магия  да    –  болмыстан  тысқары  кҥшке  сенудің  бір  тҥрі,  бірақ  діни 

сенімдерден  айырмашылығы  –  белгілі  бір  ғҧрыптарды  орындау  арқылы 

жанды-жансыз  заттарға,  қҧбылысқа  адамның  ҿз  кҥшімен-ақ  тікелей  ҽсер 

етуге  болады  деп  табылады.  Осы  типологиялық  ҽмбебап  заңдылық  қазақ 

тҧрмысынан да анық кҿрінеді.  

Халық арбау  сҿзін  ҥнемі  қолдана  бермеген.  Тіс  еміне  жҥретін  арбаулар 

кейде  жай  ғана  қҧрт  шақыру  деп  аталған.  Ахмет  Байтҧрсыновтың  қалып 

сҿзіне  қосатын  «қҧрт  шақыруы»  да  осы  қҧрт  шақыру,  яки  тіс  еміне 

қолданатын арбау. Сол сияқты «сҿз» термині де арбау орнында жҥре берген. 

Толығырақ  кҿз  жеткізу  ҥшін  Ҽ.Марғҧлан  жинаған  «Тістің  қҧртын 

шақырғанда айтатын сҿз» ҥлгісімен танысалық:  

 

Ала қҧрт, бала қҧрт, 



Он екі басты қара қҧрт! 

Тоғыз жолдың тоғауына кез келіп, 

Келер болсаң, кел, қҧрт! 

Кетер болсаң, кет, қҧрт! 




 

126 


Шҥкіра қҧрт, шын қҧрт, 

Шҥкіра басты қара қҧрт, 

Атқан оқтан жҥйрік қҧрт, 

Ағын судан рауан қҧрт. 

Тақ Сҥлеймен пайғамбардың 

Демі бірлҽн тҥс, қҧрт! 

Мҽсбай мҽсих қҧрт, 

Тҧр ҽлі, кежік қҧрт!

1



 



Тісті  қҧрт  жейді  деген  ҧғым  дҥниежҥзі  халықтарының  кҿбінде-ақ 

кездеседі

2

. Қҧртты орналасқан жерінен шақырып алса, қуып тҥссе, не ҿлтірсе, 



тіс жазылып кетеді деген сенім арбаудың магиялық кҥшін ҥстемелей тҥскен. 

Арбаушылар  улы  жҽндіктерді  ҽртҥрлі  шҿп  аттарымен  (адыраспан, 

алабота, жалбыз, кекіре, т.б.) де, мал аттарымен (қой, қозы, тҥйе, сиыр, т.б.) 

де ҥрейлендіреді.  

Бау, бау бҽлеңгір, 

Бауыры шҧбар бҽлеңгір! 

Қой келді, қозы келді, 

Сары тонды ҥрпек бас ҿзі келді. 

Ҽуеден боз ала торғай келді, 

Жерден сары ала байтал келді, 

Шық, Тҽңірден парман келді!

3



 

Жалпы,  ғҧрыптық  фольклорда,  соның  ішінде  арбау  қҧрылымында 

«тҥсініксіз  сҿздер»  ҥлкен  рҿл  атқарады.  Б.Уахатов  «тҥсініксіз,  жҧмбақ 

сҿздерді  неғҧрлым  кҿбірек  қолданса,  жылан,  шаянның  есін  солғҧрлым  тез 

алып, тез ҿлтіруге болады», - деген халық сенімін айта келіп:  

 

Мары, мары, мары жылан, 



Ҧзын, ҧзын, ҧзын жылан. 

Ҧзын шашы келте жылан 

Марқары, сарқары,– 

 

дегендегі «мары» сҿзі бҥкіл  Шығыс елдеріне белгілі болған жылан патшасы 



Шах-Маран емес пе екен деген ой тастайды

4

. Жоқ, Шах-Маран емес. Мары – 



парсы  тілінде  жылан  деген  сҿз.  Дауысты  дыбыстарға  толы  тҥсініксіз  сҿз 

араласқан,  сондықтан  да  естір  қҧлаққа  ҽсерлі,  сазды  «Мары,  мары,  мары 

жылан»  тіркесі  қазақ  тілінде  «Жылан,  жылан,  жылан,  жылан»  болып  қана 

шығар еді. 

Қазақтың теміреткіге қарсы арбауында: 

                                                

1

 Қараңыз: Абылқасымов Б. Қҧрт шақыру // Азия (газет). 1992. №5.  



2

 Ветухов А. Заговоры, заклинания, обереги и  др. виды  народного врачевания, основанные на веру в силу 

слова. Варшава, 1907. Вып. 2. С. 253-254. 

3

 ОҒК қолжазба қоры. 1092-бума, 11-дҽптер.  



4

 Уахатов Б. Қазақтың халық ҿлеңдері. Алматы, 1974. 158-б. 




 

127 


Теміреткі темірден 

Тҽзгунҽ тҽкули, тҽрһакуһа 

Қатирҽ, Куф... шық! – делінеді

1



 

Қарақҧрт шаққандағы арбауда: 

 

Ҽзкер, мҧзкер, 



Жия-жия, пара-пара 

Сиырғында, секерқында 

Ғылабҧз кҥле настан, – делінеді

2



 

Тағы бір арбауда: 

 

Ашындау, бушундау, 



Дарындау, мирандау. 

Килюки, килюки сасыр 

Бары була, бары тула 

Исиндау, фишиндау 

Имандау, шимандау, – делінеді

3



 

«Ҽлгі  «жат»  сҿздердің,  сырлы  сҿздердің,  –  дейді  С.Сейфуллин,  –  бірі 

ізделінген ең керекті сҿз болады. Ол сҿз жыланның, яки шаянның аты болып 

шығуы мҥмкін. Толып жатқан сҿздерді айтып отырғанда, бірі ҽлгі жыланның 

аты  болып  шықса,  жылан  жеңіліп,  уыты  ҿзіне  жайылып,  ҿледі.  Шағылған 

адам,  яки  мал  оңалады  деп  сенген.  Бҧл  жырлар  қысқа-қысқа  тақпақ  тҽрізді 

болады. Ҧзақ болса, ылғи «жат» сҿздерден қҧралған жырды жатқа алу, жатқа 

қайта-қайта оқу қиын болар еді»

4



Бҧған  не  қосуға  болады?  Біріншіден,  «жат  сҿздер»  улы  жҽндіктерге 



қатысты  ғана  емес,  жалпы  арбау  атаулыға,  оның  ішінде  ҿзге  халықтардың 

арбауына  да  тҽн  ҽрі  техникалық,  ҽрі кҿркем  ҽдіс.  Екіншіден,  арбаулар  ылғи 

ғана  жат  сҿзден  қҧралмайды.  Мҽселен, Сҽкен  Сейфуллиннің  ҿзі  жариялаған 

«Бҥйі шаққандағы арбауда» бірде-бір тҥсініксіз сҿз жоқ. Тағы бірнеше мҽселе 

туындайды: арбау айтыла ма, ҽлде оқыла ма? Арбаудың кҿлемі қысқа-қысқа 

тақпақ  тҽрізді  ғана  бола  ма?  Арбауды  айту,  ҽлде  оқу  кезінде  қандай  іс-

ҽрекеттер қатар жҥреді? 

Орыс  фольклорында  арбаудың  айтылатын  (ауызша)  да,  оқылатын 

(жазбаша)  да  тҥрлері  болған

5

.  Бҧл  кҥнге  дейінгі  тасқа  басылған  деректерде 



қазақ  арбауларының  жазба  тҥрі  жҿнінде  мҽлімет  жоқ.  Арбаудың  ауызша 

туып, ауызша ҿмір сҥргені, ауызша тарағаны анық.  

                                                

1

 ОҒК қолжазба қоры. 1092-бума, 11-дҽптер. 



2

 Сейфуллин С. Шығармалары. Алматы, 1964. 6-т. 175-б. 

3

  Диваев  А.  Из  области  киргизских  верований  //  Известия  общества  археологии,  истории  и  этнографии. 



Казань, 1899. Т.ХV. Вып. 3. С. 338. 

4

 Сейфуллин С. Шығармалары. Алматы, 1964. 6-т. 172-б. 



5

 Власова З.Н. К изучению поэтики устных заговоров // Русский фольклор. Л., 1972. Вып. XIII. С. 194-201. 




 

128 


Арбаудағы сҿз бен іс-ҽрекеттің арақатысына келгенде, Н.Познанскийден 

аттап  ҿтуге  болмас.  Ҽйгілі  зерттеушінің  пікірінше,  арбаудың  тҥптамыры 

ғҧрыптан  бастау  алады,  бірақ,  уақыт  ҿте  келе  сҿз  ҿзінің  ғҧрыптық негізінен 

ажырап,  магиялық  кҥшке  ие  болады

1

.  «Н.Познанскийдің  кҿзқарасына 



қарамастан, – дейді жиырмасыншы жылдардағы еңбек авторы В.П.Петров, – 

сҿз бен іс-ҽрекеттің белгілі бір практикалық мақсатқа жетудің ҽдісі ретіндегі 

қызметтері бірдей ҽрі тепе-тең»

2

. В.Петров пікірінің жаны бар.  Араға жарты 



ғасырдан  астам  уақыт  салып  жазылған  арнайы  мақалада  да  осыған  ҧқсас 

қорытынды  жасалған:  «Таза,  бірыңғай  «сҿзден»  ғана  тҧратын  арбау 

болмайды, ҽдетте, «сҿз» белгілі бір магиялық іс-ҽрекетпен қабыса жҥреді»

3

.  



Расында  да,  сҿз  бен  іс-ҽрекеттің  бҿлуге  келмейтін  синкретті  қҧбылыс 

екенін, екеуінің магиялық кҥші егіз қолданылатынын қазақ арбауларынан да 

байқаймыз.  Жетісу  қазақтары  жылан  шаққан  адамды  былай  емдеген: 

алдымен  жылан  уыты  тиген  жерді  сары,  қызыл,  жасыл  тҥсті  жіптермен 

байлаған,  сосын  тостағанға  су  қҧйып,  оған  қойдың  қҧмалағын  қосып 

араластыратын да арбауды айта жҥріп, ҽлгі суды киіз ҥйді айнала шашатын

4



Торғай жағының қазақтары қҧрт шақырғанда: 



 

Тҧйғын, тҧйғын тҥйе, кел, 

Ағайынды жия кел, 

Ақ желегін сала кел. 

Сарыбас тҧйғын, 

Қарабас тҧйғын, 

Изма (?) тҧйғын. 

Жайлаған жерді жау алды, 

Қыстаған жерді ҿрт алды. 

Жайлаған жерден қашып кел, 

Тасқан суды басып кел. 

Жетер, жетер, кҥйт-кҥйт, 

Басар, басар, кҥйт-кҥйт! – 

 

дейтін  де,  сулы  тостағанға  тҥкіретін;  тостағанның  ернеуін  шыр  айналдыра 



ешкі майынан жасалған балауыз шамдарды жағып қоятын

5



Азды-кҿпті деректердің ҿзінен арбаудың жалаң сҿз тҥрінде емес, белгілі 

бір  іс-ҽрекет,  қимылмен  сабақтаса,  жҧптаса  орындалатыны  айқын 

аңғарылады.  Арбаудың  нақтылы  шарттары  орындалмаса,  оның  кҥші 

дарымайды  деп  саналады:  «Ҽрбір  буынды  оқығанда  дем  алу  шарт.  Егерде 

буынның  арасында,  яғни  бір  буынды  оқығанда  дем  алып  қойса,  зҽр 

                                                

1

 Познанский Н. Заговоры. Пг., 1917. С. 158. 



2

 Петров В. Заговоры // Из истории русской советской фольклористики. Л., 1981. С. 85. 

3

 Дмитриева С.И. Слово и обряд в Мезенских заговорах // Обряды и обрядовый фольклор. М., 1982. С. 37. 



4

  Краснов  А.Н.  Очерк  быта  семиреченских  киргиз  //  Известия  Императорского  русского  географического 

общества. СПб., 1887. Т. XXIII. Вып. 4. С. 467. 

5

  Народные  способы  и  средства,  употребляемые  при  лечении  болезней  киргизами  Тургайской  области  // 



Тургайская газета. 1901. № 6. 


 

129 


қайтпайды»

1

.  Арбауды  неше  мҽрте  қайталау  керектігі  де  шарт  етіп 



қойылады: қырық бір, жеті, ҥш, т.б. 

Бірер  сҿз  арбаудың  композициялық  бітімі  туралы.  Ол  жҿнінде  жалғыз 

Б.Уахатов  қана  пікір  білдірген.  «Біздіңше,–  дейді  ғалым,–  бҧл  тектес 

ҿлеңдердің  қҧрылысы  тҿрт  бҿлімнен  тҧрады  деп  шамалау  қажет.  Бірінші  – 

кіріспе,  екінші  –  мақтау,  жалынып  жалбарыну,  ҥшінші  –  зеку-қорқыту, 

тҿртінші  –  улы  жҽндіктердің  атын  атап,  «шық,  Тҽңірден  парман  келді»  деп, 

бҧйырумен аяқтау»

2



Біздіңше,  мақтау,  қорқыту,  бҧйыру,  ҿтіну,  жалыну,  жалбарыну 

дегендеріміздің  барлығы  да  сарынға  (мотивке)  жатады.  Арбау  ішінде 

олардың  ҥнемі  қатарласа  жҥруі  міндет  емес,  бірі  болса,  екіншісінің  қалыс 

қалуы ҽбден ықтимал. Айталық: 

 

Қара бас, қара бас, кҥйт-кҥйт, 



Ақ бас, ақ бас, кҥйт-кҥйт. 

Жыбыр, жыбыр, жыбыр қҧрт. 

Жыбырласа тҥсер қҧрт. Кҥйт-кҥйт! 

Жайлауыңды ҿрт алды, 

Қыстауыңды жау алды. Кҥйт-кҥйт! 

Жыбыр, жыбыр, жыбырла, 

Су жыландай қыбырла. Кҥйт-кҥйт! 

Барар жерің қалмады, 

Басар тауың қалмады, 

Тҥспеген енді нең қалды? Кҥйт-кҥйт!

3

 – 


 

деп  келетін  арбау  мҽтінінен  аталмыш  сарындарды  тҥгендеп  алу  мҥмкін  бе? 

Ҽрине,  жоқ.  Оның  ҥстіне  сарын  дегеніміз  шығарманың  композициялық 

бітімін емес, сюжеттік қҧрылымын анықтайтын қҧбылыс екендігі мҽлім

4



Арбау қҧрт шақыру, жылан, шаян уларын қайтарумен ғана шектелмейді. 



Арбау  табиғат  қҧбылыстарына  ҽсер  ету  мақсатында  да  қолданылады. 

Мҽселен,  кҥн  жайлату,  бҧлт  шақыру,  жаңбыр  шақыру,  жел  шақыру 

дегендеріміздің барлығы да арбауға жатады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет