1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ



Pdf көрінісі
бет28/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   135
Тасаттық – жауын шақыру ғҧрпының ҧжымды тҥрде орындалатын тҥрі. 

Қазақ  қоғамының  ҿмірінде  «арнайы  мамандардың»  қатысымен  жасалатын 

магиялық  жоралар  да  ҥлкен  орын  алып  келеді.  Ш.Уҽлиханов  тҥркілердің 

жауын  шақыратын  яда  немесе  жада  тасы  туралы  Абылғазы  деректерін 

келтіре  отырып,  бҧл  тасты  қазақтар  жай  тасы  деп  атайтынын,  жай  тасы 

арқылы  жауын-шашын  шақыра  алатын  қабілеті  бар  адамдардың  ел  ішінде 

кҿп екенін жазады

2

.  



Тасты  суға  малу  немесе  тасқа  су  шашу  арқылы  жауын  шақыру  ғҧрпы 

Европа  жҧрттарында  да  болғандығы  Дж.  Фрэзер,  Ж.Тэрнер,  Л.Штернберг 

еңбектерінен белгілі. Тасқа су шашу немесе оны суға малудың астарында да 

гомеопатиялық магия принциптері жатқаны аңғарылады. 

Бҧлт,  жаңбыр  шақырудағы  қайталаулар  магиялық  жҥк  арқалап  қана 

қоймайды,  сонымен  бірге  мҽтіннің  ҿлеңдік  қҧрылымына  да  елеулі  тҥрде 

араласып, белгілі мҿлшерде ҽсерін тигізеді. Тҿмендегі: 

 

Кел, кел, кел, бҧлт, 



Екі енеге тел бҧлт. 

Ағыны қатты сулардан 

Ширай соғып кел, бҧлт. 

Шҿптің басы жерлерден  

Жҥгіре соғып кел, бҧлт. 

Қайың басын қайыра соқ, 

                                                

1

 «Тасаддака» дейтін араб сҿзі (қайыр беру) // Қараңыз: Оңдасынов Н.Д. Арабша-қазақша тҥсіндірме сҿздік. 



Алматы,  1984.  1-т.  78-б.  Тілімізде  содан  туындайтын  «садақа»  сҿзі  де  бар,  бірақ  оның  қолданылу  реті 

басқаша.  Лезгиндерде  «садаха»  тасаттық  беру  мағынасында  пайдаланылады.  Қараңыз:  Ганиева  А.М. 

Общность и национальное многообразие дагестанских календарно-обрядовых песен (зимне-весенний цикл) 

// Календарно-обрядовая поэзия народов Северного Кавказа. Махачкала, 1988. С. 21. 

2

 Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах. Алма-Ата, 1985. Т.4. С. 59. Бҧл туралы кеңірек қараңыз: 



Абылқасымов Б. Телқоңыр. Алматы, 1993. 


 

132 


Арша басын айыра соқ, 

Тобылғы басын толғай соқ, 

Атан тҥйе жыға соқ, 

Ат бауырынан ҿте соқ! 

Ҥзеңгіні тебе соқ, 

Мҿңкі байды баса соқ, 

Қошқарбайды қоса соқ! 

Тҥрлі таудан тау қойма, 

Тҧнық судан су қойма

1

,– 



 

деген  жолдардың  бҥтін  сап  қҧрап,  ҧйымдасуында  «бҧлт»  сҿзінің  (жетінші 

жолдан  бастап  жасырын  қалуына  қарамастан)  ҧйытқы  болып  тҧрғаны 

байқалады.  Дҽлірек  айтқанда,  ол  тармақ  қатарларының  синтаксистік 

параллелизм  негізінде  жымдасуына  себебін  тигізіп,  тирада  пішінінің 

айқындалуына  ықпалын  жасаған.  Семантикалық  тҧрғыдан  алғанда 

синтаксистік  параллелизм  арбауда  айтылатын  магиялық  тілектерді  ҥдете, 

ҿсіре тҥсу ҥшін ҿте-мҿте қажет. 

 

Қоғалы кҿлдер қҧрыды, 



Қҧба жондар шҿлдеді, 

Қара сабам қаусады, 

Сары аяғым саусады. 

Қасымнан қараң-қараң кетті ғой, 

Маңдайымнан ащы шуақ ҿтті ғой

2

, – 



 

деген  тармақтарда  синтаксистік  параллелизм  арқылы  қҧрғақшылықтың 

запыран  зары  бейнеленген,  бір  типті  ҧқсас  жағдайларды  қабаттастыра, 

ҧйыстыра, жарыстыра суреттеу арқылы қҧрғақшылық панорамасы жасалған. 

Жауын  шақырған  сҿз  ҥлгілері  ҥнемі  тирада  пішінді  келеді,  7-8  буынды 

жыр  ҿлшеміне  қҧрылады,  кейде  буын  санының  асып  кету,  кем  қалу  реті  де 

кезігеді.  Осы  соңғы  ерекшелік  жҽне  синтаксистік  параллелизмнің  мол 

қолданылуы  жауын  шақыру  сҿздерінің  кҿнелік  белгілерін  танытады.  Қҧрт 

шақыру,  жылан,  бҥйі  арбауларындағыдай  мҧнда  да  «тҥсініксіз  сҿздер» 

поэтикасы елеулі рҿл атқарады. Мҽселен: 

 

Ербек-сербек бай атай, 



Еркек қана кҥрең тай, 

Тері тоқым мар тҧрғай, 

Қай тҧрғай

3

, – 



 

дегеннің  лексикалық  тҧрғыдан  жауын  шақыруға  пҽлендей  қатысы 

болмағанмен, арбаушы (жауын шақырушы) оған магиялық мҽн береді, бҥкіл 

                                                

1

 Абылқасымов Б. Телқоңыр. Алматы, 1993. 79-80-б. 



2

 Сонда. 80-б. 

3

 Сонда. 80-81-б. 




 

133 


мҽтіннің  ҽсер  етушілік  кҥші  осы  «тҥсініксіз  сҿздерге»  келіп  тіреледі.  Суға 

салынған  жай  тасына  ҽлгі  сҿздердің  жҧмбақ  сыры  қосылып,  аспанға  бҧлт 

қаптатып, нажағай ойнауы керек. 

Сонымен,  қазақтағы  арбау  сҿздерін  айту  арқылы  жауын  шақыру  ғҧрпы 

екі тҥрлі орындалады: 

а) Тасаттық беру арқылы (ҧжымды тҥрде); 

ҽ) Жай тасын қолдану арқылы (дара тҥрде). 

Этнографиялық  терминология  бойынша  табиғаттан  тысқары  кҥштердің 

рақымын  тҥсіру  ниетінде  орындалатын  ғҧрыптар  жиынтығы  пропицация 

немесе  мейірімдендіру  культі  (умилостивительный  культ)  деп  атайды. 

Тасаттық  беру  салты  да  осы  культке  қатысты.  Оның  тҥпкі  негізі 

мҧсылмандықтан  да,  шамандықтан  да  арғы  дҽуірлердегі  анимистік 

тҥсініктерге  алып  барады.  Ал,  жай  тасы  арқылы  жауын  шақыру  магиялық 

ғҧрыпқа  жатады.  Қай  ҽдет-ғҧрып  болса  да,  бізге  ҿзінің  ҽу  бастағы  қалпын 

сақтап,  жетпеген.  Сондықтан  да  қазақтың  жауын  шақыратын  ҽдет-ғҧрып 

кешенінде  кҿп  жағдайда  магиялық,  анимистік,  шамандық  жҽне  исламдық 

салттар бас қосып, қабысып кеткен. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет