1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ



Pdf көрінісі
бет33/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   135
 

Ант  

 

Анттасу,  яғни  анда  болу  –  кҿшпелі  халықтардың  ежелгі  салттарының 



бірі. Мҽселен, грек қаламгерлері Геродот

2

 пен Лукиан



3

 скифтердегі  осы салт 

туралы  қызғылықты  деректер  жазып  қалдырған.  Лукиан  ҿзінің  «Токсарис 

жҽне достық» деген шығармасында скиф Токсаристің айтуы бойынша былай 

деп  жазады:  «Біреуді  дос  болуға  таңдағанда  одақтасып  ҿмір  сҥруге  жҽне 

керек болса бір-бірі ҥшін жан қиюға асқақ ант береді. Мҧны былай жасайды: 

саусақтарын  тіліп,  қанын  кесеге  ағызып  қосады  да,  семсерлерінің  ҧшын 

матырып,  содан  кейін  қҧшақтасып,  ҽлгі  қанды  ішеді.  Осыдан  кейін  оларды 

ажырататын ешбір кҥш болмайды, себебі бҧл адамдар қандасты»

4

 



Осы кҿне салт қазақ халқының ҿмірінде де  ҽртҥрлі жағдайға бейімделіп, 

жалғасын  тапқан.  Анда  рҽсімі  кейінірек  екі  достың  арасында  ғана  емес,  

қоғамдық кең ауқымды мҽнге ие боп,  жеке тҧлға тарабынан ел ҥшін немесе  

ҧлыс ҽміршісі хан ҥшін ант беру рҽсіміне ҧласып, далалық заңның бір тҥріне 

айналып  кеткен.  Кейде  бҧны  серт  беру  деп  те  атайды.  Ант  беру  салтының 

кешенінен  ырыми  ҽрекетті,  сҿз  магиясына  илануды,  сондай-ақ  қасиетті 

затпен сҥйемелдеу шарттарын байқаймыз. Осындай рҽсімдерде адамның бас 

бармағы  ҥлкен    заңи  міндет  атқаратыны  белгілі.  Осы  салтты  жҽне  оған 

қатысты  басқадай  жайттарды  тҥсіндіре  тҥсу  ҥшін  кеңірек  талдау  жасап,  

мҽселенің арғы тҿркініне барлау жасайық. 

Моңғол, алтай, тува халықтарында кездесетін атқан оғы жерге тҥспейтін 

сҧрмергеннің аты – Эрхий мерген. Ол, тіпті, аспанда жанып тҧрған ҥш кҥнді 

                                                

1

 Сонда. 19-б. 



2

 Геродот. История в девяти книгах. Л., 1972. С. 204. 

3

 Лукиан из Самосаты. Избранное. М., 1962. С. 275. 



4

 Хазанов А.М. Обычай побратимства у скифов // Советская археология. М., 1972. № 3. С.69. 




 

157 


(кейде  жеті  кҥнді)  атпақ  болып  анттасқан  космостық  жойқын    мерген. 

Аспандағы  ҥш  кҥнді  атқалы  бҽстесіп,  «Егер  оғым  мҥлт  кетсе,  тҧнық  су 

ішпейтін,  тҧқыл  тамыр  жейтін,  қапас    інде  ҿмір  сҥретін  хайуанға 

айналайын!»,  -  деп  серт  береді.  Мерген  екі  кҥнді  жойып,  енді  ҥшінші  кҥнді 

ата бергенде қарлығаш кедергі келтіреді де, жебесі оған тигендіктен, қҧстың 

қҧйрығы  айыр  болады.  Аспанда  аман  сау  қалған  ақырғы  кҥн  жылысып, 

таудан  асып,  батып  кетеді.  Бҧрын  кҥн  аспанда  шақырайып  жанып,  аптап 

тҿндіреді  екен-мыс.  Содан  бері  кҥн  бататын  болып  қҧбылыпты.    Антына 

жете алмаған қапалы мерген бас бармағын  кесіп тастап, інге кіріп, «тҧнық су 

ішпейтін, тҧқыл тамыр жейтін» суырға айналып кетеді. Сол себептен суырды 

қарасаң,  адамға  ҧқсас  кейіпте,  бірақ  оның  саусағы  –  тҿртеу

1

.  Аңыздағы  



мергеннің антына жете алмаған соң ҿзін-ҿзі жазалап, бас бармағын кесуінде 

ҥлкен тарихи мҽн бар.  

 Эрхий  мерген,  яғни  бҧл    –  «Бармақ  мерген»  деген  мағынаны  білдіреді. 

Бҧл есімнің пайда болу себебі мен жалпы бас бармақтың дҽстҥрлі мҽдениетте 

атқаратын  рҽміздік  мҽнін    тҥсіндіруге  талпыныс  жасайық.  Ежелгі  дҽуірде 

садақ  тарту  ҥшін  адамның  бас  бармағы  маңызды  міндет  атқарған.  Тҥрік-

моңғол  халықтары  салбурынға  шыққанда  алғашқы  аңды  атқан  бала 

мергеннің  бас  бармағына  май  жағып,  арнайы  ырым  жасаған.  Мысалы, 

Шыңғыс қаған сҥйікті немересі – Қҧбылайдың бармағын майлап, бата берген 

кҿрінеді


2

.  Аңшылық-жауынгерлік    тҧрмыста  балуан  бармақ  осындай  зор  

міндет  атқарғандықтан  ол  туралы  ерте  заманда  ҽртҥрлі  ырым-сырымдар 

пайда болған. Мҽселен, тҥрік-моңғол халықтарының дені  адамның  жаны бас 

бармағында  деп  тҥсінсе,  алтайлықтар,  тіпті,  бас  бармақ  бедерінің 

шеңберленген  сызығының  дҽл  ортасында  «жҥрек  бар»  деп  ҧққан

3

.  Ал, 


австралиялық  байырғы  тайпалар  жауды  ҿлтірген  соң  оның  оң  қолының  бас 

бармағын  кесіп  алатын,  себебі  аруақ  арғы  ҽлемде  қаһарланып,  садақ  атып, 

қаскҿйлік ҽрекет жасай алмайтын болады деген

4

. Бір сҿзбен айтқанда, ежелгі 



ҧғымда адамның жан қуаты бас бармақта, сондықтан бас бармақ басқа ағзаға 

толық уҽкілдік ете алады деп сенген.  Сол себептен де ерте дҽуірде ерлер ант 

берісіп, «анда болу» рҽсімін жасағанда бас бармақтарынан қан шығарып, оны 

ыдысқа қҧйып, ҿзара бҿлісіп ішкен немесе екі батыр бармағының ҧшын тіліп, 

қан шығарған соң, бірінің саусағын бірі сорған. Бҧл салттың кҿрінісі моңғол 

эпостарында  этнографиялық аса  дҽлдікпен  бейнеленеді.  Біз  «Тентек  қара  ер 

кекіл» батырлық  жырынан  еркін аударма жасап, ҧсынсақ былай: 

 

Тентек қара кекіл ер, 



Қҧрыш қара батырдың, 

Кҿзінің шаңын жеті рет,  

Жҥзінің шаңын бір рет, 

                                                

1

 Эрхэ-мэргэнь / Потанин Г.Н. Монгольские сказки и предания. Семипалатинск. 1919. С.17; Эрхий мэргэний 



домог-ҥлгэрийн  учир /  Гаадамба  Ш. Монголын нууц товчооны судлалын зарим асуудал. Ҧланбатыр, 1990. 

229-233-б. 

2

 Монгол ес заншлын их тайлбар толь.Ҧланбатыр, 1992. 569-б. 



3

 Традиционное мировоззрение тюрков Южной Сибири. Новосибирск, 1989. С.62-63.   

4

 Тайлор Э.Б. Первобытная культура. М., 1989. С.225.   




 

158 


Алақанымен сҥртеді. 

Тҿс қағысып, қҧдірет, 

Екі батыр осылай, 

Аға-бауыр дос ҧдай, 

Болайық деп келісіп, 

Алдыңғыны айтып жыласып, 

Кейінгіні айтып кҥлісіп, 

Тентек қара кекіл ер, 

Жан ағасы болады. 

Иықтарын тіресіп, 

Тҽңірден медет тілесіп, 

«Анда болдық» десісіп, 

Бас бармағын тесісіп, 

Қанды саусақ сорысып, 

Қандас бауыр болысып. 

Қос тҧлпарды қосады, 

Қҧйрық-жалын байласып. 

Асты-ҥстінен ҿтеді, 

Екі батыр айқасып

1



 

Кейінгі заманда бҧл  кҿне салт қоғамдық ҿмірден ептеп  ығыса бастайды 

да,  ендігі  қазақ  батырлары  жауға  аттанғалы  серттескенде  Қҧран  оқып,  қара 

қой  сойып,  соның  қанына  найзаларының  ҧшын,  кҿп  жағдайда  бас 

бармақтарын батырып, оны маңдайына жағып: «Серттен таятын болсақ, қара 

қойдың қаны ҧрсын» дейтін болған. Ҽйткенмен, қазақта бас бармаққа табыну 

салтының белгілері тарихи аңызда кездеседі. Мысалы, қаптаған қалың жауды 

бҿгей  соғысып,  тірі  қалмайтынына  кҿзі  жеткен  Бҽйеш  батыр  қалған 

азаматтарға  ҿзінің  сол  қолының  бас  бармағын  кесіп  беріп:  «Елге  осы 

бармағымды апарып, Бҽйеш деп жерлеңдер» деп аманат еткен деседі. Сол бас  

бармақ жерленген тау Бҽйеш атанып кетіпті

2

.   



Ант  беру  салты  заман  ҿткен  сайын    кҿне  қалпынан  алшақтап,  кейінгі 

қоғамның талабына икемделіп, тҥрлене бергені хақ. Мҽселен, кейде батырлар 

семсерін  немесе  садағының  адырнасын  сҥйіп  ант  берген,  тіпті,  кейбір 

адамдар  моланың  тасын  бастарына  кҿтеріп,  қабірді  айналып:  «Антымыздан 

қайтсақ, қара тас бассын» деп серттескендігі  жҿнінде дерек бар.  

Кейінгі  кезеңдегі  ант  берудің  мақсаты  да,  орындалу  шарты  да  алуан 

тҥрлі  екендігін  байқаймыз.  Яғни  ежелгі  анда  болу  салты  кейінірек 

жекеменшік  ҧлғайып,  рулық  қоғам  ыдырай  бастаған  тҧста  екі  адамның 

дҽрежесінен ҽлдеқашан асып, ҽлеуметтік-саяси мҽнге ие боп, жаңа сипаттағы  

анттасу  деген  мҽмілегерлік  кҽдеге  айналған.  Мҽселен,  «Моңғолдың  қҧпия 

шежіресінде»  бейнеленген  андалар  –    Керей  Уаңхан  мен  Есукей  батыр 

немесе  Тэмҥжин  мен  Жамуха  арасындағы  «андалық»  саяси  ірі    одақтастық 

                                                

1

  Катуу  Б.  Монгол  тууль  дахь  эрхий  хурууны  шҥтлэгийн  учир  холбогдол  //  Монгол  тууль  судлалын  зарим 



асуудал. Ховд, 1999. 101-б. 

2

 Қазақтың мифтік ҽңгімелері. Алматы, 2002. 112-113-б.  




 

159 


дҽрежеге  жетіп

1

,  билік  пен  байлықты  бҿлісудің  қҧралына  айналғандығы 



анық.  Бҧндай  мағынадағы  анттасулар    мемлекеттің  болашақ    тағдырын 

шешетін ірі  саяси  тетікке  айналған.  Мысалы,  ХІІІ  ғасырда  мажар  халқының 

жеті ҥлкен тайпасының кҿсемдері Алмошты хандық билікке сайлап, ант беру 

салтын ҿткізіп, оны қанымен бекіткен. Бҧндай салт Евразия   кҿшпелілерінің 

арасында  ортақ  сипатта  кең  таралған.  Мажар  археологтары  Замарди  деген 

жердегі  аварлардың  моласынан  бір  белдік  тапқан.  Сол  белдікте  руна 

жазуында анттың мҽтіні жазылған екен. Ғалымдардың оқуынша, онда «ант» 

деген сҿз  осы тҧлғада бҽдізделген. Кейбір жағдайда екі батыр ант беріскенде 

белдіктерін  де  ауысып,  рҽсім  жасаған,  бҧл  археологиялық  олжа  сол    кҿне 

салттың кҿрінісін айғақтайды

2

.  


Ҽйткенмен,  анттасу  ҧдайы  саяси  мақсатта  бола  бермейтіні  белгілі.  Біз 

анттың  адам  мен  адамның  немесе  жеке  тҧлға  мен  қауымның  арасында 

болатын  негізгі тҥрлеріне тоқталдық. Кейде ант жорық алдында батырдың ҿз 

қару-жарағымен  серттесу  тҥрінде  де  болатыны  белгілі.  Бҧның  алдыңғы 

анттан  басты  ерекшелігі  –  адам  мен  заттың  арасында  аталмыш  рҽсім 

ҿтетіндігінде  болып  отыр.  Қазіргі  біздің  тҥсінігімізде  зат  ҿлі  деп 

саналғанымен  ежелгі  анимистік  таным  бойынша  қасиетті  бҧйымдар  

керісінше  тірі  нысан  болып  саналған.  Сол  себептен  батырлар  бес  қаруымен  

кҽдімгі «досындай» сырласып, берік серт береді: 

 

Алты қҧлаш ақ сҥңгім, 



Шанша алмасам маған серт, 

Ҧңғыдан кетсең саған серт. 

Айдаһардың тіліндей, 

Салсам кеткен білінбей, 

Алты қарыс ақ семсер, 

Шаба алмасам маған серт... 

Қозы жауырын қу жебе, 

Тарта алмасам маған серт. 

Қара тасты қақ жарып, 

Ҿте алмасаң саған серт! 

 

...Толғамалы ақ сҥңгім, 



Шанша алмасам маған серт. 

Қанға тойсаң саған серт. 

Бҧлғары садақ, бҧқар жай, 

Тарта алмасам маған серт. 

Бел кҥшіме шыдамай, 

Беліңнен сынсаң саған серт. 

Алтын қҧндақ ақ берен, 

                                                

1

 «Анд хҥний амь нэг» гэдэг ҥгийн учир / Гаадамба Ш. Монголын нууц товчооны судлалын зарим асуудал. 



Ҧланбатыр, 1990. 118-119-б. 

2

 Обрушански Борбала. Кома ба анд. Қолжазба. Мажар зерттеушісінің  2003 жылы ілтипатпен ҧсынған бҧл 



еңбегі автордың жеке қорында сақтаулы.          


 

160 


Ата алмасам маған серт, 

От алмасаң саған серт!

1

 

 



Бҧнда  батыр  ҿзінің  жҽне  қару-жарағының  намысын  қайрап,  қитығына 

тигені,  бес  қаруының    беріктігін,  ҿткірлігін    ҿз  кҥш-қуатына  қарама-қарсы 

қойып,  шендестіріп,  жекпе-жекке  ҽзірлегені  кҿрініс  тапқан.  Бҧл  рҽсім  кең 

мағынада ант берудің бір тҥрі болғанымен оны мҽтіннің ҿзінде айтылғандай 

серт  деп  атасақ,    рҽсімнің  дҽлме-дҽл  мҽні  ашылады  деп  ойлаймыз.  Осыған 

ҧқсас  халықтың  кҥнделікті тҧрмыс-тіршілігімен  ҥйлесіп жатқан  ант  берудің 

(дҽлірек  айтқанда,  серттің)  қарапайым  тҥрлерін  де  кҿруге  болады.  Мҽселен, 

аңшы  қҧрал-сайманына,  қолҿнер  шебері  бҧйымына  серт  айтқан.  Ғашық 

жандар, дос-жарандар, рулас ағайындар  ҿзара серт айтысып, соны мҥлтіксіз 

орындаған.  Бір  сҿзбен  айтқанда,  ежелгі  анттың  бҧндай  қарабайыр  шағын 

тҥрлері  кҿне  салттағыдай  қанмен  бекітілмесе  де,  адамның  ар-ҧждан 

тазалығына сенім артып, қоғамдық  ҿмірде  кең ҿріс алып, басқаша айтқанда, 

уҽде-аманат деген қҧндылықтарға айналған.   

Енді  осы  мҽселелерге  байланысты  бірнеше  мысал  келтіріп  кҿрейік. 

Мҽселен, балықшы ҿзенге қармақ лақтырғанда былайша серттеседі: 

 

Қабан балық, қарт балық, 



Қармағымды тарт, балық. 

Қаба алмасаң саған серт, 

Тарта алмасам маған серт!    

 

 Қырғыз  ҽйелдері  тері  илеп,  тон  тікпек  болғанда    «Тон  шық»  деген 



арнайы  жырды  айтуы  шарт.  Жырдың  соңында  ісімер  иленіп  жатқан  теріге  

былай деп серттеседі: 

 

Тап менен тузуң салдырдым, 



Чык терим, тон тонума. 

Калдыр-кҥлдҥр етпестен, 

Тҥше койгун жонума. 

Ийлебесем маа жазык, 

Кылдырасаң саа жазык, 

Тон чык... Тон чык!

2



 



Сонымен,    ежелгі  кҥрделі  ант  салтының    кейбір  тармақтары  заманға 

икемделіп,  қарапайым  тҥрлерге  ауысып,    бҥгін  де    басқаша  сипатта  ҿмір 

сҥріп жатқанын байқаймыз.   

Қорыта  айтқанда,  алғашқы  қауымдық  қоғамда  қалыптасқан  ежелгі  ант 

беру салтында  негізгі  қызмет атқаратын  материалдық айғақ  – қан,  рухани 

айғақ  сҿз  екенін  аңғардық.  Ҽрине,  бҧл  рҽсімде  айтылатын  сҿз  толық 

                                                

1

 Нҧрмағамбетова О. Қазақтың қаһармандық эпосы «Қобыланды батыр». Алматы, 2003. 63, 408-б. 



2

 Кыргыз элинин оозеки чыгармачылык тарыхынын очерки.Фрунзе, 1973. 49-б. 




 

161 


орындалатын  заңдық  кҥшке  ие.  Демек  анттың  қос  қанатының  бірі  ғҧрып 

кезінде арнайы айтылатын магиялық  формулалы сҿз. Ал, осында айтылатын 

қалыпқа  тҥскен  мҽтінді фольклордың  қандай тҥріне  жатқызуға болады? Ол 

қандай жанрға жақын?  Мҽтіннің поэтикалы ерекшелігі неде? Толып жатқан 

осындай  мҽселелерге  жауап    беру  ҥшін  ҥлгілер  келтіріп,  салыстырулар  

жасап, талдайық. 

Мҽселен, артық кҥнді ататын  Бармақ мерген – Эрхий мерген  былайша 

анттасады: 

 

Атқан оғым мҥлт кетсе, 



Бас бармағымды кесейін, 

Адам болмай кетейін. 

Тҧнық су ішпейтін, 

Тҧқыл тамыр жейтін, 

Қамалып  қапас інде, 

Хайуан болайын мҥлде!

1

  

 



Кҿне  анттың  бір  ҥлгісі  ассирия  жазуында  сақталып  қалған.  Бҧл  антты 

ассирия  патшасы  Ашур-нирариға    Бит-агуси  елінің  кҿсемі  Мати-илу  берген 

екен. Оның мҽтіні былай: «Бҧл серке Иштар қҧдайдың қҧрметіне қҧрбандық 

шалуға    немесе  азық ҥшін сойысқа,  ҽйтпегенде,  ауру  тиген  себепті  ҥйірінен 

оңаша бҿлініп, мҧнда ҽкелінген жоқ. Бҧл серкені Мати-илу Ассирия патшасы 

Ашур-нирариға  адалдықпен  ант  беру  салтына  орай  мойнынан  ҧстап  ҽкелді. 

Егер  Мати-илу  антты  бҧзса,    ҥйірінен  қапелімде  маңырап  айырылып,  оны 

қайтадан бастай алмайтын халге жеткен осы серкедей ол да ҿз атамекенінен, 

ҧл-қыздарынан, ел-жҧртынан аластатылады  жҽне оларды басқара алмайтын 

болады.    Бҧл  бас  серкенікі  емес,    ол  –  Мати-илудың,  оның  ҧл-қыздарының, 

бекзадаларының,  қара  орман  халқының  басы.    Егер  Мати-илу  антты  бҧзса, 

бҧл  серкенің  басы  қалай  кесілсе,  оның  да  басы  солай  кесіледі.    Серкенің 

алдыңғы  оң  аяғы  бҧл  да  Мати-илудың,  оның  ҧл-қыздарының, 

бекзадаларының,    қара  орман  халқының  оң  қолымен  тең.  Егер  Мати-илу 

антты  бҧзса,  бҧл  серкенің  сирағы    қалай  кесілді,  Мати-илудың,  оның  ҧл-

қыздарының,  бекзадаларының,  Отанындағы  халқының  да  оң  қолы  солай 

кесілетін болады

2

».  



Ал, қазақ жауынгерлері  Ҧлы Отан  соғысы кезінде былайша ант берген 

екен: 


Бір адым кейін шегінсем, 

Тілерсегім кесілсін. 

Кҿздегенім мҥлт кетсе, 

Шықсын кҿзім, тесілсін! 

 

Қалтырап қолым қорықсам, 



Қарғысы атсын ананың. 

                                                

1

 Цэрэнсодном Д. Монгол ардын домог ҥлгэр. Ҧланбатыр, 1989. 47-б. 



2

 Фрэзер Дж. Фольклор в Ветхом завете. М., 1989. С.192-193. 




 

162 


Халқым менен жиіркеніп, 

Кҿз жасы ҧрсын ананың!

1



 



Ҽлбетте, бҧл мҽтіндерден байқайтынымыз, ежелгі жҽне жаңа замандағы 

ант берушілер егер сертіне жетпеген жағдайда ҿзіне неше тҥрлі жамандықтар 

тілеп,  сол  кесапаттардың  айна-қатесіз  орындалуын  тілеген.  Демек,  басқаша 

айтқанда, анттасушы белгілі дҽрежеде арнайы шартпен  ҿзін-ҿзі қарғап-сілеп 

отырғанға ҧқсайды. Мҽселен, бҥгінгі қазақ бір жағдайға куҽлік етерде сҿзіне 

жҧртты  нандыру  ҥшін  «Кҿрсем  кҿзім  шықсын,  естісем  қҧлағым  керең 

болсын!» деп кҥнделікті тірлікте  ант берісіп жатады. Бҧл да белгілі дҽрежеде 

анттың қарабайыр  бір тҥрі  жҽне бҧнда айтылған сҿз де қарғыспен қабысып 

жатыр. Уҽдеде тҧрмайтын пҽтуасыз жандарды халық «антҧрған» деп атайды 

немесе ондайларды «Ант ҧрсын!» деп қарғап та жататындығы тегін емес. Бір 

сҿзбен  айтқанда,  анттың  мҽтіні  қарғыс  жанрымен  қапталдас  екенін 

аңғарамыз.  Себебі,  антта  айтылатын  сҿз 

  бҧлжымай  орындалатын,  жҥзеге 



асатын  қанмен бекітілген қатал заң, демек оны бҧзған тараптардың  да ауыр 

жазасы мҽтінде кҿрсетілген, ол қарғыс

2

 тҥрінде кестеленген.  



Сонымен ант дегеніміз не? Тҥйіндеп айтар болсақ, қандай бір қысылтаяң 

елеулі оқиға кезінде екі адам бірі-бірі ҥшін немесе жеке адам (кейде  бір топ 

мҥдделес  жандармен  одақтасып)  қауымның  игілігі  ҥшін  ҿз  басын  шын 

ниетпен  қҧрбандыққа  шалуға  бел  буып,    магиялық  ережелі  сҿздерді  айтып, 

егер  антты  бҧзса,  осындағы  шартқа  сай  қатаң  жазалануды  қалап,  арнайы 

ғҧрыптық рҽсімді атқаруды ант салты деп атаймыз.  

Ант  салтында  айтылатын  фольклорлық  ҥлгілер  халқымыздың  сҿз 

киесіне  сенген  «айтқан  сҿз  –  атқан  оқ»  болған  ежелгі  заманындағы 

танымынан  айқын  хабар  беріп,  кҿшпелі  қоғамдағы    заңның  қалыптасу 

тарихын зерттеуге де қҧнды айғақ бола алады.      

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет