1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ



Pdf көрінісі
бет23/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   135
Байланысты:
Фольклористика

Мәпелеу жырлары. Мҽпелеу жырларының негізіндегі дене жаттығулары 

ҿмірлік  қажеттіктен  туған.  Ана  бала  қҧлағына  жағымды  сҿзбен  жаттығу 

ҽрекеттерін  сҥйемелдей  ҿлеңдетеді.  Бҧл  ҿлеңдердің  ырғағы  жаттығу 

ҽрекетіне лайық болса, мазмҧны: 

 

Ҿс, ҿс, балам, ҿсе бер, 



Батыр бол балуан білекті. 

Батыл бол таймас жҥректі! 

Аяғыңды созайық, 

Саусағыңды жазайық, 

Етті болсын балтырың, 

Епті боп ҿс, жарқыным! 

Ҿс, ҿс, ҿс, – 

 

деген  сияқты  балаға  жақсы  тілектер  тілеу  сипатында  болып  келеді.  Бҧл 



сияқты  ҿлеңдер  баланы  шомылдырған  кезде  де  айтылады.  Баланы 

шомылдырып  болған  соң,  денесін  майлап,  сылап  жатқызады.  Бҧл  бала 

денесіне массаж жасаумен бірдей. Бҧл уақытта: 

 

Бисмиллаһир рахманир рахим, 



Сыламақ менен, 

Қатып қалмақ сенен. 

Менің қолым емес, 

Бибі Фатима, Бибі Зухра қолы, 

Ҧмай ана қолы, Қамбар ана қолы! 

Тастай қыл, 

Темірдей қыл, 

Сҥттей ақ қыл!... – 

 

деген сияқты ырым ҿлеңдер айтылады. Бҧл ҿлеңнің мазмҧнынан тҥп-тамыры 



тым  ҽріге,  арбау  ҿлеңдеріне  қарай  кететін  мҽпелеу  жырының  кҿне  сипатын 

байқау  қиын  емес.  Мҽпелеу  жырларында  халықтың  ҽр  кезеңдегі  ҧғым-

тҥсініктері, діни сенімдерінің ізі анық байқалады. 

Мҽселен,  Ҧмай  ана  тҥркі  тектес  халықтардың  кҿне  ҧғымында 

ҽйелдердің,  балалардың,  отбасы,  ошақ  қасының  қамқоры  ретінде 

танылатыны белгілі

1

. Бҧл бейне қазақ фольклорының басқа жанрларында да 



                                                

1

  Потапов  Л.П.  Умай  –  божество  древних  тюрков  в  свете  этнографических  данных  //  Тюркологический 



сборник.  1972.  М.,  1973.  С.  134-136;  Традиционное  мировоззрение  тюрков  Южной  Сибири:  Время  и 

пространство. Новосибирск, 1988. С. 265-268. 




 

101 


кездеседі. Ал, Бибі Фатима, Бибі Зухра – ислам дінінің пірлері. Мҧндай арбау 

сарынындағы  кҿне  тіркестер  қазір  кҿп  айтылмайды.  Ҽлпештеу  жырлары 

соңғы кезеңде діни ҧғымнан арылып, таза практикалақ мҽнге ие болған. Олар 

кҿп жағдайда: 

...Сыламақ менен, 

Мықты болмақ сенен! 

Жауырының жабыспасын, 

Қабырғаң қабыспасын, 

Ҿс, ҿс, ҿс, – 

 

деген сияқты тілектерге қҧрылады. Сҽбиді суға қҧйындырып жатқан ана оны 



алдандыру ҥшін: 

 

Шылдыр, шылдыр, шылдырақ, 



Су ағады сылдырап. 

Балам менің тап-таза, 

Шыға келді жалтырап, – 

 

деп ҽндетеді, қҧйындырып болған баланы қолынан ҧстап сілкілеп: 



 

Суы сарқылып, 

Ҿзі қалсын. 

Кірі кетіп, 

Иманы қалсын! – 

 

деп, бірнеше рет қайталайды. 



Мҧндай ҿлеңдер жҿргегінде бос жатқан баланың денесін созу кезінде де 

мол айтылады. Олардың ҥлгісі мынадай: 

 

Екі қолын екі жаққа жая созып:   Қаздың қанатын берсін,  



Екі аяғын тҿмен қарай созып:      Тырнаның аяғын берсін! 

Ҿс,ҿс... 

Аяқ-қолын сілкілеп: 

              Серпінің сҧңқардай болсын, 

                                                         Тебінің тҧлпардай болсын,  

                                                         Ҿс, ҿс...  

Немесе: 

 

Менің бҿпем аппақ,  



Кҥліп, ойнап жатпақ.  

Кҿзі улының кҿзіне – теріскен,  

Тілі улының тіліне – теріскен,  

Ҿс, ҿс, – 

 

деген сияқты ҿлеңдер айтады. 



Ҽрине,  мҽпелеу  жырларының  барлығы  да  тҿрт  аяғынан  тең  тҧрған 


 

102 


кҿркем  поэзия  емес.  Олардың  ішінде  прозалық  мҽтіндер  де  мол.  Ҿлең 

қҧрылымы,  ҧйқас,  тармақ  жағынан  да  бҧл  жырлар  бата-тілек,  уату 

жырларынан ерекшеленбейді.  

Қазақ  ҽлпештеу  жырларының  ішінде  кҿркемдік  деңгейі  жоғарысы  да, 

халық арасына кең тарағаны да – «Ақ білек» ҿлеңі. Бҧл ҿлеңді халық баланың 

білегін  ҧстай  отырып  айтады.  Ҿлеңнің  алғашқы  шығу  тегі  баланың  білегін 

салалап,  сылай  отырып  істейтін  ҽрекетке  байланысты  болғанымен,  ҿлеңнің 

соңғы кезеңдегі мҽтінінде ғибраттық сарын, ақылгҿйлік тым басым. Ҿлеңнің 

эстетикалық қуаты да жоғары, жыраулық поэзияның ҽсері мол. Ҿлең баланың 

жеке дене мҥшесіне бағышталғанмен сол арқылы жалпы идея айтылады. 

 

Ал, білек, ал, білек, 



Балбыраған, бал білек. 

Аулың толы мал, білек, 

Атқа тоқым сал, білек. 

Атаңның тілін ал, білек, 

Мал ішіне бар, білек, – 

 

дей  отырып,  ата-ана  балаға  деген  тілегін,  арман-мақсатын  ҿлең  жолымен 



білдіреді. 

Баланың  мойыны  бекіп,  буыны  қатайып,  денесі  шымырлана  бастаған 

сҽтте,  оны  қолға  алып,  ҽлпештеп,  ҽуеге  лақтырып,  тізесіне,  мойынына 

мінгізіп  ойнатады.  Мҽселен,  бала  бағушы  ересек  адамдар  бір  аяғын  екінші 

аяғының тізесінің ҥстіне қойып, баланы оған атша мінгізіп: 

 

Батыр балам, батыр балам, 



Шауып келе жатыр балам. 

Отыз қызды олжалап 

Алып келе жатыр балам. 

«Олжа, олжа» дегенге, 

Ҽрбіріне бір қыздан 

Беріп келе жатыр балам. 

Шауып келеді, шауып келеді, – 

 

деп  ҽндетеді.  Ҿсе  келе  бала  бос  тҧрған  ер  тоқымға,  т.б.  ыңғайлы  заттарға 



мініп,  сол  ҽрекетті  қайталайды.  Бҧл  баланың  бҧлшық  еттерінің  қалыпты 

дамуына, батыл болып ҿсуіне ықпал етеді. 

Тҥйіп  айтсақ,  мҽпелеу  жырлары  халықтың  баланы  бағып-қағуға 

байланысты  ҿмірлік  тҽжірибесінен  туындаған.  Бҧл  ҿлеңдерде  халықтың 

дҽстҥрлі  дҥниетанымының  алғашқы  айшығы  анық  аңғарылады.  Ҿлеңнің 

ҧйқасы  мен  ырғағы,  кҿркемдік  қҧрылысы  дене  жаттығуларын  сҥйемелдеуге 

ыңғайланған, сол ҽрекеттермен ҥндес шығып отырады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет