1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ



Pdf көрінісі
бет31/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   135
 

Қыдыр  ата  халық  тҥсінігінде  ақ  киімді  ақсақал  немесе  кезбе  кедей, 

дҽруіш  кейпінде  бейнеленеді.  Ол  адамдарға  ҿңінде  кездеспесе,  тҥсінде  аян 

арқылы    кҿрінуі  мҥмкін  деген  наным  бар.  Кей  аңызда  оның  кҿзі  соқыр,  ол 

жарыққа қҧштар, сондықтан ел Қыдырмен жолығу ҥшін шырақ жағып, ырым 

жасайтын  болған.  Ол  мҽңгілік  жасайды,  себебі  ҿліп,  қайта  тірілген  немесе 

Ескендірмен  бірге  ҿлместің  суын  іздеу  сапарында    киелі    суды  тауып 

ішкендіктен  ажалсыз  қаһарманға  айналған  деседі.  Халық  кҿбінде  Қыдырды 

жанарсыз  кейіпте  елестетеді

2

.  Ҽйткенмен,  кей  сюжетте,  керісінше,  Бақтың 



кҿзін ҧзын қасы басқандықтан ол Қыдырмен жетектесіп жҥретін соқыр деген 

ҧғым бар. Мысалы мынадай аңыз бар: 

«Ертеде  Бақ  пен  Қыдырдың  тау  бҿктерінде    келе  жатқанын  кҿрген 

жетім-жесір,  ғаріп-кҽсір,  бай-манаптар  барлығы  ол  екеуінің  алдын  орап, 

шапағат  сҧрапты»,  –  дейді  ел  аңызы.  –  «Кҿзін  жабағы  қасы  жапқан  Бақ 

тҧқырайып  тҧрып,  қалың  қасын  жалп  еткізіп,  басын  жоғары  кҿтеріп 

қалғанда, тау басындағы кемтар қызға кҿзі тҥсіпті. Қыдыр ақ таяғын қолына 

алып,  жылап  тҧрған  қызға  қарата  бір  нҧсқап  қалыпты  да,  екеуі  де  кҿзден 

ғайып болыпты. Кҿп ҿтпей, ҽлгі қыз сауығып, кҥйеуге шығып, ҥйлі-баранды 

болып, басына дҽулет дарып, барша мҧратына жетіпті. «Бақ қараса  – Қыдыр 

дариды » деген тҽмсіл осыдан қалған екен-мыс»

3



Ҽлбетте,  батадағы  «Бақ  қарасын,  Қыдыр  дарысын»  деген  сҿздің 

тҥптҿркіні осындай ежелгі тҥсініктерге саяды. Бақтың кҿзі магиялық сипатқа 

ие  болса,  Зеңгі  баба  жанары  да  дҽл  сондай  киелі  екендігі  батада  кҿрініс 

табады: 


 

Шаруаның тҿрт пірі – Зеңгі баба, 

Мал беруге ойың болса, маған қара!

4

 –  



 

деп  дҽмеленіп,  ҿтіне  сҿйлейді  батагҿй.  Ҿйткені,  сиыр  тҥлігінің  жебеушісі 

Зеңгі баба да бекершілікте ешкімге назар аудара бермейтін болған. Егер оның 

жанары тҥссе, сол жанға  қисапсыз сиыр бітеді деген наным болған

5



Бата  осылайша  кҿне  танымға  табан  тіреп  тҧрғандықтан  ол  арбаумен, 



                                                

1

 Ел қазынасы – ескі сҿз. В.В.Радлов жинаған қазақ фольклорының ҥлгілері. Алматы, 1994. 41-б.  



2

 Каскабасов С.А. Казахская волшебная сказка. Алма-Ата, 1972. С. 166-170. 

3

 Қазақ аңыз-ертегілері. Бейжін, 2002. 23-24-б. 



4

 Диваев Ҽ. Тарту. Алматы, 1992. 145-б. 

5

 Казахские сказки. Алма-Ата, 1964. Т.3. С.70. 




 

148 


тіпті,  қарғыспен  жанасатын  тҧсы  бар.  Мҽселен,  оны  ҿте  қадірлі  тҧлға 

батагҿйдің айтуы, одан кейін   Тҽңір, ҽулие-ҽнбие, аруақтарды жиі жҽрдемге 

шақыруы  –  арбаумен  тоқайласып  тҧр.  Батаның  ежелгі  анық  аты  алғыс 

екендігі белгілі. Демек ҽу баста алғыс қарғысқа қарсы айтылған немесе екеуі 

қабаттасып ҿмір сҥрген кезең болған. Бҧған батадағы мына сҿздер дҽлел: 

Е, Жылқышы ата – Қамбар, 

Тҿртеуіңнің ынтымағың бір болса, 

Қарғайтын кім бар?!

1

 

 



Қастық қылған адамың 

Мҧратына жетпесін. 

Айтса – қарғыс, тисе – кҿз, 

Дарымасын, ҿтпесін!

2

 

 



Осылайша  кейде  бата  қарғысқа  тура  қарсы  бағытталады.  Ал  кейбір 

мҽтіндерінде қарғыстың сҿздері де жҥреді. Мысалы: 

 

Бермейтҧғын сараңның 



Екі қолы байлансын. 

Сҿйтіп, соры қайнасын. 

Бермегеннің жаманын 

Кҿр ішінде ойласын

3

… 

Бҧл ҥйге қас сағынған адамды 



 

Кҿтеріп тҧрған жер ҧрсын. 

Аспандағы кҿк ҧрсын…

4

 



 

Қарауды қара тас қылсын, 

Сараңның кҿңілін пҽс қылсын. 

Шапқан жауды дерт буып – 

Кҥннен-кҥнге асқынсын. 

Кҿлгірсіген кҿр кеуде – 

Кҿмейіне тас тҧрсын. 

Бҧл  ҥйге қастық қылғанды – 

Тҽңірім қара таспен бастырсын

5



 

Алайда,  батада,  негізінен,  кҿшпелі  халықтың  бай  да  бақытты  шат-

шадыман ҿмір-тірлік туралы тҥсінігі, керемет келешек туралы арман-аңсары, 

                                                

1

  Васильев  А.В.  Образцы  киргизской  народной  словесности.    Молитвенных  благожеланий  «Бата  соз».  ХІІ. 



Оренбург, 1905. С. 2-3. 

2

 Ақ бата: Бата сҿздер. Қҧраст.: Негимов С., Қазиҧлы Т. Алматы, 1992. 69-б. 



3

  Васильев  А.В.  Образцы  киргизской  народной  словесности.    Молитвенных  благожеланий  «Бата  соз».  ХІІ. 

Оренбург, 1905. С. 8-9. 

4

  Васильев  А.В.  Образцы  киргизской  народной  словесности.    Молитвенных  благожеланий  «Бата  соз».  ХІІ. 



Оренбург, 1905. С. 12. 

5

 Ақ бата: Бата сҿздер. Қҧраст.: Негимов С., Қазиҧлы Т. Алматы, 1992. 59-б. 




 

149 


ақ тілегі айтылады. Бір сҿзбен айтқанда, тамаша    болашақ туралы ел қиялы, 

халық утопиясы кҿрініс табады. Мысалы: 

 

Ҽумин десең маған, 



Бата берейін саған. 

Алтыннан болсын жағаң, 

Кҥмістен болсын тағаң. 

Кҥрпілдесін сабаң…

1

 

 



Келелі тҥйең қаптаған, 

Қаратауға сыймасын. 

Ақтылы қойың адалдан 

Алатауға сыймасын, 

Кҿкалалы кҿп жылқың 

Кҿкшетауға сыймасын, 

Ҧл мен қызың тең ҿсіп, 

Ҧлытауға сыймасын…

2

 

 



Жасың жетсін жҥзге, 

Желің кетсін қҧла тҥзге...

3

 

 



Қҧдайдың ҿзі сҥйтіп оңдасын, 

Бес жҥз саулық қоздасын. 

Сексен інген боталап, 

Сегіз келін қомдасын. 

Айдап келген жылқыңнан, 

Алпыс айғыр азынасын, 

Жиып келген тҥйеңнен, 

Жетпіс інген боздасын 

Ҿзіңнен байлық озбасын

4



 

Батада  ҽсірелеу  тҽсілі  орасан  мол  қолданылатындығы  ғылымда 

анықталған. Бақташы халық аттың тағасын еш уақытта кҥмістен соқпайтыны 

да  белгілі,  бірақ  «кҥмістен  болсын  тағаң»  деу  батаның  поэтикасы  ҥшін 

жарасымды.  Сондай-ақ  мал  мен  басы    ҿсіп-ҿніп   асқаралы  тауларға  сыймай 

қалу  –  жеке  бір  адамның  емес,  жалпақ  елдің  ғана  атқара  алатын  шаруасы 

екендігі хақ. Бірақ батада ҽрдайым осылайша халықтың асқақ арманы, шексіз 

қиялы,  мҧқалмайтын  жігері  бейнеленеді.  Сонымен  бірге  «қырық,  сексен, 

сегіз,  жҥз,  мың»  сияқты  символикалық  сандар  да  батада  жиі  қолданылып, 

                                                

1

 Сонда. 40-б. 



2

 Сонда. 38-б. 

3

  Васильев  А.В.  Образцы  киргизской  народной  словесности.    Молитвенных  благожеланий  «Бата  соз».  ХІІ. 



Оренбург, 1905. С. 1. 

4

  Васильев  А.В.  Образцы  киргизской  народной  словесности.    Молитвенных  благожеланий  «Бата  соз».  ХІІ. 



Оренбург, 1905. С. 4. 


 

150 


ҽсірелеуді кҥшейтіп тҧрады

1

.  



Батада  халықтың адамгершілік,  ізгілік,  ар-ҧждан  туралы ғасырлар бойы 

жинақталған  ҿсиеті  дҽріптеліп,  тҽлім-тҽрбие  беріледі.  Мҽселен,  батаның 

тҿмендегі шумақтары нақылға айналып кеткен деуге болады: 

Жҥзге жетсін тҥйеңіз, 

Ҥш жҥз болсын биеңіз. 

Ҽлдеріңнен келгенше 

Жығылғанды кҿтеріп, 

Сҥрінгенді сҥйеңіз…

2

 

Ақ бҿкендей қойлы бол, 



Ор қояндай кҿзді бол, 

Адам таппас сҿзді бол, 

Патсадай ҧлды бол!

3

 



 

…Қҧлынында қақпа, 

Тай кҥнінде тартпа, 

Қҧнанында сақта, 

Дҿненінде бапта, 

Бестісінде бҽйгеге сал! 

 

…Қиындық кҿрсең мҧқалма, 



Ауырлық кҿрсең жҧқарма. 

 

Қамқоршы бол кішіге, 



Ҥлкенді ҥлгі тҧт алға!

4



 

Тҥйіндеп  айтқанда,  тҥпкі  тҿркіні  сҿз  магиясына  барып  тірелетін  алғыс 

кҿне жанры кейін келе ислам дінінің ҽсеріне ҧшырап, «бата» атанып, ҿзгеше 

ҿрнек тауып, ҿріс алған. Шамандықты ығыстырған ҽлемдік дін  бата жанрын 

ҿз мҥддесіне ілкімді пайдаланған. Сірҽ, осы жанрдың жаңа қарқынмен дамып 

бҥгінге жетуіне батагҿй тҧлғасының қосқан ҥлесі аз болмаса керек. Дарынды 

батагҿй,  шын  мҽнісінде,  ежелгі  ҥлгіні  тотыдай  қайталаушы  емес,  ол  ескі 

дҽстҥрге  шабытты  шағында  ыстық  қан  қҧйып,  жан  бітіруші.  Бҧған  ежелгі 

жыраулардың,  би-шешендердің  айтып  кеткен  баталары  куҽ.  Мҽселен, 

Жамбыл ақынның С.Мҧқановқа берген: 

 

Қҧдайым осынау ҥйге дуа берсін, 



Тілдерін дҧшпандардың буа берсін. 

Келіннің балағынан бала саулап, 

Салпы ерінді сары ҧлды туа берсін

1

, –  



                                                

1

  Ҥмбеталина  З.  Қазақ  ауыз  ҽдебиетіндегі  бата  сҿз  жанры.  Филология  ғылымдарының  кандидаты  ғылыми 



дҽрежесін алу ҥшін дайындалған диссертация. Алматы, 2001. 102-б. 

2

  Васильев  А.В.  Образцы  киргизской  народной  словесности.    Молитвенных  благожеланий  «Бата  соз».  ХІІ. 



Оренбург, 1905. С. 6. 

3

 Сонда. 14-б. 



4

 Ақ бата: Бата сҿздер. Қҧраст.: Негимов С., Қазиҧлы Т. Алматы, 1992. 72, 89-б. 




 

151 


 

деген  батасы  осы  жанрдың  нағыз  поэтикасын  ҽбден  меңгерген 

майталмандықтың  бір  ҥлгісі.  Демек  бата  жанры  жаңаша  тҥлеп  отыр.  Шын 

батагҿй  алқалы  топтың  атынан  ежелгі  сарындарды  сарнап  айтқанымен,  ол 

кҿкейіне келген сҽулелі ойды қиюластырып, кҿне ҥлгіге қосып жіберетіндігін 

де    ескерген  жҿн.  Сонымен  бата  фольклор  мен  ауыз  ҽдебиетін  тоғыстырып 

тҧрған  ерекше  ҿміршең  жанр  деуге  болады.  Ол,  ҽсіресе,  тҽуелсіздік  алғалы 

бері қайта жаңғыруды басынан кешіруде. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет